Jas Alash
1.98K subscribers
3.31K photos
1.08K videos
2 files
5.12K links
Бізден тек сапалы жаңалық! Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз🤝
Download Telegram
«Мен өз өмірімнің аяқталғанын түсінемін»: Сәрсемалиев шындығын айтты

Атырау облысында төрт адамның өліміне айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемалиев сотта бұрынғы әйелінің отбасымен арадағы жанжалдың себептерін егжей-тегжейлі баяндады.

Айыпталушының айтуынша, бұрынғы жұбайы Ақбаянның туыстары оның балаларын дұрыс қабылдамаған, ал енесі әлі дүниеге келмеген бесінші баласына да теріс пікір білдірген.

Сәрсемалиевтің сөзінше, бір эпизодта ол бұрынғы әйелінің бауырымен жанжалдасып, өзін қорғау мақсатында пышақ қолданғанын айтады. Оның айтуынша, сол сәтте қарсы тарап оны тұншықтырған. Сонымен қатар ол қайын атасы мен енесіне қатысты бастапқыда ауыр оймен барғанын да жасырмады.

«Бұл шарасыздықтан болды. Мен мұның соңы түрмеге әкелетінін түсіндім», - деді айыпталушы.


Ол бұл әрекеттерін жиналып қалған реніш пен балаларға қатысты уайыммен түсіндірді.

«Мен өз өмірімнің аяқталғанын түсінемін», - деді Сарсемалиев сотта.


Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤔2💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстан БАҚ-тары Тәшиевтің тергеу кезіндегі видеосын жариялады

Қырғызстандық БАҚ-тардың хабарлауынша, «75 ісі» бойынша өтіп жатқан сот процесіне қатысты фигуранттардың жауап алулары жарияланған. Сол видеолардың бірінде Камчыбек Тәшиев «75-хаттың» қалай пайда болғаны жөнінде түсініктеме беріп, «шара қолдануға кірісемін» деген мазмұнда пікір айтады.

Сонымен қатар видеода ол:

🔺«Мен де Ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген жоқпын» деген сөз айтады;
🔺қазіргі тыныштық «алдау болуы мүмкін» екенін ескертіп,
қажет болса, өз жақтастары арасында «мыңдаған адам қолдау көрсетуге дайын» екенін меңзейді.

Бұқаралық ақпарат құралдары бұл видеолардың түпнұсқалығы әлі ресми түрде расталмағанын да атап өтті. Яғни, жазбалар тергеу әрекеттері барысында түсірілгені немесе басқа процессуалдық жағдайда алынғаны нақты белгісіз.

📌«75 ісі» - Қырғызстанда 75 тұлғаның ел президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөнінде ашық хат жолдауынан кейін басталған резонансты іс ретінде қарастырылып отыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2
«АҚШ Иранмен келісу үшін 300 млрд доллар берген жоқ» - Трамп

Трамп Вашингтонның Иранға 300 млрд доллар төлеуді жоспарлап отыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауға келісті. Сонымен қатар АҚШ Иранға 300 млрд доллар төлейді деген әңгіме – демократтар таратқан жалған ақпарат», - деді Трамп.


Бұған дейін Financial Times басылымы Трамп әкімшілігі Иранды қалпына келтіруге арналған 300 млрд долларлық қор құру мүмкіндігін талқылап жатқанын хабарлаған еді. Басылым мәліметінше, бұл қорды мемлекеттер емес, Иранға инвестиция салуға мүдделі жеке компаниялар қаржыландыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Иранның аталған қаражатқа қол жеткізуі жаңа келісім талаптарын орындауына байланысты болмақ. Қор қаражаты елдің инфрақұрылымын қалпына келтіру мен жаңғыртуға жұмсалуы ықтимал.

