💪🏻 Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы қорытынды жаттығу өткізді
Ертең – қорытынды бақылау ойыны 👊🏼
⚽️ Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық матчын QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙

👍24👎1
𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀 🔥
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын түйіндейді. Әли Әлиевтің жігіттері ресми жолдастық ойында Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.
🤝🏼 Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport

👍17🔥6❤1👎1
🎙 Марат Омаров: «Біздің мақсатымыз – барлығы ортақ нәтиже үшін жұмыс істейтін тұрақты футбол экожүйесін құру»
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Марат Талғатұлы қазақ футболының алдағы төрт жылдағы дамуы туралы баяндамасында негізгі стратегиялық бағыттарға тоқталып, Қазақстандағы футбол инфрақұрылымы мен жүйесін дамытудың бірнеше маңызды мәселелерін көтерді.
Марат Омаров ең алдымен балалар және жасөспірімдер футболын жаңғырту жолында еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған академиялар жүйесін құру жоспарын мәлімдеді.
Бұқаралық футболды дамыту жұмыстары жалғасын табады. Оның ішінде студенттік футбол жаңа деңгейге шығарылмақ.
Сондай-ақ федерация президенті ұлттық құрамаларды дамыту жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді шешімдерді қажет ететін басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.

«Өткен аптада УЕФА штаб-пәтеріне барып, ұйым басшысы Александер Чеферинмен кездестім. Оның қорытындысы бойынша Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағының басшысымен келісімге келдік. Қазақстандық футбол әлемдік футбол экожүйесі мен интеграция сұрақтары бойынша халықаралық серіктестіктің толық қолдауына ие болады. УЕФА бірнеше рет қазақстандық футболға реформа қажет екенін атап өтті. Біз серіктестікке толық дайынбыз».
Марат Омаров ең алдымен балалар және жасөспірімдер футболын жаңғырту жолында еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған академиялар жүйесін құру жоспарын мәлімдеді.
«Аймақтық футбол мектептеріне әдістемелік қолдаудан бөлек, еуропалық талаптарға сай келетін сертификацияланған академиялардың жаңа жүйесін құруды жоспарлап отырмыз.
Қазірдің өзінде Kaspi Group компаниясымен футбол академиясының құрылысы туралы келісім бар, оның орны әлі талқыланып жатыр. Астана, Алматы немесе жаңадан салынып жатқан Алатау қаласы болуы мүмкін. Қарағанды қаласында футбол академиясының құрылысы бойынша Freedom holding корпорациясымен келісім бар. Сондай-ақ Жамбыл облысында да академия салынады, өйткені бұл өңір футбол таланттарының қазынасына айналған.
Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – TAV Group компаниясымен серіктестік жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Компания өз қаражатына Талғардағы ұлттық құрама базасында 5000 шаршы метр алаңда академия орталығы мен жатақхана салады. Бұл арқылы академиядағы 15-18 жас аралығындағы оқушылардың санын 150-200-ге дейін ұлғайта аламыз. Жас футболшылардың сапалы дайындау үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Жобаны жүзеге асыруда халықаралық FIFA Forward 3.0 бағдарламасы бойынша қаржы тартып, құрылыс қарқынын арттырамыз.
Өңірлерде жабық ареналар салу үшін BI Group және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, арнайы концепция дайындаймыз.
Сонымен қатар футбол мектептерінің бапкерлері мен тәрбиеленушілері ағылшын дивизионында өнер көрсететін «Уиком Уондерерс» клубында тәжірибе алмасады. Бұл жоба бойынша Kaspi Group тобымен келісім жасалды».
Бұқаралық футболды дамыту жұмыстары жалғасын табады. Оның ішінде студенттік футбол жаңа деңгейге шығарылмақ.
«Тағы бір маңызды бағыт – студенттік футболды дамыту. Инфрақұрылымы және жарысқа қатысатын командасы бар университеттер арасында студенттер лигасының пилоттық жобасын іске қосамыз. Алғашқы кезеңде командалардың саны көп болмайды, бұл жарыстың сапасын қамтамасыз етіп, трансляция ұйымдастыру және қоғам тарапынан қызығушылықты арттыру үшін жасалады.
