JOO | ҰБТ 2024, ЕНТ, ГРАНТ
7.43K subscribers
739 photos
38 videos
78 files
946 links
ҚЫРКҮЙЕККЕ РЕЗЕРВ ГРУППА!❤️‍🔥
https://chat.whatsapp.com/KPICT2u5yzNAuoqoWv0dUs

ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK
Download Telegram
Ертең жексенбі екеніне қарамастан, бүгін ерте ұйықтап, әдеттегі уақытта тұрып көр. Таңертең біршама жұмысты бітіруге болатынына көзің жетеді.
6. Әлеуметтік желі – XXI-ғасыр адамының басты байланыс құралы. Себебі ол алысты жақындата алады. Бірақ әлеуметтік желіні керегіне ғана жаратпай, шамадан тыс көп уақытымызды құртып жатамыз.

Алайда әлеуметтік желілердің зиянын азайтып, пайдасын көбейтуге болады:

1-қадам. Шынайы өмірден қызықты хобби тап. Былайша айтқанда, әлеуметтік желіге азырақ уақыт қалдыр.

2-қадам. Адамдармен өмірде жиірек сөйлес. Бұл әлеуметтік желілерге қарағанда әлдеқайда жақсы.

3-қадам. Әлеуметтік желіде кімге, неге жазылғаныңды зерттеп, тазала.

4-қадам. Жаңалықтарды оқуға тек бір ғана дереккөз қалдыр. Негативті жаңалықтар үшін көңіл-күйіңнің түсуіне жол берме.

5-қадам. Басқаның өмірін тамашалауға мүмкіндігінше аз уақыт жұмса.

6-қадам. Әлеуметтік желіде алатын контенттің саған пайдалы болуын қатаң бақыла.
Интернет тәуелділік деген не?
Психологпен шай (Ержан Мырзабаев)
Бүгінгі тақырыпты толық ашу үшін «Психологпен шай» подкастының интернет тәуелділік жайлы эпизодын ұсынамыз.

Бұл эпизодта Ержан Мырзабаев әлеуметтік желілер және олардың пайдасы мен зияны туралы толығырақ тарқатып айтқан.

@jookzchannel
JOO.kz ҰБТ-ға дайындық курсы қалай өтеді?

Басынан аяғына дейін мына видеода көрсеттік:

https://youtu.be/skSlImQYHNM
ҰБТ-ға дайындық айына 8.300 теңге 😍

- ҰБТ-ға 5 пәннен, 31 мамырға дейін дайындық. Бізбен бірге ҰБТ-ға онлайн дайындалып, грант ұтып ал!

- ҰБТ тапсырып болған соң, ҰБТ-дан алған балың қай мамандыққа және қай университеттке жететінін анықтап, 4 таңдау жасауға көмектесеміз.

- Серіктес университеттердің 50-ден астам ішкі гранттары. Біздің курста оқитындар арасында еліміздің беделді университеттерінің ішкі гранттарын ойнатамыз.

Осының бәрі айына 8.300 теңгеге! 🔥

Біздің ҰБТ-ға дайындық курсының 1 жылдық ақысы -40% жеңілдікпен 99.600 теңге тұрады.

Енді курсымызды 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі ашылды. Айына небәрі 8.300 теңге төлейсің.

200 орын ғана бар! Жазылып үлгер! 😱

Төмендегі сілтеме арқылы өт, өтініш бер! Менеджер хабарласып, курсқа қосады!

http://joo.kz/ubt?utm_source=instagram_joo&utm_medium=lead&utm_campaign=ubt
7. Ұяң болған жақсы, бірақ қатты ұялшақтық адамға біршама кедергі келтіреді. Ұялшақтықтан арылып, түбегейлі өзгер демейміз. Жай ғана қорқынышыңды жең дегіміз келеді.

Ол үшін бірінші қандай сәттерде ұялатыныңды саралап көр. «Иә, мен ұялшақпын» деп қана жүре бермей, қандай ситуациялар сені ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын білгенің жөн.

Таныс емес адамдармен сөйлес. Ол адамдар сені бірінші және соңғы рет көріп тұр десек болады. Олардың ойын сұра, сүйікті фильмін біліп ал, сөйлесетін тақырып көп. Бұл керемет тәжірибе болады және саған жаңа достар табуға көмектеседі.

Сондай-ақ, сен не істеп жүрсің, кіммен сөйлесіп жатсың, басқаларға бұл онша қызық емес. Әркімнің өз өмірі бар, өз уайымы бар. Ешкім айналасына аса мән бере бермейді. Осыны есіңде сақтап ал.

Қоғамның алдына жиірек шығуға тырыс. Қоғам дегеніміз, адамдар жиынтығы. Оған сенің күнде көріп жүрген сыныптастарыңды да жатқызуға болады. Жиірек сабақ айт, презентация қорға. Уақыт өте келе, осы әрекеттері қайталаған сайын, саған оңайға түсетінін байқайсың.

Ұялшақтығыңмен мақтанба. Тез жылжып жатқан заманда ұялшақтыққа жол жоқ. Мақсатқа жету үшін адам ашық болуы керек, ештеңеден қорықпауы керек. Сенің қолыңнан келеді!
8. Айтулы оқиғаның алдында кез келген адамда қобалжу болады. Алайда басқа ұсақ-түйекке бола қобалжи беретін болсақ, өзімізге қиын.

Қобалжудың негізгі себебі – қолымнан келмей қалады деген қорқыныш. Бұл қорқыныш ойдан туады. Бір затты елестетіп, соны қайта-қайта ойлай берсең, қорқынышың ұлғая беретіні анық.

Мұндай жағдай көбінесе ұйықтар алдында болады, солай емес пе? Енді ең болмағанда осы себеп сені уақытылы ұйықтауға итермелейді деген үміттеміз.

