KFF Team
7.8K subscribers
4.94K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🔥 Тұрсынбай, Қалдыбеков, Пайруз – Қазақстан құрамасының қараша айындағы ойындарға арналған кеңейтілген тізімі белгілі болды

📋 Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгиямен (15 қараша) өтетін матч пен 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.

📅 Еске салайық, қараша айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді:

🏡 15 қарашада «Астана Аренада» – Бельгияға қарсы матч (ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі)
✈️ 18 қарашада – Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ
🔥229👍2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

Бүгін бар назарымыз Ел Классикосында – Алматының орталық стадионында биылғы маусымның ел чемпионын анықтаймыз. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы тартысқа толы маңызды ойынды жіберіп алмаңыздар! 🔥

🟡 «Қайрат» 🆚 «Астана» 🔵
🕕 15:00
🏟️ Орталық стадион, Алматы
📺 QAZSPORT, Кинопоиск, KFF League YouTube арнасы

#BizdinJigitter💛💙
47👍1
🏆 Алматылық «Қайрат» – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Чемпиондықтың тағдырын анықтаған «Қайрат» – «Астана» ойынында тең есеп (1:1) тіркелді. Марин Томасов бірінші таймда «Қайрат» қақпасына гол соғып, кездесудің есебін ашса, екінші таймда Дастан Сәтпаев чемпиондық гол соғып, командасының екінші маусым қатарынан алтыннан алқа тағуына зор үлесін қосты.

🇰🇿 Барша «Қайрат» жанкүйерлерін, ойыншыларын және клуб мүшелерін чемпиондықпен құттықтаймыз! 👏🏻

#BizdinJigitter💛💙
84🎉14👎4🔥3
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Бүгін Ұлттық құрама мен Қазақстан WU17 құрамасының қос бірдей ойыны өтеді.

🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуін жалғастырса, Ұлттық құрама екінші жолдастық ойынына шығады.

🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады

🇰🇿 Казақстан WU17 – Босния және Герцеговина WU17 🇧🇦
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 13:00, 27.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 14:00, 27.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
21
Көңіл айту

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды.

Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.

Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
55😢11
🇰🇿🤝🏾🇧🇦

#BizdinQyzdar💛💙 екінші ойында тең түсті

Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцеговинамен 0:0 есебімен тең ойнады.

B3 тобында Қазақстан 4 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Алда Латвияға қарсы маңызды ойын күтіп тұр.

#KFFWomen | #WU17
37👍1
⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Словакия және Молдова құрамаларына қарсы матчқа шақырылған футболшылар тізімін жариялады

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 қарашада Астанада басталады. Құрам қатарына 28 ойыншы енді.

▶️ Резерв:
Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Бейбіт Ғалым («Тобыл»)
Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»)


Еске сала кетейік, қарашада Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді:

🇸🇰 Словакия U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 13.11.2025 | 22:00 (KAZ)
🏟️ «Татран», Прешов, Словакия

🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Молдова U21 🇲🇩
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17.11.2025 | 19:30
🏟️ «Астана Арена», Астана

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
35👍5🔥3
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Қазақстан WU17 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі соңғы шешуші матч күтіп тұр.

🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Талғарда Латвия құрамасымен кездеседі.

🇰🇿 Казақстан WU17 – Латвия WU17 🇱🇻
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 14:00 | 30.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU17
20🔥6
Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін 2-орынмен аяқтады

Қорытынды матчта Латвия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді.

#KFFWomen | #WU17
👎25😢64👍4
⚡️ Қазақстан құрамасының Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы ойындарға шақырылған нақты тізімі

Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 3 қараша күні Астанада басталады. Қараша айында ұлттық құрама екі ойын өткізеді.

🎟️ Бельгияға қарсы матчтың билеттері дүйсенбі күні, 3 қарашада сатылымға шығады. Бағасы 3000 теңгеден басталады.

🇰🇿 Қазақстан – Бельгия 🇧🇪
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 15.11.2025 | 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 Жуырда сатылымға шығады



🇫🇴 Фарер аралдары – Қазақстан 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 18.11.2025 | 22:00
🏟 «Алда Дросина», Пула, Хорватия

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ
45🔥7👍2😁1
📣 Қазақстан – Бельгия матчының билеттері «Jankuier» қосымшасынан ертерек сатып алыңыз

🇰🇿🇧🇪 15 қараша күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» ұлттық құрамамыз 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасымен кездеседі.

