KFF Team
7.77K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
ҚФФ президенті Марат Омаров футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ЕУРО-2026 іріктеу турнирі аясында өтетін Даниямен матч қарсаңында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы және ойыншыларымен кездесті.

Марат Омаров бас бапкер Какамен және ойыншылармен сөйлесіп, команда мүшелерінің көңіл-күйін білді. Алдағы маңызды матчқа сәттілік тілеп, құраманың басты мақсаты – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу екенін айтты.

Сондай-ақ Марат Омаров елімізде футзалдың танымал екенін, халықаралық аренадағы жетістіктері жас спортшыларға үлгі екенін атап өтті. Бұған қоса, футзалдың одан әрі дамуына басымдық беруге ҚФФ жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын қабылдайды.

Ойын Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.
🔥17👍41
😍 Ертеңгі үйдегі ойынға дайынбыз!

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ойын алды жаттығу өткізді. Ертең, 5 ақпан 19:30-да осы паркетте Дания құрамасын қабылдаймыз.

🏆 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі
🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 QAZSPORT

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers
👍154🔥2
🏆 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘

😤 Данияда кеткен есені қайтаратын күн келді! Кешке даниялықтармен Астанада ойнаймыз ⚔️

Күшіміз – бірлікте! Алға, Қазақстан 💪

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі |6-топ
📆 05/02/2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 Qazsport

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanDenmark
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍275🔥1