KFF Team
7.8K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Бүгін командалар осындай құраммен шығады

#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
👍30🔥21
🔥 ҚАЙРАТ – ҚАЗАҚСТАН СУПЕРКУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
🔥43🤮43👍2👏1
🏆 2016
🏆 2017
🏆 2025

#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
👍417🔥5👏3
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Волонтерлер 25 мыңға жуық жанкүйер жиналған стадионды тазалап кетті

⚽️Елордада футболдан Қазақстан суперкубогы өтті.

🏟 «Астана Арена» стадионында «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті.

🟡 Ойын қорытындысында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері ақтөбеліктерді жеңіп, Қазақстан Суперкубогының үш дүркін иегері атанды.

Ойынды тамашалауға 24 975 жанкүйер жиналды. Матч аяқталған соң еріктілер мен жанкүйерлер стадиондағы қоқысты жинап кетті.

🖥 Суперкубок матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
👏25👍54
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) вице-президенті Шандор Чаньи Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кеңсесіне ресми сапармен келді.

Іс-сапар барысында Федерация президенті Марат Омаров Шандор Чаньиге ҚФФ кеңсесінде таныстыру экскурсиясын өткізіп, федерацияның қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ Футбол үйіндегі манежді көрсетті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда футболды дамыту, ФИФА ұйымымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бұған қоса, футбол бастамаларын жүзеге асыруда өзара қолдау көрсету қажеттігі жайлы өзекті мәселелерді талқыланды.

Шандор Чаньи жаңадан ҚФФ президенті болып сайланған Марат Талғатұлын қызметімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ФИФА Қазақстанда футболдың дамуын жан-жақты қолдауға дайын екенін ерекше атап өтті.
24👍3🤮2
1️⃣ 𝐌𝐎𝐍𝐓𝐇 𝐓𝐎 𝐆𝐎 🔜

Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесуіне 1️⃣ ай қалды. Әли Әлиевтің шәкірттері 22 наурызда сырт алаңда Уэльс құрамасымен кездеседі

🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі | «J» тобы
🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Уэльс – Қазақстан 🇰🇿
22/23.03.2025 | 00:45 (АСТ)
📍 Кардифф, Уэльс

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
37👍8🔥7🤩1
ҚФФ президенті Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының басшыларымен негізгі реформаларды талқылады

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Басқосуда елдегі кәсіби футболды дамытуға бағытталған стратегиялық бастамалар таныстырылды.

Кездесуде қозғалған басты мәселелердің бірі – ҚФФ аясында өтетін жарыстар жүйесін реформалау болды. Марат Талғатұлы федерация мен клубтар арасындағы тығыз байланыс орнатудың маңызын атап өтіп, отандық футболды тек бірлесе жаңа деңгейге көтеруге болатынын айтты.

Жиында ҚФФ басшысы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясын таныстырып, чемпионаттағы басты өзгерістерге тоқталды. Соның ішінде клубтар үшін қаржылық жарналардың азайтылуы мен чемпионат атауынан беттинг компанияларының алынуы айтылды.

Сондай-ақ, төрешілік, демеушілік және аймақтық футболды дамыту мәселелері де талқыланды. Федерация өңірлік клубтарды қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларды қолға алады. Атап айтқанда, демеушілер тарту, бизнес қауымдастықпен байланыс орнату, жанкүйерлер қатарын көбейту және жастар арасында футболды насихаттау бойынша арнайы бағдарламалар енгізіледі. Бұл шаралар клубтардың географиялық орналасуына қарамастан, бәріне бірдей мүмкіндік жасауға жол ашады.

https://kff.kz/ru/news/26469
👍321