ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.71K subscribers
1.39K photos
192 videos
675 links
Download Telegram
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
3 адам экстремистік ұйымның қызметiне қатысқаны үшін сотталды

Жамбыл аудандық сотында экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу туралы сот шешімі бола тұра, оның қызметіне қатысқаны үшін айыпталған 4 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 405-бабының 2-бөлігі).

Сотпен анықталғаны:
2024 жылғы желтоқсанда сотталушылар А., У. және Д. қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазаларын өтеу барысында «Т.» діни экстремистік ұйымының қызметіне сот тыйым салғанын біле отырып, сотталушылармен жиналып, халықаралық діни-экстремистік ұйымның идеологиясын қалыптастыру және оның жақтастарының санын көбейту мақсатында сотталушылар арасында «даваттар» (уағыздар, насихаттар, консультациялар, жиналыстар) өткізді. Олар адамдарды өздерінің ізбасарлары «даватты» қайда және кімге жүргізу керектігі туралы шешім қабылдауға көндіріп, осылайша халықаралық діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты.

Сотталушылардың кінәсі куәлердің айғақтарымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген.

Тараптардың позициясы:
Прокурор діни қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.

Сот шешімі:
ҚК 405-бабы 2-бөлігінің санкциясы 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын және сотталушы У.-дың жасаған ісіне өкініш білдіруін жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызды.

Ал қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жасалуы ауырлататын мән-жай болып танылды.

Сот үкімімен сотталушылар А., У. және Д. ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге діни қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, әрқайсысы 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
3 лица осуждены за участие в деятельности экстремистской организации

В Жамбылском районном суде рассмотрено уголовное дело в отношении 3-х лиц, обвиняемых в участии в деятельности религиозного объединения после решения суда о запрете их деятельности в связи с осуществлением ими экстремизма или терроризма (ст.405 ч.2 УК).

Судом установлено:
В декабре 2024 года подсудимые А., У. и Д. во время отбывания наказания в исправительном учреждении, зная, что деятельность религиозной экстремистской организации «Т.» запрещена судом, собираясь с осужденными, проводили «даваты» (проповеди, пропаганду, консультации, собрания) среди заключенных с целью формирования идеологии международной религиозно-экстремистской организации и увеличения числа ее сторонников. Они убеждали людей, принимать решения о том, где и кому их последователи должны вести свой «дават», тем самым участвовали в деятельности международной религиозно-экстремистской организации.

Вина подсудимых доказана показаниями свидетелей и вещественными доказательствами.

Позиция сторон:
Прокурор просил назначить наказание в виде 2-х лет лишения свободы с лишением права заниматься религиозной деятельностью.

Подсудимые вину признали частично.

Решение суда:
Санкция ст.405 ч.2 УК предусматривает наказание в виде штрафа в размере до 2000 МРП либо исправительных работ в том же размере, либо ограничения либо лишения свободы на срок до 2 лет.

К смягчающим обстоятельствам суд отнес то, что подсудимые имеют несовершеннолетних детей и раскаяние в содеянном подсудимого У.

Отягчающим обстоятельством признано совершение преступления группой лиц по предварительному сговору.

Приговором суда подсудимые А., У. и Д. были признаны виновными в совершении уголовного правонарушения по ст.405 ч.2 УК, и осуждены к 1 году лишения свободы, с лишением права заниматься религиозной деятельностью сроком от 4 до 7 лет.

Приговор не вступил в законную силу.

Пресс-служба Жамбылского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Сот 25 млн теңгеге мүлікті сатуға беру туралы жеке сот орындаушысының қаулысының күшін жойды

Жамбыл облысының МАӘС «К.» шаруа қожалығы басшысының жеке сот орындаушысына (бұдар әрі – ЖСО) қатысты мүлікті сатуға беру туралы қаулының күшін жою және жер учаскелерінен уақытша тыйым салуды алып тастау туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде талап қоюшыдан 25 млн теңге көлемінде берешек өндіріп алынғанын, ЖСО-ның кепіл мүлкіне өндіріп алуға аударуымен атқарушылық іс қозғалғанын анықтады.

