KFF Team
7.77K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Астанада футболдағы таланттарды анықтауға арналған алғашқы оқыту курсы басталды

Бұл бағдарламаны Қазақстан футбол федерациясы және FIFA бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бұл оқу – FIFA-ның Talent Development Scheme (TDS) атты халықаралық бастамасының бір бөлігі. Жобаның мақсаты – әлемдегі жасөспірімдер футболын жаңа деңгейге шығару және елдерге тиімді талант дайындау жүйесін қалыптастыруға көмектесу.

Оқуға аймақтық скауттар, жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері, ҚФФ Академиясының мамандары және өңірлік орталықтардың өкілдері қатысты.

Бағдарламаның басты сарапшысы – FIFA-ның Talent ID бойынша маманы Стив Морроу. Ол бұған дейін Лондонның «Арсенал» академиясында жұмыс істеп, Еуропада 25 жылдан аса тәжірибе жинаған танымал маман.

Оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанда Talent ID-дің біртұтас ұлттық жүйесін қалыптастыру. Бұл жүйе болашағы бар футболшыларды дұрыс таңдап, жасөспірімдер құрамаларын күшейтуге, сондай-ақ өңірлердегі скауттардың жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама барысында қатысушылар FIFA-ның ойыншыны бағалау әдістемесін, U10-U21 аралығындағы футболшылардың даму кезеңдерін, FI-TE-TA-ME индикаторларын, ойыншының әлеуетін талдау принциптерін, өңірлік орталықтар мен жасөспірімдер құрамаларына іріктеу тәртібін үйренеді. Сонымен бірге, ҚФФ-ның жаңа скаутинг жүйесі таныстырылды. Оның ішінде өңірлік өкілдер желісін кеңейту, EasyCoach цифрлық платформасын енгізу және болашағы бар ойыншылардың ұлттық дерекқоры – Player ID Bank құру жоспарланған.

Оқытудың практикалық бөлігі «Talent ID Cup» турнирі аясында өтеді. Қатысушылар U-12 жас санатындағы ойыншыларды тікелей бақылап, позиция бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Топтық талдау жасап, әр футболшының жеке профилін әзірлейді. Бұл мәліметтердің бәрі кейін ұлттық базаға енгізіледі.

#KFF
23👍6
Көңіл айту

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекер 46 жасында дүние салды. Қазақстан футбол федерациясы қаралы хабарды қайғыра отырып хабарлайды.

Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті.

Ол футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.

Кирилл Сергеевич көп жыл бойы «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысты. 2022–2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды, сондай-ақ 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды. Бұған қоса, QJ League аясында «Қайрат» клубы командаларының үйлестірушісі қызметін атқарып, 2025 жылғы маусым қорытындысымен  «Үздік басшы» деп танылды.

2025 жылы Кирилл Кекер Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалып, командамен бірге тарихи жетістікке жетті. Ол құраманы алғаш рет 2026 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шығарды.

Кирилл Сергеевичтің қазасы еліміздегі барлық қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр жағдай. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және көпжылдық еңбек жолы отандық футболдың дамуына зор үлес қосты.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның жаны пейіште шалқысын!
😢6414👏5
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Қазақстан WU19 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі соңғы шешуші ойын күтіп тұр.

🏟️ Қазақстан WU19 қыздар құрамасы Та-Али қаласында Мальта құрамасымен кездеседі. 

🇰🇿 Қазақстан WU19 - Мальта WU19 🇲🇹 
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі
📆 15:00 | 01.12.2025
🏟 «CENTENARY STADIUM», Мальта 

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
🔥255
Бүгінгі 19 жасқа дейінгі Қазақстан және Мальта қыздар құрамалары арасындағы матч Кирилл Кекердің өмірден өткеніне байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды 🙏🏻

#BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
45😢4
Күштірек болып ораламыз

#BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
27🤮13😢1
😍 «Астана Аренадағы» 2025 жылдың СОҢҒЫ ойыны 🇰🇿

5 күннен кейін, 9 желтоқсан күні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық «Қайрат» грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды. Ел чемпиондарының үйдегі ойыны «Астана Аренада» өтеді.

Барша астаналықтарды кәрі құрлықтың ең беделді додасында ел намысын қорғайтын «Қайратты» қолдауға шақырамыз. «Астана Аренаға» келіп, керемет футбол кешінің куәсі болыңыздар!

🎟️ Билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алсаңыз болады

#BirińdiQazaqBirińDos | #BizdinJigitter💛💙
56👍4🔥3
😍 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 🌍

Бүгін алматылық «Қайрат» және «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді!

Барша жанкүйерлерді қос клубымызды да қолдауға шақырамыз! Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос!

🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Андерлехт» 🇧🇪
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
20:00
🏟 Балуан Шолақ СК, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы

🇵🇱«Пьяст» 🆚 «Семей» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
23:00
🏟 Гливице, Польша
🖥 QazSport телеарнасы

Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #BirińdiQazaqBirińDos
👍3223🔥1
«Қайрат» – футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды 😍🇰🇿

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ❤️

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #BirińdiQazaqBirińDos
83🔥11👍1
«Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдаманы жұлып алды 😍🇰🇿

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

Алға, Қазақстан! Алға, «Семей»!💙

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #BirińdiQazaqBirińDos
80👍9🔥5
Астанада 𝘊𝘏𝘈𝘔𝘗𝘐𝘖𝘕𝘚 𝘓𝘌𝘈𝘎𝘜𝘌 футбол кеші! 😍

Бүгін «Астана Аренада» алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында грекиялық «Олимпиакос» командасына қарсы ойнайды.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
58🔥2
«Қайрат» U-19 УЕФА Жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңін жеңіспен аяқтады 🇰🇿🔥

Бүгін «Астана Аренада» УЕФА Жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық «Қайрат» жастары «Олимпиакос» U-19 командасын қабылдады. Алматылықтар сапында ойынның 4-ші минутында Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Рамазан Бағдат есеп ашса, екінші таймда Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Мұхамедали Әбіш ойынның нүктесін қойды. Матч 2:0 есебімен аяқталды.

Жарайсыңдар, жігіттер! Алға, Қазақстан! 😍
74🔥14