KFF Team
7.83K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
⚡️ Қазақстан құрамасының Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға жарияланған жалпы тізімі

▶️ Қақпашылар:

Мұхаммеджан Сейсен («Астана»🇰🇿)
Стас Покатилов («Сабах» 🇦🇿)
Бекхан Шайзада («Ордабасы»🇰🇿)
Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»🇰🇿)

▶️ Қорғаушылар:
Әлібек Қасым («Ақтөбе»🇰🇿)
Ян Вороговский («Астана»🇰🇿)
Сергей Малый («Ордабасы»🇰🇿)
Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»🇰🇿)
Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»🇰🇿)
Нұралы Әліп («Зенит» 🇷🇺)
Әділбек Жұмаханов («Елімай»🇰🇿)
Александр Зуев («Тобыл»🇰🇿)
Наурызбек Жагоров («Тобыл»🇰🇿)
Бағдат Қайыров («Ақтөбе»🇰🇿)
Еркін Тапалов («Қайрат»🇰🇿)
Александр Мрынский («Қайрат»🇰🇿)

▶️ Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»🇰🇿)
Алмас Төлібай («Елімай»🇰🇿)
Ғалымжан Кенжебек («Елімай»🇰🇿)
Муроджон Халматов («Ордабасы»🇰🇿)
Эльхан Астанов («Ордабасы»🇰🇿)
Дамир Қасабулат («Қайрат»🇰🇿)
Георгий Жуков («Ақтөбе»🇰🇿)
Бактиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу 🇷🇺)
Исламбек Қуат («Жеңіс»🇰🇿)
Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»🇰🇿)
Серікжан Мужиков («Оқжетпес»🇰🇿)
Дәурен Жұмат («Оқжетпес»🇰🇿)
Айбол Әбікен («Қайсар»🇰🇿)
Ислам Чесноков («Тобыл»🇰🇿)


▶️ Шабуылшылар:
Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»🇰🇿)
Максим Самородов («Ахмат», 🇷🇺)
Дастан Сатпаев («Қайрат»🇰🇿)
Айбар Жақсылықов («Қайсар»🇰🇿)
Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»🇰🇿)
Иван Свиридов («Елімай»🇰🇿)
Рамазан Кәрімов («Астана»🇰🇿)
Артур Шушеначев («Ақтөбе🇰🇿»)


Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 1 қазанда Астанда басталады.

🔜 Қазан айында ұлттық құрама екі ойын өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025 | 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 Билеттер Ticketon.kz сайтында



🇲🇰 Солтүстік Македония – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 13.10.2025 | 23:45
🏟 «Тоше Проески» ұлттық аренасы, Скопье

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
74🤯23👎7🔥3👍2
🔥 Лихтенштейнге қарсы ойынның билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! 💪🏻

🎟 Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 2000 теңгеден басталады.

‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді.

📲 Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💪🏻

🇰🇿 Казақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz
20👍20🔥8🤮2🤔1
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 24-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 24-тур матчтарындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.

Ұлытау – Атырау

55-минут – Орталық шеңберге жақын жерде алаң иелерінің №6 ойыншысы шынтағымен қатты соққы жасап, қарсыласының басы мен бетіне соққы жасады. Бұл – агрессивті әрекет болды. Төреші өте жақын жерде болғанымен, назарын аяқтағы жанасуға аударып, бұл сәтті өткізіп алды.

VAR дұрыс араласып, эпизодты тексерген соң төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсынды. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыны қызыл қағаз көрсетіп алаңнан шығару.


Елімай – Ордабасы

22-минут – Допқа талас кезінде алаң иелерінің №3 ойыншысы қатты соққы жасады, бірақ кейін қарсыласының аяғына аз күшпен тиіп, абайсыз қимыл жасады. Төреші айып добын тағайындады.

VAR эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды қате ұсынды. Бұл қызыл қағазға лайық фол емес, сондықтан VAR араласпауы тиіс еді. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыға абайсыз қимылы үшін сары қағаз көрсету. Бұл IFAB пен FIFA-ның VAR хаттамасына сәйкес келеді.


