KFF Team
7.8K subscribers
4.94K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады 👊🏾

🏟️ Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өткен ойында Қазақстан WU17 құрамасы Грузияны 4:2 есебімен жеңді.

Гол соққандар:
⚽️⚽️ Жұмажанова
⚽️ Остер
⚽️ Жолболат

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU17
36👍7🔥3
𝗕𝗔𝗦𝗧𝗔𝗣𝗤𝗬 𝗤𝗨𝗥𝗔𝗠 🔝

Әзербайжан W құрамасына қарсы алғашқы жолдастық матчты осындай құрамда бастаймыз ✊🏾

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
19👍1
Алғашқы жолдастық ойында қарсыласқа есе жібердік

Гол соққан:
⚽️ Жанатаева

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
22🔥6
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиынындағы Үндістан WU20 құрамасымен алғашқы жолдастық ойынын өткізеді.

🏟️ Матч Шымкент қаласындағы БИІК спорт кешенінде өтеді.

🇰🇿 Казақстан WU20 – Үндістан WU20 🇮🇳
🤝🏾 Жолдастық ойын
📆 11:00, 25.10.2025
🏟 БИІК спорт кешені, Шымкент

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
16👍1
🇰🇿🇮🇳 Үндістанға қарсы өткен алғашқы жолдастық кездесуде қалаған нәтижеге жете алмадық

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
22🎉3
🔥 Тұрсынбай, Қалдыбеков, Пайруз – Қазақстан құрамасының қараша айындағы ойындарға арналған кеңейтілген тізімі белгілі болды

📋 Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгиямен (15 қараша) өтетін матч пен 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.

📅 Еске салайық, қараша айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді:

🏡 15 қарашада «Астана Аренада» – Бельгияға қарсы матч (ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі)
✈️ 18 қарашада – Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ
🔥229👍2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

Бүгін бар назарымыз Ел Классикосында – Алматының орталық стадионында биылғы маусымның ел чемпионын анықтаймыз. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы тартысқа толы маңызды ойынды жіберіп алмаңыздар! 🔥

🟡 «Қайрат» 🆚 «Астана» 🔵
🕕 15:00
🏟️ Орталық стадион, Алматы
📺 QAZSPORT, Кинопоиск, KFF League YouTube арнасы

#BizdinJigitter💛💙
47👍1
🏆 Алматылық «Қайрат» – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Чемпиондықтың тағдырын анықтаған «Қайрат» – «Астана» ойынында тең есеп (1:1) тіркелді. Марин Томасов бірінші таймда «Қайрат» қақпасына гол соғып, кездесудің есебін ашса, екінші таймда Дастан Сәтпаев чемпиондық гол соғып, командасының екінші маусым қатарынан алтыннан алқа тағуына зор үлесін қосты.

🇰🇿 Барша «Қайрат» жанкүйерлерін, ойыншыларын және клуб мүшелерін чемпиондықпен құттықтаймыз! 👏🏻

#BizdinJigitter💛💙
84🎉14👎4🔥3
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Бүгін Ұлттық құрама мен Қазақстан WU17 құрамасының қос бірдей ойыны өтеді.

🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуін жалғастырса, Ұлттық құрама екінші жолдастық ойынына шығады.

🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады

🇰🇿 Казақстан WU17 – Босния және Герцеговина WU17 🇧🇦
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 13:00, 27.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 14:00, 27.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
21
Көңіл айту

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды.

Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.

Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
55😢11
🇰🇿🤝🏾🇧🇦

#BizdinQyzdar💛💙 екінші ойында тең түсті

Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцеговинамен 0:0 есебімен тең ойнады.

B3 тобында Қазақстан 4 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Алда Латвияға қарсы маңызды ойын күтіп тұр.

#KFFWomen | #WU17
37👍1
⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Словакия және Молдова құрамаларына қарсы матчқа шақырылған футболшылар тізімін жариялады

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 қарашада Астанада басталады. Құрам қатарына 28 ойыншы енді.

▶️ Резерв:
Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Бейбіт Ғалым («Тобыл»)
Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»)


Еске сала кетейік, қарашада Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді:

🇸🇰 Словакия U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 13.11.2025 | 22:00 (KAZ)
🏟️ «Татран», Прешов, Словакия

🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Молдова U21 🇲🇩
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17.11.2025 | 19:30
🏟️ «Астана Арена», Астана

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
35👍5🔥3
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Қазақстан WU17 құрамасын ЕУРО іріктеу кезеңіндегі соңғы шешуші матч күтіп тұр.

🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Талғарда Латвия құрамасымен кездеседі.

🇰🇿 Казақстан WU17 – Латвия WU17 🇱🇻
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 14:00 | 30.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU17
20🔥6
Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін 2-орынмен аяқтады

Қорытынды матчта Латвия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді.

#KFFWomen | #WU17
👎25😢64👍4
⚡️ Қазақстан құрамасының Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы ойындарға шақырылған нақты тізімі

Ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 3 қараша күні Астанада басталады. Қараша айында ұлттық құрама екі ойын өткізеді.

🎟️ Бельгияға қарсы матчтың билеттері дүйсенбі күні, 3 қарашада сатылымға шығады. Бағасы 3000 теңгеден басталады.

🇰🇿 Қазақстан – Бельгия 🇧🇪
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 15.11.2025 | 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 Жуырда сатылымға шығады



🇫🇴 Фарер аралдары – Қазақстан 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 18.11.2025 | 22:00
🏟 «Алда Дросина», Пула, Хорватия

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ
45🔥7👍2😁1