KFF Team
7.82K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🎫 Қазақстан құрамасының матчына 10 билет ұтысқа саламыз!

Қазақстан - Лихтенштейн матчқа тегін билет алғыңыз келе ме? Онда шарттар төмендегідей:
1. «Спорт на Кинопоиске | Казахстан» және «KFF Team» парақшаларына жазылыңыз
2. Посттың астындағы ҚАТЫСАМЫН батырмасын басыңыз

Жеңімпаздар 10 қазан күні сағат 12:00-де кездейсоқ түрде анықталады. Сәттілік тілейміз! 😉


🎫 Разыгрываем 10 билетов на матч сборной Казахстана по футболу!

Хотите получить билеты на матч Казахстан - Лихтенштейн совершенно бесплатно? Вот условия:

1. Подпишитесь на «Спорт на Кинопоиске | Казахстан» и «KFF Team»
2. Нажмите кнопку УЧАСТВОВАТЬ под постом

Победители розыгрыша будут определены случайным образом 10 октября в 12:00. Желаем удачи! 😉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
26
Дастан Сәтпаев алдағы ойындарға қатыспайды

Ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты.

Бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.

Дастанға тезірек сауығып, алаңға аман-есен оралуын тілейміз! 🙌🏻

#KFF | #BizdinJigitter💛💙
😢5927🤮2👏1🤔1
⚡️ Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы сапына шақырылған ойыншылар тізімі анықталды

⚽️ 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

🏟 Жиын барысында үш бақылау ойыны жоспарланған.

#KFFJastar | #U17 | #BizdinJigitter💛💙
🔥359
Кешкі жаттығудан үзінді ⚡️

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
48👍8👎1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

Бүгін жастар құрамамыз іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын өткізеді. Қарсыласымыз – Андорра құрамасы.

Алға, Қазақстан! 💪🏻

🇦🇩 Андорра U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
🕕 22:30 (AST)
🏟️ «Эстади Насьональ», Андорра-Ла-Велья
📺 QAZSPORT

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U21 | #AndorraKazakhstan
34🔥11👍1
🇰🇿🤝🇺🇿 Қазақстан мен Өзбекстан футбол федерациялары ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Равшан Ирматовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар бауырлас екі елдің футбол ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, тәжірибе алмасу және өңірлік бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ футбол инфрақұрылымын дамыту және «FIFA Central Asian Cup» турнирін өткізу бастамасы сөз болды.

Марат Омаров жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты. Атап айтқанда, елімізде төрт футбол клубы жекешелендірілді, ал FIFA қолдауымен мектептерде FIFA ARENA атауымен футбол алаңдарының құрылысы басталды.

Өз кезегінде Равшан Ирматов Өзбекстан футбол жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, жаңа инфрақұрылымдық жобалар, футбол академиялары мен білім беру жүйесін дамыту, бапкерлер мен медицина мамандарының біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жолдастық кездесулер санын арттыру, мамандар даярлау және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ екі елдің футбол федерациялары арасындағы достық және әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
26🔥4
🎙️ Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов пен капитаны Нұралы Әліп Лихтенштейнмен өтетін матч алдында баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

https://youtu.be/MBvWd21X7X0?si=_EyHjVzGqsFMLC3k
7
𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈 📋

Денис Мамонов шәкірттері ЕУРО іріктеу кезеңі аясындағы сырт алаңдағы Андорра жастарына қарсы ойынды осындай құрамда бастайды.

#U21 | #BizdinJigitter💛💙
25👍5