Өз кезегінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс CBS News арнасына берген сұхбатында Иранға 300 млрд доллар көлеміндегі қайта құру қорына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан. Оның сөзінше, егер Тегеран болашақ келісім шарттарын орындаса, қаржыландыруды Парсы шығанағы елдерінің коалициясы қамтамасыз етуі мүмкін.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарлық блогердің сөмкесінде «пауэрбанк» жарылып, өртеніп кетті

Павлодарлық блогер Диляраның айтуынша, оқиға спортзалдағы жаттығудан кейін болған. Үйіне қайтуға жиналып жатқан кезде оның сөмкесінен кенет қою түтін шыға бастаған.

Қыз сөмкені тез шешіп үлгермек болған сәтте пауэрбанк жарылып кеткен. Жарылыстан кейін өрт тұтанып, жалын оның қолы мен басын шарпыған.

Фитнес-клуб қызметкерлері бірден көмекке жүгіргенімен, өртті толықтай тек сыртқа шығарғаннан кейін ғана сөндіре алған.

Дәрігерлер алған күйіктерді ауыр деп бағалаған. Алайда Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, блогер ауруханаға жатудан бас тартқан.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤯3
«Құдайдан кешірім сұрадым»: Атыраудағы бір отбасыны өлтірген Сәрсемалиев Меккеге барған

Атырау облысында бір отбасының бірнеше мүшесін өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмыстан кейін Меккеге барғанын айтып берді.

Оның сөзінше, елден кетудегі басты мақсаты жасырыну емес, Құдайдан кешірім сұрау болған.
Айыпталушының айтуынша, ол 10 қарашадан кейін Түркия арқылы Меккеге аттанған. Қасиетті қалада шамамен он күн жалғыз болып, болған оқиғаларды ой елегінен өткізген.

«Кешірім сұрағым келді. Тіпті өз-өзіме қол жұмсау туралы да ойладым», – деді ол соттағы жауабында.
Соған қарамастан Сәрсемалиев марқұмдардың да бұл оқиғада белгілі бір деңгейде кінәсі болғанына сенетінін айтып, оларды себепсіз өлтірмегенін мәлімдеді.

Сотта белгілі болғандай, кейін ол жұбайы Ақбаянды жалғыз қалдырмау үшін өзімен бірге алып кеткен. Ерлі-зайыптылар алдымен Ташкентке барғанымен, онда тұру шығындарының жоғары болуына байланысты басқа бағыт іздеген.

Ақырында олар Индонезияның Бали аралына қоныс аударған. Сәрсемалиевтің сөзінше, жол жүру билеттері шамамен 300 мың теңге тұрған, ал оның қолында небәрі 200 мың теңгедей қаражат болған.
Шетелде жүрген кезде айыпталушы тергеу барысы туралы ақпараттарды интернет арқылы бақылап отырғанын да жасырмады. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде «Атырау хакері» деген атпен танылған қолданушының жазбаларын оқығаннан кейін марқұм туыстарының SIM-карталарынан құтылған.

Қазір көпшілік назарындағы қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤣2😁1
Иран бойынша Нетаньяху Трамппен сөзге келіп қалған

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен Иранға қатысты келісім бойынша келіспеушіліктер бар екенін растады.

Нетаньяху Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде Вашингтонмен әрдайым бірдей ұстанымда бола бермейтінін айтты. Оның сөзінше, Израиль әскері Оңтүстік Ливан, Газа секторы мен Сирия аумағынан толық шығарылмайды, себебі бұл елдің қауіпсіздігіне тікелей қатысты.

– Президент Трамп екеуміздің көзқарастарымыз әрдайым сәйкес келе бермейді. Ол - АҚШ президенті, мен - Израиль премьер-министрімін. Мен Израильдің қауіпсіздік мүдделерін қорғауға жауаптымын. Мұндай келіспеушіліктер тіпті ең тату отбасыларда да болады, - деді Нетаньяху.


Аталған мәлімдеме АҚШ пен Иран арасында соғысты тоқтату туралы келісімге 19 маусымда қол қойылуы мүмкін деген ақпарат аясында айтылып отыр. Жоспарға сәйкес, тараптар қақтығысты тоқтатып, Ормуз бұғазын ашып, теңіз блокадасын алып тастауы мүмкін.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁2🏆1
«Ұшақпен бірдей»: ҚТЖ пойыз билеттерінің неге қымбаттағанын түсіндірді

Қазақстандықтар соңғы уақытта пойыз билеттерінің бағасы ұшақ билеттерімен шамалас болып кеткеніне жиі шағымданды. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тарифтердің қалыптасу тәртібіне түсініктеме берді.