Ал егер қобалжуды тез арада тоқтату керек болса, мына кеңестерді қолдансаң болады:
– бір стақан су іш
– терең деп ал
– асықпа
– әдетте қобалжығанда істейтін (ерніңді тістеу деген секілді) әрекеттеріңді істемеуге тырыс

Қызық кеңес:
Көп адамның алдына шығар кезде қобалжып тұрған болсаң, сол адамдарды күлкілі киім киіп отыр деп елестет. Егер елестету қиын болса, оларды мүлдем жоқ деп ойла.
Жетістік жұмыстан бұрын тұратын жалғыз жер – сөздік.

Винс Ломбарди
ТЕГІН пробный сабақтар 😱

Joo.kz курсындағы сабақтар қалай өтетінін көргің келе ме?

Төменде барлық сабақтардың мысалын келтірдік. КИНО ғой 😎

Қазақ тіліндегі сабақтар:

Қазақ әдебиеті:
https://youtu.be/z5ZVYp8YORM

Қаз.Тарих:
https://youtu.be/oluYDo3jFa8

География:
https://youtu.be/J3oTIoNdZWE

Биология:
https://youtu.be/ITY9SBPyeuo

Ағылшын тілі:
https://youtu.be/R7x5VW7VTQE

АҚҚ:
https://youtu.be/X3z2k_p-X0c

Химия:
https://youtu.be/wrJc73BeQRk

Дүниежүзі Тарихы:
https://youtu.be/DWiAlSffz_I

Оқу сауттылығы:
https://youtu.be/VZRCXUkX4RE

Математика:
https://youtu.be/CJj-dzi0XxY

Мат.сауаттылық:
https://youtu.be/8y6w_ViZ-tA

Қазақ тілі:
https://youtu.be/nsNheymx70o

Физика:
https://youtu.be/foQB8ybE8cU

Уроки на русском

Всемирная история:
https://youtu.be/dFoIPCqfeiY

Английский:
https://youtu.be/kDc8HisF36c

Биология:
https://youtu.be/55Wbb07DyJ0

Мат.грамотность:

https://youtu.be/S4LTUzUqY8g

Математика:
https://youtu.be/tPJibjPdjaA

Химия:
https://youtu.be/-H8Y9wwowjE
Ұйықтар алдында өзіңе қою керек сұрақтар:

– мен бүгін жаңадан не үйрендім?
– қандай шаруа бітірдім?
– кімге көмектестім?
– бүгін менің көңіл-күйімді не көтерді?
– ертеңге қандай жоспарым бар?
ҰБТ-ға дайындық айына 8.300 теңге 😍

- ҰБТ-ға 5 пәннен, 31 мамырға дейін дайындық. Бізбен бірге ҰБТ-ға онлайн дайындалып, грант ұтып ал!

- ҰБТ тапсырып болған соң ҰБТ-дан алған балың қай мамандыққа және қай университеттке жететінін анықтап, 4 таңдау жасауға көмектесеміз.

- Серіктес университеттердің 50-ден астам ішкі гранттары. Біздің курста оқитындар арасында еліміздің беделді университеттерінің ішкі гранттарын ойнатамыз.

Осының бәрі айына 8.300 теңгеге! 🔥

Біздің ҰБТ-ға дайындық курсының 1 жылдық ақысы -40% жеңілдікпен 99.600 теңге тұрады.

Енді курсымызды 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі ашылды. Айына небәрі 8.300 теңге төлейсің.

200 орын ғана бар! Жазылып үлгер! 😱

Төмендегі сілтеме арқылы өт, өтініш бер! Менеджер хабарласып, курсқа қосады!

http://joo.kz/ubt?utm_source=instagram_joo&utm_medium=lead&utm_campaign=ubt
Мидың жұмысына кері әсерін тигізетін заттар:
– стресс
– диета
– күн сәулесінің жетіспеушілігі
– судың жетіспеушілігі
– ұйқының жетіспеушілігі
– таңғы ас ішпеу
– қанттың көптігі
– физикалық белсенділіктің болмауы.
Басқаның ойы сені қаншалықты алаңдатады?
Қазақта «ұят болады» деген сөз бар. Бізді барлық адамнан ұялтып өсірді. Артық зат істесек ата-анамыз бізді осы сөзбен тоқтататын. Басқалардан ерекше қимыл жасасақ осы сөзбен тоқтататын. Қоғамға қайшы келетін ой білдірсек осы сөзбен тоқтататын.

Бұл сөз біздің қоғамға сіңіп кеткені сонша, қазіргі жастарды шаршатып жіберді. Түрлі шектеулерде қамалып қалғысы келмейтін олар, осы сөзге қарсы тұруда. Бұл әрекет түсінуге тұрарлық. Бірақ әр заттың жақсы және жаман жақтары болады.

Қалай ойлайсыңдар, «ұят болады» деген қорқыныштың қандай жақсы жақтары бар?
Демалысты пайдалы өткізудің жолдары:

– үйдегі ескі заттарды реттестіру
– достарыңмен кездесу
– өзің қалайтын ерекше тағам жасау
– документалды фильмдер көру
– бұрыннан барғың келіп жүрген жерге бару
– подкаст тыңдау
– шаш үлгіңді өзгерту
– кез келген музыкалық аспапта ойнап үйрену.

P.S. Бірақ бұл демалысты жай ғана демалып өткізуге болмайды деген сөз емес.
Playlist 190921 (№5)
Joo.kz
Сабақ оқығанда, басқа да заттармен айналысқанда немесе ұйықтар кезде тыңдауға арналған өлеңдер жинағы.

Келер аптаға жаңа леппен аяқ басу үшін жақсылап демалып алыңдар.