Ойын аяқталды ✅
Өкінішке қарай «Ақтөбе» сырт алаңда «Спартадан» 4:0 есебімен жеңіліс тауып, еурокубоктағы жорығын аяқтады
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

🤯35👍11😢8👎5❤4🤔3🔥1
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 19-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 19-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.
Оқжетпес – Елімай
Қызылжар – Тобыл
https://kff.kz/ru/news/26960

10-минут – Қонақ команданың шабуылы кезінде шабуылшы №19 айып алаңына кіріп, қорғаушы №17-мен допқа таласады. Қорғаушы шабуылшының жейдесінен сәл ғана тартқанымен, бұл шабуылшыны құлатуға жеткіліксіз. Оның үстіне, қорғаушы тартуды тоқтатқаннан кейін де шабуылшы №19 тағы бір қадам жасап барып, әдейі құлады. Төреші ойынды жалғастыруды бұйырды.
Эпизод VAR жүйесінде тексерілгеннен кейін, араласудың қажеті жоқ деп танылды.
Төрешінің шешімі – дұрыс.
63-минут – Қонақ команданың шабуылшысы №19 айып алаңында қақпаға тура соққы жасайды. Оның алдында тұрған алаң иелерінің қорғаушысы №15 допқа тосқауыл қою мақсатында секіріп, денесін үлкейтеді, әрекеті қақпашының қозғалысына ұқсас. Келесі сәтте доп қорғаушының денесінен алшақ орналасқан сол қолына тиеді. Төреші эпизодқа жақын тұрған және жақсы көріп тұрған күйде, бірден пенальти белгіледі.
VAR жүйесі тексеріс жүргізгеннен кейін араласуды қажет деп таппады.
Төрешінің шешімі – дұрыс.
Қызылжар – Тобыл
19-минут – Стандартты жағдайдан кейін қонақтардың шабуылшысы №4 баспен қақпаға соққы жасап, доп қақпа сызығынан өтеді. Осы сәттен кейін, шабуылшы №7 (баспен соққы жасалған сәтте офсайдта тұрған) допқа тиеді. Бірақ бұл допқа тию қақпа сызығынан өткеннен кейін болғандықтан, төреші голды дұрыс санады.
VAR тексерістен кейін араласқан жоқ – бұл дұрыс шешім.
Төрешінің шешімі – дұрыс.
85-минут – Ұзын пас жіберілгеннен кейін қонақ команданың қорғаушысы №15 допқа баспен ойнауға секіреді. Арт жағынан алаң иелерінің шабуылшысы №15 жылдам қарқынмен жүгіріп келіп, жоғары секіріп, денесімен қарсыласының арқасына қатты соғылып, оны құлатады. Бұл – айқын дөрекі әрекет. Осыдан кейін ойыншы төрешіге қимылмен және сөзбен наразылық білдіреді. Төреші оған сары қағаз көрсетеді. Бұл ойыншының екінші ескертуі болғандықтан, ол алаңнан қуылады.
Алаңнан кетіп бара жатып, ойыншы төрешіге қарай ирониямен қол шапалақтап, тәртіпсіздік әрекетін жалғастырды.
Бұл эпизод IFAB протоколына сәйкес VAR араласатын жағдайға жатпайды, өйткені мәселе екінші сары қағазға қатысты.
Төрешінің шешімі – дұрыс.
https://kff.kz/ru/news/26960
kff.kz
Разъяснения отдельных игровых ситуаций 19-го тура Премьер-лиги по футболу
Директор департамента судейства и инспектирования КФФ Нуну Алешандре Паррейра де Каштру опубликовал разъяснения по отдельным игровым эпизодам 19-го тура Премьер-лиги, согласно Правил игры.
❤14🔥1
🏆 Бүгін Алматыда үлкен футбол тойы 😍
