KFF Team
7.85K subscribers
4.94K photos
220 videos
780 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
⚡️ Бүгін Қазақстан – Уэльс матчының билеттері сатылымға шығады

🇰🇿🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ұлттық құрамамыз Уэльсті қабылдайды.

🎟️ Билеттер сағат 17:30-да Ticketon.kz сайтында сатылымға шығады. Бағасы 1500 теңгеден басталады.

Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды! 🙌🏻
34🔥4👍2
🔥 Уэльске қарсы матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! 💪🏻

🎟 Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 1500 теңгеден басталады.

‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді.

📲 Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💪🏻

🇰🇿 Казақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz
33🔥6👍3
Бүгін Астанада плей-оффқа жолдама үшін талас! 🔥

Кешке елордалық команда «Астана Аренада» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Лозаннаға» қарсы жауапты матчын өткізеді.

Кездесу 19:00-де басталады. Камбэкке сенеміз, жігіттер!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
23👎10👍5🔥3
«Астана» еурокубоктағы жарыс жолын аяқтады

«Астана» өз алаңында УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойынын өткізіп, «Лозаннадан» 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

Қос кездесудің нәтижесі бойынша (5:1) швейцариялық ұжым «Астанадан» басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
😢387🤮7👍4😁1
Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесі

Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды.

Қазақстан футбол федерациясы мұндай әрекет спорт құндылықтарына және футбол қағидаттарына мүлдем сай келмейтінін мәлім етеді.

Футбол – құрметке, әділ бәсекеге және Fair Play қағидаттарына негізделген ойын. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер көрсеткен кез келген агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері спорттық этиканы, адами құндылықтарды өрескел бұзу деп саналады.

Төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды. Осыған байланысты отырыс келесі аптада өтеді.

Барлық кінәлі адамды футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң жаза қолданылады.

ҚФФ мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді. Әркім алаңда, оның сыртында регламентті, тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды сақтауы тиіс.

Қазақстандағы футбол өрескел әрекеттерден тұрмауы керек. Біз соны табанды түрде қамтамасыз етеміз.

https://kff.kz/ru/news/26997
17👍7😱3
⚡️ Арсен Әшірбек, Дамир Қасабулат – кеңейтілген тізімде

🇰🇿 Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін матчтарға ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Нақты тізім бірнеше күннен кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.

🔜 Қыркүйекте ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында



🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
44🔥4
🏆 Отандық футбол үшін маңызды күн! ⚔️

Бүгін ел чемпиондары «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеуінің плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» ойнайды.

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
47🔥5👏4🤩1
Төрт өңірдің үздіктері анықталды 🏆

Қазақстан әуесқой лигасы ойындарының республикалық кезеңіне жолдама алған командалар:

🔹 Маңғыстау облысы – «Мұнайтелеком»
🔸 Қостанай облысы – «Арлан»
🔹 Павлодар облысы – RB Arman
🔸 Батыс Қазақстан облысы – Jelaev NAN

#KFF
🔥164
🎙 ҚФФ Техникалық директоры Геннадий Скуртул Sport Pulse арнасының қонағы болды. Сұхбат барысында Геннадий Васильевич Федерацияда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, еліміздегі бапкерлер корпусының дамуы, сондай-ақ ұлттық құраманың алдағы уақытта үлкен додаларға шығу мүмкіндіктері жайлы ой бөлісті.

Толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көріңіздер:

https://youtu.be/zxJx9aPh-Mg
10👎8🤮1
Барлығы бір аптадан кейін Алматыда шешіледі! 🔥

«Қайрат» сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынында шотландиялық «Селтикпен» тең тарқасты.

Қарымта матч 26 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Сол ойынның жеңімпазы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді.

Тарихты жаңадан жазатын күнді асыға күтеміз, жігіттер! 💪🏻

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
72🔥11👍1
🎙️ БАҚ өкілдерінің назарына

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

📲 Толығырақ осы сілтемеде:

https://kff.kz/kk/news/27015
🔥10👏32
Қазақстан футболшылары «Атлетико Мадридке» қарсы тамаша матч өткізді

Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында дәстүрлі All Star Freedom QJ League матчы өтті. Жасөспірімдер лигасының үздік ойыншыларынан құралған құрама Еуропаның беделді клубтарының бірі мадридтік «Атлетико» академиясының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында «Атлетико» ойыншылары сәл ғана басым түсті.


Матчтан кейін ҚФФ президенті Марат Омаров футболшылардың жанкештілігі мен стадиондағы ерекше мерекелік атмосфераны атап өтті.

«Жігіттер өз шеберлігін көрсетіп, жанкүйерлерге әдемі ойын сыйлады. Жас футболшылар еш жасқанбай, соңына дейін күресіп, қазақ футболының болашағы бар екенін көрсетті. Мұндай ойындар жанкүйерлерге эмоция ғана емес, сонымен қатар жас спортшыларға мінез қалыптастырып, жігер береді әрі жаңа белестерге жол ашады.

