⚡️ ҚФФ академиясы ФИФА таланттар академиясы мәртебесін алды
Бүгін Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясы академиясына FIFA Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті.
Қазақстан футбол федерациясы FIFA таланттар академиясы мәртебесіне ие болған әлемдегі тоғызыншы қауымдастық, ал УЕФА-дан екінші ұйым атанды. Жоба ҚФФ мен ФИФА-ның жас футболшыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Салтанатты шараға ФИФА-ның ғаламдық даму директоры Стивен Мартенс, ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Қазақстандағы ФИФА таланттар жаттықтырушысы Виталий Астафев, FIFA High Performance жобасының басшысы Ульф Шотт, ФИФА аңызы, Франция құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы Кристиана Карамбе, отандық футбол ардагерлері мен академия тәрбиеленушілері қатысты.
ФИФА президенті Джанни Инфантино бейнеүндеу жолдап, жас ойыншыларға арналған жобаның маңызын атап өтті.
Іс-шараның ресми өкілдері сөз сөйлегеннен кейін ФИФА өкілдері ҚФФ басшылығына FIFA Talent Academy мәртебесі берілгенін айшықтайтын арнайы белгіні табыстады.
#KFF

❤22👍4🎉3
🇪🇺 ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫ ҮШІН ТАРИХИ КЕШ! 😍
Бүгін Португалияның «Жозе Алваладе» стадионында «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі дебюттік ойынын өткізеді. «Спортингқа» қарсы матчпен алматылық ұжым қазақ футболы тарихындағы УЕФА Чемпиондар лигасында ойнаған екінші команда атанады.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат»! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

❤52🔥7👍4
🔥 Перекличка!
⌛️ Ойынның басталуына 2️⃣ сағат уақыт қалды. Qazsport арнасы қосулы болсын.
😉 Әдеттегідей, кім қай жақтан жанкүйер болады? Кеттік👇🏻
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #ItalyKazakhstan

❤36🔥7
Бәрі үйде – Астанада шешіледі ⚔️
23 қыркүйек күні барлығыңызды Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан – Италия ойынында күтеміз. Қолдауларыңыз ауадай қажет, қазақ елі!
🇮🇹 Италия 2:1 Қазақстан 🇰🇿
[1]:0 Пульвиренти 15’
[2]:0 Де Оливейра 29’
2:[1] Есенаманов 32’

❤37👍11
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 18 және 20-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 18 және 20-турының кейінгі шегерілген матчтарындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.
Тобыл – Астана
Ұлытау – Ақтөбе
https://kff.kz/ru/news/27107

37-минут – Орталық шеңбер маңында алаң иелерінің 18-нөмірлі ойыншысы мен қонақтардың 8-нөмірлі ойыншысы доп үшін таласты. Алаң иесі 18 қарсыласын итеріп жіберді, содан кейін төреші ойынға фол белгіледі. Осы ысқырықтан кейін алаң иесі 18 қарсыласын жерге құлаған кезде, ойын тоқтап қалған сәтте, ашық табанымен қатты басып, қолынан тепті. Дұрыс шешім қабылдап, жақын тұрған төреші дереу ойыншыны дөрекі қылық үшін қызыл қағазбен жазалады.
VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады.
Төрешінің соңғы шешімі – қызыл қағаз көрсету – дұрыс.
45+2-минут – Қонақтар шабуыл ұйымдастырған кезде, доп айып алаңына асырылды. Осы сәтте қонақтардың 77-нөмірлі ойыншысы офсайдта болған жоқ. Айып алаңының ішінде алаң иесінің 4-нөмірлі қорғаушысы мен қонақтардың 9-нөмірлі шабуылшысы баспен ойнауға секірді, бірақ екеуі де допқа жете алмады. Доп алаң иесінің арқасына тиіп, 77-нөмірлі ойыншыға жетіп, ол шабуылды жалғастырып, гол соқты. Төреші офсайд бұзылысы болмағандықтан ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады.
VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады.
Төрешінің соңғы шешімі – ойынды жалғастырып, голды жарамды деп санау – дұрыс.
75-минут – Алаң иесінің айып алаңы ішінде, 16-нөмірлі қорғаушы мен қонақтардың 10-нөмірлі шабуылшысы доп үшін таласты. Екеуі де аяқтарын созып, қалыпты жанасу орын алды, ереже бұзылған жоқ. Алайда төреші алыс тұрғандықтан қателесіп, пенальти белгіледі.
VAR оқиғаны тексерген соң, төрешіні On Field Review жасауға шақырды.
Төрешінің соңғы шешімі – бастапқы шешімін өзгертіп, пенальтиді жоққа шығару – дұрыс.
Ұлытау – Ақтөбе
51-минут – Алаң иесінің айып алаңы ішінде, 3-нөмірлі қорғаушы мен қонақтардың 11-нөмірлі шабуылшысы доп үшін таласты. Қақпа сызығына жақын сәтте екеуі де аяқтарын көтеріп ойнамақ болды. Қорғаушы бірінші болып допты теуіп үлгерді, содан кейін екі ойыншы арасында қалыпты жанасу болды, фол тіркелмеді. Төреші алыс тұрғанымен, ойынды жалғастыруды дұрыс шешті.
VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады.
Төрешінің соңғы шешімі – ойынды жалғастыру – дұрыс.
https://kff.kz/ru/news/27107
kff.kz
Разъяснения отдельных игровых ситуаций перенесенных матчей 18 и 20-го туров Премьер-лиги по футболу
Директор департамента судейства и инспектирования КФФ Нуну Алешандре Паррейра де Каштру опубликовал разъяснения по отдельным игровым эпизодам перенесенных матчей 18 и 20-го туров Премьер-лиги, согласно Правил игры.
❤17
Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.
Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.
Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.
➖
Глава государства принял Президента ФИФА
Состоялась встреча Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Президентом Международной федерации футбола (ФИФА) Джанни Инфантино.
Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность федерации за содействие в реализации программы FIFA Arena, целью которой является поддержка детского футбола и создание современной спортивной инфраструктуры.
Глава государства высказал уверенность в том, что в сотрудничестве с ФИФА Казахстан сможет стать образцом динамичного развития футбола в регионе.
В свою очередь Джанни Инфантино поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за внимание к футболу и подтвердил готовность федерации содействовать в реализации совместных проектов, направленных на повышение уровня национального футбола.
#KFF
📸 Ақ Орда

❤33🔥3👍1
🏆 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥
Бүгін ЕУРО-2026 финалдық турниріне жолдаманың тағдыры шешіледі. Кешке Астананың төрінде жеңіс үшін барымызды саламыз. Алға, Қазақ елі! 💪
🇰🇿Қазақстан – Италия 🇮🇹
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі | Плей-офф
📆 23.09.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 QAZSPORT
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanItaly

❤39🔥7
🔥 Перекличка!
⌛️ Ойынның басталуына 2️⃣ сағат уақыт қалды. Qazsport арнасы қосулы болсын.
😉 Әдеттегідей, кім қай жақтан жанкүйер болады? Кеттік👇🏻
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanItaly
⌛️ Ойынның басталуына 2️⃣ сағат уақыт қалды. Qazsport арнасы қосулы болсын.
😉 Әдеттегідей, кім қай жақтан жанкүйер болады? Кеттік👇🏻
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanItaly
❤20🔥5
Өкінішке қарай, Еуропа чемпионатына шыға алмадық…💔
Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңінде Италияға пенальтиден есе жіберді.
Бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысымызды білдіреміз. Біз әлі мықты болып ораламыз! 🇰🇿

❤56😢33👎15