KFF Team
7.77K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
ЕУРО–2026 іріктеу кезеңінің жеребесі

Бүгін, 10 желтоқсанда Ньонда біздің U-17 және U-19 жасөспірімдер құрамалары қатысатын ЕУРО–2026 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

🔹 Қазақстан U-17 құрамасы А лигасында 2 себетке түсті
🔹 Қазақстан U-19 құрамасы А лигасында 3 себетке түсті

Екі құрамамыз да финалдық кезеңге жолдама беретін А лигасына өтті. Жолдама үшін турнир көктемде өтеді.
46
19 жасқа дейінгі 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінің жеребесі тартылды 🤝🏾

Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасы 5-топқа түсті. Қарсыласымыз – Украина 🇺🇦, Румыния 🇷🇴және Солтүстік Ирландия 🇬🇧.

📆 Ойындар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Румынияда өтеді.

🏆 Элиталық кезеңге 28 құрама жеті топқа бөлінді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусым – 11 шілде аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Финалдық кезеңге сондай-ақ автоматты түрде турнир иесі – Уэльс құрамасы қатысады.

#BizdinJigitter💛💙 | #U19
31🔥6
Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі 2025/26 жылғы УЕФА Еуропа чемпионаты 2 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Чехия 🇨🇿, Аустрия 🇦🇹 және Даниямен 🇩🇰 4-топқа түсті.

📆 Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді.

🏆 28 құрама жеті топқа, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.

🇪🇪 Финалдық кезең 25 мамыр – 7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.

#BizdinJigitter💛💙 | #U17
39🔥7
🏆 Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2025/26 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатына екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

🇰🇿 Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан WU-17 құрамасы В лигасының 4 тобына түсті. Қарсыластар — Черногория 🇲🇪 және Молдова 🇲🇩 құрамалары.

📆 Матчтар 2026 жылдың 1-7 сәуір күндері аралығында Черногорияда өтеді.

⚽️ Бұл кезең мини-турнир форматында өтеді. Әр топтың жеңімпазы келесі маусымда А лигасына көтеріледі.

#BizdinQyzdar💛💙 | #U17
17🔥1
🏆 Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2025/26 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатына екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

🇰🇿 Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан WU-19 құрамасы В лигасының 3️⃣ тобына түсті. Қарсыластар — Мальта 🇲🇹, Израиль 🇮🇱 және Болгария 🇧🇬 құрамалары.

📆 Матчтар 2026 жылдың 9-15 сәуір күндері аралығында Мальтада өтеді.

⚽️ Бұл кезең мини-турнир форматында өтеді. Әр топтың жеңімпазы келесі маусымда А лигасына көтеріледі.

#BizdinQyzdar💛💙 | #U19
21
Қазақ еліне +1 ару! Максим әке атанды! 😍

Ұлттық құраманың ойыншысы Максим Самородов алғаш рет әке атанды.

Біз Максимді және жұбайы Анастасияны тұңғыш рет ата-ана атануымен құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілейміз! Бауы берік болсын! 🥹

#BizdinJigitter💛💙
146🔥17👍1
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! 🇰🇿❤️

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 34 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы.

Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Баршаңызға ашық аспан, мол бақыт және аман-саулық тілейміз!

#KFF
75👏10
Қазақстандық төреші Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның бірінші санатын алды

Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлайды.

Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады. УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және әйелдер арасындағы төрешіліктің халықаралық аренадағы позициясы нығайып отырғанын айқындайды.

Осыған дейін Татьяна Сорокопудова УЕФА аясындағы халықаралық матчтарды басқарып, сондай-ақ ел ішіндегі жарыстарда тұрақты түрде төрешілік етіп келді. Оның халықаралық ойындарға тағайындалуы дайындық деңгейінің жоғары екенін және еуропалық төрешілік талаптарына толық сай екенін көрсетеді.

Қазақстандық арбитрдің УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – елдегі төрешілер корпусының дамуындағы маңызды кезең. Бұл жетістік, сонымен қатар, әйелдер футболындағы төрешілерді жүйелі түрде дайындау мен қолдаудың нақты нәтижесін айқындайды.

Қазақстан футбол федерациясы Татьяна Сорокопудованы осы жетістігімен құттықтап, халықаралық деңгейде алдағы жұмысына сәттілік тілейді.
🔥207
Елімізде ҚФФ бастамасы бойынша ALAN жобасы аясында жалпы 22 алаң жаңартылды 🏟️

🇰🇿 Жоба Қазақстанның барлық облысын қамтыды.

#KFF | #ALAN
44🎉5🔥1
⚡️ Қазақстанда Hawk-Eye VAR жүйесі енгізіледі

Қазақстан футбол федерациясы елімізде Hawk-Eye VAR жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл – төрешілерге видеоқайталау арқылы көмектесетін әлемдегі ең танымал әрі сенімді жүйелердің бірі.

Жоба FIFA Forward бағдарламасы аясында ФИФА қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Hawk-Eye VAR жүйесі УЕФА мен ФИФА ұйымдастыратын ең ірі турнирлерде, соның ішінде әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, сондай-ақ Еуропаның көшбасшы лигалары ағылшын Премьер-лигасы мен Италияның Серия A чемпионатында кеңінен қолданылады.

