JOO | ҰБТ 2024, ЕНТ, ГРАНТ
7.47K subscribers
739 photos
38 videos
78 files
946 links
ҚЫРКҮЙЕККЕ РЕЗЕРВ ГРУППА!❤️‍🔥
https://chat.whatsapp.com/KPICT2u5yzNAuoqoWv0dUs

ТЕГІН пробный тест: https://bit.ly/3b94McK
Download Telegram
Грантқа түсу мүмкіндігіңді жоғарылатқың келе ме?

4 таңдауды қалай жасау керек екенін үйрен!

Сілтеме: https://youtu.be/mkA9Xoisx4s
JOO | ҰБТ 2024, ЕНТ, ГРАНТ pinned «Грантқа түсу мүмкіндігіңді жоғарылатқың келе ме? 4 таңдауды қалай жасау керек екенін үйрен! Сілтеме: https://youtu.be/mkA9Xoisx4s»
Мамандықтар жайлы пост шығарайық па? 🤔
Белгілі бір мамандықты бітіргеннен кейін кім болып жұмыс істеймін?

Осы сарынды сұрақтардан кейін мамандықтар жайлы видео түсіруді ұйғардық.

Ақпараттық технологиялар (програмист)
https://youtu.be/pfaFe8TWlXk

Жалпы медицина
https://youtu.be/SBivf_fdj04

Архитектура
https://youtu.be/nAm0xxZzoGw

Туризм
https://youtu.be/jm0a5Fq07bc

Ақпараттық қауіпсіздік
https://youtu.be/FswhezgfHgA

Стоматолог
https://youtu.be/sxRK2HKStaw

Аудармашы
https://youtu.be/OD9RQA7E_k4

СЭС
https://youtu.be/ILyqsYz_o2w

Менеджмент
https://youtu.be/5vCg5Hplz-Y

Журналист
https://youtu.be/wq8koiqbBLU

Құқық
https://youtu.be/80dwnU2wt_w

Фармация
https://youtu.be/vWDi21Kd8kU

Логистика
https://youtu.be/2DF400q8a0E

Ұшқыш
https://youtu.be/g9BkaYPicWw

Шығармашылық
https://youtu.be/abKkAKjtZgQ

Алтын белгі туралы
https://youtu.be/bzuvHM07M_E

Осы постты 7 досыңа тарат, 5 минут ішінде жауап бермесе саған донер алып берсін 🌯
Грантқа түсу мүмкіндігіңді көр

Приложениедегі «Мамандықтар» бөлімінде «Мүмкіндікті көру» батырмасы бар.

Сол жерде ҰБТ-дан алған баллыңды, таңдау пәніңді енгізіп, «2020 жылы осы нәтижеңмен қай мамандыққа түсе алатын едің?» деген сұраққа жауап таба аласың.

Алгоритм 2020 оқушыларының нәтижесі бойынша жасалған.

МЫНА сілтеме арқылы өтіп, приложениені жүктеп ал. Грантқа түсу мүмкіндігіңді көр.
Әр күн сайын сені миллион доллар күтіп тұрады

Тина Силиг – Стэнфорд университетінің профессоры, ал оның курстары университеттегі ең танымал курстардың қатарына кіреді. Осыған орай біз бүгінгі постымызда Тинаның бестселлер кітабынан алынған өмірлік кеңестеріне тоқталатын боламыз.

1. Әрбір қиындықтың артында мүмкіндік болады.
Тина пайда болған мәселені шешу үшін оған әртүрлі қырынан және әртүрлі көзқараспен қараудың маңызды екенін айтады. Сондай-ақ рационалды ойлау мен қатар креативті ойлауды да іске қосу қажет.

