KFF Team
7.82K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🔥 Астанада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындықты бастады.

‼️ Әзірге команда толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам 6 қазанда бас қосады, сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар ойыншылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5–6 қазан күндері белгілі болады.

🇱🇮🇲🇰 Еске сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

🇰🇿 Казақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz



🇲🇰 С.Македония – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 13.10.2025
⏱️ 23:45 (20:45 GMT+2)
🏟 «Тоше Проески», Скопье

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
48👍3🔥1
🥈 ҚФФ U-16 академиясы – QJ League B турнирінің күміс жүлдегері 😍

Қазақстан футбол федерациясы академиясының U16 жасөспірімдер командасы 2025 жылғы QJ League B чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

📌 Команда маусым барысында:
11 матчта жеңіске жетті,
🤝 2 ойын тең аяқталды,
5 кездесуде жеңіліс тапты.

Ерекше атап өтерлігі – ҚФФ U16 құрамасы бұл турнирде өздерінен екі жас үлкен, яғни U18 жас санатындағы қарсыластарға қарсы ойнаған.

Жас ойыншыларымыз бұл маусымда шеберлік пен табандылық танытып, өз деңгейінен жоғары қарсыластармен лайықты бәсекелесе алатынын дәлелдеді.

#KFFJastar | #QJLeague | #U16
31👍6👎2
Лихтенштейнге дайындық жалғасуда 🔋⚡️

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
44👍3
Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді ☑️

📋 Жиын Шымкентегі «БИІК» спорт кешенінде өтеді.

⚽️ ОЖЖ барысында Қазақстан U19 құрамасында екі бақылау ойыны жоспарланған.

#KFFTeam | #U19 | #BizdinJigitter💛💙
45👍13