2025 жылғы ақпанда ЖСО жалпы сомасы 25 млн теңгені құрайтын тұрғын емес жапсаржайды, бес көкөніс-қоймасын, тұрғын үйді, спорт залын және қоймаларды сатуға беру туралы қаулы шығарды.

Талап қоюшы қаулы шығару кезінде ЖСО елеулі бұзушылықтарға жол бергенін көрсете отырып, сотқа талап қоюмен жүгінді.

Сотта объектілердің бір бөлігі талап қоюшының жер учаскесінен тыс орналасқандығы анықталды, бұл мүлікті сауда-саттыққа беруді мерзімінен бұрын және негізсіз етеді.

Сонымен қатар, сот жер учаскелерінен уақытша тыйымды алып тастауға негіз таппады, өйткені атқарушылық іс жүргізу жалғасуда, ал мәжбүрлеп орындату шаралары заңды болып қала береді.

Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды, ЖСО-ның тыйым салынған мүлікті сатуға беру туралы қаулысының күші жойылды, ал талап қоюдың қалған бөлігінен бас тартылды.

Сот жауапкер ЖСО-на шешімді заңды күшіне енген сәттен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті екенін түсіндірді. Сот актісін орындамау 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл облысының МАӘС баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Суд отменил постановление ЧСИ о передаче на реализацию имущества на 25 млн тенге

СМАС Жамбылской области рассмотрено административное дело по иску главы крестьянского хозяйства «К.» к ЧСИ об отмене постановления о передаче имущества на реализацию и временном снятии ареста с земельных участков.

Судом установлено, что на основании исполнительной надписи нотариуса, с истца взыскана задолженность в размере 25 млн тенге, ЧСИ возбуждено исполнительное производство с обращением взыскания на залоговое имущество.

В феврале 2025 года ЧСИ вынесено постановление о передаче на реализацию нежилой пристройки, пяти овощехранилищ, жилого дома, спортивного зала и складов в общей сумме 25 млн тенге.

Истец обратился в суд с иском, указывая, что ЧСИ допущены существенные нарушения при вынесении постановления.

В суде достоверно установлено, что часть объектов расположены за пределами земельного участка истца, что делает передачу имущества на торги преждевременной и необоснованной.

Вместе с тем, суд не нашёл оснований для удовлетворения иска в части временного снятия ареста с земельных участков, так как исполнительное производство продолжается, и меры принудительного исполнения остаются правомерными.

Решением суда иск удовлетворен частично, постановление ЧСИ о передаче арестованного имущества на реализацию – отменено, в остальной части иска – отказано.

Суд разъяснил, что ответчик ЧСИ обязан исполнить решение в месячный срок с момента вступления его в законную силу. Неисполнение судебного акта влечет наложение денежных взысканий в размере до 50 МРП.

Решение не вступило в законную силу.

Пресс-служба СМАС Жамбылской области

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Ит пен құстан сақтану үшін қаруды заңсыз сақтаған

Жуалы аудандық соты тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша У. мен Т.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі).

Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың наурыз айында полиция қызметкерлерімен «К.» орман шаруашылығына тиесілі мал жайылымын тексеру барысында, жайылымдағы 2 малшының үйінен тіркелмеген «ИЖ 18Е» және «ИЖ 17» маркалы, 12 және 16 калибрлі қару табылған.

Малшылар өздерінің түсініктемелерінде қаруды тек ит пен құстан сақтану үшін сақтағанын көрсеткен.

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес, аңшы куәлігі бар, 21 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға құқығы бар.

Cот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Сот қаулысымен азаматтар У. және Т. ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, олардан қаруды тәркілей отырып, әрқайсысына 78 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Незаконно хранили оружие для защиты от птиц и собак

Жуалынским районным судом рассмотрено дело в отношении У. и Т. по факту незаконного хранения гладкоствольного оружия (ст.482 ч.1 КоАП).