Келіссөздер барысында жобаны іске асырудың қаржылық шарттары оңтайландырылып, жалпы құны бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда 1,1 млн АҚШ долларынан астам сомаға қысқартылды.

Жоба аясында VAR технологиясы ФИФА мен УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай енгізіледі. Матчтарда стандартқа сәйкес офсайд сызықтары қолданылып, барлық қажетті техникалық құралдар орнатылады. Сонымен қатар, VAR жүйесінде жұмыс істейтін төрешілер мен мамандарды оқыту және дайындау жұмысы жүргізіледі. Бұл жоба болашақта орталықтандырылған VAR жүйесіне көшуге де негіз болады.

Бұл VAR жүйесінің енгізілуі төрешілік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам болып, Қазақстанда футбол жарыстарының әділ әрі сапалы өтуіне ықпал етеді.
53🎉8🔥4👍1
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎄😍
96🎉13🔥5
Көңіл айту

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Жалғасұлы Есмұратов 65 жасында өмірден озды. Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтады.

Марат Жалғасұлы - отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында «Мелиоратор», «Машук», «Қайрат», СКИФ-«Ордабасы», «Актюбинец», «Мұнайшы» клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы туған клубы «Қайсар» сапында футболшы мансабын аяқтады. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соқты.

Жаттықтырушы ретінде «Қайсар», «Ақ Бұлақ», БЖМОРСМ №2, «БТА Футзал» МФК, «Жетісу» және «Алтай» клубтарында жұмыс істеді. 

Қазақстан футбол федерациясы қазақ футболын дамытуға атсалысқан Марат Жалғасұлының есімін әрқашан ардақтайды. Оның өнегелі өмір жолы халқының жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
😢5314😱1
Қазақстан футбол федерациясы барлық православиелік христиандарды Рождество мерекесімен құттықтайды! 💛💙

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, береке, бейбітшілік, мейірімділік пен келісім тілейміз!

#KFF
👍32👎146👏3
🔥 Ислам Чесноков «Хартс» футбол клубының ойыншысы атанды

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Шотландия чемпионатының көшбасшысымен 2028 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.

Сәттілік серік болсын, Чес! 😍🙌🏻🇰🇿
115👏29🔥12👎1
Іске сәт, Годи! 💪🏻

Ғалымжан Кенжебек мансабын «Ахмат» ФК-да жалғастырады. Шабуылшымыз грозныйлық командамен 4,5 жылға келісімшартқа отырды.

Самородов пен Кенжебек екеуі мықты дуэт болатынына сенеміз. Сәттілік, жігіттер! 🔥

#BizdinJigitter💛💙

📸 «Ахмат» ФК
👎8238👏8🤮6🤔4
Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждарова әйелдер құрамаларындағы қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы әйелдер құрамалары бапкерлер штабында кадрлық өзгеріс болғанын хабарлайды.

Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады. Отандық маман бұл қызметке 2023 жылы келіп, бүгінге дейін оның дамуы мен құраманың жасақталуына үлесін қосты.

Сондай-ақ Қазақстан WU-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметінен Жанна Мальгаждарова кетті. Ол команданы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Мамандармен жұмыс екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылды.

Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады.

Жақын уақытта ҚФФ-ның техникалық даму комитеті бос бапкерлік қызметтерге үміткерлерді тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсыныс жасайды.

http://kff.kz/kk/news/27343
20👍1
⚡️ Какау – футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері

Рикардо Камара Собралдың (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптады. Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Какау клубтық деңгейде алматылық «Қайратта» сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды. 

Кейін Какау Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жұмысына сәттілік тілейді.
31🔥11😁7👍1
⚡️ Дінмұхамбет Сүлейменов – Қазақстан футзал құрамасы бас бапкерінің ассистенті

Қазақ футзалының аңызы Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құраманың бапкерлер штабына қосылып, команда бас бапкерінің ассистенті болып тағайындалды.

Сүлейменов ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Рикардо Камара Собралдың (Какау) штабында жұмыс істейді. Ол бұған дейін Какаудың жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасында және «Қайрат» АФК сапында ойнап, клубтық және халықаралық деңгейде бірқатар жетістікке жеткен.

Дінмұхамбет Сүлейменов – Ақтау футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 1999 жылы «Ақтау» МФК құрамында бастады. 2001 жылы Тегеран қаласында Иран құрамасына қарсы өткен матчта Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

«Қайрат» АФК құрамында Қазақстанның он дүркін чемпионы, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы. Үш рет Қазақстанның үздік футзалшысы деп танылған.

Дінмұхамбет Сүлейменов Қазақстан құрамасы сапында 100 матч өткізіп, команда тарихында ең көп ойын өткізген футболшының бірі. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Игита мен Шыңғыс Есенамановқа жол береді. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың капитаны болып, команданың негізгі көшбасшысының бірі саналды.

Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін «Каспий» футзал командасында бас бапкері болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Ордабасы» клубының бапкерлер штабында болды. Қазіргі таңда «Тараз-Омега» командасында бас бапкер болып қызмет атқарады.

Қазақстан футбол федерациясы Дінмұхамбет Салмұхамбетұлының алдағы қызметіне толағай табыс тілейді.
27👍3