2. Әр күн сайын сені миллион доллар күтіп тұрады.
Бұл жердегі "миллион доллар" метафора есебінде қолданылған. Миллион доллар әлемнің мүмкіндіктерге толы екендігін білдіреді. Мысалы, сен күнде әртүрлі адамдарды кезіктіресің және сенің өміріңді өзгерте алатын көптеген жағдайлар болып жатады. Сен солардың барлығына қорқынышпен және қауіппен қарайтын болсаң, онда өзіңе берілген миллион доллар бостан-босқа күйіп кетіп жатыр деген сөз. Сондықтан бұндайды болдырмас үшін өзіңді өмірге жаңадан келген балаша сезініп, айналаңда болып жатқан жайттарға назарыңды аудара отырып, танымыңды кеңейтуге ұмтыл.

3. Сен қандай да бір білімнің өз өміріңе қашан керек болатынын ешқашан да біле алмайсың.
Стив Джобс оқуынан шығып, өмірден нені қалайтынын білмеген кезінде, неге екенін білмесе де, каллиграфия курсына жазылған екен. Ол бұл туралы: "Мен сол кезде каллиграфия курсына не үшін барғанымды білмеймін, бірақ бұл курс мені өзіне тартып тұрғандай болды. Каллиграфия курсында мен шрифтердің комбинациясы жайлы толығырақ үйреніп, типографиялық өнердің осындай керемет боларын алғаш сезінген едім. Арада 10 жыл өте біз "Macintosh"-тің жобасын жасауға менің каллиграфиялық білімдерімді қолдандық. Егер мен 10 жыл бұрын каллиграфия курсына бармағанымда, бәлкім компьютерлерде әртүрлі шрифтер болмайтын да еді" деген екен.

Скрин жасап, сториске салып бізді белгілесең, репост жасаймыз 😉
Стресстің пайдалы жақтары

1. Стресс - адамның қиындыққа тап болғандығының белгісі. Бұл ендігі кезекте саған қиындықтан шығудың жолдарын қарастырып, қорқыныштарыңды жеңіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіру қажет дегенді білдіреді. Сондықтан қиындықты өміріңдегі кедергі ретінде ғана емес, өмірлік қарсыласың ретінде де қабылдауға тырыс. Сонда ғана сенің алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылып, стресстің көмегімен қиындықты оп-оңай жеңіп, шыға аласың.

2. Ғалымдар бүгінгі таңда стресстің ойлау жүйесін жақсартатын анықтады. Бұл қалай десең, қиын жағдайларда адам стресс қысымына түсіп, бұл жағдайдан шығу үшін есте сақтау жүйесі секілді жүйелерді қозғап, көп ойлана бастайды. Дәл осы кезде критикалық ойлау да іске қосылып, ол пайда болған проблеманы шешудің тез әрі оңай жолдарын миға ұсына бастайды.

3. Егер бойыңды қобалжу мен күдіктер билесе, онда бұндай жағдайдан шығуға саған стресс көмектесе алады. Ол үшін сен сәл тоқтап, алға жылжудың стратегиясын құруың қажет. Одан кейін әрбір қадамыңды алдын-ала ойластырып, қателіктеріңді қайталамауға тырысатын болсаң, кез келген қиындықтан сүрінбей, құтыла аласың.

4. Кейбір жағдайларда туындаған мәселемен бір өзің күресе алмайтын жағдайлар да болады. Ондай кездерде өзіңе "Осы адам маған көмектесе алады-ау" - деп ойлайтын адамдардан көмек сұраудан ұялма. Өзгелердің тәжіриебелері саған көп көмектесуі мүмкін болғандықтан, олардан кеңес пен көмек қолын сұраудан еш қорықпа.

Жақында әр мамандыққа қанша грант бөлінгені туралы ақпаратты приложениеге саламыз.

Приложениені жүктеп ал:
rr.joo.kz/app-link-redirect
IT (програмист) мамандығына түскісі келетін түлектерге бомба жаңалық бар. Айтайық па? 🎃
ВАААУ

Біз мұндай белсенділікті күтпедік 😍

Программист болғысы келетіндер көөөп екен ғой. Сағат 21:00-де тек сіздерге арналған пост саламыз.
Неге бірінші курс студенттері университетте бірінші сессиядан құлайды?

Оның себебі айқын – жоғары оқу орнының оқыту жүйесіне дайын болмау.