Ел чемпиондары «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Орталық стадионда словакиялық «Слованды» қабылдайды.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Ел чемпиондары «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Орталық стадионда словакиялық «Слованды» қабылдайды.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥32❤14👍5
Құралбек Ордабаев 76 жасқа келді
Бүгін Қазақстан қақпашылар мектебінің жарқын өкілі, қазақ футболының аңыз тұлғасы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 76 жасқа толып отыр.
Құралбек Ордабаев 1949 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1968 жылы жергілікті «Металлург» командасында кәсіби мансабын бастаған. Ол кезде бұл клуб КСРО чемпионатының «А» класының екінші тобында бақ сынайтын. 18 жасында-ақ негізгі құрамға ілінген жас қақпашы алғашқы маусымында 18 матч өткізіп, ойын саны бойынша тәжірибелі Евгений Швырковтан кейінгі көрсеткішке қол жеткізді. Ал келесі жылы командасының негізгі қақпашысы атанды.
1971 жылы алматылық «Қайрат» сапында алғаш рет Минскінің «Динамосына» қарсы алаңға шықты. Араға бір ай салып, Киевтің «Динамосымен» өткен ойында Жоғарғы лигадағы алғашқы «құрғақ» матчын өткізді. Жалпы, Құралбек Ордабаев «Қайрат» құрамында 52 ойынды қақпасына гол жібермей аяқтап, клуб тарихындағы рекорд орнатты.
Осы маусымда «Смена» журналы оны чемпионаттың үздік дебютанттарының қатарына қосып, Ордабаев КСРО жастар құрамасына шақырту алды. ГДР-дің «Форвертс» клубына қарсы халықаралық матчта алаңға шығып, халықаралық аренада да өзін көрсетті. Сондай-ақ 1971 жылы «Қайрат» Халықаралық теміржолшылар одағының Кубогын жеңіп алып, финалда Румынияның «Рапид» командасын 1:0 есебімен ұтты. Бұл ойында да Ордабаев қақпасын аман сақтап қалды.
Ордабаев пенальти соққыларын кері қайтара білетін шеберлігімен ел есінде қалды. Алғаш рет пенальтиді 1972 жылы КСРО кубогындағы «Локомотив» (Мәскеу) командасына қарсы матчта қайтарды. 1973 жылы чемпионатта тең есептен кейін пенальти сериясы енгізілді. Бұл Ордабаев нағыз жұлдызды шағына айналды. «Қайрат» 11 серияның 10-ында жеңіске жетті. Ордабаев бұл көрсеткіш бойынша Пильгуй, Гогия, Прохоров сияқты әйгілі қақпашыларды артта қалдырды.
Оның сенімді ойыны үздік қарсыластарға қарсы матчтарда да ерекше байқалды. Мысалы, 1973 жылдың қазанында Киевтің «Динамосына» қарсы ойында Олег Блохинге гол соғуға мүмкіндік бермеді. Сол жылы маусымды Луганскінің «Заря» командасымен тең есепте (1:1) аяқтады.
1981 жылы Құралбек Ордабаев «Неделя» газетінің халықаралық турнирінде финалда пенальти қайтарып, «Қайраттың» жеңісіне үлкен үлес қосты.
Футболшы мансабын аяқтаған соң, «Қайрат» командасының жетекшісі, кейін Қазақстан футбол қауымдастығының басшылық құрамында қызмет атқарды. 1996-2000 жылдар аралығында аталған ұйымды басқарды.
Құралбек Ордабаев – отандық футболда сенімділік пен кәсібиліктің символына айналған тұлға. Оның ел футболының дамуына қосқан үлесі әлі күнге дейін құнды әрі маңызды болып келеді.
Құралбек Досжанұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығы мен жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!

