KFF Team
7.8K subscribers
4.94K photos
220 videos
781 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
⚡️ Көкшетауда FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған футбол алаңы ашылды

Көкшетауда халықаралық FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған алғашқы футбол алаңының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл ФИФА-ның балалар футболын дамытуға және заманауи спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамасы.

Іс-шараға ФИФА-ның ұлттық қауымдастықтармен жұмыс жөніндегі директоры Эльхан Мамедов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

FIFA Arena бағдарламасы аясында әлемнің әр елінде ФИФА стандарттарына сай 1000 шағын футбол алаңының құрылысы жоспарланған. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Пилоттық жоба шеңберінде Көкшетаудан бөлек, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында да осындай алаң ашылмақ. Жалпы, Қазақстан бойынша мектеп оқушыларына арналған 100 шағын алаң салу жоспарланып отыр.

Жоба ФИФА мен ҚФФ-ның ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Өз кезегінде ФИФА алаңдарға арналған жабдықтар мен жасанды жамылғыны жеткізуді, алаңдарды құрастыруды қамтамасыз етсе, ҚФФ алаң негізін дайындауға, инфрақұрылымды орнатуға және жергілікті жұмыстарды үйлестіруге жауапты.
 
FIFA Arena жобасы – ҚФФ-ның балалар мен жасөспірімдер футболына арналған заманауи, қолжетімді және қауіпсіз инфрақұрылым құруға, бұқаралық спортты дамытуға және өскелең ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыттарының бірі.

Жиын соңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ҚФФ президенті Марат Омаровқа Көкшетауда салынатын жаңа футбол стадионының жобасын таныстырды.

Болашақ арена УЕФА-ның төртінші санатына сай салынбақ. Ол өз кезегінде  халықаралық дәрежедегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

#KFF | #FIFA
25👍3🔥1
Жауапты жолдастық 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкенттегі екінші жолдастық кездесуін өткізеді.

Кездесу Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойын екі жақтың келісімі бойынша жабық форматта өтеді – ойынның тікелей көрсетілімі болмайды.

🌏 Жолдастық кездесу
🇺🇿 Өзбекстан 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📆 18/10/2025 | 18:00 (АСТ)
📍 «Юнусобод» спорт кешені, Ташкент

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
30👍1
ЖЕҢІС! 🔥

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуінде жеңіске жетті. Ташкентте өткен матчта біздің жігіттер 5:2 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасында гол соққандар:
⚽️ Азат Валиуллин
⚽️⚽️ Альберт Ақбалықов
⚽️ Біржан Оразов
⚽️ Ақжол Дәрібай

#BizdinJigitter💛💙
73🔥27
Ойын ережелеріне сәйкес «Астана» – «Ақтөбе» және «Қызылжар» – «Қайрат» матчтарындағы ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 25-туры аясында «Астана» – «Ақтөбе» және «Қызылжар» – «Қайрат» матчтарындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.

«Астана» – «Ақтөбе»

6-минут. Алаң иелерінің шабуылы кезінде 23-нөмірлі шабуылшы мен 11-нөмірлі қорғаушы допқа таласты. Допқа бірінші жеткен қонақтар командасының 23-нөмірлі қорғаушысы баспен қақпашы бағытында ойнады. Екі ойыншының қозғалысының салдарынан олардың арасында жеңіл, ойын сәтіне тән жанасу болды, бірақ бұл байланыс қорғаушы допқа тигеннен кейін орын алды. Төреші дұрыс позицияда тұрды және бірден ойынды жалғастыру белгісін берді.

VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.

Төрешінің ойынды жалғастыру жөніндегі шешімі – дұрыс.


16-минут. Ойын төреші ысқырығымен тоқтатылған сәтте алаң иелерінің 18-нөмірлі ойыншысы қарсыласын қолымен арқасынан итеріп, сәл бас тұсына да тигізді. Бұл әрекет шамадан тыс күшпен жасалмаған, сондықтан төреші спорттық емес мінез-құлық үшін ескерту қағазын (сары қағаз) көрсетті.

VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.

Төрешінің ойыншыға сары қағаз көрсету туралы шешімі – дұрыс.


