✅ Андрей Ферапонтов – Қазақстан U-21 құрамасы бапкерінің міндетін атқарушы
Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов футболдан Қазақстан жастар құрамасы бапкерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
50 жастағы маман команданың қарашадағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Словакияға (13.11) және Молдоваға (17.11) қарсы ойындарына жетекшілік етеді.
Ферапонтов футболдық клубтағы көпжылдық тәжірибесіне қарамастан, Қазақстан U-21 мен U-17 құрамасында аға бапкерінің ассистенті қызметін атқарды.
Қазақстан футбол федерациясы Андрей Ферапонтовтың алдағы қызметіне сәттілік тілейді.

👍30❤10👎8🔥1😁1
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥
⚔️ Бүгін күзгі ойындардың тұсаукесері: Қазақстан WU17 құрамасының ЕУРО іріктеу кезеңіндегі ойынымен бастап, кешке ұлттық құраманың Әзербайжан W құрамасына қарсы алғашқы жолдастық кездесуін тамашалаймыз.
🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы өз ойындарын Талғарда өткізсе, ұлттық құраманың жолдастық ойындары шырайлы Шымкенттің «Қажымұқан» стадионында өтеді
🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады
🇰🇿 Казақстан WU17 – Грузия WU17 🇬🇪
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 15:00, 24.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар
🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 19:00, 24.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan

❤15👍3
ҚФФ төрешілер комитетінің шетелдік төрешілерді шақыру мәселесіне қатысты ресми ұстанымы
ҚФФ төрешілер корпусы федерация аясында өз міндетін жоғары деңгейде орындап жүрген қазақстандық төрешілерге сенім білдіріп, қолдау танытады. Бүгінде олар ойындардың әділ әрі кәсіби өтуін қамтамасыз етіп келеді.
Биылғы маусымда өткен 200-ден астам ойынның ішінен тек төртеуіне шетелдік төрешілер қатысты. Оларды ойынға шақыру жұмыстары уақытша және білім беру мақсатында жүзеге асырылуда. Ол келесідей үш негізгі мақсатты көздейді:
– қазақстандық және шетелдік төрешілер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;
– Қазақстан чемпионатына халықаралық футбол ұйымдарының сенімі мен беделін арттыру;
– отандық төрешілердің кәсіби дайындығын жетілдіру.
Қазақстандық мамандар шетелдік төрешілер қызмет атқарған барлық матчта резервтік төреші және AVAR ретінде жұмылдырылды. Бұл ойын кезінде өзара тәжірибе алмасуға және кәсібилікті арттыруға мүмкіндік берді.
Шетелдік мамандарды шақыру бастамасы федерацияның басқа ұлттық қауымдастықтармен тәжірибе алмасудағы халықаралық бағдарламаларды дамытуға бағытталған. Ол ҚФФ-ның төрешілердің біліктілігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі саналады.
Шақырылған төрешінің барлығы өз елінің жоғары лигаларында және халықаралық турнирлерде тұрақты түрде матчтар өткізіп жүрген, FIFA санатындағы кәсіби төрешілер. Бұл олардың төрелік ету сапасының жоғары деңгейін танытады.
Сонымен қатар, ойындарға шақырылған швейцариялық және италиялық төрешілер - UEFA Talents & Mentors бағдарламасының қатысушылары. Аталған бағдарлама аясында ҚФФ төрешілер корпусының жетекшісі Нуну Алешандре Паррейра де Каштру олардың тәлімгер-нұсқаушысы ретінде қызмет атқарады.
Қазақстан футбол федерациясы бүгінде отандық төрешілердің кәсіби дамуы үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын қаперге береді. ҚФФ өз төрешілерін қолдап және қорғай отырып, оларға қаржылық тұрақтылықты, заманауи құрал-жабдықтарды және кәсіби өсудің кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
#KFF

❤11🔥3👍1👎1
Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады 👊🏾
🏟️ Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өткен ойында Қазақстан WU17 құрамасы Грузияны 4:2 есебімен жеңді.
Гол соққандар:
⚽️⚽️ Жұмажанова
⚽️ Остер
⚽️ Жолболат
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU17