Компания өкілдерінің айтуынша, теміржол билеттерінің бағасы бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді және ол маусымға немесе билеттің қашан сатып алынғанына байланысты өзгермейді. ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың сөзінше, қолданыстағы тарифтер заңнамаға сәйкес реттеледі.

Оның айтуынша, билет құнының өсуі жолаушылар тасымалы саласындағы шығындардың артуымен, инфрақұрылымды күтіп ұстау және вагон паркін жаңарту қажеттілігімен байланысты. Соған қарамастан, ҚТЖ өкілдері көптеген бағыттарда теміржол көлігі әуе тасымалына қарағанда әлі де қолжетімді екенін алға тартты.

Алайда жолаушылар арасында «пойыз бұрынғыдай арзан көлік түрі болудан қалып бара жатыр» деген пікір жиілеп келеді. Бұл мәселе әсіресе жазғы демалыс маусымы мен сұраныс жоғары бағыттарда айқын байқалады.

ҚТЖ мәліметінше, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты қосымша бағыттар іске қосылып, вагондар саны көбейтілген. Компания бұл шаралар қызмет сапасын жақсартып, тасымал қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп сендірді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қостанайда сотталушылар отырған көлік аударылып қалды: екі полицей жарақат алды

Қостанай қаласының орталығында полицияның қызметтік көлігі таксимен соқтығысып, аударылып қалды. Көліктің ішінде сотқа жеткізіліп бара жатқан бес қамаудағы адам болған.

Жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні күндіз Баймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік JAC көлігі арнайы жарық белгілерін қосып келе жатқанымен, жүргізуші маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген.

Салдарынан автозак жасыл түске қозғалып келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан бес адам қалалық аурухананың травмпунктіне жеткізілді. Екі полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында қалды. Такси жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁2
ҚТЖ басшысы жеке бизнесінің барын мойындады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов жеке бизнесінің бар екенін растады.

Оның айтуынша, өзі «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы болғанымен, компания сенімгерлік басқаруға берілген. Сондықтан кәсіпорынның күнделікті қызметіне араласпайды.

Талғат Алдыбергенов қазіргі таңда аталған компанияның «Қазақстан темір жолымен» де, басқа мемлекеттік құрылымдармен де ешқандай іскерлік байланысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол компанияның қаржылық қызметі мен кірістеріне қатысты мәселелерді арнайы басқарушы ұйым жүргізетінін атап өтті.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁3😢1
«Путин әскери түрде әлсіреп жатыр»: G7 елдері Ресейге қарсы қысымды күшейтпек

«Үлкен жетілік» (G7) саммитінде Украинаға қолдауды арттыру және Ресейге қарсы қысымды күшейту мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды.

Саммитке қатысушылар Ресейдің мұнай және газ экспортына қатысты жаңа шектеулер енгізу жөнінде ортақ ұстанымға келді. Ұлыбритания мен Канада жаңа санкциялар пакетін жариялап үлгерді.

Украина президенті Владимир Зеленский кездесу барысында елдің әуе қорғанысын күшейту үшін Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды Украина аумағында өндіруге лицензия беру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Ресей соғысты тоқтатуға ниетті емес, сондықтан Мәскеуді келіссөз үстеліне отырғызу үшін санкциялық қысымды күшейту қажет.

Зеленскийдің сөзінше, Ресей президенті Владимир Путинді тоқтатудың тиімді жолдарын табу маңызды. Ол бұл бағытта АҚШ президенті Дональд Трамп пен Еуропа елдерінің рөлі ерекше екенін атап өтті.