🎟️ Билеттер бүгін, 3 қарашада сағат 18:00-де сатылымға шығады. Оларды «Jankuier» қосымшасынан сатып алуға болады. Билет бағасы 3000 теңгеден басталады.

📌 Қосымшадан билет сатып алу тәсілі:
1) iOS немесе Android платформасынан «Jankuier» қосымшасын жүктеп алыңыз.
2) «Билеттер» бөлімін ашып, өз орныңызды таңдаңыз.

📱 Егер сізде қосымша бұған дейін орнатылған болса, оны жаңартуды ұмытпаңыз.

🎫 Ал 6 қарашадан бастап билеттерді «Яндекс Афиша» платформасынан да сатып алуға болады.

__

📣 Билеты на матч Казахстан – Бельгия: покупайте заранее в приложении «Jankuier»

🇰🇿🇧🇪 15 ноября в 19:00 на стадионе «Астана Арена» национальная сборная Казахстана сыграет против команды Бельгии в рамках отборочного этапа чемпионата мира 2026 года.

🎟️ Онлайн-продажа билетов начинается сегодня, 3 ноября, в 18:00. Их можно приобрести в приложении «Jankuier». Цена билетов начинается от 3000 тенге.

📌 Как купить билет через приложение:
1) Скачайте приложение «Jankuier» на платформах iOS или Android.
2) Откройте раздел «Билеты» и выберите своё место.

📱 Если вы ранее уже скачивали приложение «Jankuier», убедитесь, что у вас установлена актуальная версия.

🎫 А через три дня, начиная с 6 ноября, билеты также будут доступны на платформе «Яндекс Афиша».
22🔥8
🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші себетке түсті

🎟 4 қараша күні Швейцарияның Ньон қаласында әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Қазақстан әйелдер құрамасы С лигасында 2 себетке түсті.

C лигасында 21 құрама бақ сынайды. Іріктеу жүйесі 2025 жылғы УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасының қорытындысына сәйкес қалыптастырылған лигалық формат негізінде жүзеге асады.

Қазақстан құрамасы өз лигасындағы қарсыластарымен алты матч өткізеді. УЕФА ережесіне сәйкес, ойындар келесі халықаралық терезелерде өтеді:

1 және 2-тур: 2026 жылғы 24 ақпан - 7 наурыз;
3 және 4-тур: 2026 жылғы 7 - 18 сәуір;
5 және 6-тур: 2026 жылғы 1 - 9 маусым.


#KFFWoman | #BizdinQyzdar💛💙
27
Қазақстан – Бельгия матчының билеттері сатылымға шықты

📲 Билеттерді «Jankuier» қосымшасындағы «Билеттер» бөлімінен сатып алуға болады. Қосымша iOS және Android платформаларында жүктеуге қолжетімді.

🎟️ Билет бағасы 3000 теңгеден басталады.

‼️ Назар аударыңыз! Сатып алған билет көрсеткен электрон поштаңызға келеді.

🇰🇿🇧🇪 Матч 15 қараша күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

🎫 Айта кетейік, 6 қарашадан бастап билеттерді «Яндекс Афиша» платформасынан да сатып алуға болады.

📞 Техникалық қолдау: +77070551717 (WhatsApp)

#BizdinJigitter💛💙
24🔥4
Қарашаның соңына дейін «Қызыл-Жар СК», «Жеңіс» және «Шахтер» футбол клубтары жекешелендіріледі

Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың отандық футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындауды жалғастыруда.

4 қарашада Астанада ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері туралы Үкімет отырысы өтті.

Жиында баяндама жасаған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория 2025 жылдың қарашасына дейін жеке меншікке тағы үш клуб өтетінін атап өтті. Олар «Шахтер», «Жеңіс» және «Қызыл-Жар СК» футбол клубтары. Бұл жұмыстарға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрдтан астам теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, «Елімай» футбол клубы коммерциялық емес акционерлік қоғам түріне ауыстырылды. Бұл шешім «Реал Мадрид», «Барселона» және «Байер 04» сияқты еуропалық клубтардың үлгісімен жүзеге асырылды. Жаңа үлгі аясында 100 миллион акция шығарылып, клубтың басқару ашықтығы мен қаржылық тұрақтылығы артады.

