KFF Team
7.82K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🎙️ Сұлтан Асқаров: «Бұл жеңілістен сабақ алдық»

Қазақстан U-21 құрамасының капитаны Сұлтан Асқаров 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Андорраға қарсы сырт алаңдағы (0:1) матчты қорытындылады.

«Әрине, көңіл-күйіміз жоқ. Нәтижеге көңіліміз толмайды. Біз жеңіске жетіп, үш ұпай алуымыз керек еді. Капитан ретінде жанкүйерлерімізден осындай нәтиже үшін кешірім сұраймын.

Біз өз ойынымыздың жоспарына сай әрекет етуге тырыстық. Бапкердің тапсырмасын орындадық, бірақ менің ойымша, жігер жағынан ұтылдық. Көбірек құлшыныс, әр доп үшін күрес, эмоция мен мінез жетіспеді.

Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде және қонақ үйде жігіттермен сөйлесіп, ойынға қорытынды жасадық. Бәрі артта қалды. Бұл жеңіліс біреу үстімізге мұздай су құйғандай сезілді. Алдымызда Өзбекстанмен ойындар бар, сол жерде қателіктерімізді түзетіп, жақсырақ ойнап, оң нәтиже көрсетуге тырысамыз. Біз әрқашан ұлттық құрама үшін ойнағанда үлкен жауапкершілікті сезінеміз және жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді».
👎129😁7
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

Бар ойымыз бүгінгі матчта. Жігіттер алаңға тек жеңіс үшін шығады. Алға, қазақ елі! 💪🏻

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
🕕 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
📺 QAZSPORT

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein
42🔥8👍2
🔥 Перекличка!

⌛️ Ойынның басталуына 2,5 сағат уақыт қалды. Qazsport арнасы қосулы болсын.

😉 Әдеттегідей, кім қай жақтан жанкүйер болады? Кеттік👇🏻
34👍5🔥1🤮1
📍🏟️
🔥25👍43
Бүгінгі шығатын құрам

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein
🔥4211
Үзіліс! Біздің жігіттер алда! 🔥

⚽️ 26’ Кенжебек (1:0)
⚽️ 28’ Зайнутдинов (2:0)

Бірінші таймға қандай баға бересіз? 👇🏻

#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein
🔥5614
ГОДИИИ 😍⚽️🔫
62🔥15👍3
ГОООООООЛ! КЕНЖЕБЕЕЕК 😍

🇰🇿 3:0 🇱🇮
71🔥18👍2
ГОООООООООООЛ! ҚАСЫЫЫЫМ 😍

🇰🇿 4:0 🇱🇮
73👍8
ЖЕҢІС! 🔥

«Астана Аренада» Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңдік 😍

🇰🇿 4:0 🇱🇮
⚽️ 26’ Кенжебек (1:0)
⚽️ 28’ Зайнутдинов (2:0)
⚽️ 59’ Кенжебек (3:0)
⚽️ 81’ Қасым (4:0)
🔥9532🎉9👍3
Қайырлы күн, қазақ елі! Кешегі матчтан үзінді 🇰🇿🇱🇮

🔜 Келесі матч – 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы.
🤩4631🔥1