⚡️ Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды.
Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының басшысы болып сайланды.
Марат Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келді. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияның Йорк университетін «Философия, саясаттану және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітіріп, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
▶️ 2012-2014 жылдары - Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
▶️ 2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
▶️ 2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.
▶️ 2017-2019 жылдары - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).
▶️ 2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
▶️ 2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды.
▶️ 2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
#KFF

🤮38👏16👍7👎3❤1
Ғани Қайназаров – ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің жаңа директоры
Танымал футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды.
Ғани Әділханұлы бұл қызметін 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын. Оның басшылығы кезінде Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 2016 жылы команда ФИФА рейтингінде рекордтық 83-орынға көтеріліп, ұлттық құраманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты.
Футболшы кезінде Ғани Қайназаров «Тараз», «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Тараз» және «Астана» футбол клубтарында жетекшілік қызметін атқарды.

👍17👎5❤2😱1🤮1
ҚФФ ресми мәлімдемесі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

👎86👍5❤3🔥2🤮2
Перемитин КФФ төрешілік және қадағалау департаментінің директоры қызметінен кетті
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Александр Перемитин өз қалауымен қызметінен кетті.
Александр Перемитин бұл лауазымға 2022 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.
Қазақстан футбол федерациясы Александр Ивановичке атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, оған табыс пен үлкен жетістіктер тілейді!

👍23
Мемлекет басшысы Қазақстан футбол федерациясының президентін қабылдады
Марат Омаров отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.
➖
Глава государства принял президента КФФ
Марат Омаров ознакомил с планами по повышению потенциала отечественного футбола и поддержке детско-юношеского спорта.

❤14👍6
⚡️ Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы ОЖЖ өткізеді
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркістанда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жиын 14-26 қаңтар күндері Түркістан қаласының Олимпиадалық орталығында ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака бастауымен өтеді.
🇰🇿🇰🇬 Жиын барысында 24 және 25 қаңтарда Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық кездесу жоспарланған.
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙

👍12🔥3❤1🤩1
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады.
Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.
1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.
Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич «Астана» футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және «Super Bol» жобасында басшылық қызметтер атқарды.
2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.

🔥26🤮8👍7👎1👏1
Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.
2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.

👍31🤮10👎4
Кездесулер тарихы ⚔️
🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының жаңа маусымында «С» лигасында 3-топта Люксембург W , Армения W және Лихтенштейн W құрамаларымен ойнайды.
Бұл топта тек Лихтенштейн W құрамасымен кездеспегенбіз. Алғашқы кездесу биылғы іріктеу кезеңінде өтеді. Люксембург W пен Армения W бізге таныс қарсыластар.
Люксембургпен бір мәрте ғана кездесіп, жеңіске жеттік. Ал Армениямен 7 рет жолымыз түйіскен. Оның 5-нде Қазақстан жеңсе, бір ойында Армения ұтып, тағы бір кездесу тең аяқталған.
🇰🇿 Қазақстан W– Люксембург W 🇱🇺 3:0
⚽️ Ялова (дубль), Ли
🌏 UEFA Future Women’s Tournament
📆 12/05/2008
➖
🇰🇿 Қазақстан – Армения 🇦🇲 2:0
⚽️ Қырғызбаева, Кәрібаева
🌏 UEFA Future Women’s Tournament
📆 16/05/2009
➖
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿 2:1
⚽️ Артин, Хачатирян – Қырғызбаева
🤝 Жолдастық ойын
📆 12/06/2021
➖
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿 0:3
⚽️ Қырғызбаева, Бортникова, Тұрлыбекова
🤝 Жолдастық ойын
📆 15/06/2021
➖
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿 1:2
⚽️ Асатрян – Тұрлыбекова, Орынбасарова
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 26/09/2023
➖
🇰🇿 Қазақстан – Армения 🇦🇲 4:1
⚽️ Мясникова (дубль), Гайстенова, Құлмағамбетова
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 05/12/2023
➖
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿 2:1
⚽️ Далакян, Артин – Құлмағамбетова
🌏 ЕУРО-2025. С Лигасы
📆 31/05/2024
➖
🇰🇿 Қазақстан – Армения 🇦🇲 4:1
⚽️ Бурова, Гайстенова (дубль), Тұрлыбекова
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 04/06/2024
#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙 | #UEFAWomensNationsLeague
Бұл топта тек Лихтенштейн W құрамасымен кездеспегенбіз. Алғашқы кездесу биылғы іріктеу кезеңінде өтеді. Люксембург W пен Армения W бізге таныс қарсыластар.
Люксембургпен бір мәрте ғана кездесіп, жеңіске жеттік. Ал Армениямен 7 рет жолымыз түйіскен. Оның 5-нде Қазақстан жеңсе, бір ойында Армения ұтып, тағы бір кездесу тең аяқталған.
🌏 UEFA Future Women’s Tournament
📆 12/05/2008
➖
🌏 UEFA Future Women’s Tournament
📆 16/05/2009
➖
📆 12/06/2021
➖
📆 15/06/2021
➖
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 26/09/2023
➖
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 05/12/2023
➖
🌏 ЕУРО-2025. С Лигасы
📆 31/05/2024
➖
🌏 УЕФА Ұлттар лигасы. С Лигасы
📆 04/06/2024
#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙 | #UEFAWomensNationsLeague
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20
✅ Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті
🤝 Ертең, 25 қаңтарда сағат 17:00-де екінші ойын өтеді. Өтетін орны – Түркістан қаласы, «Олимпия» спорт кешені. Кіру тегін.
🇰🇿 2:0 🇰🇬
⚽️ Исмаилов
⚽️ Гайдаржи
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #U19

