KFF Team
7.76K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
#BizdinJigitter іске кірісті! 😍🇰🇿

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында біздің жігіттер ақпан айында Данияға қарсы екі матч өткізеді.

🇩🇰 Дания – Қазақстан 🇰🇿
📆 01.02.2025 | 19:00
📍 Броагер Спарекассе Скансен, Сённерборг



🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана

#KFFTeamFutsal | #FutsalEUROQualifiers
👍217🔥6
🎙️ Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа қызметтегі жоспарын бөлісіп, құрамалардағы өзгерістер туралы айтып берді.

Сұхбатты толық оқу үшін: https://kff.kz/kk/news/26413
11👍3
Давид Лория: «Трансляция мен төрешіліктің деңгейін арттыруға күш саламыз»

Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті Давид Лория ҚФФ төрешілік жүйесін реформалау мен чемпионатты ұйымдастыру жөніндегі жоспарын бөлісті.

https://kff.kz/kk/news/26415
😁13👍41👎1
📌 ҚФФ президенті Марат Омаров Ұлттық құрамалар базасына іс-сапармен барды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Талғар қаласындағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасына жұмыс сапарымен барып, оның қазіргі жағдайымен танысты.

Іс-сапар барысында ҚФФ басшысы инфрақұрылымды жетілдірудің маңызын атап өтіп, базаны жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, кешеннің материалдық-техникалық базасын жақсарту және қаржыландыру жүйесін жүйелі қалыпқа келтіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық құрамалар базасында 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер академиясының ойыншылары жаттығады. Марат Омаров академияның Стюарт Холл бастаған жаттықтырушылар штабымен кездесіп, болашақ жоспарларды талқылады. Сондай-ақ U-16 академиясының жұмысына ерекше назар аударды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті балалар мен жасөспірімдер спортын жан-жақты қолдау және жүйелі түрде дамыту басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

#KFF | #KFFAcademy
👍24👎53
Қатарға Лео қосылды 😍

🇩🇰🛬 Ұлттық құрама Данияда. Жоспар бойынша бүгін команда ойын алды жаттығуын өткізеді.

🔜 Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстан құрамасы Даниямен сырт алаңда кезедссе, 5 ақпан күні Астанада қабылдайды.

‼️ 5 ақпанда өтетін матчтың билеттері бүгін, 31 қаңтарда сатылымға шығады.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
👍174🔥1