Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ресми сапармен Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысы Александер Чеферинмен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Марат Омаров Чеферинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. УЕФА басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, 2025 жылы Орталық Азияға алғаш рет келуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Қазақстанда ірі еуропалық турнирлерді өткізу мүмкіндігі талқыланды. ҚФФ елімізде Еуропа жастар чемпионатын және Алматы мен Астанада УЕФА Конференция лигасының финалын өткізу туралы ұсыныстар жасады.
Кездесу қорытындысы бойынша УЕФА Қазақстан футболын дамытуға толық қолдау көрсететінін айқындады. Бұл инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі чемпионаттардың деңгейін көтеру, инвестиция тарту және заманауи футбол технологияларын енгізу мәселелерін қамтиды.
УЕФА және ҚФФ президенттері Қазақстан құрамалары жайлы сөйлесіп, жастар командаларының дамуы мен клубтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Әсіресе, еуропалық үздік стандарттарды қазақ футболына енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Бұл қадам футболшылар мен бапкерлердің спорттық дайындығын жақсартып, олардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Отандық клубтардың Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы секілді халықаралық турнирлерге қатысуы – негізгі талқыланған тақырыптардың бірі болды. Өйткені бұл жарыстар қазақ футболшыларының шеберлігін арттырып, елдегі футболға қызығушылықты күшейтуге септігін тигізеді.
Сапар барысында Марат Омаров УЕФА төрешілер комитетінің басшысы Роберто Розеттимен де кездесті. Келіссөздер нәтижесінде ҚФФ төрешілер департаментінің директорын тағайындау бойынша арнайы кеңесшілер тобы жіберілетін болды.
Сонымен қатар, УЕФА «Hat-Trick» бағдарламасы аясында ҚФФ-ның жаңа инфрақұрылымдық бастамаларына толық қолдау көрсететін болды.
Қазақстан футбол федерациясы мен UEFA Foundation арасындағы әріптестік әлеуметтік және инклюзивті жобалар бойынша жаңа серпін алады. Көру қабілеті нашар балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бастамаларды бірлесіп дамыту туралы келісім жасалды. УЕФА әйелдер футболын дамыту бағытындағы ҚФФ жобаларына толық қолдау көрсететін болды.
Сапар қорытындысы бойынша, Қазақстанның алдағы төрт жыл ішінде халықаралық турнирлерді өткізуге дайындығы туралы жоспар бекітілді.
Бұл кездесу Қазақстан үшін аса маңызды. УЕФА-мен тығыз байланыс орнату елімізді еуропалық футбол процесінің белсенді қатысушысына айналдырып, қазақ футболының әлемдік деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді.
Марат Омаровтың Ньонға сапарының оң әсерін жақын арада тек отандық футбол функционерлері емес, жанкүйерлер, балалар футбол мектептері мен футбол орталықтары да сезінетін болады.
Фото: ©UEFA/UEFA via Getty Images
#KFF
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28🔥3👏1
🔜 Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасы матчтарына шақырылған ойыншылар тізімі
🇰🇿 #BizdinQyzdar футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты алғашқы үш ойынды сырт алаңда өткізеді. Ұлттар лигасын 21 ақпанда Люксембургке қарсы матчпен сырт алаңда бастаймыз. Төрт күннен кейін сырт алаңда Армениямен ойнаймыз.
▶️ Бапкерлер штабы:
Мадияр Кембілов – бас бапкер
Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі
Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы
Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы
Расул Маруа – сарапшы бапкер
Айдана Рамазанова – дәрігер
Максим Дудукин – массажист
Ердос Қалимов – массажист
Серік Жугралин – менеджер
📌 Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:
📅 21.02.2025 | 🕙 23:30
🇱🇺 Люксембург – Қазақстан 🇰🇿
📍 «Эмиль Майриш» стадионы, Эш
📅 25.02.2025 | 🕐 15:30
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿
📍«Армавир» стадионы, Армавир
#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙

❤11👍3🔥3👏2
2025 жылдың 13 ақпанында өткен ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан Olimpbet-чемпионатының 2025 жылғы маусымының күнтізбесі бекітілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
kff.kz
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2025 маусымының күнтізбесі
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2025 маусымының күнтізбесі бекітілді.