Саммитке қатысқан бірқатар сарапшылар мен саясаткерлер қазіргі жағдайда Украинаның позициясы нығайып келе жатқанын, ал Ресейдің әскери жолмен мақсатына жету мүмкіндігі азайып бара жатқанын айтты.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
2👍2😁2
Қазақстан мен Иран сауда және логистика байланысын күшейтпек

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту, порттық инфрақұрылымды кеңейту, екіжақты сауда көлемін арттыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар көлік дәлізінің әлеуетін тиімді пайдалану үшін инвестиция тарту жұмыстарын жеделдетуге және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды күшейтуге уағдаласты.

Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Иран көлік-логистикалық байланыстарды дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
👍2
Қазақстан Орталық Азиядағы алкогольді ең көп тұтынатын ел атанды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен World Population Review деректеріне сәйкес, Қазақстанда 15 жастан асқан бір адам жылына орта есеппен 5,4 литр таза спирт тұтынады.

Бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы өзге елдерден жоғары:

🔹 Қырғызстан - 3,9 литр;
🔹 Өзбекстан - 2,1 литр;
🔹 Тәжікстан - 0,7 литр.

Алайда әлемдік рейтингте Қазақстан көшбасшылар қатарында емес, тізімнің орта тұсында орналасқан.

Алкогольді ең көп тұтынатын елдер бестігіне Румыния (17,1 литр), Грузия (15,5 литр), Латвия (14,7 литр), Молдова (14,1 литр) және Чехия (13,7 литр) кірді.

Ал ең төмен көрсеткіштер Пәкістан, Мысыр, Иран, Сирия және Кувейтте тіркелген.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
😁3🥴2🤣1
Маңғыстауда әуежай маңындағы 50 гектар жер заңсыз берілген

Маңғыстау облысында құны 870 миллион теңге болатын 50 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Заң бұзушылықты Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкерлері анықтаған. Белгілі болғандай, әуежай маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі жеке тұлғаларға заңсыз берілген.

Аталған аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, яғни қоқыс төгетін орын салу жоспарланған. Алайда жер телімі берілгеннен кейін он жылдан астам уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмай, бос жатқан.

Прокуратураның мәліметінше, кадастрлық құны 870 миллион теңгені құрайтын жер учаскесі прокурорлық қадағалау актісі негізінде толықтай мемлекет меншігіне қайтарылған.

Ведомство өкілдері ел бойынша әуежай маңындағы аумақтарда заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Өйткені ұшу-қону жолақтарының жанында қоқыс полигондарының пайда болуы құстарды тартып, авиациялық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді.

📷: Жас Алаш (ЖИ)

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤔1🌚1
Қарағандыда екі отбасы бір қабірге таласты: Іс бойынша эксгумация қорытындысы шықты

Қарағанды облысында бір қабірге қатысты екі отбасы арасындағы дауға нүкте қойылды. Сот шешімімен жүргізілген эксгумация нәтижесінде қабірде құлпытасқа аты жазылған адамның жерленгені анықталды.

Дау жергілікті тұрғынның анасының қабірінің үстіне бөтен адамның ескерткіші мен қоршауы орнатылғанын байқағаннан кейін басталған. Іс сотқа жетіп, апелляциялық алқа мәйітті эксгумациялау туралы шешім шығарған.

Сараптама қорытындысы талапкердің күдігін растамады. Марқұмның жиені Нұрхан Майлыбаевтың айтуынша, қабір ашылған кезде олардың туысы емес екені белгілі болған. Соған қарамастан, мамандар ДНҚ сараптамасын жүргізуді жалғастырған.

Енді талапкер анасының нақты қай жерге жерленгенін анықтап, жауапкерлердің эксгумация мен сот шығындарын өтеуі тиіс. Сонымен қатар ол моральдық шығын өндіріп алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Айгүл Жамиленова анасын 2024 жылдың қараша айында Бұқар жырау ауданындағы Құрылыс ауылының мұсылман зиратына жерлеген. Алайда кейін мазар тұрғызуға келгенде, қабір басында бөтен адамның аты-жөні жазылғанын көріп, сотқа жүгінген болатын.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤯2
АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризм бойынша қамауға алынды

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ол 5 маусым күні федералдық серіктестердің қатысуымен өткен арнайы операция барысында қолға түскен. ICE өкілдерінің айтуынша, өткен жылдың жазында иммиграциялық сот оны елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ер адам сот отырысына келмеген.

