KFF Team
7.04K subscribers
5.4K photos
262 videos
855 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛𝗗𝗔𝗬 ✌🏽

🇰🇿Бүгін Қазақстан WU19 және WU17 құрамалары жолдастық ойындарын өткізеді.

📺 Екі кездесу де YouTube-та тікелей эфирден көрсетіледі.

🤝🏾 Жолдастық матч. Екінші ойын
📆 30.05.2025 | 🕖 18:00
🇰🇬 Қырғызстан WU17 – Қазақстан WU17 🇰🇿
📍ҰФА, Бішкек

🤝🏾 Жолдастық матч. Бірінші ойын
📆 30.05.2025 | 🕖 19:00
🇺🇿 Өзбекстан WU19 – Қазақстан WU19 🇰🇿
📍ӨФҚ базасы, Ташкент

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #WU19 | #WU17
🔥132
𝗕𝗔𝗦𝗧𝗔𝗣𝗤𝗬 𝗤𝗨𝗥𝗔𝗠 🔝

Лихтенштейн құрамасына қарсы ойында алаңға шығатын негізгі құрам 🤝🏾

Әйелдер құрамасының Алматыдағы кезекті ойыны 17:00-де басталады. Матч тікелей эфирде QazSport телеарнасында!

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanLiechtenstein
🔥132👍2
🔥 МАҢЫЗДЫ ЖЕҢІС!

💪🏻 Ұлттық құрама Лихтенштейн құрамасы 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты.

🇰🇿🇱🇺 Алда шешуші ойын – Люксембургке қарсы кездесу 3 маусымда Алматының Орталық стадионвнда өтеді.

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanLiechtenstein
40👍11
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жігіттер ақырындап жиналып жатыр 😍

☀️ Бүгін жиынның 1-күні. Команда әлі толық емес, 1-2 күнде бәріміз жиналамыз.

P.S. Зайнутдинов жарақатына байланысты екі ойынға да қатыспайды. Бақтиер 4 маусымға дейін командамен бірге болады және жеке жаттығу жасайды.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥269👍6👎1
⚡️Дастан Сәтпаев Андорраға қарсы ойында жастар құрамасына көмектеседі

Бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаев Беларусьпен өтетін жолдастық матчқа қатыспайды.

Футболшы алдымен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысып, одан кейін Қазақстан U-21 құрамасына қосылып, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады.

Содан кейін Дастан қайтадан ұлттық құраманың сапына оралып, Солтүстік Македонияға қарсы кездесуге дайындықты жалғастырады.

🔜 Андорраға қарсы матч 5 маусым күні сағат 19:30-да «Астана Аренада» өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда.

🇰🇿 Казақстан U21 – Андорра U21 🇦🇩
🏆 Еуро-2027 іріктеу кезеңі
📆 05.06.2025
19:30
🏟 «Астана Арена», Астана
🎟️ Ticketon.kz

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U21
37👍13
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 11-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 11-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялайды.

Жеңіс – Ордабасы

26-минут – Қонақ команданың шабуыл фазасының басында қонақтар құрамындағы 15-нөмірлі ойыншы мен үй иелері құрамындағы 7-нөмірлі ойыншы арасында өте жеңіл әрі қалыпты жанасу болды. Төреші дұрыс шешім қабылдап, ойынды жалғастырды, себебі ереже бұзу болмады. Шабуыл соңында қонақ команда гол соқты.

Гол соғылғаннан кейін VAR төрешіге алаңдағы бейнешолуға (OFR) баруды кеңес етіп, дұрыс емес араласу жасады.
Төрешінің соңғы шешімі дұрыс болмады – голды есептемей, шабуыл фазасының басындағы жанасу үшін үй иелері командасына айып добын берді. Бұл қарапайым, қалыпты жанасу болатын.

61-минут – Қонақ команда шабуылдаған кезде, айып алаңына жақын жерде 11-нөмірлі ойыншы допты жылдам жүргізіп келе жатқанда орталыққа қарай өтуге тырысты, осы сәтте қорғаушы 6-нөмірмен түйісіп, құлап қалды.

Төреші қате шешім қабылдап, қорғаушыға тікелей айып добын беріп, екінші сары қағазды көрсетті.

Ойыншылардың аяқтары немесе табандары арасында көрінетіндей жанасу болмады. Болуы мүмкін деген қол/қолтық жанасу өте жеңіл болған және бұл үшін ереже бұзу мен сары қағаз беруге негіз жоқ.

VAR бұл жағдайда араласа алмайды, себебі бұл VAR хаттамасына сәйкес келмейді.

81-минут – Қонақ команда шабуыл жасаған сәтте, доп айып алаңының ортасына қарай асырылды. Қонақ команда шабуылшысы баспен допты теуіп, содан кейін оның әріптесі 11-нөмірлі ойыншы қақпашының қолынан допты теуіп, гол соқты.

Баннерлік төреші ту көтермей күтті, бірақ кейін дұрыс шешім қабылдап, ойыннан тыс жағдайды белгіледі.

Шабуылшы баспен допты ұрған сәтте, 11-нөмірлі ойыншы ойыннан тыс қалыпта болды және ол қақпашымен күреске түскен кезде бұл ойыннан тыс жағдай жазаланатын жағдайға айналды.