Университет деген мектеп сияқты емес. Бұл жерде сабақтан қалсаң, «жоқ» деп белгілемейді, «-1 балл» деп жазады. Немесе мұндай белгілер белгілі бір деңгейге жеткенде оқудан шығарады. Бұрынғыдай артыңнан жүгіретін мұғалім жоқ. Сен мұғалімнің артынан жүгіресің. Қысқаша айтқанда, бәріне өзің жауаптысың.

Сондықтан оқуға тапсырған оқушы осы бастан жаңа жүйеге дайындалу керек. Сонда бірінші сессиядан құламайсың, яғни стипендияңды сақтап қаласың. Жазғы ақылы оқуға қалмайсың.

Ал енді керемет жаңалық: егер IT мамандығын таңдасаң, жолың болды дей бер! Себебі біздің партнер, Bitlab программалау академиясы жазғы курс дайындап жатыр. Олар сені IT мамандығының қыр-сырымен таныстырып, университетке сақадай сай етеді.

Bitlab академиясы деген кім?

Олар 5 жылдан бері 2000-нан аса программистерді дайындап шыққан. Ал олар қазірдің өзінде Tele2, KASE, Beeline, Kaspi, Kolesa Group сияқты танымал компанияларда қызмет етеді.

Жазғы бір айлық курста Bitlab тренерлері программалаудың базасын үйретіп, ЖОО-ның оқыту жүйесіне бейімдейді. Лектор мен семинаристің, сессия мен рубежканың айырмасын айтып, стресске толы оқуды оңай етеді.

Курс онлайн форматта өтеді. Біздің оқырмандарымыз үшін арнайы дайындалды. Толық ақпарат үшін МЫНА сілтемені бас.
Грант саны 2021(joo.kz).pdf
349.1 KB
Грант саны 2021

Әр мамандық бойынша грант саны шықты. Өз мамандығыңның грант санын көр. Достарыңа тарат.
Грант конкурсына қажетті құжаттар 2021

1. Егов арқылы берілетін өтініш;

2. Мектеп бітіргені туралы аттестаттың немесе колледж бітіргені туралы дипломның электрондық нұсқасы ;

3. 3х4 көлеміндегі электронды фото;

4. Медициналық анықтама, форма 075-у;

5. Бар болған жағдайда «Елбасы медалі» ерекшелік белгісін тапсыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі, халықаралық дипломның электрондық көшірмесі;
 
6. Бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар: 

- екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар
- мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).

7. Бар болған жағдайда ағылшын тілінен халықаралық сертификат (TOEFL ITP,TOEFL iBT, TOEFL, IELTS);

8. Бар болған жағдайда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарының электронды нұсқадағы сертификаты;

9. Тек колледж дипломы бар немесе жұмыс практикасы бар адамдар келесі құжаттардың біреуін тапсырады:

- еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімнің электронды көшірмесі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
- жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі.
Грант конкурсына қажетті құжаттар туралы видео шығардық.

МЫНА сілтеме арқылы өтіп қара.
Грант саны 490-ға өсті

Грант санында қандай өзгерістер бар?

2020 жылы барлығы 53 771 грант болса, биыл 54 261 грант. Яғни грант саны 490-ға өсті.

Грант саны ең көп өзгеріске ұшыраған мамандықтар:

Ақпараттық қауіпсіздік:
2020 жылы 500 грант еді, биыл 2002 грант болды (+1502)
Педиатрия: 2020 жылы 150 грант еді, биыл 500 грант болды (+350)
Әлеуметтік жұмыс: 2020 жылы 127 грант еді, биыл 350 грант болды (+223)

Жалпы медицина: 2020 жылы 2147 грант еді, биыл 1575 грант болды (-572)
Шет тілі мұғалімдерін даярлау: 2020 жылы 735 грант еді, биыл 395 грант болды (-340)
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс: 2020 жылы 2450 грант еді, биыл 2249 грант болды (-201)

Жалпы педагогикалық (мұғалімдік) мамандықтарға грант саны азайды, бірақ қатты көп емес. Мысалы 2020 жылы 8252 грант болса, биыл 7920 грант болды.

