KFF Team
7.76K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшілері

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады.

Нұрбол Жәрдемұлы – Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшы және үздік сұрмергені. Ол 526 кездесуде 167 гол соққан.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 58 матчқа қатысты.

2021-2023 жылдары Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды.

Қазіргі уақытта Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, ал сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.
29👍7👎2😁1
🔥 Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

🇰🇿🇩🇰 Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны қабылдайды. Матч Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.

🎟 Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1500 теңгеден басталады.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
👍17🔥41
Әли Әлиев: «Ұлттық құраманы жаттықтыру – мен үшін үлкен мәртебе»

🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев жаңа лауазымдағы жоспарлары туралы айтты.

«Қазір алдымызда екі маңызды міндеттеме бар. Біріншісі, жанкүйер алаңда барын салып күресетін құраманы көру керек.

Екіншісі, ұлттық құрамаға жастарды көбірек тартамыз. Қазірдің өзінде ұлттық құрамаға шақыртуға лайық, күтіп жүрген жас футболшыларымыз бар»

– деді Әли Ханалиұлы.

https://youtu.be/ujjqDvB3cHc?feature=shared
👏21👍8
💭 «Біз әр ойында мінез көрсетуге тырысамыз. Сондықтан бізге сеніңіздер!»

© Әли Ханалиұлы

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
46👍8👏4🔥3
Давид Лория: «ҚФФ QFL-мен келісімшартты бұзу құқығын заңды түрде іске асырып отыр»

Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті Давид Лория QFL-мен келісімшарттың бұзылуы және жарыстарды ұйымдастыру құқығының ҚФФ-ға қайтарылуы жөнінде түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Qazaqstan Football League (QFL) арасындағы келісімшартты бұзу процесі жүріп жатыр. Бұл келісім Премьер-лига, Кубок, Суперкубок, сондай-ақ Бірінші және Екінші лига клубтарының біріншіліктерін ұйымдастыру құқығына қатысты. Сонымен қатар, QFL-ге уақытша берілген жарыстардың коммерциялық және медиақұқықтары да ҚФФ-ға қайтарылады.

Қазір футбол қауымдастығы мен әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Сол себепті ҚФФ жағдайды ашық түсіндіргісі келеді. Өйткені ҚФФ әрдайым ашықтық пен айқындық қағидаларын ұстанады.

Ел футболын басқару құқығы тек ҚФФ-ға берілген. Өйткені ҚФФ – Туризм және спорт министрлігінің аккредитациясынан өткен жалғыз мекеме. Бұдан бөлек, ҚФФ – Қазақстанның УЕФА және ФИФА-дағы жалғыз ресми өкілі. Осы мәртебе Федерацияға елдегі барлық ресми футбол жарыстарын ұйымдастыруға айрықша құқық береді.

QFL бұған дейін Қазақстандағы кәсіби футбол жарыстарын ұйымдастырумен айналысып келді. Лигаға уақытша берілген құқықтар оның осы жұмыстарды атқаруына мүмкіндік жасады.

Алайда он жыл ішінде QFL-дің жұмысына қатысты проблемалар болды. Жанкүйерлердің наразылығы, өңірлік клубтардың қиындықтарға ұшырауы және басқа да жағдайлар отандық футболдың дамуына кері әсерін тигізді. Нәтижесінде, ҚФФ бұл мәселелерге моральдық әрі ақпараттық тұрғыда жауап беруге мәжбүр болды. Осыған байланысты ҚФФ келісімшарттағы шарттарды басшылыққа ала отырып, оны бұзу құқығын пайдаланып отыр. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі келісім бостандығы және таңдау еркіндігі қағидаларына толық сәйкес келеді.

Ел арасында ҚФФ QFL-ді «жабуға» тырысып жатыр деген пікір айтылып жүр. Бұл – қате түсінік. Заң бойынша мұндай әрекет мүмкін емес. Шын мәнінде ҚФФ кәсіби футбол жарыстарын ұйымдастыру құқығын қайтарып алып, оларды өз құрылымына енгізуде. Бұл чемпионаттардың сапасын арттыруға, трансляцияларды жақсартуға, аймақтық клубтарға қолдауды күшейтуге және ҚФФ президенті Марат Омаровтың бағдарламасындағы реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


https://kff.kz/ru/news/26419
👍302
🏆 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘

😤 Жаңа жылдағы алғашқы ойын күні: бүгін біздің жігіттер футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Дания құрамасымен кездеседі.

