журфак
1.56K subscribers
833 photos
130 videos
10 files
447 links
қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.
Download Telegram
Берсиев ауылынан бірер сурет 💔

Авторы: Жаңагүл Жүрсін, Азаттық радиосы.
Ой ема шығатын жері қайда мынаның 🤣
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В пострадавшем от паводков Петропавловске к неанонсированному, но ожидаемому визиту президента сегодня покрасили бордюры.

Пресс-служба Токаева ранее информировала, что он приедет в еще один из регионов, затронутых паводком, но не уточнила, в какой.

Видео Тамары Вааль.

Больше о ситуации в Петропавловске - в завтрашнем репортаже на сайте.
Актер Санжар Мәди су тасқынымен күресіп жатқан Атырауға барып, бірнеше күн ерікті болған. Мынау — сапардан оралып жазған посты. Күліп отырып жылайтын пост екен.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тасқыннан кейін ауыл әкімі мен тұрғынның таласы. Азаттықтың Петропавлдан репортажынан үзінді.

Әкімнің дамба деп тұрғаны — жол бойына үйілген ано-о-оу топырақ. Еш пайдасы тимеген. Егістіктер шайылған, мал суға аққан.

Видеодағы кісінің әйелі тауықтарым тірі ме екен деп келіпті. Үміт қой.

Эвакуация орталығындағы қариялардың әңгімесі ауыр. Қатты күйзеліп отыр. Саяжайда тұрады ғой, үйлері заңдастырылмаған. «Оның шығыны өтелмейді» депті. «Жылдар бойы тірнектеп жинағаным еді сол үй еді, сонда менің не кінәм бар? Енді қайда барамын?» деп жылап отыр…

Репортажды толық көріп шығыңдар.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
масс-медиа туралы заң жобасын осы кісілер қабылдап жатыр, айтпақшы
Азаттық пен Қазақстан СІМ аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді.

Ұзақ уақыттан соң қайта аккредитация алуымыз мүмкін 🌸🌸🌸

Қолдаған барлық әріптеске мың алғыс 🫂🫂🫂
Қойсаңдаршы енді
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Журналист Жәмила Маричеваны полиция бөліміне алып барады

ProTenge жобасының негізін қалаушысы Жәмила Маричеваны полицейлер Алматының бостандық аудандық полиция бөліміне алып барады. Бұл жөнінде журналистің өзі Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді. Ол бұл ақпаратты «Власть» тілшісіне де растаған.

«Власть» басылымы телеграм-арнасының жазуынша, оны биыл қаңтарда Азаттық радиосын қолдап, ProTenge парақшасында пост жариялағаны үшін бөлімшеге апармақ. Бұдан бұрын мәдениет және ақпарат министрлігі ProTenge-нің Азаттық туралы постын бөліскені үшін журналист Асхат Ниязовтың үстінен де арыз берген. Жақында оны «жала жабу» бабымен әкімшілік жауапқа тартуы мүмкін.

Маричеваны кешкісін көшеде жүгіріп бара жатқанда ұстаған.

Азаттыққа жазылыңыз
Мына суреттегі үш жігіт Астанада қара жұмыста жүріп, қаза тапты. Келісім-шартсыз «стройкада» жүргенде биіктен құлап мерт болған.

28 жастағы Әлібек пен 20 жастағы Нұржан былтыр тамызда 15-қабаттан құлап кеткен. 24 жастағы Төрехан осы сәуірдің басында 9-қабаттан құлады. Үш марқұм жігіт бір жердің — Түркістан облысы Түлкібас ауданы Елтай ауылының балалары. Астанаға жұмыс істеуге, ақша табуға келген.
Олар салып жатқан тұрғын үй Qazaq stroy компаниясына тиесілі. Ол үйді өзі салмай, R.K.QURYLYS атты мердігер жалдайды. Бұл мердігер бригадир Иса Назарқұлов есімді азаматпен келісім-шартқа отырады.

Былтыр қаза тапқан екі жігіттің қазасы бойынша таяуда ғана Астана соты «құрылыс қағидасын бұзу» деген айыппен осы — бригадир Назарқұловты үш жылға соттады. Сотталған бригадирдің ағасы «Інім әншейін балаларға «старший» болып жүрген қарапайым жұмысшы ғой. Еңбек қауіпсіздігін құрылыс компаниясы тексеруі керек» дейді.

Төреханның өлімі бойынша тергеу мен тексеріс енді басталмақ. Ағасының сөзінше, жұмыс беруші «сақтандыру белдігін тақпаған» деп, кінәні марқұмның өзіне артқан. «Оларға кінәні қайтыс боп кеткен балаға жаба салған оңай боп тұр. Еңбек шарты нормативке сай болса, бұлай болмас еді ғой» дейді. Тағы бір марқұмның әкесі «бригадирді емес, тапсырыс берген екі компанияны сотқа тарту керек» деп отыр.

