✨ 𝘊𝘏𝘈𝘔𝘗𝘐𝘖𝘕𝘚 𝘓𝘌𝘈𝘎𝘜𝘌 𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀! 😍
Бүгін Лондондағы «Эмирейтс» стадионында алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ақтық ойынын өткізеді. Алматылықтардың қарсыласы – даңқы жер жарған жергілікті лондондық «Арсенал».
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

❤37👍7🔥5👎1
⚡️ Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлайды.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.
Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.
#BizdinJigitter💛💙

❤52🔥14👎6👍2
Тарихи маусым өз мәресіне жетті 🥹
2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өткен «Арсенал» – «Қайрат» ойыны 3:2 есебімен қожайындардың пайдасына аяқталды. Бұл алматылық «Қайрат» үшін УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебюттік маусымның соңғы ойыны.
Араға 10 жыл сала елімізде байрақты доданың әуенін шырқатқан алматылық клубтың ойыншылары мен барлық мүшелеріне алғыс білдіреміз!
Рақмет, «Қайрат» ! 🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos

❤78👏17🔥6👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талғардағы KFF Academy құрылысы қалай жүріп жатыр
Қазіргі таңда нысанның жұмыс жобасы толық бекітіліп, құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Футбол академиясы спорт, тұрғын және әкімшілік-тұрмыссекілді үш негізгі блоктан тұрады. Спорт бөлігінде жабық футбол манежі, жалпы дене дайындығына арналған зал, қалпына келтіру бассейндері, киім ауыстыратын бөлмелер мен қызметтік үй-жайлар қарастырылған. Әкімшілік-тұрмыстық блокта жаттықтырушылар кабинеттері, медициналық және оңалту бөлмелері, мәжіліс залы, асхана және техникалық орындар болады. Ал тұрғын блок төрт қабатты, 150 орынға арналған жатақхана түрінде салынып, демалыс аймақтары мен өздігінен дайындалуға арналған кеңістіктерді қамтиды. Барлық нысанның жалпы ауданы 5 520 шаршы метрді, ал құрылыс алаңы 2 171 шаршы метрді құрайды.
Академияда 14 пен 16 жас аралығындағы жасфутболшылар білім алады. Болашақта олар Қазақстан жастар құрамалары сапында өнер көрсетеді депжоспарланған.
Құрылыс жұмысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

🔥28❤7👍1
Алғашқы матч Комор аралдарымен ойнаймыз 🇰🇿🇰🇲
Ұлттық құраманың FIFA Series турниріндегі күнтізбесі белгілі болды.
⚽️ Айта кетейік, FIFA Series жолдастық турнирі «төрттік финал» форматында өтеді. Барлық ойындар «Астана Аренада» жоспарланған.
🎟️ Билет туралы ақпарат қосымша хабарланады.

❤47👍13🤮2🔥1
«А» лигасына дайындықты Минскте бастаймыз 👉🏽
Қазақстан U17 құрамасы Беларусьте өтетін УЕФА Даму Кубогына қатысады.
Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан 🇰🇿, Беларусь 🇧🇾, Тәжікстан 🇹🇯, Ресей 🇷🇺, Әзербайжан 🇦🇿, Өзбекстан 🇺🇿 мен Минск 🇧🇾 құрамасы.
⚽️ Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы наурыз айында 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін А лигасында ойнайды.
#BizdinJigitter💛💙 | #U17

❤34🔥15👍1
Қазақстандық төреші VAR бойынша УЕФА семинарына қатысты
УЕФА Кипрде VAR жүйесі бойынша семинар өткізді. Оған Еуропаның әр елінен 27 бейнекөмекші арбитр (VMO) бас қосты.
Семинардың мақсаты - УЕФА аясында өтетін матчтарда жаңа VMO төрешілер тобын дайындау. Алғаш рет бұл курсқа Қазақстаннан төрешінің бейнекөмешісі Айдын Тасыбаев қатысты.
Семинарда VAR протоколы, ойын ережесі, ойын эпизодтарын бағалау бойынша бірнеше сатыдан тұратын тест болды.
Отандық VMO-ның УЕФА семинарына қатысуы төрешілер корпусына сенім артылғанын көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік.
#KFF

👍20❤9
Қазақстандық төреші Арман Есмұратов УЕФА-ның кіріспе курсына қатысты
УЕФА дәстүрлі түрде халықаралық төрешілерге арналған CORE International кіріспе курсын өткізді.
Білім беру бағдарламасына Еуропаның әр елінен 48 төреші қатысты. Олардың қатарында қазақстандық Арман Есмұратов та бар. Қатысушылар УЕФА инспекторларының жетекшілігімен төрелік ету бойынша арнайы дайындықтан өтті. Сонымен қатар тамақтану, физикалық дайындық, жарақаттың алдын алу, футболдағы адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау мәселелерін қамтитын бірқатар қосымша бағытты меңгерді.
Аталған кіріспе курсы - халықаралық төрешілік мансап жолындағы алғашқы кезең. Алдағы уақытта бағдарлама қатысушылары алғашқы халықаралық матчтарға тағайындаулар алады. ФИФА төрешісі мәртебесіндегі алғашқы жылда әрбір төрешіге УЕФА тарапынан жеке тәлімгер бекітіледі.
Аталған бағдарлама аясында УЕФА іріктеуінен өткен төрешілер арасынан Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру қатысты.

