Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Андорра U-21 құрамасынан жеңілді 🇦🇩🇰🇿
#BizdinJigitter💛💙 | #U21 | #AndorraKazakhstan
#BizdinJigitter💛💙 | #U21 | #AndorraKazakhstan
🤮53👎26👍6🤔6❤3🤯3👏2😢1
🎙️ Денис Мамонов: «Стандарт жағдайда ойынға зейінді жоғалтып алдық, сол үшін нәтиже шықпады»
Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы Андорра құрамасына қарсы ойындағы (0:1) жеңіліске пікір білдірді.
Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы Андорра құрамасына қарсы ойындағы (0:1) жеңіліске пікір білдірді.
💭 Бүгінгі ойын нәтижесіне барлық ойыншы мен бапкерлер құрамының көңілі толмады. Бәрі командаға үлкен үміт артқанын жақсы түсінеміз. Біз жанкүйерлерге жеңіс сыйлағымыз келді.
Бірақ, бәрі жоспардағыдай болмады. Стандарт жағдайда ойынға зейінді жоғалтып алдық, сол үшін нәтиже шықпады. Дегенмен, жігіттер бар күшін салды, соңына дейін ойнады.
Біз сылтау іздеп отырған жоқпыз. Ұзақ жол мен уақыт айырмашылығы әсер еткені рас, бірақ ол ойынның тағдырын шешпейді. Ең бастысы, осы матчтан сабақ алу. Мұндай сәттерде тұрақтылық, сенімділік және сабыр сақтау маңызды.
Дереу ойынға толық талдау жасап, негізгі эпизодтарды қарастырамыз және стандарттар мен өтпелі сәттердегі әрекеттерімізді түзетеміз. Алдағы кездесулерде бұл команда өз әлеуетін, мінезін және өсуге деген ұмтылысын көрсетеді деп сенемін.
Жастар құрамасы – қазақстандық футбол жүйесінің ажырамас бөлігі. Біз бар ынтамен жұмыс істеп жатырмыз. Біртіндеп еліміз мақтан тұтатын нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.
👎22❤8👏2
🎙️ Сұлтан Асқаров: «Бұл жеңілістен сабақ алдық»
Қазақстан U-21 құрамасының капитаны Сұлтан Асқаров 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Андорраға қарсы сырт алаңдағы (0:1) матчты қорытындылады.
Қазақстан U-21 құрамасының капитаны Сұлтан Асқаров 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Андорраға қарсы сырт алаңдағы (0:1) матчты қорытындылады.
«Әрине, көңіл-күйіміз жоқ. Нәтижеге көңіліміз толмайды. Біз жеңіске жетіп, үш ұпай алуымыз керек еді. Капитан ретінде жанкүйерлерімізден осындай нәтиже үшін кешірім сұраймын.
Біз өз ойынымыздың жоспарына сай әрекет етуге тырыстық. Бапкердің тапсырмасын орындадық, бірақ менің ойымша, жігер жағынан ұтылдық. Көбірек құлшыныс, әр доп үшін күрес, эмоция мен мінез жетіспеді.
Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде және қонақ үйде жігіттермен сөйлесіп, ойынға қорытынды жасадық. Бәрі артта қалды. Бұл жеңіліс біреу үстімізге мұздай су құйғандай сезілді. Алдымызда Өзбекстанмен ойындар бар, сол жерде қателіктерімізді түзетіп, жақсырақ ойнап, оң нәтиже көрсетуге тырысамыз. Біз әрқашан ұлттық құрама үшін ойнағанда үлкен жауапкершілікті сезінеміз және жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді».
👎12❤9😁7
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️
Бар ойымыз бүгінгі матчта. Жігіттер алаңға тек жеңіс үшін шығады. Алға, қазақ елі! 💪🏻
🇰🇿 Қазақстан 🆚 Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
🕕 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
📺 QAZSPORT
#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein

❤42🔥8👍2
⏳ Үзіліс! Біздің жігіттер алда! 🔥
⚽️ 26’ Кенжебек (1:0)
⚽️ 28’ Зайнутдинов (2:0)
Бірінші таймға қандай баға бересіз? 👇🏻
#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein
⚽️ 26’ Кенжебек (1:0)
⚽️ 28’ Зайнутдинов (2:0)
Бірінші таймға қандай баға бересіз? 👇🏻
#BizdinJigitter💛💙 | #WCQ | #KazakhstanLiechtenstein
🔥56❤14