KFF Team
7.84K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Өкінішке қарай, Еуропа чемпионатына шыға алмадық…💔

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңінде Италияға пенальтиден есе жіберді.

Бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысымызды білдіреміз. Біз әлі мықты болып ораламыз! 🇰🇿

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanItaly
56😢33👎15
🇰🇿 Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

⚽️ 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі дайындықты бастады.

⚡️ Юлия Мамонова бастаған құрама Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын барысында екі бақылау матчы жоспарланған.

🇬🇪🇧🇦🇱🇻 Қазан айының 23-30 күндері Қазақстан WU-17 құрамасы Алматыда 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін қабылдайды. В лигасының 3 тобында Қазақстан Грузия, Босния және Герцеговина мен Латвия құрамаларымен кездеседі.

#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙
19
🇰🇿🫶🏼🇦🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанмен жолдастық ойындар өткізеді

🏟 Матчтар 24 және 27 қазан күндері Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

👊🏾 Бас бапкер Мадияр Кембілов бастаған ұлттық құрама 15 қазан күні Шымкенттегі БИІК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Матчтар күнтізбесі:

📅 24.10.2025 | 🕖 19:00

📅 27.10.2025 | 🕑 14:00

#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙
18🔥1
⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов қазан айындағы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады

🇦🇩🆚🇰🇿 Жастар құрамасы қазан айында 2027 жылғы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андорра U-21 құрамасымен кездеседі. Матч 9 қазан күні өтеді.

🇺🇿🤝🇰🇿 Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында өтеді.

Қақпашылар:
Мирас Рихард («Ертіс»)
Дулат Талыспаев («Кеге», Дания)
Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»)


Қорғаушылар:
Сұлтан Асқаров («Жетісу»)
Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»)
Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»)
Никита Губарев («Қайсар»)
Бахтияр Төлеуов («Ертіс»)
Рамазан Кәрімов («Жетісу»)
Александр Мрынский («Қайрат»)
Әлихан Серікбай («Каспий»).


Жартылай қорғаушылар:
Давид Есімбеков («Жетісу»)
Олжас Байбек («Қайрат»)
Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»)
Вячеслав Раскатов («Каспий»)
Нұралы Жақсылық («Астана»)
Тамерлан Ағыманов («Ертіс»)
Аян Байдәулетов («Ақтөбе»)
Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»)


Шабуылшылар:
Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»)
Сэйф Попов («Алтай»)
Ян Труфанов («Атырау»)
Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік академиясы»)
Рамазан Бағдат («Қайрат»)


▶️ Қосалқы құрам:
Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»)
Эльхан Саидов («Шахтер»)
Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»)
Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»)
Біржан Тоқтыбай («Оңтүстік академиясы»)
Артем Литош («Шахтер»)


#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
25
🇰🇿🤝🏾🇺🇿 Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамалары Өзбекстанмен жолдастық ойындар өткізеді

📆 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған.

🏟 Ал 3-14 қазан күндері аралығында Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында екі жолдастық матч өтеді.

⚽️ Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастыққа көп жыл болды. Ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әрқашан өзара құрмет пен серіктестікке негізделген.

✊🏾 Соның бір айғағы – ұлттық құрамадан бастап балалар мен әйелдер құрамалары арасындағы жолдастық ойындар. Бұған дейін Шымкентте екі елдің U-16 жасөспірімдер құрамасы кездессе, Ташкентте WU-19 қыздар құрамалары өзара екі ойын өткізді.

#KFF
24
⚡️ Қазақстан құрамасының Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға жарияланған жалпы тізімі

▶️ Қақпашылар:

Мұхаммеджан Сейсен («Астана»🇰🇿)
Стас Покатилов («Сабах» 🇦🇿)
Бекхан Шайзада («Ордабасы»🇰🇿)
Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»🇰🇿)

▶️ Қорғаушылар:
Әлібек Қасым («Ақтөбе»🇰🇿)
Ян Вороговский («Астана»🇰🇿)
Сергей Малый («Ордабасы»🇰🇿)
Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»🇰🇿)
Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»🇰🇿)
Нұралы Әліп («Зенит» 🇷🇺)
Әділбек Жұмаханов («Елімай»🇰🇿)
Александр Зуев («Тобыл»🇰🇿)
Наурызбек Жагоров («Тобыл»🇰🇿)
Бағдат Қайыров («Ақтөбе»🇰🇿)
Еркін Тапалов («Қайрат»🇰🇿)
Александр Мрынский («Қайрат»🇰🇿)

▶️ Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»🇰🇿)
Алмас Төлібай («Елімай»🇰🇿)
Ғалымжан Кенжебек («Елімай»🇰🇿)
Муроджон Халматов («Ордабасы»🇰🇿)
Эльхан Астанов («Ордабасы»🇰🇿)
Дамир Қасабулат («Қайрат»🇰🇿)
Георгий Жуков («Ақтөбе»🇰🇿)
Бактиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу 🇷🇺)
Исламбек Қуат («Жеңіс»🇰🇿)
Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»🇰🇿)
Серікжан Мужиков («Оқжетпес»🇰🇿)
Дәурен Жұмат («Оқжетпес»🇰🇿)
Айбол Әбікен («Қайсар»🇰🇿)
Ислам Чесноков («Тобыл»🇰🇿)


▶️ Шабуылшылар:
Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»🇰🇿)
Максим Самородов («Ахмат», 🇷🇺)
Дастан Сатпаев («Қайрат»🇰🇿)
Айбар Жақсылықов («Қайсар»🇰🇿)
Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»🇰🇿)
Иван Свиридов («Елімай»🇰🇿)
Рамазан Кәрімов («Астана»🇰🇿)
Артур Шушеначев («Ақтөбе🇰🇿»)


Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 1 қазанда Астанда басталады.

