Каскор-Машзавод
122 subscribers
2.46K photos
342 videos
39 files
438 links
Download Telegram
Forwarded from KPD, MHI & KBI
«KazPetroDrilling» Холдингіндегі ақпараттық технологиялар қызметінің биылғы басты жаңалығы eKPD Portal жүйесінің енгізілуі болды. Бас кеңседегі IT қызметінің ұйғарымы бойынша қолға алынған бұл бастамаға компаниядағы барлық бөлім қызметкерлері атсалысты. Бірлесіп атқарылған жоба нәтижесі бүкіл ұжымның көңілінен шықты.
Бүгін Холдингтің Алматыдағы бас кеңсесінде осы жобаның іске асуына атсалысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. «KazPetroDrilling» АҚ Президенті Гайдар Нұртасұлы Адамсопиев ортақ істе белсенділік танытқан бірқатар бөлім мамандарына «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар тапсырды.
Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз!
Forwarded from KMG Burgylau
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 Кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында Атырауда «ББББ – ҚМГБ: Табысқа апарар жол» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітапта жақында өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен көне кәсіпорын атақты Балықшы барлау бұрғылау басқармасы (ББББ) мысалында Қазақстандағы бұрғылау саласының қалыптасу және даму тарихы баяндалады. Онда Каспий аймағындағы бұрғылау өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы туралы көптеген материалдар бар, Орал-Ембі мұнайының игерілу тарихынан алғаш рет сирек деректер жарияланды.

Кітапта Балықшы барлау бұрғылау басқармасының бұрғылаушылары ғана емес, оның мұрагері «ҚазМұнайГаз-Бұрғылаудың» қызметі туралы да айтылады. Олардың барлығы да өз еңбектерімен еліміздің әлемдік мұнай державаларының қатарына қосылуына мүмкіндік берген Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі өзегі – мұнай саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Forwarded from KMG Burgylau
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 Мекеме мұнайшылар күнін атап өтті
Forwarded from KMG Burgylau
Кәсіби мереке – Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында Атырауда «ББББ – ҚМГБ: Табысқа апарар жол» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта Балықшы барлау бұрғылау басқармасының бұрғылаушылары ғана емес, оның мұрагері «ҚазМұнайГаз-Бұрғылаудың» қызметі туралы да айтылады.

Тұсаукесер рәсімін ашқан «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» бас директоры Дінмұхамед Шәріпбаев еңбек ардагерлері мен кәсіпорын ұжымын келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, олардың кітаптың дүниеге келуіне қосқан үлестерін атап өтті.

«Кітапта ардагерлеріміздің, талантты мамандар мен өндірісті ұйымдастырушылардың құнды естеліктері жазылған, бұл кітаптан жерасты көкжиектерін игеруге қатысқандардың биік рухын сезінуге болады, - деп атап өтті Д.Шәріпбаев - «Бұл басылымда жоғары кәсібилік, таңдалған кәсіпке адалдық туралы, жер қойнауын игерушілердің қандай қиындықтарды жеңіп, қандай қиындықтарға тап болғаны туралы жазылған».

Кітапта 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың бірінші жартысындағы Орал-Ембі өңірінде еліміздің мұнай өнеркәсібінің пайда болуының негізгі тарихи кезеңдерімен қатар, тікелей мұнай және газ кен орындарының ашылуы туралы айтылады.

Саланың күрделілігіне қарамастан, кітап қарапайым, қолжетімді және түсінікті тілде жазылған. Басылым бірегей фотосуреттермен безендірілген және қалың оқырманға арналған.

Іс-шара аясында сала ардагерлері, мекеменің үздік бригадалары, өз мамандығының үздіктері марапатталып оларға құрмет гаромталары мен компания атынан «Ерен еңбегі үшін» атты медалі табысталды.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар және сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады

Маңғыстауда "KazPetroDrilling" АҚ компаниясының 17 млрд теңгеден астам инвестиция бөлуімен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады. Жаңаөзен қаласында бой көтеретін өндірісті 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен "KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырлар мен 540 мың сорғы штангаларын шығаруға жететін болады. Жобаның құрылыс кезінде 150-ден астам жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 330 жұмыс орны құрылады.

"KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов бұл жобаның маңыздылығын, оны іске асыру импорт алмасу және өңірлік кадрларды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Фотографии Спартакиады.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Қазан айының 3-жұлдызында Жаңаөзен қаласында қос мерейтойға арналған үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Жаңаөзен қаласының 55 жылдығы және "Алға" мүгедектер спорт клубының құрылғанына 30 жыл толуына орай волейбол жарысы өткізілді. Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов мырзалар қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Бұл жарыстың басты ерекшелігі - Холдинг пен еншілес компаниялар басшылары мүмкіндігі шектеулі жандармен бірлесіп ойнады. Дәлірек айтқанда, "КазПетроДриллинг" АҚ вице-президенті Ербол Айтуов, "ТрубРемЦентр"ЖШС Бас директоры Жандос Ғазиз және "КазПетроДриллинг" АҚ қаржы менеджері Темірлан Станбаев секілді азаматтар қол арбаға таңылған спортшылармен бірге өнер көрсетті.
Мүгедек спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Forwarded from KPD, MHI & KBI
Маңғыстау облысы бойынша "KazPetroDrilling” АҚ вице-президенті қызметі лауазымына Ербол Әбдіәшімұлы Айтуов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайырбек Сағынбайұлы өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарып, зейнеткерлік демалысына шықты.
Forwarded from MunaiFieldService
24 сәуірде Маңғыстау облысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыттың болашақ негізіне капсула қаланды.

Капсула салу рәсіміне "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев , "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев, "KazPetroDrilling" АҚ Маңғыстау облысы бойынша вице-президенті Ербол Айтуов, "Каскор-Машзавод" ЖШС бас директоры Болат Арқаров қатысқан.