Каскор-Машзавод
122 subscribers
2.46K photos
342 videos
39 files
438 links
Download Telegram
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спартакиаданың алғашқы күні.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Жыл сайынғы дәстүрімізге айналған холдингішілік спартакиада жарыстарындағы басты спорт түрлерінің бірі - жүк көтеру. Біздіңше айтқанда, қошқар көтеру. Ұлттық спорт түрі саналатын бұл бәсекенің де өзіндік тартымдылығы бар. Ең бастысы, ол - біздің Балуан Шолақ және Қажымұқан тәрізді батыр бабаларымыздан қалған дәстүр. Міне, сол дәстүрді лайықты жалғастырған Ахмадиев Орал тәрізді әріптестеріміз бүгін көпшіліктің құрметіне бөленді. Жүк көтеру байқауының нәтижесі бойынша  ҚазМұнайГаз Бурение 1-орынды, МұнайФилдСервис 2-орынды, МұнайКөлік 3-орынды иеленді.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Спартакиаданың екінші күні қол күрестіру бәсекесімен басталды. Бірінен - бірі басым түсу үшін барын салған білекті жігіттер тартысы өте қызықты өтті. Ақыры ақтық нәтиже де анықталды. КТМС командасынан Байсмаков Достан жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Биылғы спартакиаданың бір ерекшелігі - брейн-ринг интеллектуалдық ойыны болды. Мысалға, "Екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақтың қаhарман қызы Мәншүк Мәметованың шын есімі қалай?" - деген сұрақтың өзі ойынға қатысушыларды ойландырып тастады. Жұрттың бәрі бір сәтке бәрін ұмытып, өткен тарихымызды ой елегінен өткізді. Қара күш пен шапшаңдақ емес, білімділік пен ой ұшқырлығы сынға түсетін осындай тамаша ойын барысында KazPetroDrilling мекемесі 1-орын алды , 2-орынды, ҚазМұнайГаз-Бурение, 3-орынды ТрубРемЦентр иеленді .
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Еншілес компаниялар тобындағы ұжымаралық бірлік пен ынтымақты паш еткен спартакиадамыз да аяқталды. Екі күнге созылған ойындар барысы қорытындыланды. "KazPetroDrilling" АҚ Президенті Гайдар Нұртасұлы жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, жеңімпаз командалар мен жекелеген номинациялар бойынша үздік өнер көрсеткен спортшыларға арнайы дипломдар және сыйлықтар табыстады.
Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға Бұрғылау командасы, екінші орынға Каскор-Машзавод командасы, ал үшінші орынға ЖигерМунайСервис командасы лайық деп танылды.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Спартакиада жарыстарындағы кезекті спорт түрлерінің бірі - үстел теннисі аяқталды. Жарыс нәтижесі мынадай болды: Бұрғылау командасы 1-орын, ҚазМұнайгаз-Бурение командасы 2-орын, Каскор-Машзавод командасы 3-орын.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Спорт түрлерінің арасында футболдың орны бөлек. Себебі ол - үлкен-кішінің бәрі жақсы көретін жалпыхалықтық спорт.
Жылдағы үрдіске сай ұйымдастырылған футбол додасы биыл да барынша қызықты болып өтті. Команда болып доп ойнауға машықтанған әріптестеріміз ұжымдық бірлік пен тамаша техниканың үлгісін көрсетті. Кеше басталған жарыс бүгін сәтті аяқталып, ойын нәтижелері шығарылды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Бұрғылау командасы 1-орынды, Каскор-Машзавод командасы 2-орынды және ЖигерМұнайСервис командасы 3-орынды иеленді.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Холдингішілік спартакиаданың аяқталуына орай Grand asia мейрамханасында салтанатты бас қосу шарасы ұйымдастырылды. Кеш барысында Холдинг және еншілес компаниялар басшылары сөз алып, құттықтау лебіздерін жеткізді. Бақ пен бап қатар шапқан спорт жарыстарында үздік шыққан жеңімпаздар марапатталды.
Командалық рух пен ұжымаралық ынтымақтың үлгісіне айналған спартакиада дәстүрі келесі жылы да жалғасын табады деп сенеміз. Өйткені ол көпшіліктің көңілінде жарқын ізін қалдырды.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спартакиаданың екінші күні.
Forwarded from Burgylau
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖАҢАӨЗЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨПТЕН КҮТКЕН СУ ТҰЩЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевпен бірлесіп жаңа су тұшыту зауытының құрылысын бастады. Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын Тоқмақ (Қарақия ауданы) жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласы Еділ суын Қиғаш өзені арқылы "Астрахан-Маңғышлақ" құбырынан алып, тұтынады. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекендердің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына байланысты жылдан-жылға артуда.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
«KazPetroDrilling» Холдингіндегі ақпараттық технологиялар қызметінің биылғы басты жаңалығы eKPD Portal жүйесінің енгізілуі болды. Бас кеңседегі IT қызметінің ұйғарымы бойынша қолға алынған бұл бастамаға компаниядағы барлық бөлім қызметкерлері атсалысты. Бірлесіп атқарылған жоба нәтижесі бүкіл ұжымның көңілінен шықты.
Бүгін Холдингтің Алматыдағы бас кеңсесінде осы жобаның іске асуына атсалысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. «KazPetroDrilling» АҚ Президенті Гайдар Нұртасұлы Адамсопиев ортақ істе белсенділік танытқан бірқатар бөлім мамандарына «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар тапсырды.
Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз!
Forwarded from KMG Burgylau
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 Кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында Атырауда «ББББ – ҚМГБ: Табысқа апарар жол» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітапта жақында өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен көне кәсіпорын атақты Балықшы барлау бұрғылау басқармасы (ББББ) мысалында Қазақстандағы бұрғылау саласының қалыптасу және даму тарихы баяндалады. Онда Каспий аймағындағы бұрғылау өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы туралы көптеген материалдар бар, Орал-Ембі мұнайының игерілу тарихынан алғаш рет сирек деректер жарияланды.