__

«Кызыл-Жар СК», «Женис» и «Шахтер» будут приватизированы до конца ноября

Казахстанская федерация футбола продолжает реализацию поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по приватизации и коммерциализации отечественных футбольных клубов.

4 ноября в Астане состоялось заседание Правительства Республики Казахстан под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова, посвященное вопросам развития спортивной инфраструктуры и поддержки массового спорта.

Генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола Давид Лория отметил, что до конца ноября 2025 года в частную собственность будут переданы еще три клуба – «Шахтер», «Женис» и «Кызыл-Жар СК». Совокупный объем привлеченных инвестиций превышает 45 млрд тенге.

Кроме того, ФК «Елимай» трансформирован в форму некоммерческого акционерного общества (НАО) по примеру европейских клубов – «Реал Мадрид», «Барселона» и «Байер 04». В рамках новой модели выпущено 100 млн акций, что повысит прозрачность управления и устойчивость клуба.
30👍7🔥2
2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны 8 ойыншыға дейін қысқарады

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі кәсіпқой футболдың дамуы жөнінде баяндама жасады.

Биылғы маусым көрермендер саны бойынша рекорд жаңартты: Қазақстан Премьер-лигасының ойындарын шамамен 1 миллион жанкүйер тамашалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке көп. Ал барлық кәсіби лиганың жалпы көрермен саны 2 миллионға жуықтап, тарихи көрсеткішке жетті.

2026 жылдан бастап Премьер-лигадағы клубтар саны 14-тен 16-ға дейін артады. Ал 2028 жылға қарай легионерлер лимиті біртіндеп 12-ден 8 ойыншыға дейін қысқарады.

Сондай-ақ Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижені көрсетті.

2025 жылы әйелдер арасындағы толыққанды кәсіпқой лига ашылды. Бұл жарыста 14 команда бақ сынады. 

2025 жылы ұлттық құраманың өз алаңындағы матчтарына 80 мыңнан астам жанкүйер келді. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы ойын маусымның қорытынды матчы болмақ.

__

К 2028 году количество легионеров в Премьер-лиге сократится до 8

Генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола Давид Лория на заседании Правительства Республики Казахстан под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова отчитался по вопросам профессионального футбола в стране.

Текущий сезон стал рекордным по посещаемости: матчи Казахстанской Премьер-лиги посетили около 1 миллиона зрителей, что на 30% больше, чем в 2024 году. Общая посещаемость всех профессиональных лиг составила около 2 миллионов человек, что является историческим показателем.

С сезона 2026 года Премьер-лига будет расширена с 14 до 16 клубов, а к 2028 году планируется постепенное сокращение лимита на легионеров с 12 до 8 игроков.

Также Казахстан поднялся в клубном рейтинге УЕФА с 39-го на 34-е место, что является одним из лучших результатов за последние годы.

В 2025 году впервые стартовала полноценная профессиональная Женская лига, в которой участвуют 14 команд.

На домашних матчах национальной сборной Казахстана в 2025 году присутствовало более 80 тысяч болельщиков. Завершающей игрой года станет матч квалификации ЧМ-2026 против Бельгии, который пройдет 15 ноября.
27👎17👏1
⚡️ Қазақстанда ҚФФ-ның бұқаралық футбол жобаларына 1 миллионнан астам адам қатысты

Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі бұқаралық футболды дамыту бойынша тапсырмасын орындап жатыр.

ҚФФ 2025-2030 жылдарға арналған бұқаралық футболды дамыту стратегиясын бекітті. Құжатта балалар, мектеп, студент және инклюзивті футбол бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Бағдарламаға мектеп және студенттік лигалар, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жобалар, сондай-ақ «Family Football» және «Walking Football» сияқты бастамалар кіреді.

2025 жылы ҚФФ аясында өткен түрлі іс-шараларға 1 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Бұл еліміздің барлық өңірінде бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі және УЕФА қолдауымен жүзеге асқан «Ұлттық мектеп лигасы» жобасына еліміздің барлық өңірінен футболдан 850 мың және футзалдан 186 мың оқушы қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында «Балдәурен» турнирі мен 18 өңірде 1000-нан астам баланың қатысуымен «УЕФА бұқаралық футбол апталығы» ұйымдастырылды.

