KFF Team
7.77K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Кешегі кездесуден кейінгі турнир кестесі

🔜 Келесі ойын 5 ақпан күні үйде – Астанада Дания құрамасына қарсы өтеді

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers
24🤔6👎2
🔥 Дәурен Тұрсағұлов ұлттық құрама сапында 60 ойын өткізді

⚽️ Данияға қарсы өткен кездесу біздің Дәурен үшін ұлттық құрама сапындағы 60-матч болды.

🦾 Дәурен Тұрсағұлов Қазақстан ұлттық құрама намысын 2017 жылдан бері қорғап келе жатыр. Алғашқы ойынын Алматыда 2017 жылдың 8 сәуірінде Солтүстік Македонияға қарсы өткізген.

Жарайсың, Дәукіш 💪🏻🇰🇿

⚽️ 60 матч
🎯 17 гол


#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
29🔥2
📌 Ақпараттық хабарлама

Қазақстанда кәсіби футбол жарыстарын өткізу құқығын Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қайтару — басқаруды оңтайландырып, жарыстарды өткізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қадам.

Соңғы жылдары чемпионаттарға қатысу үшін төленетін жоғары жарна клубтарға қаржылық ауыртпалықты күшейтті. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бұл жарналарды 10%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс реформаның алғашқы қадамы ретінде қарастырылып отыр, алдағы уақытта жағдайға қарай осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жарналардың азаюы клубтарға қаржылық қиындықтарға алаңдамай, жарыстарға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://kff.kz/kk/news/26425
👍15🔥5
𝑺𝑶𝑳𝑫 𝑶𝑼𝑻

Футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясындағы 🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰 ойынына билеттер түгел сатылды

📅 Кездесу ертең, 5 ақпан күні 19:30-да Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 Qazsport

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanDenmark
👍234
ҚФФ президенті Марат Омаров футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ЕУРО-2026 іріктеу турнирі аясында өтетін Даниямен матч қарсаңында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы және ойыншыларымен кездесті.

Марат Омаров бас бапкер Какамен және ойыншылармен сөйлесіп, команда мүшелерінің көңіл-күйін білді. Алдағы маңызды матчқа сәттілік тілеп, құраманың басты мақсаты – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу екенін айтты.

Сондай-ақ Марат Омаров елімізде футзалдың танымал екенін, халықаралық аренадағы жетістіктері жас спортшыларға үлгі екенін атап өтті. Бұған қоса, футзалдың одан әрі дамуына басымдық беруге ҚФФ жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын қабылдайды.

Ойын Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.
🔥17👍41
😍 Ертеңгі үйдегі ойынға дайынбыз!

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ойын алды жаттығу өткізді. Ертең, 5 ақпан 19:30-да осы паркетте Дания құрамасын қабылдаймыз.

🏆 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі
🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 QAZSPORT

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers
👍154🔥2