❤36👍7🔥3
𝗕𝗔𝗦𝗧𝗔𝗣𝗤𝗬 𝗤𝗨𝗥𝗔𝗠 🔝
Әзербайжан W құрамасына қарсы алғашқы жолдастық матчты осындай құрамда бастаймыз ✊🏾
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
Әзербайжан W құрамасына қарсы алғашқы жолдастық матчты осындай құрамда бастаймыз ✊🏾
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
❤19👍1
Алғашқы жолдастық ойында қарсыласқа есе жібердік
Гол соққан:
⚽️ Жанатаева
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
Гол соққан:
⚽️ Жанатаева
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
❤22🔥6
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥
⚔️ 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиынындағы Үндістан WU20 құрамасымен алғашқы жолдастық ойынын өткізеді.
🏟️ Матч Шымкент қаласындағы БИІК спорт кешенінде өтеді.
🇰🇿 Казақстан WU20 – Үндістан WU20 🇮🇳
🤝🏾 Жолдастық ойын
📆 11:00, 25.10.2025
🏟 БИІК спорт кешені, Шымкент
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19

❤16👍1
🇰🇿🇮🇳 Үндістанға қарсы өткен алғашқы жолдастық кездесуде қалаған нәтижеге жете алмадық
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19
❤22🎉3
🔥 Тұрсынбай, Қалдыбеков, Пайруз – Қазақстан құрамасының қараша айындағы ойындарға арналған кеңейтілген тізімі белгілі болды
📋 Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгиямен (15 қараша) өтетін матч пен 18 қарашада Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енді.
Оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.
📅 Еске салайық, қараша айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді:
🏡 15 қарашада «Астана Аренада» – Бельгияға қарсы матч (ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі)
✈️ 18 қарашада – Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу
#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ

🔥22❤9👍2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️
Бүгін бар назарымыз Ел Классикосында – Алматының орталық стадионында биылғы маусымның ел чемпионын анықтаймыз. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы тартысқа толы маңызды ойынды жіберіп алмаңыздар! 🔥
🟡 «Қайрат» 🆚 «Астана» 🔵
🕕 15:00
🏟️ Орталық стадион, Алматы
📺 QAZSPORT, Кинопоиск, KFF League YouTube арнасы
#BizdinJigitter💛💙

❤47👍1
🏆 Алматылық «Қайрат» – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы
Чемпиондықтың тағдырын анықтаған «Қайрат» – «Астана» ойынында тең есеп (1:1) тіркелді. Марин Томасов бірінші таймда «Қайрат» қақпасына гол соғып, кездесудің есебін ашса, екінші таймда Дастан Сәтпаев чемпиондық гол соғып, командасының екінші маусым қатарынан алтыннан алқа тағуына зор үлесін қосты.
🇰🇿 Барша «Қайрат» жанкүйерлерін, ойыншыларын және клуб мүшелерін чемпиондықпен құттықтаймыз! 👏🏻

❤84🎉14👎4🔥3
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥
⚔️ Бүгін Ұлттық құрама мен Қазақстан WU17 құрамасының қос бірдей ойыны өтеді.
🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуін жалғастырса, Ұлттық құрама екінші жолдастық ойынына шығады.
🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады
🇰🇿 Казақстан WU17 – Босния және Герцеговина WU17 🇧🇦
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 13:00, 27.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар
🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 14:00, 27.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
⚔️ Бүгін Ұлттық құрама мен Қазақстан WU17 құрамасының қос бірдей ойыны өтеді.
🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуін жалғастырса, Ұлттық құрама екінші жолдастық ойынына шығады.
🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады
🇰🇿 Казақстан WU17 – Босния және Герцеговина WU17 🇧🇦
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 13:00, 27.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар
🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 14:00, 27.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
❤21
Көңіл айту
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды.
Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды.
Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді.
Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

❤55😢11
🇰🇿🤝🏾🇧🇦
#BizdinQyzdar💛💙 екінші ойында тең түсті
Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцеговинамен 0:0 есебімен тең ойнады.
B3 тобында Қазақстан 4 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Алда Латвияға қарсы маңызды ойын күтіп тұр.
#KFFWomen | #WU17

❤37👍1
⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Словакия және Молдова құрамаларына қарсы матчқа шақырылған футболшылар тізімін жариялады
Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 қарашада Астанада басталады. Құрам қатарына 28 ойыншы енді.
▶️ Резерв:
Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Бейбіт Ғалым («Тобыл»)
Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»)
Еске сала кетейік, қарашада Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді:
🇸🇰 Словакия U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 13.11.2025 | 22:00 (KAZ)
🏟️ «Татран», Прешов, Словакия
🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Молдова U21 🇲🇩
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 17.11.2025 | 19:30
🏟️ «Астана Арена», Астана
#BizdinJigitter💛💙 | #U21

❤35👍5🔥3