KFF Team
7.85K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Euro Beach Soccer League финалдық кезеңіне қатысады

8-15 қыркүйек күндері Италияның Виареджо қаласында өтетін Euro Beach Soccer League Promotion Final Viareggio 2025 турнирінде жағажай футболынан ұлттық құрама өнер көрсетеді.

📅 Матчтар кестесі:
🔹 10 қыркүйек – Қазақстан 🆚 Мальта
🔹 12 қыркүйек – Қазақстан 🆚 Румыния
🔜 13–15 қыркүйек – плей-офф кезеңі

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы:
Дастамиден Дагиев («Арман»)
Дмитрий Бровко («Барқы»)
Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»)
Михаил Кайзер («Арман»)
Айдын Мәліков («Малайсары»)
Игорь Демешко («Арман», капитан)
Артур Деринг («B&A»)
Тимур Ершин («Арман»)
Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»)
Саят Әшімов («Малайсары»)
Алан Мыңбаев («Арман»)
Владислав Шевчук («Арман»)


#KFF #KFFBeachSoccer
24👏6
🔥 Эдсон ұлттық құрамаға қайта оралды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф ойындарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен таласады. Алғашқы кездесу 18 қыркүйек күні сырт алаңда – Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйек күні Италия құрамасын Астанада қабылдаймыз.

🇮🇹 Италия – Қазақстан 🇰🇿
📆 18.09.2025
🕕 23:00 (Астана уақыты)
📍 PalaSport спорт кешені, Фазано

🇰🇿 Қазақстан – Италия 🇮🇹
📅 23.09.2025
🕗 19:30 (Астана уақыты)
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана қаласы

🎟 Билеттер туралы ақпарат ойындарға жақын уақытта хабарланады

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
👍3920🔥3
Slovenia Nations Cup турнирін аяқтадық 🏆

2️⃣ жеңіс, 1️⃣ жеңіліс 🟰 6️⃣ ұпай

#KFFJastar | #BizdinJigitter💛💙 | #U19 | #SloveniaNationsCup
🤯62😢1911🔥5
🇰🇿 ЖЕҢІС!

Euro Beach Soccer League-2025 промо-финалының алғашқы матчында Мальтаны 7:4 есебімен жеңдік! 🔥

⚽️ Гол соққандар: Ершин, Деринг, Мыңбаев, Демешко (дубль), Кайзер (дубль).

🇰🇿🇷🇴 Келесі ойын 12 қыркүйек күні Румынияға қарсы матч өткізеді.

#KFF
63👍19🔥4🎉3
Астанада футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуро-2027 өтеді

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды.

Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.

Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.

Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы — Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.
40👍10🔥3
𝙈𝘼𝙏𝘾𝙃𝘿𝘼𝙔 🔥

🏝️ Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League промо-финалынцң кезекті ойынын өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Румыния 🇷🇴
🕞 12:00
🏟️ Виареджо, Италия
📺 BSWW TV

#BeachSoccer #KFF
25👍8🔥3
ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтті

2025 жылғы 12 қыркүйек күні Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) мен Бірінші лиганың регламенттеріне өзгеріс енгізу, футзал бойынша регламенттерді бекіту және ұлдар мен қыздар арасындағы жасөспірімдер турнирлерін өткізу құқығын беру мәселелері қаралды.

Оған сәйкес, Атқару комитеті мынадай шешімдер қабылдады:

– 2025 жылғы маусымдағы Қазақстан Премьер-лигасы регламентіне өзгерістер енгізілді:
«Чемпионат қорытынды кестесінде 14-орынды иеленген клубтар ҚПЛ-нан шығып, 2026 жылғы маусымда Бірінші лига ойындарына қатысады».

«2025 жылғы маусымдағы Бірінші лигада 1, 2 және 3-орын алған клубтар 2026 жылғы маусымда ҚПЛ-ға қатысу құқығын иеленеді. Алайда бұл оған қатысушы клубтардың құрылымына кіретін және олардың жастар құрамалары саналатын командаларға берілмейді.
Егер 2025 жылғы Бірінші лигада 1-, 2- немесе 3-орынды ҚПЛ құрылымына кіретін немесе оның жастар командасы иеленсе, онда ҚПЛ-ға қатысу құқығы турнирлік кестеде кейінгі орын алған және ҚФФ-ның тиісті лицензиясын алған клубқа беріледі».



– 2025 жылғы маусымдағы Бірінші лига регламентіне өзгерістер енгізілді.
«2025 жылғы маусымдағы Бірінші лигада 1-, 2- және 3-орын алған клубтар 2026 жылғы маусымда ҚПЛ-на қатысу құқығын иеленеді. Бірақ мұндай құқық ҚПЛ құрылымына кіретін және олардың жастар командалары саналатын ұжымдарға берілмейді».

«Егер 2025 жылғы маусымдағы Бірінші лигада 1-, 2- немесе 3-орынды ҚПЛ құрылымындағы немесе жастар командасы иеленсе, онда ҚПЛ-ға қатысу құқығы кейінгі орынды иеленген басқа клубқа беріледі».



