Көңіл айтамыз…
Қазақстан футбол федерациясы танымал тележурналист, саналы ғұмырында спорт туралы қалам тербеген Диля Ибрагимованың өмірден озуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Диля Ибрагимова – ақпарат саласында өзіндік қолтаңбасы бар, спорт жаңалықтарын халыққа кәсіби түрде шынайы жеткізе білген білікті маман. Оның эфирдегі мәдениеті, жауапкершілігі мен еңбегіне деген адалдығы көрермен жүрегінде ерекше орын қалдырды.
Марқұмның отбасы мен әріптестеріне қайғыра отырып, сабыр тілейміз.
Жаны пейіште шалқысын!
#KFF

😢38❤10
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥
⚔️ Қазақстан WU19 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі екінші ойын күтіп тұр.
🏟️ Қазақстан WU19 қыздар құрамасы Та-Али қаласында Латвия құрамасымен кездеседі.
🇱🇻 Латвия WU19 - Казақстан WU19 🇰🇿
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі
📆 15:00 | 25.11.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 «CENTENARY STADIUM», Мальта
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19

🔥23❤6
Астанада футболдағы таланттарды анықтауға арналған алғашқы оқыту курсы басталды
Бұл бағдарламаны Қазақстан футбол федерациясы және FIFA бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Бұл оқу – FIFA-ның Talent Development Scheme (TDS) атты халықаралық бастамасының бір бөлігі. Жобаның мақсаты – әлемдегі жасөспірімдер футболын жаңа деңгейге шығару және елдерге тиімді талант дайындау жүйесін қалыптастыруға көмектесу.
Оқуға аймақтық скауттар, жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері, ҚФФ Академиясының мамандары және өңірлік орталықтардың өкілдері қатысты.
Бағдарламаның басты сарапшысы – FIFA-ның Talent ID бойынша маманы Стив Морроу. Ол бұған дейін Лондонның «Арсенал» академиясында жұмыс істеп, Еуропада 25 жылдан аса тәжірибе жинаған танымал маман.
Оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанда Talent ID-дің біртұтас ұлттық жүйесін қалыптастыру. Бұл жүйе болашағы бар футболшыларды дұрыс таңдап, жасөспірімдер құрамаларын күшейтуге, сондай-ақ өңірлердегі скауттардың жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама барысында қатысушылар FIFA-ның ойыншыны бағалау әдістемесін, U10-U21 аралығындағы футболшылардың даму кезеңдерін, FI-TE-TA-ME индикаторларын, ойыншының әлеуетін талдау принциптерін, өңірлік орталықтар мен жасөспірімдер құрамаларына іріктеу тәртібін үйренеді. Сонымен бірге, ҚФФ-ның жаңа скаутинг жүйесі таныстырылды. Оның ішінде өңірлік өкілдер желісін кеңейту, EasyCoach цифрлық платформасын енгізу және болашағы бар ойыншылардың ұлттық дерекқоры – Player ID Bank құру жоспарланған.
Оқытудың практикалық бөлігі «Talent ID Cup» турнирі аясында өтеді. Қатысушылар U-12 жас санатындағы ойыншыларды тікелей бақылап, позиция бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Топтық талдау жасап, әр футболшының жеке профилін әзірлейді. Бұл мәліметтердің бәрі кейін ұлттық базаға енгізіледі.

❤23👍6
Көңіл айту
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекер 46 жасында дүние салды. Қазақстан футбол федерациясы қаралы хабарды қайғыра отырып хабарлайды.
Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті.
Ол футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.
Кирилл Сергеевич көп жыл бойы «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысты. 2022–2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды, сондай-ақ 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды. Бұған қоса, QJ League аясында «Қайрат» клубы командаларының үйлестірушісі қызметін атқарып, 2025 жылғы маусым қорытындысымен «Үздік басшы» деп танылды.
2025 жылы Кирилл Кекер Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалып, командамен бірге тарихи жетістікке жетті. Ол құраманы алғаш рет 2026 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шығарды.
Кирилл Сергеевичтің қазасы еліміздегі барлық қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр жағдай. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және көпжылдық еңбек жолы отандық футболдың дамуына зор үлес қосты.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның жаны пейіште шалқысын!

😢64❤14👏5
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥
⚔️ Қазақстан WU19 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі соңғы шешуші ойын күтіп тұр.
🏟️ Қазақстан WU19 қыздар құрамасы Та-Али қаласында Мальта құрамасымен кездеседі.
🇰🇿 Қазақстан WU19 - Мальта WU19 🇲🇹
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі
📆 15:00 | 01.12.2025
🏟 «CENTENARY STADIUM», Мальта
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
⚔️ Қазақстан WU19 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі соңғы шешуші ойын күтіп тұр.
🏟️ Қазақстан WU19 қыздар құрамасы Та-Али қаласында Мальта құрамасымен кездеседі.
🇰🇿 Қазақстан WU19 - Мальта WU19 🇲🇹
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі
📆 15:00 | 01.12.2025
🏟 «CENTENARY STADIUM», Мальта
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
🔥25❤5
Бүгінгі 19 жасқа дейінгі Қазақстан және Мальта қыздар құрамалары арасындағы матч Кирилл Кекердің өмірден өткеніне байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды 🙏🏻
#BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
#BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
❤45😢4
😍 «Астана Аренадағы» 2025 жылдың СОҢҒЫ ойыны 🇰🇿
5 күннен кейін, 9 желтоқсан күні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық «Қайрат» грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды. Ел чемпиондарының үйдегі ойыны «Астана Аренада» өтеді.
Барша астаналықтарды кәрі құрлықтың ең беделді додасында ел намысын қорғайтын «Қайратты» қолдауға шақырамыз. «Астана Аренаға» келіп, керемет футбол кешінің куәсі болыңыздар!
🎟️ Билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алсаңыз болады
#BirińdiQazaqBirińDos | #BizdinJigitter💛💙

❤56👍4🔥3