KFF Team
7.83K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
«Ақтөбе» әйелдер Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Ромаға» есе жіберді

⚽️ Италиялық команда сапынан Пандини мен Галли гол соқты.

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙
22😢9👎2
⚡️ Қазақстан U-19 құрамасы Словениядағы халықаралық жарысқа қатысады

🇰🇿 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтетін «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирінде бақ сынайды.

Жарыста Қазақстан, Әзербайжан 🇦🇿, Исландия 🇮🇸, БАӘ 🇦🇪, Польша 🇵🇱, Фарер аралдары 🇫🇴, Шотландия 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 және Словения 🇸🇮 құрамалары өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы БАӘ, Шотландия және Исландия ұжымдарымен кездеседі.

🏟 Матчтар Словенияның Рогла және Предвор қалаларында өтеді.

Slovenia Nations Cup-2025
🇰🇿 Қазақстан U-19 – БАӘ U-19 🇦🇪
📆 03.09.2025

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия U-19 – Қазақстан U-19 🇰🇿
📆 06.09.2025

🇮🇸 Исландия U-19 – Қазақстан U-19 🇰🇿
📆 09.09.2025

#KFFTeam | #U19 | #BizdinJigitter💛💙
41🔥12
🎙Артем Ерохнович: «Қазақстанда жағажай футболына көңіл бөліне бастады»

🏖 Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Euro Beach Soccer League 2025 турнирінің В дивизионында үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетіп, тамаша нәтиже көрсетті. ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың бас бапкері Артем Ерохнович өткен жарыс туралы, болашақ жаспары мен жағажай футболының дамуы жайлы айтып берді.


🇮🇹 Италияның Кастелламмаре-ди-Стабия қаласында өткен жарыста Қазақстан құрамасы өз тобында Румыния (3:2), Норвегия (6:4) мен Мальта (5:4) командаларын жеңді. Үш ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, элиталы дивизионға жолдама беретін промо-финалға шықты.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқу үшін ҚФФ сайтына өтіңіз 🔗
22👍3🔥1
🎙️ БАҚ өкілдерінің назарына

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2027 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Англияның жастар құрамалары арасындағы ойынға аккредитация алу үшін өтінім қабылдауды бастады.

📲 Толығырақ осы сілтемеде:
https://kff.kz/kk/news/27030
17
⚡️ «Қайраттың» қарсыластары кім болады?

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылады.
«Қайрат» рейтинг бойынша төртінші себетте орналасқан.

Әр командада сегіз қарсылас болады, әл себеттен екі командадан түседі. Сегіз ойынның төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда өтеді.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Ойындардың нақты күндері 30 тамыздан кешіктірілмей белгілі болады.

📺 Жеребе тартыду рәсімі сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан, Кинопоиск тікелей эфирінен және УЕФА- ресми сайтынан көруге болады.

📸 УЕФА
48👍2
🔥 «Қайрат» «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» командаларымен кездеседі

Монакода УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды.

Алматылық «Қайраттың» қарсыластары келесідей:

🏠 «Реал» Мадрид
✈️ «Интер» Милан
✈️ «Арсенал»
🏠 «Брюгге»
✈️ «Спортинг»
🏠 «Олимпиакос»
🏠 «Пафос»
✈️ «Копенгаген»

📅 Матчтар 16 қыркүйек пен 28 қаңтар аралығында өтеді. Нақты күнтізбе алдағы уақытта белгілі болады.

#KFF | #UCL
84🔥22👍6🤩5🎉1
⚡️ Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы сапына шақырылған ойыншылар тізімі анықталды

⚽️ 5 және 8 қыркүйек күндері 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Тәжікстан U17 командасымен екі жолдастық матч өткізеді.

🏟 Екі ойын да Шымкент қаласында өтеді. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда БИІК футбол базасында басталады.

🇹🇯 Тәжікстан U-17 құрамасы 2018 жылы Азия Кубогының күміс жүлдесін жеңіп алған. Биыл Сауд Арабиясында өткен құрлықтық жарыстың ширек финалына шығып, Катарда өтетін 17 жасқа дейінгі Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды.

#KFFJastar | #U17 | #BizdinJigitter💛💙
40
Астанада жиын басталды 😍

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындығын бастады.

⌛️ Команда әлі толық емес. Алдағы уақытта біртіндеп жігіттер қатарымызға қосылады.

⚡️ Айта кетейік, қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльсті қабылдап, сырт алаңда Бельгиямен кездесеміз.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында



🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
47🔥13🤩4👍2