KFF Team
7.79K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Қайырлы күн, Қазақ елі! 🇰🇿🇧🇪

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanBelgium
70🔥18🎉4👍2
Көңіл айтамыз…

Казақстан футбол федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Бердалиннің 79 жасында дүниеден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.

Қарағанды футболының түлегі Серік Бердалин «Шахтёр» және «Металлург/Строитель» командаларында ойнаған. Спорттық мансабын аяқтаған соң, «Шахтёр», «Ертіс» және «Жетісу» сынды бірқатар қазақстандық клубта бапкерлік әрі басшылық қызметтерді атқарды. Серік Бердалиннің жетекшілігімен «Шахтёр» (1995) мен «Ертіс» (1998) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды, ал 2003-2008 жылдары Қазақстанның Туризм және спорт агенттігінде футбол бойынша мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды. Серік Бердалин – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы елдің үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері.

Казақстан футбол федерациясы Серік Сәрсембайұлының туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

#KFF
😢5425
⚒️ 𝓡𝓮𝓪𝓭𝔂 𝓽𝓸 𝓟𝓵𝓪𝔂 ❤️‍🔥

Қазақстан жастар құрамасы «Астана Аренада» ойын алды жаттығу өткізді. Жастарымыз ертең кешке елорданың төрінде ЕУРО-2027 іріктеуі аясында Молдова U-21 құрамасын қабылдайды.

🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Молдова U21 🇲🇩
🌍 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17/11 | 19:30
🏟 «Астана Арена», Астана
📺 Qazsport

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
49🔥16👍5
𝙈𝙀𝙉 𝙅𝘼𝙎𝙏𝘼𝙍𝙂𝘼 𝙎𝙀𝙉𝙀𝙈𝙄𝙉! 🔥

🇰🇿 Бүгін Қазақстан U21 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Молдова жастарына қарсы ойнайды.

🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Молдова U21 🇲🇩
🌍 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17/11 | 19:30 (АСТ)
🏟 «Астана Арена», Астана
📺 Qazsport

#U21 | #BizdinJigitter💛💙 | #KazakhstanMoldova
46👍7🔥1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Албания U-17 құрамасымен кездеседі 👊🏻

Алға, жігіттер! Алға, жігіттер! 🙌🏻

🔥 ЕУРО-2025/26 іріктеуі
🇰🇿 Қазақстан U17 🆚 Албания U17 🇦🇱
📆 17.11.2025
🕠 15:30 (KAZ)
📍«Спортпарк трате», Неделишче, Хорватия
 
#BizdinJigitter💛💙 | #U17
34🔥12
🔥 ҚУАН, ҚАЗАҚ! ҚАЗАҚСТАН U-17 ҚҰРАМАСЫ «А» ДИВИЗИОНЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ!

Қазақстан U-17 құрамасы Хорватияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Албанияны 2:1 есебімен жеңді.

Жасөспірімдер құрамасы «В» дивизионын 6 ұпаймен бірінші орынмен аяқтап, «А» дивизионына жолдама алды.

Енді Бауыржан Сағындықтың шәкірттері 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ЕЛІ! 😍

🇰🇿 2:1 🇦🇱
⚽️ 21’ Черноморец (1:0)
⚽️ 58’ Жылқайдар (2:0)
⚽️ 90+5’ Муслика (2:1)

#BizdinJigitter💛💙 | #U17
98🔥22🤯2
Хорватияда өткен іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтадық 😍

💪🏻 Енді 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласамыз.

#BizdinJigitter💛💙 | #U17
79🔥18👏2👍1