🔜 Қазан айында ұлттық құрама екі ойын өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025 | 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 Билеттер Ticketon.kz сайтында



🇲🇰 Солтүстік Македония – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 13.10.2025 | 23:45
🏟 «Тоше Проески» ұлттық аренасы, Скопье

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
74🤯23👎7🔥3👍2
🔥 Лихтенштейнге қарсы ойынның билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! 💪🏻

🎟 Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 2000 теңгеден басталады.

‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді.

📲 Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💪🏻

🇰🇿 Казақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz
20👍20🔥8🤮2🤔1
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 24-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 24-тур матчтарындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.

Ұлытау – Атырау

55-минут – Орталық шеңберге жақын жерде алаң иелерінің №6 ойыншысы шынтағымен қатты соққы жасап, қарсыласының басы мен бетіне соққы жасады. Бұл – агрессивті әрекет болды. Төреші өте жақын жерде болғанымен, назарын аяқтағы жанасуға аударып, бұл сәтті өткізіп алды.

VAR дұрыс араласып, эпизодты тексерген соң төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсынды. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыны қызыл қағаз көрсетіп алаңнан шығару.


Елімай – Ордабасы

22-минут – Допқа талас кезінде алаң иелерінің №3 ойыншысы қатты соққы жасады, бірақ кейін қарсыласының аяғына аз күшпен тиіп, абайсыз қимыл жасады. Төреші айып добын тағайындады.

VAR эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды қате ұсынды. Бұл қызыл қағазға лайық фол емес, сондықтан VAR араласпауы тиіс еді. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыға абайсыз қимылы үшін сары қағаз көрсету. Бұл IFAB пен FIFA-ның VAR хаттамасына сәйкес келеді.


Оқжетпес – Астана

4-минут – Алаң иелерінің айып алаңында қорғаушы №5 допты тебуге тырысқанымен, мүлт кетіп, қарсыласы №77-нің өкшесіне соқты. Төреші жақын жерде тұрып, дереу пенальти белгіледі.

VAR-дың дұрыс шешімі – араласпау. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – пенальти тағайындау.

78-минут – Алаң иелерінің айып алаңында қонақтардың шабуылшысы №3 допқа баспен ойнау үшін секірді. Оның артында тұрған қорғаушы №96 де секірді, бірақ қолын әдейі шығарып, қарсыласының желкесінен ұрды. Бұл – анық пенальти, бірақ төреші оны байқамай қалды. VAR-дың дұрыс шешімі – эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсыну. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – анық бейнелерді қарап, пенальти тағайындау және қорғаушыға сары қағаз көрсету.


Ақтөбе – Қызылжар

63-минут – Қаптал сызығына жақын жерде, екінші қосалқы төрешіге жақын, қонақтардың №55 ойыншысы тік аяғымен қауіпті подкат жасап, қарсыласын едәуір күшпен балтырынан тепті. Бұл фол қарсыласының қауіпсіздігіне анық қатер төндірді, өйткені алаң иелерінің №18 ойыншысы бұл аяқпен газонға тіреліп тұрған еді, нәтижесінде аяғы зақымданды.
Төреші жанасудың нақты нүктесін байқамай, тек сары қағаз көрсетті.

VAR-дың дұрыс шешімі – эпизодты тексергеннен кейін төрешіге алаң жаны монитордан қарауды ұсыну. Төрешінің дұрыс соңғы шешімі – ойыншыны қызыл қағаз көрсетіп алаңнан шығару, себебі бұл – қауіпті ойын ережесін өрескел бұзу.


https://kff.kz/kk/news/27141
18👍3🤮3👎1
🇪🇺 АЛМАТЫДА ҮЛКЕН ФУТБОЛ КЕШІ! 😍

Бүгін Алматының орталық стадионында «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үйдегі алғашқы ойынын өткізеді. Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы «Реал Мадридке» қарсы ойын тек қазақстандық емес, бүкіл әлем жанкүйерлерінің назарында болмақ.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат»! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
58🔥7👍3
Талғат Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.

Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.

ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар, ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар.

#KFF
47😁13🔥7👏6🤮6
«Қайрат» ірі есеппен жеңіліс тапқанымен жанкүйерлерге ұмытылмас тарихи кеш сыйлады

Рақмет, жігіттер! 🇰🇿⚽️

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
128😢33👏17🔥13
🔥 Астанада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алдағы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындықты бастады.

‼️ Әзірге команда толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам 6 қазанда бас қосады, сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар ойыншылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5–6 қазан күндері белгілі болады.

🇱🇮🇲🇰 Еске сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

🇰🇿 Казақстан – Лихтенштейн 🇱🇮
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 10.10.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz



🇲🇰 С.Македония – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 13.10.2025
⏱️ 23:45 (20:45 GMT+2)
🏟 «Тоше Проески», Скопье

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
48👍3🔥1