Судом установлено, что в марте 2025 года, при проверке сотрудниками полиции одной из территорий выпасов для скота, принадлежащей лесному хозяйству «К.», в доме на пастбище у 2-х скотоводов было обнаружено незарегистрированное 12 и 16 калиберное оружие марки «ИЖ 18Е» и «ИЖ 17».

В своих объяснительных скотоводы утверждали, что хранили оружие лишь для защиты от птиц и собак.

В соответствии со ст.15 Закона РК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» огнестрельное гладкоствольное длинноствольное оружие и охотничье пневматическое оружие имеют право приобретать достигшие 21 летнего возраста граждане Республики Казахстан с правом хранения и ношения, которые имеют удостоверение охотника.

В судебном заседании правонарушители свою вину признали полностью и просили суд строго не наказывать.

Постановлением суда граждане У. и Т. признаны виновными по ст.482 ч.1 КоАП, и им назначено наказание в виде штрафа в размере 78 тыс. тенге каждому с конфискацией оружия.

Постановление вступило в законную силу.

Пресс-служба Жуалынского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Жамбыл облыстық сотында «Мақал-жұмбақ әлемінде» атты интеллектуалды конкурс өткізілді

Жамбыл облыстық сотында облыс соттарының судьялары мен мемлекеттік қызметшілері арасында «Мақал-жұмбақ әлемінде» атты байқау өтті.

Іс-шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Гузаль Турдыева, сондай-ақ облыс соттарының судьялары мен СӘ департаментінің қызметкерлері қатысты.

Интеллектуалды байқау тіл мәдениетін арттыруға, рухани мұраны насихаттауға және ұжымда бірлікті дамытуға бағытталған.

Қатысушылар 4 конкурстық кезеңде өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті:
✔️ «Мақал-мәтелді жалғастыр»;
✔️ «Жұмбақ шешу»;
✔️ «Мақал мен жұмбақты сәйкестендір»;
✔️ «Өз мақал-мәтелдеріңді құрастыру».

Байқау қорытындысы бойынша:
✔️ 1-орын – Жамбыл аудандық сотының командасы,
✔️ 2-орын – Тараз қаласының № 2 сотының командасы,
✔️ 3-орын – Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының командасы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен байқауға қатысушыларға грамоталар, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға жоғары дайындық деңгейі мен мәдени мұраны сақтауға деген ұмтылыстары үшін алғыстарын білдірді.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary

* * *

В Жамбылском областном суде проведен интеллектуальный конкурс «Мақал-жұмбақ әлемінде»

В Жамбылском областном суде состоялся конкурс «Мақал-жұмбақ әлемінде» среди судей и государственных служащих судов области.

В мероприятии приняли участие председатель судебной коллегии по гражданским делам Жомарт Рустембеков, заместитель руководителя Департамента Судебной администрации Гузаль Турдыева, а также судьи и сотрудники судов области.

Интеллектуальный конкурс направлен на повышение языковой культуры, популяризацию духовного наследия и развития сплоченности в коллективе.

Участники продемонстрировали свои знания и творческие способности в 4-х конкурсных этапах:
✔️ «Продолжи пословицу»;
✔️ «Разгадывание загадок»;
✔️ «Подбор пословиц и загадок»;
✔️ «Составь свою пословицу».

По итогам конкурса победителями стали:
✔️ 1-е место – команда Жамбылского районного суда,
✔️ 2-е место – команда суда № 2 города Тараз,
✔️ 3-е место – команда Специализированного межрайонного суда по уголовным делам Жамбылской области.

Победители и участники конкурса были награждены грамотами, сертификатами и памятными подарками.

Организаторы выразили признательность за высокий уровень подготовки и стремление к сохранению культурного наследия.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

https://t.me/jambyl_sottary