❤26👍8
☄️ Кеше футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының жігіттері Қырғызстанның қақпасына осындай керемет голдар соқты 😍
🔜 Бүгін қос құрама екінші жолдастық матчын өткізеді.
🇰🇿 U19 🆚 🇰🇬 U19
📍 «Олимпия» спорт кешені, Түркістан
📅 25.01.2025 | 17:00
🎥 Live: ҚФФ YouTube арнасы

👍26
💪🏻 Қазақстан U-19 құрамасы екінші ойында да жеңіске жетті
🇰🇿 7:2 🇰🇬
⚽️ 8’ Хасен (1:0)
⚽️ 10’ Тарасенко (2:0)
⚽️ 22’ Сейітнұр (3:0)
⚽️ 24’ Калачев (4:0)
⚽️ 29’ Тасболат (5:0)
⚽️ 33’ Абдумажидов (5:1)
⚽️ 34’ Гайдаржи (6:1)
⚽️ 38’ Айдар (7:1)
⚽️ 39’ Салымбеков (7:2)
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #U19
🇰🇿 7:2 🇰🇬
⚽️ 8’ Хасен (1:0)
⚽️ 10’ Тарасенко (2:0)
⚽️ 22’ Сейітнұр (3:0)
⚽️ 24’ Калачев (4:0)
⚽️ 29’ Тасболат (5:0)
⚽️ 33’ Абдумажидов (5:1)
⚽️ 34’ Гайдаржи (6:1)
⚽️ 38’ Айдар (7:1)
⚽️ 39’ Салымбеков (7:2)
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #U19
❤31🔥6👍3
🔥 Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
✅ Тізімге 16 ойыншы енді.
🔜 Оқу-жаттығу жиыны ертең, 27 қаңтарда Астанада басталады. 29-күні команда Сённерборгқа аттанады.
Еске сала кетейік, ақпан айында біздің жігіттер Данияға қарсы матч өткізеді.
🇩🇰 Дания – Қазақстан 🇰🇿
📆 01.02.2025 | 19:00
📍 Броагер Спарекассе Скансен, Сённерборг
➖
🇰🇿 Қазақстан – Дания 🇩🇰
📆 05.02.2025 | 19:30
📍 Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана
#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO

❤22🔥5