– Футзал бойынша регламенттер бекітілді:
1. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-13 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
2. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-15 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
3. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты;
4. 2025–2026 жылдардағы маусымға арналған U-19 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты.



– 2025 жылы университеттер арасында Қазақстан қыздар футзал лигасын өткізу ережесі бекітілді.

– «Қазақстан жасөспірімдер футбол лигасы – Freedom» корпоративтік қорына 2026–2028 жылдардағы спорт маусымында жасөспірімдер арасындағы ұлдар командаларының (U15, U16, U17, U18) және қыздар командаларының (U17) чемпионаттарын өткізу құқығы берілді.
25🔥6
🔥 Қазақстан – Италия матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

🇰🇿🇮🇹 23 қыркүйек күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен таласады. Матч Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.

🎟 Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1500 теңгеден басталады.

Шешуші ойында бізге жанкүйер болыңыздар! Сіздердің қолдауларыңыз бізге ауадай қажет! 💪🏻

🇮🇹🇰🇿 Алғашқы ойын, естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өтеді.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
👍1713🔥3
𝙈𝘼𝙏𝘾𝙃𝘿𝘼𝙔 🔥

🏝️ Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League промо-финалының кезекті ойынын өткізеді.

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Литва 🇱🇹
🕞 13:15
🏟️ Виареджо, Италия
📺 BSWW TV

#BeachSoccer #KFF
26👍5
Қазақстанда халықаралық төрешілерді алмастыру бағдарламасы басталды

Алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында халықаралық төрешілерді алмастыру бағдарламасы іске қосылды. Қырғыз футбол одағының және Қазақстан футбол федерациясының төрешілік комитеттері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр.

Келісім аясында Қазақстан чемпионаты матчтарына шетелдік төрешілер тағайындалады. Ал отандық мамандар шетелдегі ойындарда төрелік етуге мүмкіндік алады. Бұл төрешілерге тәжірибе алмасуға, өзге төрелік мектептерінің ерекшеліктерімне танысып, халықаралық деңгей талаптарына бейімделуге жол ашады.

Бағдарлама осы демалыс күндері іс жүзінде жүзеге асады. «Астана» – «Елімай» ойынына Португалия төрешісі тағайындалса, турдың басты ойыны «Қайрат» – «Ақтөбе» матчына Қырғызстан төрешісі қазылық етеді.

Аталған бастама отандық төрелік қауымдастықты дамытуға бағытталған. Қазақстан төрешілері чемпионат ойындарынан бөлек, өзге елдерге шығып, халықаралық деңгейдегі кездесулерде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тәжірибе кәсіби шеберлікті жетілдіруге, ойындарды басқару дағдыларын арттыруға және қазақстандық төрешілерге деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Осылайша, төрешілерді алмастыру тәжірибесі төрешілер корпусын дамытуға, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге және ұлттық чемпионаттағы төрешіліктің сапасын арттыруға маңызды қадам болмақ.

https://kff.kz/ru/news/27078

#KFF
20👍4🔥1
𝙈𝘼𝙏𝘾𝙃𝘿𝘼𝙔 🔥

🏝️ Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League промо-финалында 3-орын үшін бақ сынайды.

🇦🇿 Әзербайжан 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🕞 12:00
🏟️ Виареджо, Италия
📺 BSWW TV

#BeachSoccer #KFF
25👍7
Үшінші орын үшін матчта жеңіліс таптық

🏝 Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League промо-финалын 4-орынмен аяқтадық.

#BeachSoccer #KFF
😢6215👏4😁3
🏆 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

Бүгін ЕУРО-2026 финалдық турниріне жолдама үшін таласты бастаймыз. Алғашқы ойын Италияның Фазано қаласында өтеді. Алға, Қазақ елі! 💪

🇮🇹 Италия – Қазақстан 🇰🇿
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі | Плей-офф
📆 18.09.2025 | 23:00 (20:00 Фазано)
📍 PalaSport спорт кешені, Фазано
📺 QAZSPORT

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #ItalyKazakhstan
41👍4🔥1
⚡️ ҚФФ академиясы ФИФА таланттар академиясы мәртебесін алды

Бүгін Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясы академиясына FIFA Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті.

Қазақстан футбол федерациясы FIFA таланттар академиясы мәртебесіне ие болған әлемдегі тоғызыншы қауымдастық, ал УЕФА-дан екінші ұйым атанды. Жоба ҚФФ мен ФИФА-ның жас футболшыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Салтанатты шараға ФИФА-ның ғаламдық даму директоры Стивен Мартенс, ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Қазақстандағы ФИФА таланттар жаттықтырушысы Виталий Астафев, FIFA High Performance жобасының басшысы Ульф Шотт, ФИФА аңызы, Франция құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы Кристиана Карамбе, отандық футбол ардагерлері мен академия тәрбиеленушілері қатысты.

ФИФА президенті Джанни Инфантино бейнеүндеу жолдап, жас ойыншыларға арналған жобаның маңызын атап өтті.

Іс-шараның ресми өкілдері сөз сөйлегеннен кейін ФИФА өкілдері ҚФФ басшылығына FIFA Talent Academy мәртебесі берілгенін айшықтайтын арнайы белгіні табыстады.

#KFF
22👍4🎉3