KFF Team
7.78K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады

10 ақпан күні Қазақстан ұлттық құрамасы ОЖЖ аясындағы алғашқы жаттығуын сәтті өткізді. Бұл оқу-жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін Түркияның Белек қаласында жалғасады.

Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
27👍6🔥2
🤝 Марат Омаров УЕФА президенті Александер Чеферинмен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ресми сапармен Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысы Александер Чеферинмен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Марат Омаров Чеферинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. УЕФА басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, 2025 жылы Орталық Азияға алғаш рет келуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанда ірі еуропалық турнирлерді өткізу мүмкіндігі талқыланды. ҚФФ елімізде Еуропа жастар чемпионатын және Алматы мен Астанада УЕФА Конференция лигасының финалын өткізу туралы ұсыныстар жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша УЕФА Қазақстан футболын дамытуға толық қолдау көрсететінін айқындады. Бұл инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі чемпионаттардың деңгейін көтеру, инвестиция тарту және заманауи футбол технологияларын енгізу мәселелерін қамтиды.

УЕФА және ҚФФ президенттері Қазақстан құрамалары жайлы сөйлесіп, жастар командаларының дамуы мен клубтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Әсіресе, еуропалық үздік стандарттарды қазақ футболына енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Бұл қадам футболшылар мен бапкерлердің спорттық дайындығын жақсартып, олардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Отандық клубтардың Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы секілді халықаралық турнирлерге қатысуы – негізгі талқыланған тақырыптардың бірі болды. Өйткені бұл жарыстар қазақ футболшыларының шеберлігін арттырып, елдегі футболға қызығушылықты күшейтуге септігін тигізеді.

Сапар барысында Марат Омаров УЕФА төрешілер комитетінің басшысы Роберто Розеттимен де кездесті. Келіссөздер нәтижесінде ҚФФ төрешілер департаментінің директорын тағайындау бойынша арнайы кеңесшілер тобы жіберілетін болды.

Сонымен қатар, УЕФА «Hat-Trick» бағдарламасы аясында ҚФФ-ның жаңа инфрақұрылымдық бастамаларына толық қолдау көрсететін болды.

Қазақстан футбол федерациясы мен UEFA Foundation арасындағы әріптестік әлеуметтік және инклюзивті жобалар бойынша жаңа серпін алады. Көру қабілеті нашар балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бастамаларды бірлесіп дамыту туралы келісім жасалды. УЕФА әйелдер футболын дамыту бағытындағы ҚФФ жобаларына толық қолдау көрсететін болды.

Сапар қорытындысы бойынша, Қазақстанның алдағы төрт жыл ішінде халықаралық турнирлерді өткізуге дайындығы туралы жоспар бекітілді.

Бұл кездесу Қазақстан үшін аса маңызды. УЕФА-мен тығыз байланыс орнату елімізді еуропалық футбол процесінің белсенді қатысушысына айналдырып, қазақ футболының әлемдік деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді.

Марат Омаровтың Ньонға сапарының оң әсерін жақын арада тек отандық футбол функционерлері емес, жанкүйерлер, балалар футбол мектептері мен футбол орталықтары да сезінетін болады.

Фото: ©UEFA/UEFA via Getty Images

#KFF
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28🔥3👏1
🔜 Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасы матчтарына шақырылған ойыншылар тізімі

🇰🇿 #BizdinQyzdar футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты алғашқы үш ойынды сырт алаңда өткізеді. Ұлттар лигасын 21 ақпанда Люксембургке қарсы матчпен сырт алаңда бастаймыз. Төрт күннен кейін сырт алаңда Армениямен ойнаймыз.

▶️ Бапкерлер штабы: 
Мадияр Кембілов – бас бапкер
Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі
Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы
Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы
Расул Маруа – сарапшы бапкер
Айдана Рамазанова – дәрігер
Максим Дудукин – массажист
Ердос Қалимов – массажист
Серік Жугралин – менеджер

📌 Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:

📅 21.02.2025 | 🕙 23:30
🇱🇺 Люксембург – Қазақстан 🇰🇿
📍 «Эмиль Майриш» стадионы, Эш

📅 25.02.2025 | 🕐 15:30
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿
📍«Армавир» стадионы, Армавир

#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11👍3🔥3👏2
📆 Футболдан Қазақстан Olimpbet-Чемпионаты 2025 маусымының күнтізбесі бекітілді

2025 жылдың 13 ақпанында өткен ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысында Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан Olimpbet-чемпионатының 2025 жылғы маусымының күнтізбесі бекітілді.

📱Күнтізбемен танысу үшін: https://kff.kz/kk/news/26427
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏17👎3
⚡️ Ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау матчын өткізеді

🇰🇿🇺🇿 Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).

⚽️ Екінші бақылау ойынында Қазақстан құрамасы 17 ақпан күні Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі. Бұл матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей эфир жайлы қосымша ақпарат береміз.

🇰🇵 КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

🇹🇷 Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥30👍3👎21😁1
Қазақстан ұлттық құрамасы бақылау ойынында тең түсті

Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Локомотив» (Ташкент) клубы арасында жолдастық ойын болды.

Жабық түрде өткен бақылау ойынында Әли Әлиев шәкірттері өзбекстандық ұжыммен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 40-минутында Оралхан Өміртаевтың орындаған пенальти соққысын қарсылас қақпашысы сәтті қайтарды. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін біздің құрам толықтай ауысты. Кездесудің 64-минутында Айбар Абдулланың айып алаңына асырған пасын Айбар Жақсылықов қақпаға дәл бағыттап, ойын есебін ашты. Матчтың аяқталуына 7 минут қалғанда қарсылас ойыншысы пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.

🇰🇿 Қазақстан 1:1 Локомотив 🇺🇿
40' Өміртаев (пен)
⚽️ 64' Жақсылықов
⚽️ 83' Шулая (пен)

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
28👍5👎2
KFF Team
⚡️ Ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі бақылау матчын өткізеді 🇰🇿🇺🇿 Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның «Локомотив» (Ташкент) клубына қарсы өтеді. Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның…
🎥 Қазақстан – КХДР матчын Qazsport көрсетеді

🇹🇷 Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Корей Халық-Демократиялық Республикасымен бақылау ойынын өткізеді.

⚽️ Матч 17 ақпан күні сағат 19:00-ге жоспарланған. Тікелей эфирде Qazsport көрсетеді.

🇰🇿 Қазақстан 🆚 КХДР 🇰🇵
🤝 Жолдастық матч
📅 17.02.2025
🕖 19:00 (17:00 Түркия)
📍 Белек, Түркия
📺 Qazsport

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34👍7👎41🔥1
ЕРТЕҢ ⚽️

Әли Әлиев жігіттері Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында қорытынды бақылау ойынын өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасы ертең 19:00-де Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.

🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия
🖥️ QazSport

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥31👍32👎2
💪🏻 Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы қорытынды жаттығу өткізді

Ертең – қорытынды бақылау ойыны 👊🏼

⚽️ Жолдастық матч
🇰🇿 Қазақстан – КХДР 🇰🇵
🗓️ 17.02.2025 | 19:00 (АСТ)
📍 Белек, Түркия

🖥️ Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық матчын QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍24👎1