Candidate Kairov
4.62K subscribers
14.7K photos
1.61K videos
1.67K links
Қазақстандық футболға шетелден көзқарас
Download Telegram
Candidate Kairov
🐺 «Қайсар» клубында да өзгеріс 🔁 Қызылордалық клуб та жаңа маусым алдында логотипін өзгертті. 🐺 «Қасқырлар» қазір Біріккен Араб Әмірлігінде ОЖЖ өткізуде. Алдағы уақытта жергілікті «Әл-Иттифак» командасымен және Өзбекстан чемпионатындағы «Динамо Самарқандпен»…
♻️ Баяғы логотипіне қайта оралды

🐺 «Қайсар» клубы қайтадан баяғы логотипіне оралғанын хабарлады.

Команданың эмблемасына
қатысты әлеуметтік желілерде жазылған ұсыныс-
пікірлер назардан тыс қалмаған екен. Жанкүйерлер талабын ескере отырып, клубтың спорт директоры бұл ұсыныстарды «Қайсар» футбол клубының меншік иесі Исламғали Айтуарұлына
жеткізді. Нәтижесінде фанаттардың ұсынысы
мақұлданып, клубтың дәстүрлі эмблемасы қайта
қалпына келтірілді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1510😁6👎1🔥1
🏆 Лукас Африко — «Қайрат» ойыншысы

🤝 «Қайрат» футбол клубы бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойылғанын қуана хабарлайды. Келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

🇧🇷 Лукас Энрике да Силва Сан-Паулу қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы Гуаральюстағы «Фламенго» клубында бастаған. Кейін «Сантос» пен «Лондрина» сынды танымал бразилиялық клубтардың намысын қорғады.

🔜 2018 жылы Еуропаға ауысып, Португалия чемпионатында «Маритиму» мен «Эшторил» құрамында бірнеше маусым өнер көрсетті. 2023 жылы Әзірбайжанның «Габала» клубында ойнап, кейін Португалияға оралып, «Фаренсе» клубымен келісімшарт жасасты. Португалияның жоғары дивизионында жалпы 75 матч өткізіп, үш гол соқты.

Бразилиялық қорғаушының соңғы клубы Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ван Спор» болды. Онда 11 матч өткізді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
12🔥6👍1🥰1
Қожахмет және оның достары

Жеке әңгімеге шықпас бұрын, қарсы тарап мәселені көпшілік алдында көтеруді жөн көрді. Менің ұсынысым – дебат. Бірақ жауап болмады.

Сенің «өзім хабарласамын» дегеніңнің орнына бір қыз қоңырау шалды (өзін Насимамын деп таныстырды). Ол сен туралы жазылған посттарды өшіруді талап етті, әйтпесе «Таразға» федерация тарапынан қысым болады деді. Неге өзің хабарласпадың?

Тағы бір жайт. Айтхожин мені федерациядан «қуып шықтың» деп айыптайды. Біз онымен бұдан да даулы, бұдан да үлкен «айқастарда» қарсылас болдық, ол ҚФФ-дан кету туралы бірнеше рет өтініш жазған (мұны кадр бөлімінен тексеруге болады). Осындай жағдайда мен оның адамы болуым мүмкін бе?

Айтхожин туралы мақтап жазған посттарымды есіме түсіре алмаймын, ал сенің достарың мен бастықтарың жайлы жазғандарың есімде.

Мені әртүрлі ықпалды адамдардың жақтасы деп атап жатады. Жауабым қарапайым: мен – адаммын, ата-анамның ұлымын. Ешқашан тығылмаймын, бір команданы екіншісінің мүддесі үшін пайдалануға тырысқан кезде демалысқа кетпеймін. Айтпақшы, 2022 жылдың күзіне қарай сен қайда жоғалып кеттің? «Ақтөбеде» сені қатты күткен еді.

Иә, менімен ойы бір жерден шығатын адамдар аз, себебі мен айтқан шындықтан кейін басқа біреудің басы кетіп жатады. ҚФФ президенті сайлауына да өз еркіммен қатыстым.

«Жеңіс» мәселесіне келсек – бұрынғы бас бапкер клубты сен емес, басқа адамдар басқаратынын растады. Қажет болса, аудиожазбаны да ұсына аламыз.

Алдағы уақытта бұл тақырыпты жарияға жар салып талқылаудың мән-мағынасы жоқ деп санаймын. Енді қорықпай, демала берсең болады. «Жеңістен» отставкаға кететін күнің де алыс емес сияқты.

Оның орнына мынаны айтшы: сенің клубыңның негізгі құрамында қандай жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары ойнайды?

Баршаңызға жақсы демалыс күндерін тілеймін, достар!

@candidate_kairov
🔥2711👏8👍4
🇰🇿 Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құрамаға оралды

🤝 Қазақ футзалының аңызы ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалған Какаудың ассистенті болып бекітілді.

🆕 Күні кеше Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1812👍9🥰2
🏆 «Қайрат» аргентиналық футболшымен толықты

✍️ Алматылық клуб 24 жастағы жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

🇦🇷 Хуан Себастьян Себальос Буэнос-Айрес провинциясына қарасты Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын «Лос Андес» клубында бастап, кейін «Индепендьенте Ривадавия» және «Тальерес» клубының екінші командасында өнер көрсетті.