👏17👎3
⚡️ Ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау матчын өткізеді
🇰🇿🇺🇿 Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).
⚽️ Екінші бақылау ойынында Қазақстан құрамасы 17 ақпан күні Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі. Бұл матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей эфир жайлы қосымша ақпарат береміз.
🇰🇵 КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.
🇹🇷 Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙

🔥30👍3👎2❤1😁1
Қазақстан ұлттық құрамасы бақылау ойынында тең түсті
Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Локомотив» (Ташкент) клубы арасында жолдастық ойын болды.
Жабық түрде өткен бақылау ойынында Әли Әлиев шәкірттері өзбекстандық ұжыммен 1:1 есебімен тең түсті.
Ойынның 40-минутында Оралхан Өміртаевтың орындаған пенальти соққысын қарсылас қақпашысы сәтті қайтарды. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін біздің құрам толықтай ауысты. Кездесудің 64-минутында Айбар Абдулланың айып алаңына асырған пасын Айбар Жақсылықов қақпаға дәл бағыттап, ойын есебін ашты. Матчтың аяқталуына 7 минут қалғанда қарсылас ойыншысы пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.
🇰🇿 Қазақстан 1:1 Локомотив 🇺🇿
❌ 40' Өміртаев (пен)
⚽️ 64' Жақсылықов
⚽️ 83' Шулая (пен)

❤28👍5👎2
KFF Team
⚡️ Ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау матчын өткізеді 🇰🇿🇺🇿 Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның…
🎥 Қазақстан – КХДР матчын Qazsport көрсетеді
🇹🇷 Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасымен бақылау ойынын өткізеді.
⚽️ Матч 17 ақпан күні сағат 19:00-ге жоспарланған. Тікелей эфирде Qazsport көрсетеді.
🇰🇿 Қазақстан 🆚 КХДР 🇰🇵
🤝 Жолдастық матч
📅 17.02.2025
🕖 19:00 (17:00 Түркия)
📍 Белек, Түркия
📺 Qazsport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🇹🇷 Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасымен бақылау ойынын өткізеді.
⚽️ Матч 17 ақпан күні сағат 19:00-ге жоспарланған. Тікелей эфирде Qazsport көрсетеді.
🤝 Жолдастық матч
📅 17.02.2025
🕖 19:00 (17:00 Түркия)
📍 Белек, Түркия
📺 Qazsport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34👍7👎4❤1🔥1
ЕРТЕҢ ⏳⚽️
Әли Әлиев жігіттері Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында қорытынды бақылау ойынын өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасы ертең 19:00-де Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport

🔥31👍3❤2👎2
💪🏻 Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы қорытынды жаттығу өткізді
Ертең – қорытынды бақылау ойыны 👊🏼
⚽️ Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық матчын QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Ертең – қорытынды бақылау ойыны 👊🏼
⚽️ Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық матчын QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍24👎1
𝑴𝑨𝑻𝑪𝑯𝑫𝑨𝒀 🔥
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын түйіндейді. Әли Әлиевтің жігіттері ресми жолдастық ойында Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.
🤝🏼 Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын түйіндейді. Әли Әлиевтің жігіттері ресми жолдастық ойында Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.
🤝🏼 Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport
#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍17🔥6❤1👎1
🎙 Марат Омаров: «Біздің мақсатымыз – барлығы ортақ нәтиже үшін жұмыс істейтін тұрақты футбол экожүйесін құру»
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Марат Талғатұлы қазақ футболының алдағы төрт жылдағы дамуы туралы баяндамасында негізгі стратегиялық бағыттарға тоқталып, Қазақстандағы футбол инфрақұрылымы мен жүйесін дамытудың бірнеше маңызды мәселелерін көтерді.