Жігіттерге жанкештілігі мен әдемі ойыны үшін алғыс айтамын. Алда оларды әлі талай жарқын жеңістер күтеді деп сенемін», – деді Марат Омаров.

#KFF
29👍3🔥3
⚡️ Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға шақырылған нақты құрамы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

♻️ Айта кетейік, Александр Заруцкийдің жарақатына байланысты оның орнына ұлттық құрамаға Темірлан Анарбеков шақырту алды.

▶️ Қақпашылар:
Сейсен («Астана»🇰🇿)
Анарбеков («Қайрат»🇰🇿)
Шайзада («Ордабасы»🇰🇿)


▶️ Қорғаушылар:
Қасым («Ақтөбе»🇰🇿)
Вороговский («Астана»🇰🇿)
Әліп («Зенит»🇷🇺)
Жагоров («Тобыл»🇰🇿)
Тапалов («Қайрат»🇰🇿)
Малый («Ордабасы»🇰🇿)
Жаксыбаев («Ордабасы»🇰🇿)
С.Астанов («Ордабасы»🇰🇿)


▶️ Жартылай қорғаушылар:
Чесноков («Тобыл»🇰🇿)
Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу🇷🇺)
Оразов («Елімай»🇰🇿)
Төлібай («Елімай»🇰🇿)
Кенжебек («Елімай»🇰🇿)
Жұмат («Оқжетпес»🇰🇿)
Мужиков («Оқжетпес»🇰🇿)
Қараман («Жеңіс»🇰🇿)
Қайыров («Ақтөбе»🇰🇿)
Қасабулат («Қайрат»🇰🇿)


▶️ Шабуылшылар:
Өміртаев («Ақтөбе»🇰🇿)
Самородов («Ахмат»🇷🇺)
Сәтпаев («Қайрат»🇰🇿)
Свиридов («Елімай»🇰🇿)


Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

🔜 Қыркүйекте ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында



🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
90👎18👍7🔥6🤔6
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 22-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 22-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.

Жеңіс – Астана
77-минут – Қожайындар айып алаңына сол қанаттан доп көтерілді. Қақпа сызығына жақын тұста екі ойыншы допқа таласты. Қорғаушы №87 допты ойнамақ болып, аяғын тым жоғары көтеріп жіберді де, қарсыласын аяғынан теуіп қалды. Төреші жақын жерде, жақсы бұрышта тұрғандықтан, айқын пенальтиді дұрыс белгіледі.

Дұрыс шешім – VAR тексергеннен кейін араласудың болмауы.

Төрешінің түпкілікті дұрыс шешімі – 11 метрлік соққыны тағайындау.


Тобыл – Тұран
90+2-минут – Қонақтар айып алаңында шабуылшы №38 бен қорғаушы №5 допқа таласты. Шабуылшы бірінші болып допқа жеткелі тұрған сәтте, қорғаушы сол қолын созып, қарсыласын заңсыз бөгеді. Шабуылшы озып кеткенде, қорғаушы оң қолымен де оның мойнын/денесін ұстап, қозғалыс пен жылдамдық әсерінен ойыншы құлап қалды. Төреші ойыншылардың тура артында тұрды және бірден дұрыс шешім қабылдап, пенальти белгіледі.

Дұрыс шешім – VAR тексергеннен кейін араласудың болмауы.

Төрешінің түпкілікті дұрыс шешімі – 11 метрлік соққыны тағайындау.


Ақтөбе – Жетісу
16-минут – Допқа талас кезінде қонақтар ойыншысы №77 қарсыласын №88 арқасынан айқын итеріп жіберді. Қозғалыс қарқынының әсерінен №88 құлап, тіпті домалап түсті. Сол сәттегі құлау кезінде ол байқамай, әдейі емес, қарсыласын аяғымен кеудеден соғып қалды.

Дұрыс шешім – VAR тексергеннен кейін араласудың болмауы.

Төрешінің түпкілікті дұрыс шешімі – тәртіптік шара қолданылмауы.


Ұлытау – Ордабасы
90+2-минут – Айып алаңында бірнеше ойыншы допқа таласты. Қорғаушы №3 секірген кезде сол қолын көтеріп, допты қолымен ойнады. Қол денеге жақын болмады, иықтан биік әрі табиғи емес жағдайда тұрды. Айқын пенальти. Эпизодтың жылдамдығынан төреші бұзушылықты байқамады.

Дұрыс шешім – VAR араласуы, эпизодты қарап шығуға төрешіге ұсыныс беру.

Төрешінің түпкілікті дұрыс шешімі – бастапқы шешімді өзгертіп, 11 метрлік соққыны тағайындау.


https://kff.kz/ru/news/27022
13🤮2👎1