🔜 Өз елінде ойнағаннан кейін Себальос Боливияға ауысып, жоғары дивизионда өнер көрсететін «Реал Оруро» клубының намысын
қорғады. Өткен маусымда ол команда көшбасшыларының бірі болып, 40 матч өткізіп, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
23👏5👍3🥰1
📝 Исламханға ресми ұсыныс түсті

🤝 AmanVibe арнасының хабарлауынша, Бауыржан Исламхан «Ертіспен» келіссөз жүргізуде.

Павлодарлық клуб 32 жастағы футболшыға ресми ұсыныс жолдап үлгерген екен.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍106👏2🥰1
❤️ «Ақтөбе» де аргентиналық легионерді қатарына қосты

✍️ «Ақ-қызылдар» 29 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Агустин Эмануэль Пасторица Какабельоспен келісімшартқа отырды.

🇪🇸 «Пибе» деген лақапатпен танымал Агустин 2013-2025 жылдар аралығында испаниялық «Понтеведра» мен «Арентейро» клубтарында үшінші лига жеңімпазы атанып, сондай-ақ «Бетис» сапында Ла Лигада дебют жасаған. Аталмыш елдің «Оуренсе», «Корухо», «Овьедо» және «Бургос» ұжымдарында сәтті ойнап, Испания Сегундасындағы «Культураль Леонеса» клубынан «Ақтөбеге» ауысты.

🇦🇷 Аргентина жастар құрамасында (U20) ойнаған. Сол жақ вингер позициясында ойнаса да мансабындағы 150-ден астам матчта 34 (гол+пас) нәтижелі әрекет жасаған.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1810👏7👍1🤮1
🇰🇿 Ескендір Қыбырай «Тараз» ойыншысы атанды

✍️ Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы болған 28 жастағы қорғаушы «Тараз» клубымен келісімшартқа отырды.

💚 Қыбырай былтыр «Атырау» сапында доп теуіп, 20 матчқа қатысты.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏86👍3🔥1
Көршіміз ширек финалда сүрінді

🇺🇿 Өзбекстан U23 құрамасы Азия кубогының ширек финалында Қытайға пенальтилер сериясында жол берді (0:0, пенальти сериясы – 2:4).

🥉 Өзбекстан жастары бұл матчта жеңіске жеткенде, кем дегенде, қола жүлдеге таласатын еді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
12👏7🔥2👍1
🇱🇹 Қазақстанға төртінші рет келгелі тұр

🏆🇧🇪 УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жетінші турындағы «Қайрат» – «Брюгге» матчында Донатас Румшас бастаған румыниялық төрешілер тобы қызмет етеді.

😗 Бас төреші: Донатас Румшас;

🏁 Көмекшілері: Александр Радиус, Довидас Сужеделис;

👕 Төртінші төреші: Робертас Валиконис;

💻 VAR төрешісі: Томаш Квиатковски, Павел Пскит (екеуі де – Польша)

Донатас Румшас 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Украина матчында (2:2) және 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс (0:1), Қазақстан – Бельгия (1:1) ойынында қазылық етті.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥145👍2👏1
Forwarded from Соққы және гол! (Марғұлан әл-Қарқари)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ғалымжан Кенжебек алғашқы голын соқты

🇰🇿 Отандасымыз «Белградқа» қарсы жолдастық ойынның 31 минутында есеп ашты.

⚽️ Бұл оның «Ахмат» сапындағы бірінші голы болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23👏91
«Ақтөбе» алғашқы матчта жеңілді

🇨🇿 Николай Костовтың командасы ОЖЖ-дағы алғашқы ойынын чехиялық «Баникке» қарсы өткізіп, 0:3 есебімен ұтылды.

🆚 «Ақ-қызылдар» келесі кездесуін 24 қаңтарда «Гиланиге» (Косово) қарсы өткізеді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁16🤣65👍3🔥1👏1
❤️ Миральем Пьянич «Ақтөбеге» ауысады

🇪🇸🇮🇹 Инсайдер Иван Карповтың айтуынша, «Барселона» мен «Ювентустың» экс-жартылай қорғаушысы ат басын Қазақстанға бұрады.

✍️ 35 жастағы футболшы «ақ-қызылдармен» бір жылдық келісімшартқа отырады. Босниялық футболшы Нанимен бірге ҚПЛ тарихындағы ең көп жалақыны алып отырады.

«Ақтөбе» сондай-ақ Федор Смолов пен Томас Мюллерге қызығуда. 36 жастағы неміс футболшысы «ақ-қызылдармен» келісімшарт талаптарын келісіп қойған еді, бірақ Қазақстандағы стадиондар жайлы естігеннен кейін «Ақтөбеге» ауысудан бас тартқан.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
31🔥11👍3🥰2
💛 «Жеңістің» экс-легионері – клубтан кетуі жайлы: Лория менің командада қалғанымды қалады

Бұған дейін бас бапкер болған Андрей Демченко да клубтан кетер алдында Лориямен сөйлескенін растаған еді.

https://asnews.kz/kpl/2462-zhenistin-eks-legioneri-klubtan-ketui-zhaily-loriya-menin-komandada-qalganymdy-qalady/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥52🤡2👍1👏1😁1💩1