Кітапта Балықшы барлау бұрғылау басқармасының бұрғылаушылары ғана емес, оның мұрагері «ҚазМұнайГаз-Бұрғылаудың» қызметі туралы да айтылады. Олардың барлығы да өз еңбектерімен еліміздің әлемдік мұнай державаларының қатарына қосылуына мүмкіндік берген Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі өзегі – мұнай саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Forwarded from KMG Burgylau
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 Мекеме мұнайшылар күнін атап өтті
Forwarded from KMG Burgylau
Кәсіби мереке – Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында Атырауда «ББББ – ҚМГБ: Табысқа апарар жол» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта Балықшы барлау бұрғылау басқармасының бұрғылаушылары ғана емес, оның мұрагері «ҚазМұнайГаз-Бұрғылаудың» қызметі туралы да айтылады.

Тұсаукесер рәсімін ашқан «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» бас директоры Дінмұхамед Шәріпбаев еңбек ардагерлері мен кәсіпорын ұжымын келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, олардың кітаптың дүниеге келуіне қосқан үлестерін атап өтті.

«Кітапта ардагерлеріміздің, талантты мамандар мен өндірісті ұйымдастырушылардың құнды естеліктері жазылған, бұл кітаптан жерасты көкжиектерін игеруге қатысқандардың биік рухын сезінуге болады, - деп атап өтті Д.Шәріпбаев - «Бұл басылымда жоғары кәсібилік, таңдалған кәсіпке адалдық туралы, жер қойнауын игерушілердің қандай қиындықтарды жеңіп, қандай қиындықтарға тап болғаны туралы жазылған».

Кітапта 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың бірінші жартысындағы Орал-Ембі өңірінде еліміздің мұнай өнеркәсібінің пайда болуының негізгі тарихи кезеңдерімен қатар, тікелей мұнай және газ кен орындарының ашылуы туралы айтылады.

Саланың күрделілігіне қарамастан, кітап қарапайым, қолжетімді және түсінікті тілде жазылған. Басылым бірегей фотосуреттермен безендірілген және қалың оқырманға арналған.

Іс-шара аясында сала ардагерлері, мекеменің үздік бригадалары, өз мамандығының үздіктері марапатталып оларға құрмет гаромталары мен компания атынан «Ерен еңбегі үшін» атты медалі табысталды.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар және сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады

Маңғыстауда "KazPetroDrilling" АҚ компаниясының 17 млрд теңгеден астам инвестиция бөлуімен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады. Жаңаөзен қаласында бой көтеретін өндірісті 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен "KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырлар мен 540 мың сорғы штангаларын шығаруға жететін болады. Жобаның құрылыс кезінде 150-ден астам жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 330 жұмыс орны құрылады.

"KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов бұл жобаның маңыздылығын, оны іске асыру импорт алмасу және өңірлік кадрларды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.