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" (Серпін) жобасы шеңберінде студенттерді оқытуға өткен жылы 5107 грант бөлінсе, биыл 5156 грант бөлінді.

Грантқа түсу мүмкіндігіңді арттыру үшін арнайы саған әзірлеген видеомызды көр.

МЫНА сілтемеге бас.
Дұрыс таңдау жаса – грантқа түс!

Грант сандары белгілі болды. Енді басты уайым - 4 таңдауды дұрыс жазу.

Түлектерге көмегіміз болсын деп, грант конкурсында дұрыс таңдау жайлы видео шығардық.

*Ескерту: видеода атаулы грант жайлы айтылған. Бірақ, атаулы грант осы жылы болмайтынын ескер!

Видеоны көру үшін МЫНА сілтемеге бас.
Ауыл квотасына балл қосыла ма?

Ауыл квотасына ешқандай балл қосылмайды. Сонда қалай есептеледі?

Барлық гранттардың 70 проценті жалпы конкурспен тағайындалады. Ал қалған 30 проценті ұпай санына қарай ауыл жастарының арасында таратылады. Квотасы бар басқа азаматтар алдымен жалпы конкурсқа қатысады. Одан өтпесе, квоталық гранттарға таласады. Онда да ҰБТ-ның ұпай саны ескеріледі.

Мысалға, Айнұр ауыл мектебінің түлегі. Ол таңдаған "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" деген мамандықта ауыл квотасы бар. Және сол мамандыққа жалпы саны 100 грант бөлінді делік.

Грант бөлістірілгенде алғашқы 70 грант ауыл болсын қала болсын, осы мамандықты таңдағандардың ҰБТ балы бойынша алғашқы 70іне беріледі. Ал біздің Айнұр сол алғашқы 70 грантқа ілікпеді.

Бірақ Айнұр грантқа түсті, ол қалай?

Себебі, қалған 30 грантты тек қана ауыл мектебін бітіргендерге таратылады. Яғни, Айнұр 30 гранттың біреуіне ілікті.
Айнұр үшін маңызды: Ауыл квотасы есебінен мемлекеттік грантпен білім алған түлектер оқуларын тәмамдаған соң 3 жыл бойы ауылда жұмыс істеуге міндеті.

Бұл талапты орындамасаң, жазасы да дайын: ауылға барудан бас тартқан маман өзінің білім алуы үшін қазынадан бөлінген қаржыны әр теңге, тиынына дейін санап, мемлекетке қайтаруы тиіс.
 
Осы постты 10 досыңа тарат.
Жақсы мамандық таңдағым келеді

ҰБТ тапсырып шыққан соң, ендігі мәселе мамандық таңдау. ҰБТ-ға дейін бір мамандықты таңдап келген боларсыз. Қазір алған балыңыз оған жетуі-жетпеуі мүмкін. Жаңа шарттарды ескеру керек.

Осы уақытқа дейін бұл тақырыпқа қаншама пост жаздық. Жаңа оқырмандар үшін тағы да қысқаша атап кетейік.

1) Қай мамандыққа бейімсіз? Ішіңіз сезетін болар. Біреу техникаға жақын, біреу дәрігерлікк бейім, біреу компьютерге құмар. Соған сай мамандық таңдаңыз. Сонда жұмыс істеу, оқу оңай болады. Рахаттанып шаршайтын боласыз.

2) Отбасында жалғасып келе жатқан мамандық. Егер отбасында бәрі мұғалім болса, ол сізге де жұғуы мүмкін. Әрі оны оқу, жұмысқа тұру оңай болуы мүмкін. Оны да ескеріңіз.

3) Профориентация тест тапсырыңыз. Сіздің психотипіңізге қарай жаныңызға жақын мамандықтар тобын шығарып береді. Арасынан таңдайсыз.

4) Сұраныстағы мамандықты таңдаңыз. Мысалы, дәрігер, мұғалім, программист, т.б.

5) Қандай проблема көңіліңізді қалдырып жүр? Соны шешетін мамандыққа оқыңыз.