❤25👍9
ЖЕҢІС! 😍
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында словакиялық «Слованды» 1:0 есебімен жеңді.
⚽️ Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев 90-минутта пенальтиден соқты.
Қарымта матч 12 тамыз күні Братиславада өтеді. Сәттілік, жігіттер! 💪🏻

❤87🔥18👍5🎉3👏1
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻
Бүгін «Астана» сырт алаңда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.
⏰ Кездесу 23:15-те Швейцарияда «Лозанна» ұжымына қарсы өтеді.
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Бүгін «Астана» сырт алаңда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.
⏰ Кездесу 23:15-те Швейцарияда «Лозанна» ұжымына қарсы өтеді.
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥34❤9
⚡️ Барлығы қарымта матчта шешіледі
«Астана» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.
Швейцарияда өткен матчта елордалықтар «Лозаннадан» 3:1 есебімен жеңіліс тапты.
Бұл ойында ұлттық құраманың жігіттері Мұхаммеджан Сейсен, Ян Вороговский, Абзал Бейсебеков және Рамазан Кәрімов алаңға шықты.
Қарымта матч 14 тамыз күні «Астана Аренада» өтеді. Сенеміз, жігіттер! 💪🏻

👍25❤8😢8🤮6
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 20-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 20-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.
Атырау – Тұран
Оқжетпес – Жетісу
https://kff.kz/ru/news/26979

56-минут – Орталық сызыққа жақын маңда қонақтар командасының №7 ойыншысы мен алаң иелерінің №2 ойыншысы доп үшін таласты. Қонақтар командасының №7 ойыншысы баспен ойнау үшін секірді, сол уақытта алаң иелерінің №2 ойыншысы да секірді. Олардың арасында қалыпты ойындық байланыс болды, бұл сәтте қонақтар командасының ойыншысы допқа бірінші болып тиіп, оны алға бағыттады. Қонақтар ойыншысы шабуыл фазасында (APP) ереже бұзбағандықтан, төреші ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады.
VAR эпизодты тексергеннен кейін араласпау туралы шешімі – дұрыс.
Төрешінің соңғы шешімі – дұрыс.
84-минут – Орталық сызық пен қаптал сызықтың қиылысар тұсында алаң иелерінің қорғаушысы қонақтар командасының шабуылшысымен доп үшін күресті. Бұл жерде де ойыншылар арасында ереже бұзбайтын қалыпты физикалық байланыс болды, төреші 56-минуттағы эпизодтағыдай бірдей критерийді қолданып, ойынды жалғастырды. Осы шабуылдың жалғасында доп қонақтар командасының айып алаңына асырылды, онда алаң иелерінің №6 ойыншысы баспен алға қарай әріптесіне – №17 шабуылшыға бағыттады. Ол қарсыласпен бір сызықта тұрды және дәл жанында болды. Бас төрешінің ассистенті шабуылшының артында қорғаушы тұрғандықтан және мұндай шектес жағдайларда ту сырттан офсайд белгісін көтермеу жөніндегі нұсқаулар бар болғандықтан, ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады. Сондай-ақ, офсайдты анықтауда қол есепке алынбайтынын еске саламыз.
VAR эпизодтарды тексергеннен кейін араласпау туралы шешімі – дұрыс, себебі айқын және өрескел қателікті дәлелдейтін бейнематериал болған жоқ.
Төрешінің соңғы шешімі – дұрыс.
Оқжетпес – Жетісу
6-минут – Доп үшін таласта қонақтар командасының қақпашысы №31 және алаң иелерінің шабуылшысы №5 секірді. Кадр толық анық болмаса да, қақпашының допты қолмен ойнағаны (тіпті доп шабуылшының басынан да кері қайтқан болса) өте жоғары ықтималдықпен анық, содан кейін олардың арасында сөзсіз, қалыпты және жазаланбайтын байланыс болды.
VAR эпизодты тексергеннен кейін араласпау туралы шешімі – дұрыс.
Төрешінің соңғы шешімі – дұрыс.
45-минут – Өте жылдам қарсы шабуыл кезінде алаң иелерінің №11 ойыншысы доппен тік жүгіріп, алдында тек қақпашы қалған сәтте, қонақтар командасының №4 ойыншысы, енді ғана допты жоғалтқаннан кейін, оны анық ұстап, айқын гол соғу мүмкіндігінен айырды. Төреші қонақтар командасының №4 ойыншысына қызыл қағаз көрсету туралы дұрыс шешім қабылдады.
VAR эпизодты тексергеннен кейін араласпау туралы шешімі – дұрыс.
Төрешінің соңғы шешімі – дұрыс.
https://kff.kz/ru/news/26979
kff.kz
Разъяснения отдельных игровых ситуаций 20-го тура Премьер-лиги по футболу
Директор департамента судейства и инспектирования КФФ Нуну Алешандре Паррейра де Каштру опубликовал разъяснения по отдельным игровым эпизодам 20-го тура Премьер-лиги, согласно Правил игры.
❤11🔥2🤔2
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың «Қайсар» – «Ордабасы» және «Елімай» – «Ақтөбе» жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 20-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.
Қайсар – Ордабасы
Елімай – Ақтөбе
https://kff.kz/ru/news/26986

