KFF Team
7.76K subscribers
4.96K photos
220 videos
782 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
☄️ Кеше футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының жігіттері Қырғызстанның қақпасына осындай керемет голдар соқты 😍

🔜 Бүгін қос құрама екінші жолдастық матчын өткізеді.

🇰🇿 U19 🆚 🇰🇬 U19
📍 «Олимпия» спорт кешені, Түркістан
📅 25.01.2025 | 17:00
🎥 Live: ҚФФ YouTube арнасы
👍26
💪🏻 Қазақстан U-19 құрамасы екінші ойында да жеңіске жетті

🇰🇿 7:2 🇰🇬
⚽️ 8’ Хасен (1:0)
⚽️ 10’ Тарасенко (2:0)
⚽️ 22’ Сейітнұр (3:0)
⚽️ 24’ Калачев (4:0)
⚽️ 29’ Тасболат (5:0)
⚽️ 33’ Абдумажидов (5:1)
⚽️ 34’ Гайдаржи (6:1)
⚽️ 38’ Айдар (7:1)
⚽️ 39’ Салымбеков (7:2)

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #U19
31🔥6👍3
🔥 Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 16 ойыншы енді.

🔜 Оқу-жаттығу жиыны ертең, 27 қаңтарда Астанада басталады. 29-күні команда Сённерборгқа аттанады.

Еске сала кетейік, ақпан айында біздің жігіттер Данияға қарсы матч өткізеді.

🇩🇰 Дания – Қазақстан 🇰🇿
📆 01.02.2025 | 19:00
📍 Броагер Спарекассе Скансен, Сённерборг



🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
22🔥5
Жиын басталды 😍

🇰🇿 Футзалдан Қазақстан құрамасы Астанада жиналды. #BizdinJigitter бүгін бірінші жаттығуын өткізеді. Жігіттер жиынды сағынып қалыпты 🥹

🎥 Бірінші күннің күнделігін біздің YouTube парақшамыздан көруге болады

https://youtu.be/LKxR3RZkjRQ?si=pA9JVfylY9ZLoJo7
👍103
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.
👍66🎉13🔥76👎1😱1😢1
Руслан Балтиев ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі жаттықтырушысы Руслан Балтиев тағайындалды.

Футболшы мансабында Балтиев «Қайнар», «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Аксесс-Голден Грейн» және «Тобыл» секілді клубтарда ойнаған. Сонымен қатар, ол Ресейдің «Сокол», «Динамо», «Москва», «Шинник» және «Жемчужина» командаларында өнер көрсетті.

1997-2009 жылдар аралығында Руслан Тахирұлы Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 72 матчта 13 гол соққан. Ұзақ уақыт бойы ол ұлттық құрамада ең көп матч өткізген және сұрмергені болып келді.

Футболшы мансабын аяқтаған соң «Оқжетпес», «Қайсар» және «Жетісу» клубтарында спорт директоры қызметін атқарды. 2022-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі болды. 2024 жылдың сәуірінен қыркүйек айына дейін Ресейдің «Ахмат» клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет етті.
👍44👎82
#BizdinJigitter іске кірісті! 😍🇰🇿

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында біздің жігіттер ақпан айында Данияға қарсы екі матч өткізеді.

🇩🇰 Дания – Қазақстан 🇰🇿
📆 01.02.2025 | 19:00
📍 Броагер Спарекассе Скансен, Сённерборг



🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана

#KFFTeamFutsal | #FutsalEUROQualifiers
👍217🔥6
🎙️ Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаңа қызметтегі жоспарын бөлісіп, құрамалардағы өзгерістер туралы айтып берді.

Сұхбатты толық оқу үшін: https://kff.kz/kk/news/26413
11👍3
Давид Лория: «Трансляция мен төрешіліктің деңгейін арттыруға күш саламыз»

Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті Давид Лория ҚФФ төрешілік жүйесін реформалау мен чемпионатты ұйымдастыру жөніндегі жоспарын бөлісті.

https://kff.kz/kk/news/26415
😁13👍41👎1
📌 ҚФФ президенті Марат Омаров Ұлттық құрамалар базасына іс-сапармен барды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Талғар қаласындағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасына жұмыс сапарымен барып, оның қазіргі жағдайымен танысты.

Іс-сапар барысында ҚФФ басшысы инфрақұрылымды жетілдірудің маңызын атап өтіп, базаны жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, кешеннің материалдық-техникалық базасын жақсарту және қаржыландыру жүйесін жүйелі қалыпқа келтіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық құрамалар базасында 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер академиясының ойыншылары жаттығады. Марат Омаров академияның Стюарт Холл бастаған жаттықтырушылар штабымен кездесіп, болашақ жоспарларды талқылады. Сондай-ақ U-16 академиясының жұмысына ерекше назар аударды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті балалар мен жасөспірімдер спортын жан-жақты қолдау және жүйелі түрде дамыту басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

#KFF | #KFFAcademy
👍24👎53