Марат Омаров ең алдымен балалар және жасөспірімдер футболын жаңғырту жолында еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған академиялар жүйесін құру жоспарын мәлімдеді.
Бұқаралық футболды дамыту жұмыстары жалғасын табады. Оның ішінде студенттік футбол жаңа деңгейге шығарылмақ.
Сондай-ақ федерация президенті ұлттық құрамаларды дамыту жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді шешімдерді қажет ететін басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.

«Өткен аптада УЕФА штаб-пәтеріне барып, ұйым басшысы Александер Чеферинмен кездестім. Оның қорытындысы бойынша Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағының басшысымен келісімге келдік. Қазақстандық футбол әлемдік футбол экожүйесі мен интеграция сұрақтары бойынша халықаралық серіктестіктің толық қолдауына ие болады. УЕФА бірнеше рет қазақстандық футболға реформа қажет екенін атап өтті. Біз серіктестікке толық дайынбыз».
Марат Омаров ең алдымен балалар және жасөспірімдер футболын жаңғырту жолында еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сертификатталған академиялар жүйесін құру жоспарын мәлімдеді.
«Аймақтық футбол мектептеріне әдістемелік қолдаудан бөлек, еуропалық талаптарға сай келетін сертификацияланған академиялардың жаңа жүйесін құруды жоспарлап отырмыз.
Қазірдің өзінде Kaspi Group компаниясымен футбол академиясының құрылысы туралы келісім бар, оның орны әлі талқыланып жатыр. Астана, Алматы немесе жаңадан салынып жатқан Алатау қаласы болуы мүмкін. Қарағанды қаласында футбол академиясының құрылысы бойынша Freedom holding корпорациясымен келісім бар. Сондай-ақ Жамбыл облысында да академия салынады, өйткені бұл өңір футбол таланттарының қазынасына айналған.
Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – TAV Group компаниясымен серіктестік жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Компания өз қаражатына Талғардағы ұлттық құрама базасында 5000 шаршы метр алаңда академия орталығы мен жатақхана салады. Бұл арқылы академиядағы 15-18 жас аралығындағы оқушылардың санын 150-200-ге дейін ұлғайта аламыз. Жас футболшылардың сапалы дайындау үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Жобаны жүзеге асыруда халықаралық FIFA Forward 3.0 бағдарламасы бойынша қаржы тартып, құрылыс қарқынын арттырамыз.
Өңірлерде жабық ареналар салу үшін BI Group және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, арнайы концепция дайындаймыз.
Сонымен қатар футбол мектептерінің бапкерлері мен тәрбиеленушілері ағылшын дивизионында өнер көрсететін «Уиком Уондерерс» клубында тәжірибе алмасады. Бұл жоба бойынша Kaspi Group тобымен келісім жасалды».
Бұқаралық футболды дамыту жұмыстары жалғасын табады. Оның ішінде студенттік футбол жаңа деңгейге шығарылмақ.
«Тағы бір маңызды бағыт – студенттік футболды дамыту. Инфрақұрылымы және жарысқа қатысатын командасы бар университеттер арасында студенттер лигасының пилоттық жобасын іске қосамыз. Алғашқы кезеңде командалардың саны көп болмайды, бұл жарыстың сапасын қамтамасыз етіп, трансляция ұйымдастыру және қоғам тарапынан қызығушылықты арттыру үшін жасалады.
Лига осы уақытта өтіп студенттік жарыстарды қайталамай, жоғары деңгейге шығуды көздейді. Өзге де жоғары оқу орындары үшін үлгі болады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесу өтіп, алғашқы келісімдерге қол жетті.
Әуесқой командалар арасында Аймақтар кубогының титулды демеушісі InDrive болады және 250 миллион теңге бөледі. Жарыстың жеңімпазы УЕФА Аймақтар кубогы халықаралық турниріне қатысады және ҚР Екінші лигасы мен Қазақстан Кубогына жолдама алады».