45+1-минут. Қонақтар айып алаңында 5-нөмірлі қорғаушы 9-нөмірлі шабуылшының артында тұрды. Доп шабуылшыға бағытталған сәтте қорғаушы оның жейдесінен тартып, арқасынан кейінге қарай жұлқып, тепе-теңдігін жоғалтып құлатты. Нәтижесінде шабуылшы допқа ойнай алмады. Бұл – айқын пенальти. Төреші жақсы позицияда болып, бірден ысқырық шалды.

VAR жүйесінің араласуы қажет болған жоқ – эпизод тексеріліп, төрешінің шешімі дұрыс деп танылды.

Төрешінің пенальти белгілеу және ойыншыға сары қағаз көрсету туралы шешімі – дұрыс.


Қызылжар – Қайрат

68-минут – Орталық шеңбер маңында доп үшін екі ойыншы таласты. Допқа бір уақытта жеткен сәтте алаң иелерінің №21 ойыншысы аяғын жоғары (қарсыласының бас деңгейіне дейін) көтеріп, ол баспен ойнамақ болған кезде бутсасының шегесімен басына тиді. Бұл – айқын қауіпті ойын және дөрекі фол (қатты ереже бұзу).

Төреші оқиғаға өте жақын болып, дереу қызыл карточка көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады.

VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады – бұл да дұрыс шешім.

Төрешінің ойыншыға қызыл карточка көрсету туралы соңғы шешімі дұрыс.


90-минут – Қонақ команданың айып алаңында бірнеше ойыншы допқа таласты. Доп серпіліп, жоғары ұшты. Бір сәтке ойыншылар доптың орналасқан жерін байқамай қалды, ал доп төмен түскенде тікелей қорғаушы №25 ойыншының қолына тиді. Ойыншы допқа қараған жоқ, қолы денесіне жақын және қозғалысына сай табиғи жағдайда болды (бұрылу кезінде).

VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады – бұл дұрыс шешім.

Төрешінің ойынды жалғастыру туралы соңғы шешімі – дұрыс.
22👍4
🇪🇺 Алатау бөктеріндегі үлкен футбол мерекесі! 😍

Бүгін Алматының орталық стадионында «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үйдегі екінші ойынын өткізеді. Ел чемпиондары кешкі сағат 21:45-те кипрлық «Пафос» ұжымына қарсы ойнайды.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат» ! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
44🔥16
🇰🇿🤝🏾🇮🇳 Қазақстан WU19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасымен жолдастық матч өткізеді

📆 Қарашада 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Үндістанның 20 жасқа дейінгі қыздар құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындар 25 және 28 қазан күндері өтеді.

📍 Жанна Мальгаждарованың шәкірттері Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл жиын Еуропа чемпионатына (WU-19) іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға дайындық ретінде ұйымдастырылды. Іріктеу ойындары қарашаның соңында және желтоқсанның басында өтеді.

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | WU17
25
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тарихи ұпайына қол жеткізді 🔥

Алматының Орталық стадионында өткен «Қайрат» – «Пафос» ойынында 0:0 есебі тіркелді. Біздің жігіттер кипрлық командамен тең түсіп, 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайын еншіледі.

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
60😁12👎9🎉4🔥2👍1
⚡️ ҚФФ жанкүйерлерге арналған «Jankuier» цифрлық платформасын іске қосты
 
«Jankuier» қосымшасы ҚФФ-ның цифрландыру стратегиясы аясында әзірленіп, жанкүйерлердің қатысу деңгейін арттыруға, ыңғайлы сервистер ұсынуға және федерациямен байланыс орнатуды жеңілдетуге бағытталған.
 
Жоба ҚФФ серіктесі – «Баян Сұлу» компаниясының қолдауымен жүзеге асты.

Платформа қазақстандық футбол экожүйесінің кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалардан бастап балалар-жасөспірімдер академиялары мен бұқаралық футболға дейінгі барлық деңгейді қамтиды.
 
Платформа қолданушыларының жаңалықтар оқуға, турнир кестесін және ойын нәтижелерін бақылауға,  билеттер сатып алуға, ресми атрибутика мен тауарларға тапсырыс беруге, футбол алаңдарын жалға алуға және академияларға жазылу мүмкіндігі бар.
 
Сонымен қатар, қосымшаның белсенді жанкүйеріне ҚФФ мен серіктестер тарапынан кэшбэк және эксклюзивті сыйлықтар жүйесі қарастырылған, бонустар мен марапаттарға ие болады.
 