Күшіміз – бірлікте! Алға, Қазақстан 💪

🇩🇰 Дания – Қазақстан 🇰🇿
🌏 ЕУРО-2026 Іріктеу кезеңі |6-топ
📆 01/02/2025 | 19:00
📍 Броагер Спарекассе Скансен, Сённерборг
📺 Qazsport

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #DenmarkKazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍269🔥3
Игита бүгін ойнамайды

Капитанымыз Лео Игита Данияға ұшар алдында тамақтан улануына байланысты Астанада қалып, бүгінгі ойынға қатыса алмайтынын хабарлаймыз.

Сондай-ақ 5 ақпан күні өз алаңымызда өтетін матчында ойнауы екіталай.

Тезірек сауығып кетуіңді тілейміз, кэп! Біз біргеміз! 🙏🏻
😢36👍74👎1
📋 Кака бапкер Дания құрамасына қарсы осындай құрам шығарды

🇩🇰🇰🇿 19:00-де бастаймыз. QazSport қосулы болсын!

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #DenmarkKazakhstan
🔥21👍63
Сырт алаңда жеңіліс таптық

🇩🇰 Дания 3:2 Қазақстан 🇰🇿
⚽️ [1]:0 Фогт 27’
⚽️ 1:[1] Серіков 31’
⚽️ [2]:1 Юссеф 34’
⚽️ [3]:1 Юссеф 38’
⚽️ 3:[2] Тұрсағұлов 40’

Біздің жігіттер үшін қолдауларыңыз маңызды, қазақ елі! Баршаңызды 5 ақпан күні үйдегі ойында күтеміз!

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #DenmarkKazakhstan
34😁11👍5👎5🎉3
Кешегі кездесуден кейінгі турнир кестесі

🔜 Келесі ойын 5 ақпан күні үйде – Астанада Дания құрамасына қарсы өтеді

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers
24🤔6👎2
🔥 Дәурен Тұрсағұлов ұлттық құрама сапында 60 ойын өткізді

⚽️ Данияға қарсы өткен кездесу біздің Дәурен үшін ұлттық құрама сапындағы 60-матч болды.

🦾 Дәурен Тұрсағұлов Қазақстан ұлттық құрама намысын 2017 жылдан бері қорғап келе жатыр. Алғашқы ойынын Алматыда 2017 жылдың 8 сәуірінде Солтүстік Македонияға қарсы өткізген.

Жарайсың, Дәукіш 💪🏻🇰🇿

⚽️ 60 матч
🎯 17 гол


#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
29🔥2
📌 Ақпараттық хабарлама

Қазақстанда кәсіби футбол жарыстарын өткізу құқығын Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қайтару — басқаруды оңтайландырып, жарыстарды өткізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қадам.

Соңғы жылдары чемпионаттарға қатысу үшін төленетін жоғары жарна клубтарға қаржылық ауыртпалықты күшейтті. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бұл жарналарды 10%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс реформаның алғашқы қадамы ретінде қарастырылып отыр, алдағы уақытта жағдайға қарай осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жарналардың азаюы клубтарға қаржылық қиындықтарға алаңдамай, жарыстарға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://kff.kz/kk/news/26425
👍15🔥5
𝑺𝑶𝑳𝑫 𝑶𝑼𝑻

Футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі аясындағы 🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰 ойынына билеттер түгел сатылды

📅 Кездесу ертең, 5 ақпан күні 19:30-да Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
📺 Qazsport

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEUROQualifiers | #KazakhstanDenmark
👍234
ҚФФ президенті Марат Омаров футзалдан Қазақстан құрамасымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ЕУРО-2026 іріктеу турнирі аясында өтетін Даниямен матч қарсаңында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы және ойыншыларымен кездесті.

Марат Омаров бас бапкер Какамен және ойыншылармен сөйлесіп, команда мүшелерінің көңіл-күйін білді. Алдағы маңызды матчқа сәттілік тілеп, құраманың басты мақсаты – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу екенін айтты.

Сондай-ақ Марат Омаров елімізде футзалдың танымал екенін, халықаралық аренадағы жетістіктері жас спортшыларға үлгі екенін атап өтті. Бұған қоса, футзалдың одан әрі дамуына басымдық беруге ҚФФ жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын қабылдайды.

Ойын Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.
🔥17👍41