Лига осы уақытта өтіп студенттік жарыстарды қайталамай, жоғары деңгейге шығуды көздейді. Өзге де жоғары оқу орындары үшін үлгі болады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесу өтіп, алғашқы келісімдерге қол жетті.
Әуесқой командалар арасында Аймақтар кубогының титулды демеушісі InDrive болады және 250 миллион теңге бөледі. Жарыстың жеңімпазы УЕФА Аймақтар кубогы халықаралық турниріне қатысады және ҚР Екінші лигасы мен Қазақстан Кубогына жолдама алады».
Сондай-ақ федерация президенті ұлттық құрамаларды дамыту жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді шешімдерді қажет ететін басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
👍16❤2
«Ұлттық құрамалар департаментін басқару міндеті еліміздегі ең үздік мамандардың бірі Балтиев Руслан Тахирұлына жүктелді. Онымен бірге Талғардағы Қазақстан ұлттық құрамасының базасын аралап, алғашқы міндеттерді айқындадық.
U17, U19 және U21 жастар құрамасында ойнайтын ойыншылардың нық базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, олар алдағы жылдары ұлттық құраманың негізгі ойыншыларына айналады.
Сол себепті 15 жастан бастап дайындық жүйесінде нақты вертикаль құру өте маңызды. Ойыншылар қалыптасудың барлық кезеңінен өтіп, жоғары деңгейге жылдам бейімделуі қажет.
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне Әлиев Әли Ханәлиұлы тағайындалды. Оны барлығыңыз танисыздар. Халық та жақсы қабылдады. Ұлттық құрамада ойнады. Аймақтарда жұмыс істеу тәжірибесі өте көп. Ойыншыларды жақсы біледі әрі елімізде футболды дамыту мен оның нәтижесіне жанашыр адам. Әли Ханәлиұлының жұмысына толықтай қолдау көрсетеміз».
Марат Омаров футболды дамытудың басты жолдарының бірі инфрақұрылымды жақсарту екенін атап өтті. Осыған орай, жаңа толық көлемдегі футбол алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
«Федерация толық көлемді футбол алаңдарының санын ұлғайту, осы уақытқа дейін жарияланған стадиондардың, жабық манеждер мен футбол академиялардың құрылыстарын жүргізу, сонымен қатар спорт нысандарын жаңарту бағытында жергілікті атқару органдары және инвесторлармен бірлесе жұмыс атқарады.
«Алаң» бағдарламасы жалғасын табады. 2025 жылы 9 алаң пайдалануға беріледі. Олар Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында салынады.
Сонымен қатар Федерация Қызылорда, Семей және Астана (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион) қалаларындағы стадиондардың құрылысы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларындағы жобаларды іске қосу бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінде Қазақстанда толық көлемді бір футбол алаңына жиырма алты мың адамнан келеді. Ал Англияда бұл көрсеткіш – бір жарым мың адам. Германияда – екі мың, Италияда – екі мың жарым. Ресейде – он екі мың жарым. Сандардың өздері-ақ айтып тұр».
Сонымен қатар, Марат Омаров қазақстандық футболдың сапасын арттырудың маңызды қадамдарының бірі төрешілер корпусын терең реформа жүргізу, оның құрамына жаңа төрешілерді дайындаумен қатар, қазіргі төрешілердің жұмысын жақсарту да кіретінін атап өтті.
«Федерация төрешілер корпусының жұмысына толықтай реформа жүргізеді. УЕФА штаб-пәтеріне барған іссапарымда УЕФА төрешілер комитетінің жетекшісі Роберто Розеттимен келіссөздер жүргіздім. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанға кеңесшілер тобы жіберіледі. Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік департаментінің директоры қызметіне маман бойынша рекомендация беріледі.
Департаменттің жаңа басшысына төрешілердің жаңа буынын дайындау және төрешілер құрамын дамыту міндеттері қойылады. Сонымен қатар жас төрешілерді халықаралық стандарттарға үйрететін шетелдік мамандарды тартамыз. Тағы бір маңызды міндет – төрешілердің сапасын көтеріп, оларды халықаралық ойындарға шығару арқылы жаңа деңгейге жету.
Техникалық жағынан стадиондар жаңа VAR жүйесімен жабдықталады, инфрақұрылымдық нысандарда үздіксіз байланыс пен интернетті қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» операторымен келісім жасалды».
