KFF Team
7.77K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🎙️ Әли Әлиев: «Ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтауымыз керек»

🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің м.а. Әли Әлиев баспасөз мәслихатында алдағы жоспарларымен бөлісті.

💭 «Бұл қызметті отандық маманға сеніп тапсырғаны үшін ҚФФ президентіне алғысымды айтамын. Онымен сөйлескенде, құраманың жасарып, ойыны жылдам әрі агрессивті болуы керегін айтты. Біз де дәл осы бағытты ұстанамыз. Осы тұрғыда пікіріміз бір жерден шықты. Ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтап, президенттің таңдауы дұрыс болғанын дәлелдеуіміз керек.

Тактикаға келсек, бәрі соған тіреліп тұрған жоқ. Маңыздысы – футболшылардың дайындығы мен физикалық жағдайы. Солардың әлеуетіне қарай жұмыс істейміз. Қазір сапалы үш орталық қорғаушымыз бар, соған сүйеніп, барымызды саламыз. Қазір Әліп бар, Қасым бар, Марочкин мен Жақсыбаев та қатарда. Бәрі олардың бабына байланысты», – деді бапкер.


#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍22🤔3👎1
📌 Қазақстан U-21 құрамасының Еуро-2026 іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі

⚡️ Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде біздің жастар құрамамыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра командаларымен кездеседі.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U21
👍26🔥6
⚡️ Қазақстан U17 құрамасы «Даму Кубогында» бақ сынайды

📍Минскте өтетін жарысқа сегіз команда қатысады. Олар: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командаларынан тұрады.

📝 Бауыржан Сағындық – аға бапкер
Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі
Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы
Валишер Рашид – қақпашылар бапкері
Азамат Серікбаев – бейнеоператор
Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер
Станислав Ведлер – массажист
Әнуар Жандарбеков – менеджер

📌 Матчтардың өтетін уақыты:

📆 16.02.2025 | 🕒14:50
🇮🇷 Иран U17 - Қазақстан U17 🇰🇿

📆 17.02.2025 | 🕠17:40
🇷🇺 Ресей U17 - Қазақстан U17 🇰🇿

📆 19.02.2025 | 🕞 15:20 
🇰🇿 Қазақстан U17 - Әзербайжан U17 🇦🇿

#KFFTeam | #BizdinJigitter 💛💙 | #U17 | #DevelopmentCup
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20👍2👎2
🔥 Ұлттық құрамаға үміткерлер мен жаңа есімдер

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімі анықталды.

📝 Тізімге 22 ойыншы енді. Олар:

Қақпашылар:
🤩 Бекхан Шайзада
🤐 Дінмұхаммед Жомарт
😚Нұрасыл Тоқтаров

Қорғаушылар:
🤩 Ұлар Жақсыбаев
🤔 Ади Адамбаев
🤔 Алмас Төлібай
🤐Дінмұхамед Қараман
😑 Асқар Сатышев
😚Амандық Набиханов

Жартылай қорғаушылар:
🤔 Абылайхан Назымханов
😙Серікжан Мужиков
😙 Ален Айманов
🤑 Жаслан Жұмашев
🤑Наурызбек Жагоров
🤑Мейрамбек Қалмырза
🤑Данияр Үсенов
😚Равиль Атыханов
🌊 Давид Есімбеков

Шабуылшылар:
😛Айбар Жақсылықов
😘Оралхан Өміртаев
😘Айбар Абдулла
😝 Алияр Мұхамед

❗️Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

📅 Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍42🤔4🤮3🔥1
⚡️ Дастан Сәтпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады

🇰🇿 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны «Челсимен» келісімшартқа отырды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дастан Сәтпаев 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

🇰🇿 Дастан Сәтпаев Қазақстан U17 құрамасының сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді.

Капитанымызға сәттілік тілейміз! 🤞

#KFFTeam | #BizdinJigitter 💛💙 | #U17
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
57👍8🔥4
🔥 «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

😍 Үлкен футбол елордаға қайта оралды. 22 ақпан күні «Астана Аренада» Olimpbet-Қазақстан Респубикасының Суперкубогы матчымен жаңа маусым басталады.

Маусым ашар матчында ел чемпионы алматылық «Қайрат» пен Кубок иегері «Ақтөбе» кездеседі.

🎟 Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 500 теңгеден басталады.
😋 Қайрат 🆚 Ақтөбе 😘
🏆 Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы
📅 22.02.2025
🕒 15:00
🏟 «Астана Арена»
🎟 Zakazbiletov.kz сайты

#KFF | #KazakhstanSuperCup2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥213👍2
KFF Team pinned a photo
🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады

10 ақпан күні Қазақстан ұлттық құрамасы ОЖЖ аясындағы алғашқы жаттығуын сәтті өткізді. Бұл оқу-жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін Түркияның Белек қаласында жалғасады.

Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
27👍6🔥2