Оқжетпес – Астана

4-минут – Алаң иелерінің айып алаңында қорғаушы №5 допты тебуге тырысқанымен, мүлт кетіп, қарсыласы №77-нің өкшесіне соқты. Төреші жақын жерде тұрып, дереу пенальти белгіледі.

VAR-дың дұрыс шешімі – араласпау. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – пенальти тағайындау.

78-минут – Алаң иелерінің айып алаңында қонақтардың шабуылшысы №3 допқа баспен ойнау үшін секірді. Оның артында тұрған қорғаушы №96 де секірді, бірақ қолын әдейі шығарып, қарсыласының желкесінен ұрды. Бұл – анық пенальти, бірақ төреші оны байқамай қалды. VAR-дың дұрыс шешімі – эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсыну. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – анық бейнелерді қарап, пенальти тағайындау және қорғаушыға сары қағаз көрсету.


Ақтөбе – Қызылжар

63-минут – Қаптал сызығына жақын жерде, екінші қосалқы төрешіге жақын, қонақтардың №55 ойыншысы тік аяғымен қауіпті подкат жасап, қарсыласын едәуір күшпен балтырынан тепті. Бұл фол қарсыласының қауіпсіздігіне анық қатер төндірді, өйткені алаң иелерінің №18 ойыншысы бұл аяқпен газонға тіреліп тұрған еді, нәтижесінде аяғы зақымданды.
Төреші жанасудың нақты нүктесін байқамай, тек сары қағаз көрсетті.

VAR-дың дұрыс шешімі – эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсыну. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыны қызыл қағаз көрсетіп алаңнан шығару, себебі бұл – қауіпті ойын ережесін өрескел бұзу.


https://kff.kz/kk/news/27141
18👍3🤮3👎1
🇪🇺 АЛМАТЫДА ҮЛКЕН ФУТБОЛ КЕШІ! 😍

Бүгін Алматының орталық стадионында «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үйдегі алғашқы ойынын өткізеді. Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы «Реал Мадридке» қарсы ойын тек қазақстандық емес, бүкіл әлем жанкүйерлерінің назарында болмақ.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат»! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
58🔥7👍3
Талғат Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.

Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.

ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар.

#KFF
47😁13🔥7👏6🤮6
«Қайрат» ірі есеппен жеңіліс тапқанымен жанкүйерлерге ұмытылмас тарихи кеш сыйлады

Рақмет, жігіттер! 🇰🇿⚽️

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
128😢33👏17🔥13
🔥 Астанада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындықты бастады.

‼️ Әзірге команда толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам 6 қазанда бас қосады, сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар ойыншылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5–6 қазан күндері белгілі болады.

🇱🇮🇲🇰 Еске сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

🇰🇿 Казақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz



🇲🇰 С.Македония – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 13.10.2025
⏱️ 23:45 (20:45 GMT+2)
🏟 «Тоше Проески», Скопье

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
48👍3🔥1
🥈 ҚФФ U-16 академиясы – QJ League B турнирінің күміс жүлдегері 😍

Қазақстан футбол федерациясы академиясының U16 жасөспірімдер командасы 2025 жылғы QJ League B чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

📌 Команда маусым барысында:
11 матчта жеңіске жетті,
🤝 2 ойын тең аяқталды,
5 кездесуде жеңіліс тапты.

Ерекше атап өтерлігі – ҚФФ U16 құрамасы бұл турнирде өздерінен екі жас үлкен, яғни U18 жас санатындағы қарсыластарға қарсы ойнаған.

Жас ойыншыларымыз бұл маусымда шеберлік пен табандылық танытып, өз деңгейінен жоғары қарсыластармен лайықты бәсекелесе алатынын дәлелдеді.

#KFFJastar | #QJLeague | #U16
31👍6👎2
Лихтенштейнге дайындық жалғасуда 🔋⚡️

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
44👍3