Қорытындылай келе, Федерация басшысы жаңа маусымда Премьер-Лиганың құрылымында айтарлықтай өзгерістер жоспарланғанын, ол жақын арада жүзеге асырылатынын атап өтті.
👍11
«Бұл бағытта әкімшілік шығындарды тиімді ету жұмыстары жүргізілді. Қажет емес бюрократиялық құрылымдар мен делдалдар алынып тасталды.
Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы арасында жарысты ұйымдастыру бойынша келісімшарт болды. Алайда бұл ұйым тиімді жұмыс атқара алмады. Әсіресе қаржылық басқару және шығындардың ашықтығы көрсетілмеген.
Шығындарды оңтайландыру мақсатында жарыстарды ұйымдастыру дирекциясы құру шешімі қабылданды. Елімізде өтетін жарыстарды өткізу және ұйымдастыру бойынша негізгі міндеттерді атқарады. Қазақстан футбол федерациясының бұл құрылымы футбол клубтарының жарналарын тиімді жұмсалуын және ойындарды өткізуге бөлінетін шығындардың мақсатты пайдалануын нақты қадағалайды.
Қысқа мерзім ішінде дирекция қаражатты оңтайландыру арқылы футбол клубтарының жарнасын 10 пайыға төмендетті. Көпшілік үшін бұл айтарлықтай қолдау болды.
Биылдан бастап бәс тігу компанияларының атаулары Қазақстан Премьер-Лигасының атынан алынып тасталып, бірінші айналымға дейін чемпионат атаусыз жұмыс істейтін болады. Біз екінші жартыжылдықта жаңа титулдық демеушіні жариялаймыз.
Сонымен қатар футбол клубтарынан логистика бойына қаржылық жүктемелер, үйде өтетін ойындарда төрешілерді қабылдау және орналастыру міндеті алынды. Логистика бағытында шығындарды реттеу үшін біздің серіктес болуға дайын Air Astana және Fly Arystan әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Командалар мен төрешілердің ұшу шығындарына қолдау көрсетілмек. Бұл футбол клубтары мен Федерация үшін қаржылық жүктемені азайтады. Сонымен қатар барлық қатысушылар үшін жарысты ұйымдастыруды тиімді әрі қолайлы етеді. Біз келіссөздердің табысты болатынына үміттенеміз және ұзақмерзімді серіктестік қазақ футболына пайдасын тигізетіні анық.
Біз уақытша жетістікке ұмтылмаймыз, біздің мақсат – тұрақты футбол экожүйесін құру, ол арқылы ойыншылар, клубтар, жанкүйерлер және серіктестер ортақ нәтиже үшін жұмыс істейді.
Қазақстан футболы жаңа деңгейге шығып, халықаралық аренада бәсекеге төтеп беруі үшін реформа керек. Сол себепті озық тәжірибені қолданып, цифрлық технологияны енгізіп, инвестиция тартып, барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету арықлы жаңарту бағытын жалғастырамыз.
УЕФА, мемлекет, жеке бизнес және футбол сүйер қауым қолдауымен алға қойылған мақсаттарды орындай аламыз. Қазақ футболы мықты болуға лайық! Біз жаңа шыңдарды бағындыру жолында барлық жұмысты атқарамыз».
https://kff.kz/ru/news/26452
👍11
📋 Әли Әлиев жолдастық кездесуге осындай құрам шығарды
🤝🏼 Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🤝🏼 Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
❤30👍2👎1
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіліспен аяқтаймыз
🇰🇿 Қазақстан 0:2 КХДР 🇰🇵
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🇰🇿 Қазақстан 0:2 КХДР 🇰🇵
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👎46👍8❤7😱6🤮6😁2👏1
🎙 Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы матчының медиа жоспары
21 ақпан
16:00 «Ақтөбе» ФК ойын алды жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ үшін ашық);
17:15 «Ақтөбе» ФК бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты;
18:15 «Қайрат» ФК бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты;
22 ақпан
15:00 «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының басталуы;
17:00-17:30 Командаларды марапаттау рәсімі*;
17:30-17:45 Екінші орын алған команданың бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты*;
18:00-18:15 Суперкубокты жеңіп алған команданың бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты*;
*Жеңімпаз матч соңында пенальти сериясында анықталатын жағдайда медиажоспарда өзгерістер болуы мүмкін
https://kff.kz/ru/news/26457