Менімен қатар, ініммен жасты жігіттер. Өте ауыр қаза. Бір құрылыс басында бір жыл ішінде үш адамның өлуі күмәнді көрінеді.

Әріптесім Нұргүл Тапаеваның видеосын көріңдер.
Какая замечательная у нас традиция бить и убивать женщин, братья казахи 👍🏼👍🏼👍🏼

А если серьезно, что за бред, «Новая газета»?

Не пишите ничего о казахах, пока не излечитесь от своего империализма.
Ресейдің танымал журналисі Алексей Пивоваровтың Қазақстан туралы репортажы шығыпты. Біраз адам үн қосып жатыр. Соларды оқып-ақ мазмұнын түсіндім. Ашқан да жоқпын.

Пивоваров бұған дейін де Тоқаевтан сұхбат алған. Біржақты, алдын ала келісілген сұрақтар екені анық көрінді.

Жалпы аудиториясы көп орыс либералдарының Қазақстанға түкіргені бар. Өз елдерінде Путинмен «арпалысып», репутациясы үшін күйіп-піседі. Қазақстанға ақша табуға ғана келетін сияқты 😁

Саясаттанушы Екатерина Шульман ара-тұра келіп, «Қазақстан неткен керемет, Тоқаев қандай тамаша» дегендей пікір айтып кетеді. Біздікілер суретке түсіп мәз боп, соған ұйып, әр сөзін цитата қылады. Зыгарь да былтыр Қазақстандағы билікшіл басылымға сұхбат беріп, өзі білмейтін елдегі процестер туралы айтып, халықты ұстамды болуға шақырғаны есімде. Екеуі ақша алды ма, жоқ па — білмеймін. Бірақ ішім сезеді.

Жұрт кімнің кім екенін, олардың неге келгенін,«музыкаға кім тапсырыс бергенін» біліп отыр.

Тек Қазақстандағы саяси технологтердің солар айтқан сөзді абырой санауы, халық та соларды пір тұтады деп ойлайтыны өкінішті.
Орал қаласында сот тәуелсіз журналист Рауль Упоровқа айыппұл салды. Полиция оны "БҚО төтенше жағдайлар департаментіне дөрекі сөйлегені үшін" ұстаған.

Упоров биліктің журналистерге су басқан жерлерден ақпарат таратуына тыйым салғанын сынап, инстаграмда сторис жариялаған. "Нағыз журналистер өзі болуы керек жерден хабар таратуы керек" деп, сөз соңында боқтық сөз қолданған. Сол сөзі үшін оны "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік жауапқа тартып, 20 АЕК, яғни 74 мың теңгедей айыппұл салды.
Мемлекеттік арналар тасқын туралы “Біз біргеміз” деген телемарафон жүргізіп жатыр екен. Қалай боп жатыр? Көргендер жаза отырыңдар.
Ақтөбе облысында тасқын толық қиратқан Екпетал деген ауыл бар. Ондағы үйдің бәрі ауданға көшіп кетіпті. Көшпей қалған жалғыз отбасы бар екен. Мақсат ақсақал жол апатынан қаза тапқан жалғыз ұлы Арман жерленген ауылдан кетпеймін деп отыр.

Азаттықтағы әріптесім Жаңагүл әпке жалғыз үй қалған ауылға барып, қариямен, ауылдың басқа адамдарымен сөйлесіп қайтты.

Мақсат ақсақал күйеу балалары мен жиендерін жинап, құлаған үйін қалыпқа келтіріп жатыр екен. Бір жиені генератор әкеліп, үйге жарық қосып беріпті. «Бір жақсысы, Екпеталда Мақсат Қалиев жалғыз емес. Жанында өмірлік серігі Қалимаш пен марқұм ұлынан қалған тұяқ — немересі Ислам бар. Биыл 9-сыныпты бітіретін бала Екпеталда ата-әжесімен бірге тұрады» дейді Жаңагүл әпке мақаласында. Қарияның сөзінен бір үзінді келтірейін:

«Менің үйге де, малға да онша басым ауырмайды. Қимайтындай байлығым да жоқ. Бірақ ауылымның суға кеткенін ойласам, жылағым келеді. Туып-өскен жерім ғой... Ана дүниеге осы арадан кеткім келеді... Басқа ештеңе де жоқ... Тек сол. Ауылым менің... Қимаймын... Мен үйге де қиналмаймын, мен малға да қиналмаймын. Өзімнің табиғатым, туып-өскен жерімнің қазіргі жай-күйіне қиналамын. Бұл жерден кету қиын маған. Кеткім келмейді. Жарар, балам. Мен ары қарай айта алмаймын, — деп жүзін бұрып әкеткен ақсақал көз әйнегін көтеріп, жасын сүрте бастады».

Екпеталдан репортаж көріңіздер.

Мақаласын оқыңдар.