❤17👍7
Қазақстан футбол федерациясы кәсіби турнирлер күнтізбесін құруда жасанды интеллект жүйесін енгізіп жатыр
Қазақстан футбол федерациясы футбол жарыстарының күнтізбесін жасау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолданатын инновациялық тәсіл іске қосылғанын хабарлайды.
9 ақпанда күнтізбені жасау шарасы жоспарланды. Оған футбол клубтарының өкілдері онлайн түрде қатысады. Талқылау мен келісу нәтижелері бойынша дайындалған күнтізбе Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің бекітуіне жіберіледі.
Жоба Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу міндеттері аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лигалар, сондай-ақ әйелдер арасындағы футбол турнирлерінің жарыс күнтізбесін жасау кезінде қолданылады. Шешім отандық мамандардың дайындауымен, адами фактор қатысуын болдырмайтын, кеңейтілген параметрлерді ескеруге мүмкіндік беретін классикалық Бергер кестесіне негізделе отырып жасалды.
Алгоритм стадиондардың қолжетімділігі, түрлі ауа-райы, клубтардың еурокубоктарға қатысуы, ФИФА-ның халықаралық күнтізбесі, үйдегі және сырт алаңдағы матчтардың жоспарлануы, инфрақұрылымның жалпы жүктемесі, ірі қалалық іс-шаралардың өткізілуі, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері мен жекелеген матчтарға ерекше назар аудару қажеттілігін қоса алғанда, спорттық және ұйымдастыру шарттарының ауқымын ескереді.
Жасанды интеллектті пайдалану бірнеше күнтізбе нұсқасын модельдеуге, қабылданатын шешімдердің салдарын болжауға және оперативті түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл маусым кезінде матчтарды кейінге қалдыру жағдайын едәуір төмендетеді.
https://kff.kz/kk/news/27376

kff.kz
Қазақстан футбол федерациясы кәсіби турнирлер күнтізбесін құруда жасанды интеллект жүйесін енгізіп жатыр
Қазақстан футбол федерациясы футбол жарыстарының күнтізбесін жасау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолданатын инновациялық тәсіл іске қосылғанын хабарлайды.
❤23👍8🔥2
Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды ⚡️
🇰🇿 Қазақстан U17 құрамасы Астана қаласындағы ҚФФ Футбол үйінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Даму кубогы өтетін Минск қаласына аттанады.
🅰️ тобында біздің команда Беларусь 🇧🇾, Тәжікстан 🇹🇯 және Минск 🇧🇾 құрамаларымен ойнайды.
🅱️ тобы Беларусь U16 🇧🇾, Өзбекстан 🇺🇿, Әзербайжан 🇦🇿 және Ресей 🇷🇺 командаларынан тұрады.
Қақпашылар:
Никита Килджиев
Әлихан Шайзада («Шахтер»)
Батырхан Серікбай («Жас Қыран»)
Камиль Гайнуллин («Қайрат»)
Қорғаушылар:
Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»)
Данил Золкин («Шахтер»)
Мейірлан Балтабаев («Шахтер»)
Ислам Рақым («Қайрат»)
Марлен Әміренов («Қайрат»)
Мансур Авасханов («Қайрат»)
Әлфир Ханафи («Қайрат»)
Әбди Әлихан («Қайрат»)
Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»)
Нұралы Азатқазы (клубсыз)
Жартылай қорғаушылар:
Әлихан Жұмабек («Қайрат»)
Дамир Юсупбеков («Қайрат»)
Ринат Бейбітов («Ақтөбе»)
Акбар Сәденов («Ақтөбе»)
Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз)
Шабуылшылар:
Әнуар Төленді (ҚФФ Академиясы)
Рустам Сайфимилюков («Шахтер»)
Дигдар Омаров («Шахтер»)
Расул Әкімов («Шахтер»)
Абылай Жылқайдар («Қайрат»)
Роман Черноморец («Қайрат»)
Дәулет Орынбасар («Қайрат»)
Расул Досан («Атырау»)
Мағзұм Жоламан («Каспий»)
Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»)
#KFF | #U17

👍22❤6
Қазақстан Премьер-Лигасы биылғы маусымының алғашқы үш тур кестесі ⚡️
I тур
«Ақтөбе» - «Тобыл»
«Алтай» - «Қайрат»
«Астана» - «Жетісу»
«Атырау» - «Ұлытау»
«Қайсар» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Каспий»
«Оқжетпес» - «Елімай»
«Ордабасы» - «Ertis»
II тур
«Каспий» - «Оқжетпес»
«Елімай» - «Алтай»
«Ertis» - «Атырау»
«Қайрат» - «Ақтөбе»
«Қайсар» - «Астана»
«Тобыл» - «Жетісу»
«Ұлытау» - «Қызылжар»
«Жеңіс» - «Ордабасы»
III тур
«Ақтөбе» - «Елімай»
«Алтай» - «Каспий»
«Астана» - «Тобыл»
«Атырау» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Ertis»
«Оқжетпес» - «Ұлытау»
«Ордабасы» - «Қайсар»
«Жетісу» - «Қайрат»
Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының толық күнтізбесі ҚФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін толық жарияланады.
https://kff.kz/kk/news/27380

Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасы биылғы маусымының күнтізбесін жасады
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының күнтізбесін қалыптастыру шарасы өтті.
❤37🔥6👎3👏3🤮1
Қазақстан құрамасы - бірінші себетте 🇰🇿🔥
⚽️ Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы Ұлттар лигасында С дивизионының бірінші себетіне енді.
🗓 Жеребе 12 ақпанда Брюссельде өтеді. Басталуы - 22:00-де.
Ұлттар лигасының топтық кезеңі қыркүйекте басталады. Әр команда 6 матч өткізеді. Топ жеңімпаздары жоғары лигаға көтеріледі ⬆️
#KFF | #BizdinJigitter💛💙

❤43👍12🔥7
Бүгін Брюссельде УЕФА 50-ші Конгресі өтеді 🤝🏽
УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Ресми іс-шарада Еуропа футболының даму бағыты талқыланып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі.
Сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысты шешімдер қабылданып, басшылық құрам сайланады.

🔥21❤6