kff.kz
Медиаплан матча Olimpbet-Суперкубка Казахстана 2025
Представляем вашему вниманию медиаплан матча Olimpbet-Суперкубка Республики Казахстан сезона 2025 года между футбольными клубами «Кайрат» и «Актобе».
👍21❤2
𝑺𝑶𝑳𝑫 𝑶𝑼𝑻 ❌
Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы ойынына билеттер түгел сатылды. Ертең елордада ОТ матч болатыны сөзсіз 🔥😍
Сіздерді 22 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап «Астана Аренада» күтеміз 💪🏻
🟡⚫️ ҚАЙРАТ 🆚 АҚТӨБЕ 🔴⚪️
🏆 Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы
📅 22.02.2025
🕒 15:00
🏟️ «Астана Арена»
📺 Qazsport
#KFF | #KazakhstanSuperCup2025

🔥34❤4👍4
🏆 𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛𝗗𝗔𝗬
Ұлттар лигасын сырт алаңда бастаймыз ⚔️
🇱🇺 Люксембург — Қазақстан🇰🇿
🌏 Ұлттар лигасы
📆 21/02/2025 | 23:30
📍 «Эмиль Майриш», Эш
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙
Ұлттар лигасын сырт алаңда бастаймыз ⚔️
🇱🇺 Люксембург — Қазақстан
🌏 Ұлттар лигасы
📆 21/02/2025 | 23:30
📍 «Эмиль Майриш», Эш
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🔥2
🎙️ LIVE: Ойын алды баспасөз мәслихаты
🕕 17:15 | «Ақтөбе» ФК бас бапкері және ойыншысы қатысуымен
🎥 Тікелей эфир: https://youtube.com/live/JPSM7gnGf0g?feature=share
🕕 18:15 | «Қайрат» ФК бас бапкері және ойыншысы қатысуымен
🎥 Тікелей эфир: https://youtube.com/live/uqjaxGWrIUI

YouTube
«Ақтөбе» ФК ойын алды баспасөз мәслихаты | ҚР Суперкубогы 2025
• Біздің сайт – http://www.kff.kz/
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_women
• Instagram – https://www.instagram.com/kff_team_futsal
• TikTok – https://tiktok.com/@kff.team
• ВКонтакте – https://vk.com/kff_team…