Қосымша ҚФФ-ның фирмалық стилінде жасалған және түсінікті интерфейске ие. Онда бірнеше негізгі бөлім бар.
 
Басты бетте – басты жаңалықтар, турнир кестесі, ойындар кестесі және басты оқиғалар;
 
Билеттер бөлімінде – ұлттық құрамалар мен ел біріншілігінің матчтарына электронды билет сатып алу және сақтау мүмкіндігі;
 
Қызметтер бөлімінде – футбол алаңдарын жалға алу, академияларға жазылу және ресми өнімдерге тапсырыс беру;
 
Жаңалықтар бөлімінде – клубтар мен ұлттық құрамаларға қатысты жедел және ресми ақпарат;
 
Профиль қызметінде жеке деректер, белсенділік тарихы және бонустық жүйе болады.
 
«Jankuier» қазақ және орыс тілдеріне, ал интерфейс iOS және Android құрылғыларына бейімделген.
 
«Jankuier» платформасының іске қосылуы – ҚФФ-ның футболды басқару және коммуникация жүйесін цифрландыруға бағытталған кешенді бағдарламасының бір бөлігі.
 
Жаңа цифрлық орта футбол инфрақұрылымын дамытуға, жанкүйерлермен және өңірлік федерациялармен байланысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
 
«Jankuier» мобильді қосымшасы қазірдің өзінде App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.

#KFF
32🔥4👍1🤔1
Маусымның соңғы матчын Фарер аралдарымен өткіземіз 🤝

🇫🇴🇰🇿 18 қараша күні Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарының құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Кездесу бейтарап алаңда – Хорватида өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 22:00-де жоспарланған.

🇫🇴 Фарер аралдары 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 18.11.2025 | 22:00 (18:00 жергілікті уақыт)
📍 Пула, Хорватия
🏟️ «Альдо Дросина» стадионы

#BizdinJigitter💛💙
44👍2🤮1
ᴅᴀɪʏɴꜱʏᴢᴅᴀʀ ᴍᴀ? 🙌🏾

📅 Осы аптада қыздар құрамаларының ойындары күтіп тұр.

🤝🏾 Ұлттық құрама Шымкентте Әзербайжанмен жолдастық матч өткізсе, WU19 құрамасы Үндістанмен кездеседі.

⚡️Талғарда Қазақстан WU17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды.

Сәттілік, қыздар 🫶🏼

#BizdinQyzdar💛💙
27👍2👎1
Андрей Ферапонтов – Қазақстан U-21 құрамасы бапкерінің міндетін атқарушы

Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов футболдан Қазақстан жастар құрамасы бапкерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

50 жастағы маман команданың қарашадағы 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Словакияға (13.11) және Молдоваға (17.11) қарсы ойындарына жетекшілік етеді.

Ферапонтов футболдық клубтағы көпжылдық тәжірибесіне қарамастан, Қазақстан U-21 мен U-17 құрамасында аға бапкерінің ассистенті қызметін атқарды. 

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Ферапонтовтың алдағы қызметіне сәттілік тілейді. 
👍3010👎8🔥1😁1
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Бүгін күзгі ойындардың тұсаукесері: Қазақстан WU17 құрамасының ЕУРО іріктеу кезеңіндегі ойынымен бастап, кешке ұлттық құраманың Әзербайжан W құрамасына қарсы алғашқы жолдастық кездесуін тамашалаймыз.

🏟️ Қазақстан WU17 қыздар құрамасы өз ойындарын Талғарда өткізсе, ұлттық құраманың жолдастық ойындары шырайлы Шымкенттің «Қажымұқан» стадионында өтеді

🖥️ Қос ойынды да тікелей эфирде көруге болады

🇰🇿 Казақстан WU17 – Грузия WU17 🇬🇪
🏆 ЕУРО-25/26 іріктеу кезеңі | «B» лигасы | 3-топ
📆 15:00, 24.10.2025
🖥️ KFF YouTube арнасы
🏟 Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

🇰🇿 Казақстан W – Әзербайжан W 🇦🇿
🤝 Жолдастық кездесу
📆 19:00, 24.10.2025
📺 SPORT+ арнасында
🏟 Қажымұқан стадионы, Шымкент

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanAzerbaijan
15👍3