Candidate Kairov
4.62K subscribers
14.7K photos
1.61K videos
1.67K links
Қазақстандық футболға шетелден көзқарас
Download Telegram
💚 «Тобыл» клубында өзгеріс

🆕 Қостанайлық ұжым әлеуметтік желіде жаңартылған логотипін таныстырды.

✍️ Логотипте клубтың атауы баяғыдай «ТОБОЛ» емес, «TOBYL» деп жазылған.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
38👍8🔥7🥰2
🦅 «Қызылжарда» дау-жанжал туындауы мүмкін: Чурчичке селекция жұмыстары ұнамайды

Жаңа менеджер Әлішер Апсалямовтың қол астында жұмыс істегісі келмейтін футболшылар да бар екен.

https://asnews.kz/kpl/2287-qyzylzharda-dau-zhanzhal-tuyndauy-mumkin-churchichke-selektsiya-zhumystary-unamaidy/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥72👍2🥰1
🚀 Чесноковтың «Хартс» сапындағы алғашқы жаттығуынан суреттер

😍 Жаңа командасы ұнап жүрген сияқты.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
40👍18🥰31
💚 «Елімай» хорватиялық футболшымен толықты

✍️ Семейлік клуб 26 жастағы Хорватия U19 құрамасының
экс-жартылай қорғаушысы Илич Хрвоемен келісімшартқа отырды.

🇭🇷 Бойы 181 см құрайтын бойшаң ойыншы кәсіби футболдағы мансабын 2013 жылы «Осиек» ұжымында бастады. «Динамо Загреб», «Пескара» және «Кривбасс клубтарында өнер көрсетті. Хорватия жастар құрамасында 30-ға жуық ойын өткізіп жанкүйерлерінің көңілінен орын ала білді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
19👍5🔥3🥰1
💙 «Ордабасыға» жаңа инвестор келеді: клуб бюджетін арттырғысы келеді

💰 Қала әкімдігінің қанша ақша беретіні де жарияланды.

https://asnews.kz/kpl/2300-ordabasyga-zhana-investor-keledi-klub-byudzhetin-arttyrgysy-keledi/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥83👍1🥰1
💛 Микаэль Асқаров «Жеңіс» ойыншысы атанды

✍️ Елордалық клуб 23 жастағы қазақстандық қорғаушымен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

🇹🇷 Асқаров «Фенербахче» клубының академиясында тәлім алып, кейін Қазақстанда «Екібастұз», «Атырау», «Тұран» командаларында ойнады. 2024 жылғы маусымды Беларусьтің «Сморгонь» клубында өткізді.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥135👍2🥰2
🦅 Дмитрий Челядник «Қызылжарға» ауысты

✍️ Петропавлдық клуб молдовалық қақпашымен бір жылдық келісімшартқа отырды.

💙 33 жастағы голкипер өткен маусымда «Ордабасының» намысын қорғады. 10 матчқа қатысып, 9 гол өткізіп алды, алтауында қақпасын голдан аман сақтады.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
13🔥3👍1🥰1
🏆 «Астанаға» қаражат бөлінетін болды: клубтың бір миллиардтай қарызы бар

💰 Жаңа маусымға қанша ақша бөлінетіні және қарыз көлемі белгілі болды.

https://asnews.kz/kpl/2305-astanaga-qarazhat-bolinetin-boldy-klubtyn-bir-milliardtai-qaryzy-bar/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮21🔥8👎31👍1🥰1💩1
🇪🇸 «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Қазақстанға келмей қалуы мүмкін

🏆 Бұл футболшы 2018 жылы каталониялық клубпен бірге жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

https://asnews.kz/kpl/2308-barselonanyn-buryngy-futbolshysy-qazaqstanga-kelmei-qaluy-mumkin/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥3👍1🥰1
❤️ «Ақтөбе» футбол клубы жекеменшікке өтті

🤝 Бүгіннен бастап «Ақтөбе» ФК Qazaq Stroy Properties компаниясының жеке меншігіне өтті. Аталған компания «Ақтөбе» футбол клубын ұзақмерзімдік даму стратегиясы бар, жүйелі әрі тұрақты спорттық жоба ретінде қабылдайды. Жаңа басшылық өз алдына бірнеше нақты жоспар қойды:

- клубтың спорттық нәтижелерін тұрақты түрде жақсарту;
- ⁠балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту;
- ⁠академия мен инфрақұрылымды жаңғырту;
- ⁠басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру;
- ⁠жанкүйерлермен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату және т.б.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🔥53🥰1
❤️ «Ақтөбе» басшылығында өзгеріс

🔁 Бұған дейін клубтың басқарма төрағасы болып жұмыс жасаған Санат Шалекенов қызметінен кетіп, оның орнына Арман Әшімханұлы Оспанов тағайындалды.

⚽️ Ол FIFA Master (CIES, 2001) бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі. 2002 жылы халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясының УЕФА ұйымына өту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысып, жұмысшы комиссия құрамында болған. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі компанияларда басқарма төрағасының орынбасары және директор қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡108👎2👍1🔥1🥰1💩1
🐴 Ресми: Ринат Алюетов «Оқжетпестің» бас бапкері атанды

🇰🇿 Көкшетаулық клубтың тізгінін 36 жастағы қазақстандық маман ұстады.

Алюетов бұған дейін «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран», «Елімай» клубтарында жұмыс істеді. Былтыр «Ертісті» бірінші лигадан ҚПЛ-ға алып шықты.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥175👍5🤮2🥰1
🏆 «Қайрат» БАӘ-де екі матч өткізеді

🆚 Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында командамыз екі бақылау кездесуін өткізеді. Ертең Алматы уақытымен сағат 18:00-де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді.

Қос ойын да жабық режимде өтеді, яғни тікелей трансляция болмайды.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥153👍2💩2🥰1
🇺🇿🇹🇯 Өзбекстан мен Тәжікстанда үздік бапкер атанған маман ат басын Қазақстанға бұрады

🆕 Былтыр Өзбекстан чемпионы атанған бапкер Қазақстанға басқа қызметке келеді екен.

https://asnews.kz/kpl/2324-ozbekstan-men-tazhikstanda-uzdik-bapker-atangan-maman-at-basyn-qazaqstanga-burady/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥82👍2🥰1
🇹🇷 Ресми: Лев Скворцов «Серикспор» ойыншысы атанды

✍️ 25 жастағы қазақстандық қорғаушы Түркияның Бірінші лигасында бақ сынайтын «Серикспор» клубымен маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа отырды.

📈 Бұл команда 19 турдан кейін 26 ұпаймен 12-ші орында келе жатыр.

🆚 Скворцов 10 қаңтарда «Истанбулспормен» болатын ойында дебют жасауы мүмкін.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥238🥰2👍1
💚 «Тобылдың» қарсыластары белгілі болды

🆚 Алғашқы оқу-жаттығу жиынында қостанайлықтар бірнеше бақылау матчын өткізеді:

▪️ 15 қаңтар — «Напредак» (Сербия)
▪️ 20 қаңтар — «Малишева» (Косово)
▪️ 25 қаңтар — «Славия» (Болгария)

📺 Клубтың баспасөз қызметі матчтарды тікелей эфирде
көрсетуді жоспарлап отыр.

@candidate_kairov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11🔥6👍3🥰1