👍10❤1
‼️ Ертең «Қайрат» – «Ақтөбе» матчына байланысты жол қозғалысына уақытша өзгеріс енгізіледі
Астанада ертең, 22 ақпанда екі ірі спорттық іс-шара өтеді: футболдан Қазақстан Суперкубогы матчы және «Барыс» хоккей клубының ойыны. Осыған байланысты жолдарда кептеліс жоғары болады деп күтіліп отыр. Сол себепті қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі.
«Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол матчы «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-де, «Барыс» ХК хоккей матчы «Барыс Арена» стадионында сағат 17:00-де өтеді.
Көлік ағынын біркелкі бөлу үшін ареналарға кіру және шығу бойынша жеке маршруттар ұйымдастырылатын болады:
Футбол матчының көрермендері үшін қозғалыс тек Қабанбай батыр даңғылы арқылы жүзеге асырылады.
Хоккей матчының жанкүйерлері үшін тек Тұран даңғылы арқылы кіріп, шығуға болады.
Қозғалыс шектеулері матчтар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын енгізіледі және олар аяқталғанға дейін сақталады. Жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық болмас үшін қоғамдық көлікке мінген жөн.

👍20🔥2
Ұлттар лигасын +1 ұпаймен бастадық 🤝🏾
Алғашқы ойында сырт алаңда Люксембургпен тең ойнадық.
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #LuxembourgKazakhstan
Алғашқы ойында сырт алаңда Люксембургпен тең ойнадық.
#KFFWomen | #BizdinQyzdar💛💙 | #LuxembourgKazakhstan
🔥22👍9👏1
𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀 🔥
⚔️ Көптен күткен ойын. Жаңа маусым ресми түрде ашық 😍
🟡⚫️ ҚАЙРАТ 🆚 АҚТӨБЕ 🔴⚪️
🏆 Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы
🕒 15:00 (есіктер 13:00-де ашылады)
🏟️ «Астана Арена»
☁️ -7℃
🖥️ QazSport
#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
⚔️ Көптен күткен ойын. Жаңа маусым ресми түрде ашық 😍
🟡⚫️ ҚАЙРАТ 🆚 АҚТӨБЕ 🔴⚪️
🏆 Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы
🕒 15:00 (есіктер 13:00-де ашылады)
🏟️ «Астана Арена»
☁️ -7℃
🖥️ QazSport
#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
🔥26👍5❤3
Саят Қарабаев – Қазақстан Суперкубогы матчының бас төрешісі
ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Қазақстан Суперкубогы матчының төрешілері мен инспекторды анықтады.
🏆 Футболдан Қазақстан Республикасының Olimpbet-Суперкубогы
📆 22 ақпан
🏆 Қайрат – Ақтөбе ❤️
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Көмекшілері: Тимур Тұрсымбаев, Нұржан Жүнісов (екеуі де – Астана)
VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR төрешісі: Тимур Қумашев (Астана)
Қосалқы төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Бақылаушы: Александр Борисов (Семей)
https://kff.kz/ru/news/26466
ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Қазақстан Суперкубогы матчының төрешілері мен инспекторды анықтады.
🏆 Футболдан Қазақстан Республикасының Olimpbet-Суперкубогы
📆 22 ақпан
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Көмекшілері: Тимур Тұрсымбаев, Нұржан Жүнісов (екеуі де – Астана)
VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR төрешісі: Тимур Қумашев (Астана)
Қосалқы төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Бақылаушы: Александр Борисов (Семей)
https://kff.kz/ru/news/26466
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
kff.kz
Саят Карабаев – главный арбитр матча Olimpbet Суперкубка Казахстана по футболу
Департамент судейства и инспектирования КФФ определил арбитров для обслуживания матча Olimpbet-Суперкубка Республики Казахстан по футболу сезона 2025 года.
👍14
👍30🔥2❤1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Волонтерлер 25 мыңға жуық жанкүйер жиналған стадионды тазалап кетті
⚽️Елордада футболдан Қазақстан суперкубогы өтті.
🏟 «Астана Арена» стадионында «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті.
🟡 Ойын қорытындысында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері ақтөбеліктерді жеңіп, Қазақстан Суперкубогының үш дүркін иегері атанды.
Ойынды тамашалауға 24 975 жанкүйер жиналды. Матч аяқталған соң еріктілер мен жанкүйерлер стадиондағы қоқысты жинап кетті.
🖥 Суперкубок матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

👏25👍5❤4