VAR бұл эпизодты тексеріп, қосалқы төрешінің шешімін растады – дұрыс шешім.



Ақтөбе – Қайрат

56-минут – Қонақ команда ойыншысы 9-нөмірлі ойыншы доппен бірге үй иелерінің айып алаңына қарай жылдам жүгіріп келе жатқанда, үй иелері тарапынан 5-нөмірлі ойыншы жанынан келіп, допқа әділ күрес жүргізбей, шалып құлатты. Бұл болашағы бар шабуылды тоқтату болды.

Төреші тек ауызша ескерту берумен шектелді.

Дұрыс шешім – 5-нөмірлі ойыншыға сары қағаз беру керек еді. Бұл оның екінші сары қағазы болғандықтан, ол алаңнан қуылуы керек еді.

VAR бұл жағдайға араласа алмайды, себебі бұл хаттамаға сәйкес келмейді.

67-минут – Допқа талас кезінде қонақ команда ойыншысы 55-нөмірлі ойыншы қарсыласын қолымен тоқтатуға тырысып, қолын көтеріп қарсыласының бетіне соқты. Төреші бұл эпизодты байқамай, ойын жалғаса берді. Осы шабуыл фазасында қонақ команда гол соқты.

VAR шабуыл фазасын тексеріп, төрешіге бейнешолу (OFR) жасауға дұрыс кеңес берді.

Төреші бейнешолудан кейін дұрыс шешім қабылдады – голды есептемей, 55-нөмірлі ойыншыға қарсыластың бетіне қолмен ұрғаны үшін сары қағаз көрсетті. Бұл оның екінші сары қағазы болғандықтан, ойыншы алаңнан қуылды.
🤮2510👎2
Ақырындап жиналып жатырмыз 😍

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍15🔥62
Өкінішке қарай Әлібек Қасым алдағы ойындарға қатыспайды

🤕 «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында қорғаушымыз жарақат алып қалып, ойынды жалғастыра алмады. Осы себеппен Әлібек оқу-жаттығу жиынына келмейді.

Оның орнына кім келетіні туралы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
😢38👎11😁43👍3🎉3🤮3🤔1
🔥𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀🔥

⚔️ Бүгін УЕФА Ұлттар лигасындағы ақтық ойынды өткіземіз. Алматының орталық стадионында 22:00-де Люксембург W құрамасына қарсы ойнаймыз

🇰🇿 Казақстан W – Люксембург W 🇱🇺
🏆 УЕФА Ұлттар лигасы
📆 03.06.2025
22:00
🏟 Орталық стадион, Алматы
📺 QazSport
🎟️ Ticketon.kz

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanLuxembourg
🔥209👍6
🥲

Жеңіліс… Өкінішке қарай, өз алаңымызда Люксембургке есе жібердік.

⚽️ Гол соққан: Карина Жұмабайқызы

#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #KazakhstanLuxembourg
👍34👎11🤮9😢41
Нуну Каштру: «Қазақстан футболындағы төрелік реформаны қажет етеді»

Төрелік және инспек­ция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді. Әңгіме барысында португалиялық маман төрешілердің кәсіби даярлығы, VAR жүйесінің артықшылығы мен олқылығы, сондай-ақ УЕФА талаптарына сай реформа жасау бағытында қолға алынған нақты қадамдар туралы айтып берді.

– Нуну мырза, жаңа қызметке келгеніңізге екі айдың жүзі болды. Еліміздегі төре­ліктің қазіргі жағдайы туралы ойыңыз қандай?

– Қазақстанға келгенімізге екі айдай болғанына қарамастан, премьер-лиганың барлық матчын, сондай-ақ кубок пен суперкубокты қарап шықтық. Жасыратыны жоқ, футболдағы төрелік ре­форманы қажет етеді. Әрине, көп­ші­лік­тің назары премьер-лигаға бағыт­талған, себебі негізгі қателік сол жер­­де көзге түседі. Бірақ бұл жоғары лигаға ғана қатысты емес, бірінші және екінші лига да, әйелдер чемпионаты да дамудың жаңа деңгейіне шығуы қажет. Тө­реліктің қазіргі жағдайы – бірнеше жыл бойы жиналған проблеманың салдары.

– Аталған мәселенің негізгі себеп­тері неде?


– Бір ғана себеп деуге келмейді. Өзектісі – төрешілердің кәсіби әрі жүйелі түрде білімін жетілдірмеуі. Мысалы, ешбір команда тұрақты жаттығу жасамаса нә­тижеге жетпейді. Ал төрешілер жылына бір-екі рет жиналып, қалған уақытта өздігімен әрекет етеді. Егер біз ойыншылар мен бапкерлерден кәсі­билікті талап етсек, төрешілерге де соған сай қолдау мен мүмкіндік берілуі керек.

Мені кей төрешілердің VAR сертификатын алғанына бірнеше жыл өтсе де, біліктілігін жетілдірмегені таңғалдырды. Одан бөлек, ішкі чемпионатта физикалық футбол басым. Матчтарда қатты қақтығыс, дөрекі ойын болады. Осының бәрі төрешілерге қысым келтіреді. Мұндай жағдайда олардың сенімді әрі байсалды болуы оңай емес.

Толығырақ – Егемен Қазақстан сайтында
👍13👎1