6) Еліңізге қандай маман ауадай қажет? Қандай мамандық ақсап тұр және еліміз содан зиян шегіп жатыр? Сол мамандыққа оқыңыз. Мағжан Жұмабаев, Қаныш Сатпаев солай жасаған.

Осыларды саралай келе, бір шешімге келіңіз. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Бәрі ОК болса, онда кірісіңіз. Сәттілік!
Университетті қалай таңдау керек?

Білімің сапалы болу үшін, уақытың өнімді өту үшін, жақсы достар табу үшін, жақсы пайда табу үшін дұрыс оқу орнын таңдау өте маңызды. ЖОО таңдау барысында ескеретін бірнеше факторды атай кетейік.

1. Таңдаған білім ордасы өз түлектерінің жұмысқа орналасуына қаншалықты ат салысады, соны білу. Оны қалай білеміз, университет әртүрлі ірі компаниялармен келісімшарт жасасқан ба? Бірлескен жобалары бар ма? деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

2. Сен таңдаған мамандық қай университетте мықты, соны іздеп көр. Көп жағдайда өте көп бағытта оқытатын мемлкеттік университет емес бірнеше бағытта ғана оқытатын жекеменшік оқу орындары жақсырақ болып жатады.

3. Жұмыс берушінің сұранысына ие университетті таңдауға тырысу.

4. Жатақханасы бар ма? Өйткені пәтер жалдап тұру бәріне қолжетімді емес.

5. Әскери кафедрасы бар ма, соны білу керек.

6. Шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламасы бар ма, соны білу керек. Бұл арқылы сен 2 диплом алып шыға аласың. Төрт жыл оқудың екі жылын шетелде оқи аласың.

Ең дұрысы, сол ЖОО-да оқыған адамнан кеңес сұрау керек.
Грант саны 2021

Білім және Ғылым министрлігі шығарған pdf файлда грант саны басқаша тұр.

Ал приложениеде басқаша тұр. Не үшін? Қай жерде дұрыс жазылған?

Осы сұрақтарға видеода жауап бердік. Сілтеме:

https://youtu.be/nYivUiHV9nQ
ҰБТ-да болуы мүмкін ең жаман жағдай

Ең жаман жағдай деп атауға келмес, бірақ ең нашары – жеткіліксіз балл жинау. Егер осы жағдай орын алуы мүмкін болса, оған алдын ала дайындалыңыз. Егер сіз 120 балдың орнына 70 балл жинап қалсаңыз, ары қарай не болмақ?

Бұны неге айтып жатырмын? Сол жағдай орын алса, шашыңызды жұлып, бүкіл әлемді тастап жіберуге дайын тұратыныңыз анық. Алайда бұл жағдай соған тұрарлық па? Егер балыңыз аз болса, онда грантқа түсуге болатын басқа мамандық таңдаңыз. Бастысы, адамның қажыр-қайраты болса, ең нашар университетте оқи тұра, ең жақсы университетті бітірген студенттен де жақсы біліп шыға алады.

Екінші вариант – сол өзіңіз қалаған мамандыққа бір жылға ақылы оқыңыз. Оқудан шығып қалған студенттің орнына ауысуға мүмкіндік болады.

Үшінші вариант – осы жылы оқуға түспей-ақ қойыңыз. Бір жыл демалыңыз. Оны-мұны істеп көріңіз. Елді аралаңыз. Саяхаттаңыз. Бұл практика әлемнің көптеген елінде бар, оны «үзіліс жыл» (gap year) деп атайды. Олар мектеп бітіре сала бірден оқуға түсуге асықпайды. Бір жыл өзімен-өзі болып, жоғарыда мен айтқан нәрселерді істейді.

Келесі жылы таза баспен, жетілдірген біліммен грант ұтып аласыз.

Яғни, қай жағдайда да сіз ұтылмайсыз. Варианттың көп болғаны қандай жақсы. Вариант жоқ болса, мүмкіндік бір рет қана берілетін болса, қайтер едік???