KFF Team
7.79K subscribers
4.94K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🔥 Қазақстан U21 – Молдова U21 матчының билеттері сатылымға шықты! 💪🏻

Бельгиямен матчқа билет алып үлгермедіңіз бе? Уайымдамаңыз – футболсыз қалмайсыз. Екі күннен кейін сізде жастар құрамасының матчын көруге тамаша мүмкіндік бар.

🇰🇿🇲🇩 17 қарашада сағат 19:30-да Қазақстан U-21 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Молдованы қабылдайды.

🎟️ Билеттерді «Jankuier» қосымшасы және Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 1000 теңгеден басталады.

‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді.

Жастарымызға бірге жанкүйер болайық. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💛💙

🇰🇿 Казақстан U21 – Молдова U21 🇲🇩
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17.11.2025
19:30
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟️ Ticketon.kz

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
21👍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙️ Андрей Ферапонтов: «Артылған жауапкершілікті түсінеміз»

Қазақстан U-21 құрамасы аға бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов Астанада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны туралы және Словакия мен Молдоваға қарсы матчтарға дайындық қалай өтіп жатқанын айтып берді.

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
👍177
Рақмет, Кака!

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын хабарлайды.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады.

#BizdinJigitter💛💙
😢10132👏3😱3👎1
Президент футболды дамыту мәселесіне арнайы тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты.



Глава государства остановился на вопросах развития футбола, напомнив о начатых в стране преобразованиях, связанных с приватизацией футбольных клубов и формированием конкурентной среды

Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Нассeра Аль-Хелаифи как члена Исполкома УЕФА и акционера клуба «Пари Сен-Жермен» за вклад в продвижение футбола.

#KFF
46🔥6😁4
ПСЖ президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді.

Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, естелік суретке түсті.

Бағдарлама соңында «Пари Сен-Жермен» президенті «Астана Арена» стадионынының инфрақұрылымымен танысты.

#KFF
37🔥10🤔1
⚡️ Ұлттық құрама Бельгияға қарсы матчқа дайындығын жалғастыруда

🇰🇿🇧🇪 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы матчына 5 күн қалды. Ертең толыққанды құраммен жаттығуға кірісеміз

#BizdinJigitter💛💙
43🔥13👍2👏2