Сондай-ақ жеке футбол мектептері мен академиялары арасында 6 жас санатында ел чемпионаты өтті. Оған 18 өңірден 500-ден астам команда мен 9 мың ойыншы қатысты. Бұдан бөлек, елдің жоғары және орта оқу орындарынан 15 команда қатысқан футзалдан қыздар арасындағы студенттік лига өтті.

«Қазақстан әуесқой лигасы» турнирінде 277 команда мен 6500 ойыншы бақ сынады. Финалға шыққан Алматы мен Орал командалары кәсіби клубтар арасындағы Қазақстан Кубогы мен әуесқойлар арасындағы УЕФА өңірлер кубогына қатысады.

Бұған қоса, еліміздің түрлі өңірінен 10 команда қатысқан жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты, кубогы және Суперкубогы өтті. Арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік жобалар да жүзеге асырылды: ДЦП-мен ауыратын балалар арасындағы ел чемпионаты (7 команда, 85 қатысушы), «Blind Football» федерация кубогы (60 бала), футбол фестивальдері мен жаттықтырушыларға арналған семинарлар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «D» санаты бойынша жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасы аясында 349 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқудан өтті.
🔥133👍1😁1
KFF Team
Қазақстан – Бельгия матчының билеттері сатылымға шықты 📲 Билеттерді «Jankuier» қосымшасындағы «Билеттер» бөлімінен сатып алуға болады. Қосымша iOS және Android платформаларында жүктеуге қолжетімді. 🎟️ Билет бағасы 3000 теңгеден басталады. ‼️ Назар аударыңыз!…
📢 Қазақстан – Бельгия матчының билеттері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап:

— Бір адам неше билет сатып ала алады?
Бір адамның атына 4 билеттен артық сатылмайды. Бұл шектеу билеттердің қайта сатылуы мен алыпсатарлықтың алдын алады. Сондықтан әр адам 4 билеттен артық сатып ала алмайды. 

Егер сатып алу кезінде 4 билеттен көп рәсімдеуге әрекет жасалса, жүйе автоматты түрде аккаунты бұғаттайды. Мұндай шара билеттерді жаппай сатып алып, кейін жоғары бағамен қайта сатқысы келетіндерге тосқауыл қою мақсатында жасалады.

Барлық жанкүйерден билет сатып алу ережелерін сақтауды сұраймыз.

Бүгінгі таңда белсенді болған күмәнді 300-ден астам аккаунт бұғатталды. Қазақстан футбол федерациясы билеттерді тек ресми арналар арқылы, яғни «Jankuier» қосымшасында сатып алуға кеңес береді. Өзге сайттар мен бейресми жүйелерден билет сатып алмаңыз.



— Мен билет сатып алдым, бірақ поштаға келген жоқ. Электрон поштаны қате жазыппын. Не істеу керек?
Билеттер сатып алу кезінде көрсетілген электронды поштаңызға жіберіледі. Төлем сәтті өткеннен кейін билет автоматты түрде сол поштаға келеді. Сондай-ақ билеттерді құрылғыңызға жүктеп алуға немесе Wallet қосымшасына қосуға болады.

Деректерді енгізу кезінде мұқият болыңыз. Егер электронды поштаны қате жазып қойған болсаңыз немесе билет келмесе, техникалық қолдау қызметіне Telegram арқылы хабарласыңыз: @malik_mukhamedgaliyev. Мамандар билетіңізді қалпына келтіруге көмектеседі.


— Мен билет сатып алдым, бірақ менен комиссия ұсталды. Неліктен?
3 қарашада кейбір қолданушылардан билет сатып алу кезінде техникалық қате салдарынан сервис ақысы (комиссия) ұсталып қалған. Қазір бұл мәселе толық шешілді.

Қате ұсталған барлық қаражат билет операторы тарапынан қайтарылып берілді, ал сатып алынған билеттердің күші жойылған жоқ және олар жарамды болып қала береді.

 «Jankuier» қосымшасында билетті сатып алуда сервис ақысы ұсталмайды. 

— Маған сервис ақысын қайтару туралы хабарлама келді. Ал билеттер не болады?

Егер сізге сервис ақысын қайтару жөнінде хабарлама келсе, уайымдамаңыз, билеттеріңіз жарамды күйінде қалады. Қайтарылған сома тек техникалық қателікпен ұсталған қызмет ақысына қатысты.
21👍3