Қазіргі уақытта Еламан Балтагерей АҚШ-тан шығару рәсімі аяқталғанға дейін қамауда отыр.

ICE оны терроризммен байланысы бар немесе осындай байланысқа күдікті тұлға ретінде сипаттаған. Алайда нақты қандай айып тағылғаны әзірге жарияланған жоқ.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
🤔1
Krisha.kz пен Korter.kz-ке заңсыз жарнама үшін миллиондаған айыппұл салынды

Алматыда үлестік құрылыс нысандарына қатысты заң талаптарын бұзған онлайн платформалар жауапкершілікке тартылды. Әңгіме үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендерін жарнамалау туралы болып отыр.

Заңнамаға сәйкес, мұндай тұрғын үй нысандарын жарнамалау тек уәкілетті органның рұқсатымен немесе үлескерлердің құқықтарын қорғаудың заңды тетіктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл талаптарды тек бір компания ғана бұзбаған.

«Колеса» АҚ (Krisha.kz) шамамен 4,3 млн теңге көлемінде айыппұлға тартылса, «Флетфай-Казахстан» филиалы (Korter.kz) 500 АЕК, яғни 2,1 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
👍1
Павлодарда 3 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Павлодарда үш жасар қызын азаптап өлтірді деп айыпталған 26 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айрылды.

Сот материалдарына сәйкес, бала бірнеше ай бойы зорлық-зомбылық көрген. Сарапшылар оның денесінен әр кезеңде салынған 36 жарақат ізін анықтаған.

Сотталушы азаптау фактісін ішінара мойындағанымен, қасақана кісі өлтіргенін жоққа шығарды. Алайда сот оның уәждерін негізсіз деп танып, кінәсін толық дәлелденген деп есептеді.

Сонымен қатар сот оны қаза тапқан қыздың анасына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
👍1🥴1
👀Әлемде не болып жатыр?

🇺🇸🇮🇱🇮🇷 АҚШ Израильге Иранмен жасалатын өзара түсіністік меморандумының мәтінін беруден бас тартты
. Құжат 19 маусымда Швейцарияда қол қойылады деп жоспарланған. Бұл туралы израильдік N12 телеарнасы хабарлады. Соның салдарынан Израиль келісімнің толық мазмұнын білмей отыр. Бұған дейін Дональд Трамп құжат бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп, оны оқитынын айтқан, бірақ нақты уақыты белгісіз.

🇷🇺🇬🇧 Ла-Манш бұғазында 16 маусымда Ресейдің «Адмирал Григорович» фрегаты британдық Bright Future яхтасына ескерту оқтарын атқан. The Telegraph дерегінше, оқиға Уайт аралы мен Нормандия арасында болған. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Зардап жоқ, яхтаға зақым келмеген. Ресей тарапы экипаж бірнеше рет байланыс орнатуға тырысқанын, бірақ жауап болмағанын айтты.

🇮🇳 Үндістан үкіметі Telegram мессенджерін 22 маусымға дейін уақытша бұғаттады. Бұған NEET-UG емтиханының тапсырмаларының таралуы себеп болған. 2,28 млн талапкердің алғашқы нәтижелері жойылып, емтихан қайта өтеді. Telegram негізін қалаушы Павел Дуров бұл шешімді қате деп атап, 150 млн қолданушы жазаланғанын айтты.

🇯🇵 Жапония Банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 1%-ға дейін көтерді. Бұл 1995 жылдан бергі ең жоғары деңгей. Реттеуші 2027 жылдан бастап мемлекеттік облигацияларды сатып алуды қысқартуды тоқтататынын да хабарлады. Банктің мәліметінше, әлемдік мұнай бағасының өсуі инфляцияға әсер етіп отыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1