KFF Team
7.81K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Бүгін көк формада ойнаймыз 💙
50🔥7👍5
Бірінші тайм аяқталды. Үзіліс

Ойын қалай?

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #MacedoniaKazakhstan
37👍6🔥5
Алға, жігіттер! 💪🏻
52🔥17
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
43🔥1
ГОООООООООЛ! ДИМАААААШ! ⚽️🇰🇿

Дінмұхамед Қараман ұлттық құрама жейдесіндегі алғашқы голын соғып, Солтүстік Македония құрамасымен сырт алаңдағы ойында есеп ашты! 😍

🇲🇰0:[1]🇰🇿

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #MacedoniaKazakhstan
84🤩8🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДИМАААААШ!

1:0 – біз алдамыз 🔥
🔥6011
Матч аяқталды. Скопьеде 1 ұпай еншіледік 💪🏻

Біздің жігіттер Солтүстік Македониямен сырт алаңда тең түсті. Дінмұхаммед Қараман 54-минутта қайшылап тепкен соққысымен есеп ашса, 74-минутта Энис Барди гол соқты.

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #MacedoniaKazakhstan
🔥7821😢6👏1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

Бүгін жастар құрамамыз Өзбекстан U-21 құрамасына қарсы Ташкенттегі екінші бақылау ойынын өткізеді.

Алға, Қазақстан! 💪🏻

🇺🇿 Өзбекстан U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🤝🏼 Жолдастық матч
🕕 17:00 (AST)
🏟️ «Дустлик» стадионы, Ташкент

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
34👍7🔥2
Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты 🇺🇿🇰🇿

#BizdinJigitter💛💙 | #U21
👎35🤮108😁5
🔥 Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА күнтізбесіне сәйкес 14-19 қазан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Біздің жігіттер ОЖЖ аясында Өзбекстан құрамасының шақыруымен Ташкентте 16 және 18 қазан күні екі жолдастық матч өткізеді.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны бүгін Алматыда басталады. Алдағы жиынға 1️⃣7️⃣ ойыншы шақыртылды

🇺🇿 15 қазан күні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентке аттанады.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
👍229🔥2
Денис Мамонов: Мен Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен кетемін

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов Өзбекстан жастар құрамасынмен өткен екі жолдастық матчты қорытындылады.

– Біз Ташкентте Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткіздік. Мұндай мүмкіндік кезінде екі ойындық форматты таңдадық, себебі біздің жігіттерге халықаралық тәжірибе қажет.

Өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліп қалдық. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңілістің қатты әсер еткенін сезді.

Жігіттер Андоррадағы матчты аяқтап, Өзбекстанға қарсы алғашқы ойында жанкүйерлерді қуантқысы келді. Алайда ойын соңында гол жіберіп, 0:1 есебімен жеңілдік. Екінші ойында қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетуге тырыстық. Жылдам гол соқтық, бірақ ойын барысында құрған сәттерімізді пайдалана алмай, тағы да есе жібердік.

Екінші матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде мен команданың аға жаттықтырушысы қызметінен кететінімді жарияладым.
24👍18
🔜 Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі

🇰🇿 #BizdinQyzdar 15 қазанда Шымкенттегі БИІК спорт базасында оқу-жаттығу жиынын бастады.

🤝🏾 Жиын барысында Әзербайжан W құрамасымен екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 24 және 27 қазан күндері Қажымұқан Мұңатпайсов атындағы стадионда өтеді.

▶️ Бапкерлер штабы: 
Мадияр Кембілов – бас бапкер
Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі
Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы
Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы
Тимур Қасымов – сарапшы бапкер
Мақсат Әмірбай – бейнеоператор
Айдана Рамазанова – дәрігер
Максим Дудукин – массажист
Рахат Наурзалиев – массажист
Наталья Горенко – әкімші
Әділет Досымжанов – кит-менеджер
Серік Жугралин – менеджер

📌 Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:

📅 24.10.2025 | 🕖 19:00
🇰🇿 Қазақстан – Әзербайжан 🇦🇿

📅 27.10.2025 | 🕑 14:00
🇰🇿 Қазақстан – Әзербайжан 🇦🇿

#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙
20👍8
Жолдастық 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте жолдастық кездесу өткізеді. Бұл оқу-жаттығу жиыны аясында жоспарланған екі жолдастық матчтың біріншісі.

Кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир OFF YouTube арнасында болады

🌏 Жолдастық кездесу
🇺🇿 Өзбекстан 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📆 16/10/2025 | 17:00 (АСТ)
📍 «Юнусобод» спорт кешені, Ташкент
🖥️ OFF YouTube арнасы

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
30👏5
Өзбекстанмен алғашқы ойында есе жібердік

Біздің жігіттер ОЖЖ аясында Өзбекстан құрамасымен алғашқы жолдастық ойынын өткізіп, 2:1 есебімен жеңілді.

⚽️ Дерябин

Келесі матч Ташкентте 18 қазан күні өтеді.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
👎3312🤮9👍3😁1
⚡️ Көкшетауда FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған футбол алаңы ашылды

Көкшетауда халықаралық FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған алғашқы футбол алаңының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл ФИФА-ның балалар футболын дамытуға және заманауи спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамасы.

Іс-шараға ФИФА-ның ұлттық қауымдастықтармен жұмыс жөніндегі директоры Эльхан Мамедов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

FIFA Arena бағдарламасы аясында әлемнің әр елінде ФИФА стандарттарына сай 1000 шағын футбол алаңының құрылысы жоспарланған. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Пилоттық жоба шеңберінде Көкшетаудан бөлек, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында да осындай алаң ашылмақ. Жалпы, Қазақстан бойынша мектеп оқушыларына арналған 100 шағын алаң салу жоспарланып отыр.

Жоба ФИФА мен ҚФФ-ның ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Өз кезегінде ФИФА алаңдарға арналған жабдықтар мен жасанды жамылғыны жеткізуді, алаңдарды құрастыруды қамтамасыз етсе, ҚФФ алаң негізін дайындауға, инфрақұрылымды орнатуға және жергілікті жұмыстарды үйлестіруге жауапты.
 
FIFA Arena жобасы – ҚФФ-ның балалар мен жасөспірімдер футболына арналған заманауи, қолжетімді және қауіпсіз инфрақұрылым құруға, бұқаралық спортты дамытуға және өскелең ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыттарының бірі.

Жиын соңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ҚФФ президенті Марат Омаровқа Көкшетауда салынатын жаңа футбол стадионының жобасын таныстырды.

Болашақ арена УЕФА-ның төртінші санатына сай салынбақ. Ол өз кезегінде  халықаралық дәрежедегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

#KFF | #FIFA
25👍3🔥1