37-минут – Қонақтар командасының айып алаңында екі ойыншы допқа таласты. №27 шабуылшы секіріп, баспен ойнады. Дәл сол сәтте №25 қорғаушы да секіріп, допқа ұмтылды. Екі ойыншы да әуеде болғанда, өзара қозғалыстың салдарынан бастары соқтығысты. Бұл – кездейсоқ соқтығысу, қорғаушы тарапынан ереже бұзу болған жоқ.
Төреші жақын жерде, жақсы орында тұрғандықтан, ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады. VAR эпизодты қарап, дұрыс шешім қабылдаған төрешінің әрекетіне негізсіз араласты – ереже бұзу болмаған.
VAR төрешіге алаңдағы монитормен қарауды (OFR) ұсынды.
Эпизодты қарағаннан кейін төреші қате шешім қабылдап, пенальти тағайындап, қонақтар командасының №25 ойыншысына сары қағаз көрсетті.
45+7-минут – Алаң иелері командасының айып алаңына доп асырылғанда, екі ойыншы допқа таласты. Қонақтар командасының №7 шабуылшысы баспен ойнау үшін артқа қозғалды, ал қақпашы допты қолға алуға дайындалды. Екеуінің арасында екіжақты қозғалысқа байланысты жеңіл ғана жанасу болды, бірақ ереже бұзу болған жоқ.
VAR эпизодты қарап, араласпауы – дұрыс шешім.
Төрешінің қорытынды шешімі де дұрыс болды.
Елімай – Ақтөбе
25-минут – Алаң иелері командасының айып алаңында қонақтар командасының №10 шабуылшысы доппен жүгіріп келе жатқанда, №5 қорғаушы арт жағынан жатып тебу арқылы қарсыласының аяғына тиді. Соның салдарынан шабуылшы құлады. Төреші жақын жерден көріп, бірден пенальти белгіледі.
VAR араласпауы – дұрыс шешім.
Төрешінің қорытынды шешімі – дұрыс.
50-минут – Алаң иелері сол қапталдан жылдам шабуыл ұйымдастырып, №19 шабуылшы допты бақылауда ұстап айып алаңына кірді. Қонақтар командасының арт жағынан жүгірген №2 қорғаушы қарсыласының аяғына тиіп, оның құлауына себеп болды. Төреші жақын тұрғанымен, ереже бұзуды байқамай, ойынды жалғастыруға қате шешім қабылдады.
VAR эпизодты қарап, төрешіні алаңдағы монитормен қарауға шақырды – бұл дұрыс шешім болды.
Төрешінің қорытынды шешімі – дұрыс.
61-минут – Алаң иелері командасының айып алаңы сызығы маңында №5 қорғаушы мен №10 шабуылшы бір мезетте секіріп, допқа таласты. Әуедегі тартыс барысында әдеттегі физикалық байланыс болды, содан кейін алда тұрған шабуылшы құлады.
Қорғаушы тарапынан ереже бұзу болмады. Төреші ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдады.
VAR араласпауы – дұрыс шешім.
Төрешінің қорытынды шешімі – дұрыс.
https://kff.kz/ru/news/26986
kff.kz
Разъяснения отдельных игровых ситуаций воскресных матчей 20-го тура Премьер-лиги по футболу
Директор департамента судейства и инспектирования КФФ Нуну Алешандре Паррейра де Каштру опубликовал разъяснения по отдельным игровым эпизодам 20-го тура Премьер-лиги, согласно Правил игры.
👍9❤4👎1
🏆 Бүгін бүкіл ел болып «Қайратты» қолдаймыз 🇰🇿
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Братиславада «Слованға» қарсы қарымта ойын өткізеді. Бұл кездесу іріктеу кезеңінің соңғы – плей-офф кезеңіне жолдама тағдырын шешеді. Естеріңізге салайық, бір апта бұрын Алматыда өткен матчта Дастан Сәтпаевтың голының арқасында «Қайрат» ойынның соңында жеңісті (1:0) жұлып алған болатын.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Братиславада «Слованға» қарсы қарымта ойын өткізеді. Бұл кездесу іріктеу кезеңінің соңғы – плей-офф кезеңіне жолдама тағдырын шешеді. Естеріңізге салайық, бір апта бұрын Алматыда өткен матчта Дастан Сәтпаевтың голының арқасында «Қайрат» ойынның соңында жеңісті (1:0) жұлып алған болатын.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥26❤7👍3
🏖 Жағажай футболынан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары өтіп жатыр
📍 Павлодар қаласы, Орталық жағжай
📅 11-13 тамыз
⚽️ 2-тур – 12 тамыз, сейсенбі
🕙 10:00 – Барқы 🆚 Малайсары
🕚 11:00 – Арман 🆚 TK B&A
🕔 17:00 – Барыс 🆚 TK B&A
🕕 18:00 – Барқы 🆚 Арман
🕖 19:00 – Омега 🆚 Малайсары
🎥 Барлық матчтар KFF YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі
#KFF

