KFF Team
7.79K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
⚡️ Василий Смолин – футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері

Қазақстандық маман Василий Смолин 19 жасқа дейінгі футзалдан Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды.

35 жастағы бапкер отандық футзалда мол тәжірибеге ие. Еңбек жолының негізгі бөлігі «Аят» клубымен тығыз байланысты. Смолиннің жетекшілігімен рудныйлық команда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына шығып, Қазақстан чемпионатында күміс және қола жүлделерді жеңіп алған.

Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы «Аяттың» балалар мен жасөспірімдер командаларымен жүйелі түрде жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оның шәкірттері U-15, U-17 және U-19 жас санаттарында ел чемпионы атанды. 2017 жылы U-19 командасы бірінші орын алса, 2018 жылы U-12 құрамасы ел чемпионы болды. Ал 2019 және 2020 жылдары U-13 пен U-14 жас санаттары күміс жүлдеге қол жеткізіп, 2022 жылы осы нәтижені U-15 командасы қайталады.

Айта кетейік, 2025 жылы Василий Смолин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында да қызмет атқарған.
21👍4
🆕 2026 жылдың алғашқы ойыны! 🔥

Бүгін «Астана Аренада» алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында үйдегі соңғы матчын бельгиялық «Брюгге» командасына қарсы өткізеді.

🎟️ Билетті Qairat SuperApp, Freedom SuperApp қосымшалары арқылы сатып алсаңыз болады. Матчтың басталу уақыты – 20:30.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында ел намысын абыроймен асқақтатып жүрген біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
44🔥3
«Қайрат» Чемпиондар лигасының үйдегі соңғы ойынында жеңіліс тапты 🥹

2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» – «Брюгге» ойыны 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойынның соңғы минутында ұлттық құрама ойыншысы Әділет Садыбеков өз командасының жалғыз голын соқты.

#BirińdiQazaqBirińDos
51😢13🔥3👎2😁2🎉1
📌 ҚФФ жас төрешілерге арналған KAZCORE жобасын бастады

Жоба UEFA CORE бағдарламасы негізінде әзірленген. Толығырақ ақпарат әткеншекте 👉🏽
23👍1
🎙 Нуну Алешандре Паррейра де Каштру: «KAZCORE – жас төрешілерді жүйелі түрде дамытатын маңызды жоба»

KAZCORE бағдарламасы – УЕФА бастамасымен іске қосылған жас футбол төрешілерін даярлауда тиімді әрі өзекті жоба. Төрешілікті дамыту және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚФФ-ның қолдауымен басталған жаңа бағдарлама туралы, оның маңызы мен күтілетін нәтижелерді айтып берді.

#KFF
19👍1
🎙 Дэвид Эллерэй: «KAZCORE бағдарламасы Қазақстандағы төрешілікті дамытудың маңызды кезеңі»

IFAB техникалық директоры Дэвид Эллерэй Қазақстанда KAZCORE бағдарламасының іске қосылуын отандық төрешіліктің дамуы жолындағы маңызды қадам ретінде атап өтті.

#KFF
19👍1
𝘊𝘏𝘈𝘔𝘗𝘐𝘖𝘕𝘚 𝘓𝘌𝘈𝘎𝘜𝘌 𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀! 😍

Бүгін Лондондағы «Эмирейтс» стадионында алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ақтық ойынын өткізеді. Алматылықтардың қарсыласы – даңқы жер жарған жергілікті лондондық «Арсенал».

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
37👍7🔥5👎1
⚡️ Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлайды.

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.

Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.

Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.

#BizdinJigitter💛💙
52🔥14👎6👍2
Тарихи маусым өз мәресіне жетті 🥹

2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өткен «Арсенал» – «Қайрат» ойыны 3:2 есебімен қожайындардың пайдасына аяқталды. Бұл алматылық «Қайрат» үшін УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебюттік маусымның соңғы ойыны.

Араға 10 жыл сала елімізде байрақты доданың әуенін шырқатқан алматылық клубтың ойыншылары мен барлық мүшелеріне алғыс білдіреміз!
Рақмет, «Қайрат» ! 🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos
78👏17🔥6👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талғардағы KFF Academy құрылысы қалай жүріп жатыр

Қазіргі таңда нысанның жұмыс жобасы толық бекітіліп, құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Футбол академиясы спорт, тұрғын және әкімшілік-тұрмыссекілді үш негізгі блоктан тұрады. Спорт бөлігінде жабық футбол манежі, жалпы дене дайындығына арналған зал, қалпына келтіру бассейндері, киім ауыстыратын бөлмелер мен қызметтік үй-жайлар қарастырылған. Әкімшілік-тұрмыстық блокта жаттықтырушылар кабинеттері, медициналық және оңалту бөлмелері, мәжіліс залы, асхана және техникалық орындар болады. Ал тұрғын блок төрт қабатты, 150 орынға арналған жатақхана түрінде салынып, демалыс аймақтары мен өздігінен дайындалуға арналған кеңістіктерді қамтиды. Барлық нысанның жалпы ауданы 5 520 шаршы метрді, ал құрылыс алаңы 2 171 шаршы метрді құрайды.

Академияда 14 пен 16 жас аралығындағы жасфутболшылар білім алады. Болашақта олар Қазақстан жастар құрамалары сапында өнер көрсетеді депжоспарланған.

Құрылыс жұмысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
🔥287👍1
Алғашқы матч Комор аралдарымен ойнаймыз 🇰🇿🇰🇲

Ұлттық құраманың FIFA Series турниріндегі күнтізбесі белгілі болды.

⚽️ Айта кетейік, FIFA Series жолдастық турнирі «төрттік финал» форматында өтеді. Барлық ойындар «Астана Аренада» жоспарланған.

🎟️ Билет туралы ақпарат қосымша хабарланады.

#BizdinJigitter💛💙
47👍13🤮2🔥1