KFF Team
7.78K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Іске сәт, Годи! 💪🏻

Ғалымжан Кенжебек мансабын «Ахмат» ФК-да жалғастырады. Шабуылшымыз грозныйлық командамен 4,5 жылға келісімшартқа отырды.

Самородов пен Кенжебек екеуі мықты дуэт болатынына сенеміз. Сәттілік, жігіттер! 🔥

#BizdinJigitter💛💙

📸 «Ахмат» ФК
👎8238👏8🤮6🤔4
Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждарова әйелдер құрамаларындағы қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы әйелдер құрамалары бапкерлер штабында кадрлық өзгеріс болғанын хабарлайды.

Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады. Отандық маман бұл қызметке 2023 жылы келіп, бүгінге дейін оның дамуы мен құраманың жасақталуына үлесін қосты.

Сондай-ақ Қазақстан WU-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметінен Жанна Мальгаждарова кетті. Ол команданы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Мамандармен жұмыс екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.

Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады.

Жақын уақытта ҚФФ-ның техникалық даму комитеті бос бапкерлік қызметтерге үміткерлерді тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсыныс жасайды.

http://kff.kz/kk/news/27343
20👍1
⚡️ Какау – футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері

Рикардо Камара Собралдың (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптады. Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Какау клубтық деңгейде алматылық «Қайратта» сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды. 

Кейін Какау Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жұмысына сәттілік тілейді.
31🔥11😁7👍1
⚡️ Дінмұхамбет Сүлейменов – Қазақстан футзал құрамасы бас бапкерінің ассистенті

Қазақ футзалының аңызы Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құраманың бапкерлер штабына қосылып, команда бас бапкерінің ассистенті болып тағайындалды.

Сүлейменов ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Рикардо Камара Собралдың (Какау) штабында жұмыс істейді. Ол бұған дейін Какаудың жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасында және «Қайрат» АФК сапында ойнап, клубтық және халықаралық деңгейде бірқатар жетістікке жеткен.

Дінмұхамбет Сүлейменов – Ақтау футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 1999 жылы «Ақтау» МФК құрамында бастады. 2001 жылы Тегеран қаласында Иран құрамасына қарсы өткен матчта Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

«Қайрат» АФК құрамында Қазақстанның он дүркін чемпионы, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы. Үш рет Қазақстанның үздік футзалшысы деп танылған.

Дінмұхамбет Сүлейменов Қазақстан құрамасы сапында 100 матч өткізіп, команда тарихында ең көп ойын өткізген футболшының бірі. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Игита мен Шыңғыс Есенамановқа жол береді. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың капитаны болып, команданың негізгі көшбасшысының бірі саналды.

Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін «Каспий» футзал командасында бас бапкері болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Ордабасы» клубының бапкерлер штабында болды. Қазіргі таңда «Тараз-Омега» командасында бас бапкер болып қызмет атқарады.

Қазақстан футбол федерациясы Дінмұхамбет Салмұхамбетұлының алдағы қызметіне толағай табыс тілейді.
27👍3
⚡️ Қазақстан құрамасының FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыластары анықталды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті.

Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.

#BizdinJigitter💛💙
40👍7🔥2
⚡️ Василий Смолин – футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері

Қазақстандық маман Василий Смолин 19 жасқа дейінгі футзалдан Қазақстан құрамасының аға бапкері болып тағайындалды.

35 жастағы бапкер отандық футзалда мол тәжірибеге ие. Еңбек жолының негізгі бөлігі «Аят» клубымен тығыз байланысты. Смолиннің жетекшілігімен рудныйлық команда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына шығып, Қазақстан чемпионатында күміс және қола жүлделерді жеңіп алған.

Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы «Аяттың» балалар мен жасөспірімдер командаларымен жүйелі түрде жұмыс істеп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оның шәкірттері U-15, U-17 және U-19 жас санаттарында ел чемпионы атанды. 2017 жылы U-19 командасы бірінші орын алса, 2018 жылы U-12 құрамасы ел чемпионы болды. Ал 2019 және 2020 жылдары U-13 пен U-14 жас санаттары күміс жүлдеге қол жеткізіп, 2022 жылы осы нәтижені U-15 командасы қайталады.

Айта кетейік, 2025 жылы Василий Смолин футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында да қызмет атқарған.
21👍4
🆕 2026 жылдың алғашқы ойыны! 🔥

Бүгін «Астана Аренада» алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында үйдегі соңғы матчын бельгиялық «Брюгге» командасына қарсы өткізеді.

🎟️ Билетті Qairat SuperApp, Freedom SuperApp қосымшалары арқылы сатып алсаңыз болады. Матчтың басталу уақыты – 20:30.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында ел намысын абыроймен асқақтатып жүрген біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
44🔥3
«Қайрат» Чемпиондар лигасының үйдегі соңғы ойынында жеңіліс тапты 🥹

2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» – «Брюгге» ойыны 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойынның соңғы минутында ұлттық құрама ойыншысы Әділет Садыбеков өз командасының жалғыз голын соқты.

#BirińdiQazaqBirińDos
51😢13🔥3👎2😁2🎉1
📌 ҚФФ жас төрешілерге арналған KAZCORE жобасын бастады

Жоба UEFA CORE бағдарламасы негізінде әзірленген. Толығырақ ақпарат әткеншекте 👉🏽
23👍1
🎙 Нуну Алешандре Паррейра де Каштру: «KAZCORE – жас төрешілерді жүйелі түрде дамытатын маңызды жоба»

KAZCORE бағдарламасы – УЕФА бастамасымен іске қосылған жас футбол төрешілерін даярлауда тиімді әрі өзекті жоба. Төрешілікті дамыту және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚФФ-ның қолдауымен басталған жаңа бағдарлама туралы, оның маңызы мен күтілетін нәтижелерді айтып берді.

#KFF
19👍1
🎙 Дэвид Эллерэй: «KAZCORE бағдарламасы Қазақстандағы төрешілікті дамытудың маңызды кезеңі»

IFAB техникалық директоры Дэвид Эллерэй Қазақстанда KAZCORE бағдарламасының іске қосылуын отандық төрешіліктің дамуы жолындағы маңызды қадам ретінде атап өтті.

#KFF
19👍1
𝘊𝘏𝘈𝘔𝘗𝘐𝘖𝘕𝘚 𝘓𝘌𝘈𝘎𝘜𝘌 𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀! 😍

Бүгін Лондондағы «Эмирейтс» стадионында алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ақтық ойынын өткізеді. Алматылықтардың қарсыласы – даңқы жер жарған жергілікті лондондық «Арсенал».

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
37👍7🔥5👎1
⚡️ Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлайды.

Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.

Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.

Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.

#BizdinJigitter💛💙
52🔥14👎6👍2