❤17
ТАРИИИИИХ! 😍
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Алматылықтар Братиславада «Слованнан» пенальти сериясында басым түсіп, іріктеудің кезеңіне шықты.
⚔️ Плей-оффта «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» кездеседі.
Жарайсыңдар, жігіттер! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Алматылықтар Братиславада «Слованнан» пенальти сериясында басым түсіп, іріктеудің кезеңіне шықты.
⚔️ Плей-оффта «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» кездеседі.
Жарайсыңдар, жігіттер! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
❤122🔥18👍7🎉3
⚡️ Бүгін Қазақстан – Уэльс матчының билеттері сатылымға шығады
🇰🇿🏴 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ұлттық құрамамыз Уэльсті қабылдайды.
🎟️ Билеттер сағат 17:30-да Ticketon.kz сайтында сатылымға шығады. Бағасы 1500 теңгеден басталады.
Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін аса маңызды! 🙌🏻

❤34🔥4👍2
🔥 Уэльске қарсы матчының билеттері онлайн сатылымға шықты! КЕТТІК!!! 💪🏻
🎟 Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады! Бағасы 1500 теңгеден басталады.
‼️ Айта кетейік, алыпсатудың алдын алу үшін сатып алынған билет ойын күні көрсеткен поштаңызға келеді.
📲 Билеттер ТЕК ОНЛАЙН сатылады. Билетті алып-сатарлардан сатып алмауларыңызды сұраймыз.
Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 💪🏻
🇰🇿 Казақстан – Уэльс 🏴
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025
⏱️ 19:00
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟 ticketon.kz

❤33🔥6👍3
Бүгін Астанада плей-оффқа жолдама үшін талас! 🔥
Кешке елордалық команда «Астана Аренада» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Лозаннаға» қарсы жауапты матчын өткізеді.
⏳ Кездесу 19:00-де басталады. Камбэкке сенеміз, жігіттер!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Кешке елордалық команда «Астана Аренада» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Лозаннаға» қарсы жауапты матчын өткізеді.
⏳ Кездесу 19:00-де басталады. Камбэкке сенеміз, жігіттер!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
❤23👎10👍5🔥3
«Астана» еурокубоктағы жарыс жолын аяқтады
«Астана» өз алаңында УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойынын өткізіп, «Лозаннадан» 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
Қос кездесудің нәтижесі бойынша (5:1) швейцариялық ұжым «Астанадан» басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
«Астана» өз алаңында УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойынын өткізіп, «Лозаннадан» 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
Қос кездесудің нәтижесі бойынша (5:1) швейцариялық ұжым «Астанадан» басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
😢38❤7🤮7👍4😁1
Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесі
Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды.
Қазақстан футбол федерациясы мұндай әрекет спорт құндылықтарына және футбол қағидаттарына мүлдем сай келмейтінін мәлім етеді.
Футбол – құрметке, әділ бәсекеге және Fair Play қағидаттарына негізделген ойын. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер көрсеткен кез келген агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері спорттық этиканы, адами құндылықтарды өрескел бұзу деп саналады.
Төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды. Осыған байланысты отырыс келесі аптада өтеді.
Барлық кінәлі адамды футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң жаза қолданылады.
ҚФФ мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді. Әркім алаңда, оның сыртында регламентті, тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды сақтауы тиіс.
Қазақстандағы футбол өрескел әрекеттерден тұрмауы керек. Біз соны табанды түрде қамтамасыз етеміз.
https://kff.kz/ru/news/26997

Официальное заявление Казахстанской федерации футбола
В матче чемпионата Республики Казахстан среди команд футбольных центров и академий (2011 г.р.), в городе Шымкент между командами «Туран» и «Экибастуз», произошёл недопустимый инцидент – массовая драка.
❤17👍7😱3
⚡️ Арсен Әшірбек, Дамир Қасабулат – кеңейтілген тізімде
🇰🇿 Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін матчтарға ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
✅ Нақты тізім бірнеше күннен кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.
🔜 Қыркүйекте ұлттық құрама екі ойын өткізетінін естеріңізге салайық.
🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
🎟️ Билеттер Ticketon.kz сайтында
➖
🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙

❤44🔥4