Сондай-ақ федерация президенті ұлттық құрамаларды дамыту жүйелі көзқарас пен ұзақ мерзімді шешімдерді қажет ететін басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
👍16❤2
«Ұлттық құрамалар департаментін басқару міндеті еліміздегі ең үздік мамандардың бірі Балтиев Руслан Тахирұлына жүктелді. Онымен бірге Талғардағы Қазақстан ұлттық құрамасының базасын аралап, алғашқы міндеттерді айқындадық.
U17, U19 және U21 жастар құрамасында ойнайтын ойыншылардың нық базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, олар алдағы жылдары ұлттық құраманың негізгі ойыншыларына айналады.
Сол себепті 15 жастан бастап дайындық жүйесінде нақты вертикаль құру өте маңызды. Ойыншылар қалыптасудың барлық кезеңінен өтіп, жоғары деңгейге жылдам бейімделуі қажет.
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері міндетін атқарушы қызметіне Әлиев Әли Ханәлиұлы тағайындалды. Оны барлығыңыз танисыздар. Халық та жақсы қабылдады. Ұлттық құрамада ойнады. Аймақтарда жұмыс істеу тәжірибесі өте көп. Ойыншыларды жақсы біледі әрі елімізде футболды дамыту мен оның нәтижесіне жанашыр адам. Әли Ханәлиұлының жұмысына толықтай қолдау көрсетеміз».
Марат Омаров футболды дамытудың басты жолдарының бірі инфрақұрылымды жақсарту екенін атап өтті. Осыған орай, жаңа толық көлемдегі футбол алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
«Федерация толық көлемді футбол алаңдарының санын ұлғайту, осы уақытқа дейін жарияланған стадиондардың, жабық манеждер мен футбол академиялардың құрылыстарын жүргізу, сонымен қатар спорт нысандарын жаңарту бағытында жергілікті атқару органдары және инвесторлармен бірлесе жұмыс атқарады.
«Алаң» бағдарламасы жалғасын табады. 2025 жылы 9 алаң пайдалануға беріледі. Олар Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында салынады.
Сонымен қатар Федерация Қызылорда, Семей және Астана (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион) қалаларындағы стадиондардың құрылысы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларындағы жобаларды іске қосу бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінде Қазақстанда толық көлемді бір футбол алаңына жиырма алты мың адамнан келеді. Ал Англияда бұл көрсеткіш – бір жарым мың адам. Германияда – екі мың, Италияда – екі мың жарым. Ресейде – он екі мың жарым. Сандардың өздері-ақ айтып тұр».
Сонымен қатар, Марат Омаров қазақстандық футболдың сапасын арттырудың маңызды қадамдарының бірі төрешілер корпусын терең реформа жүргізу, оның құрамына жаңа төрешілерді дайындаумен қатар, қазіргі төрешілердің жұмысын жақсарту да кіретінін атап өтті.
«Федерация төрешілер корпусының жұмысына толықтай реформа жүргізеді. УЕФА штаб-пәтеріне барған іссапарымда УЕФА төрешілер комитетінің жетекшісі Роберто Розеттимен келіссөздер жүргіздім. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанға кеңесшілер тобы жіберіледі. Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік департаментінің директоры қызметіне маман бойынша рекомендация беріледі.
Департаменттің жаңа басшысына төрешілердің жаңа буынын дайындау және төрешілер құрамын дамыту міндеттері қойылады. Сонымен қатар жас төрешілерді халықаралық стандарттарға үйрететін шетелдік мамандарды тартамыз. Тағы бір маңызды міндет – төрешілердің сапасын көтеріп, оларды халықаралық ойындарға шығару арқылы жаңа деңгейге жету.
Техникалық жағынан стадиондар жаңа VAR жүйесімен жабдықталады, инфрақұрылымдық нысандарда үздіксіз байланыс пен интернетті қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» операторымен келісім жасалды».
Қорытындылай келе, Федерация басшысы жаңа маусымда Премьер-Лиганың құрылымында айтарлықтай өзгерістер жоспарланғанын, ол жақын арада жүзеге асырылатынын атап өтті.
👍11