ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.71K subscribers
1.38K photos
190 videos
669 links
Download Telegram
◾️ 2024 жылдың мамыр айында жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Тараз қаласында орналасқан 0,1766 га жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын заңды түрде алған.

◾️ Алайда, кейіннен бұл аумақта басқа кәсіпкер рұқсатсыз батут, ойын каруселін, лабиринт орнатып, балалар көліктерін коммерциялық жалға беруді ұйымдастырған.

◾️ Жағдайды реттеуге тырысқанына қарамастан, кәсіпкер жауапкерді алаңда орналасқан балалар аттракциондарын бұзып, аумақты босатуды міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

◾️ Жеке кәсіпкер Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына басқа жеке кәсіпкердің үстінен жер телімін пайдалану құқығын бұзуды жою туралы талап қоюмен жүгінген.

◾️ Сот талап қоюшы жер телімінің заңды иесі болып табылады, ал жауапкерде оны пайдалануға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді.

◾️ Сот жауапкердің әрекетін заңсыз деп танып, талап қоюды толығымен қанағаттандырып, оны учаскені босатуға және мемлекеттік бажды төлеуге міндеттеді.

◾️ Қаулы заңды күшіне енді.

https://t.me/jambyl_sottary
◾️ В мае 2024 года индивидуальный предприниматель на законных основаниях получила право временного возмездного землепользования на участок площадью 0,1766 га, расположенный в Таразе, для осуществления предпринимательской деятельности.

◾️ Однако впоследствии на данной территории без разрешения другим предпринимателем были установлены батут, игровые карусели, лабиринт, а также организована коммерческая аренда детских машинок.

◾️ Несмотря на попытки урегулировать ситуацию, предприниматель была вынуждена обратиться в суд с требованием обязать ответчика демонтировать размещённые на участке детские аттракционы и освободить территорию.

◾️ Индивидуальный предприниматель подала иск в Специализированный межрайонный экономический суд Жамбылской области к другому ИП об устранении нарушений прав пользования земельным участком.

◾️ Суд пришёл к выводу, что истец является законным владельцем участка, а у ответчика отсутствуют какие-либо правовые основания на его использование.

◾️ Признав действия ответчика незаконными, суд полностью удовлетворил иск, обязал его освободить участок и оплатить государственную пошлину.

◾️ Решение вступило в законную силу.

https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары өз басшыларына жер телімдері берілген азаматтармен туыстық байланыстар мен мүдделер қақтығысының туындау қаупі туралы хабарламай, жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген.

◾️ 2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

◾️ Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне құқық алған.
Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

◾️ Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы).

◾️ Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады.

◾️ Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

◾️ Қаулылар заңды күшіне енді.

https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Должностные лица Жамбылской области, не уведомив своих руководителей о риске возникновения конфликта интересов и родственных связях с гражданами, которым выделялись земельные участки, предоставили права землепользования своим близким родственникам.

◾️ В декабре 2024 года матери супруги акима Полаткощинского сельского округа был передан в пользование участок площадью 0,0692 га для садоводства сроком на 1 год. Спустя два месяца участок был переведён в категорию коммерческого использования.

◾️ Сестра акима Каратобинского сельского округа получила права на земельный участок площадью 0,1 га для ведения сада, а также в частную собственность — ранее арендованный участок площадью 0,0763 га. Отцу жены аким предоставил участок площадью 0,3500 га.

◾️ Жамбылским районным судом рассмотрены два дела об административных правонарушениях по факту непринятия руководителями государственных органов мер по противодействию коррупции (статья 680 КоАП РК).

◾️ Должностные лица признали свою вину в полном объёме.

◾️ Суд признал их виновными по статье 680 КоАП, каждому назначен административный штраф в размере 275 тысяч тенге.

◾️ Постановления вступили в законную силу.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
«Қайтыс болған адамға бір жылдан астам уақыт зейнетақы төленген»

🔺 Назарларыңызға «Сот хроникасы» медиа-жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз.

🔹 Жамбыл аудандық соты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жауапкер А.-дан соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

🔹 Азамат А. 2021 жылдың шілде айында қайтыс болған. Бұл туралы оның туыстары дер кезінде хабарламаған.

🔹 Азамат А. қайтыс болғаннан кейін, яғни 2021 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың ақпан айына дейін оған жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңге көлемінде заңсыз зейнетақы аударылып отырған.

🔹 2023 жылдың ақпан айында қайтыс болу фактісі анықталған соң барлық зейнетақы төлемдері тоқтатылып, аударылған сомалар ішінара қайтарылған. Алайда, қайтыс болғанның есептік картасынан белгісіз тұлғаның 235 мың теңгені шешіп алғаны анықталған.

‼️ Корпорация жауапкерден – яғни қайтыс болған азамат А.-ның ұлынан ақшалай қаражат сомасын өндіруді сұрап, сотқа жүгінді.

⚖️ Істі қарау барысында, тараптарға татуластыру рәсіміне қатысу ұсынылып, нәтижесінде медиативтік келісімге қол жеткізілді.

✔️ Сотпен бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер шығынды өтеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз кезегінде талаптан бас тартты.

✔️ Келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

✔️ Ұйғарым заңды күшіне енді.

🎤 Спикер: Алина Райымбаева, Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
«Умершему человеку больше года начисляли пенсию»

🔺 Представляем вашему вниманию очередной выпуск медиа-проекта «Хроники судебных дел»

🔹 В Жамбылском районном суде рассмотрено гражданское дело по иску НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» к ответчику А. о взыскании суммы.

🔹 Гражданин А. умер в июле 2021 года. Родственники умершего не сообщили об этом своевременно.

🔹 После смерти гражданина А., то есть в период с августа 2021 года по февраль 2023 года, ему была незаконно перечислена пенсия в общей сумме более 1,6 млн. тенге (одного миллиона шестьсот тысяч тенге).

🔹 В феврале 2023 года, после установления факта смерти А., все пенсионные выплаты были приостановлены, перечисленная сумма была возвращена частично. Выяснилось, что с карты умершего неизвестным лицом были сняты деньги в размере 235 тыс. тенге (двухсот тридцати пяти тысяч тенге).

‼️ Корпорация обратилась в суд с иском о взыскании денежных средств с ответчика сына умершего гражданина А.

⚖️ При рассмотрении иска сторонам было предложено принять участие в примирительной процедуре, в результате чего, достигнуто медиативное соглашение.

✔️ По условиям утвержденного судом соглашения, ответчик обязуется погасить долг в полном объеме, истец в свою очередь отказался от иска.

✔️ Соглашение утверждено судом, производство по делу прекращено.

✔️ Определение вступило в законную силу.

🎤 Спикер: Райымбаева Алина, пресс-служба Жамбылского областного суда
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Кәсіпкерге әдейі банкроттық жасағаны үшін 550 мың теңге айыппұл салынды

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша (Әдейі банкроттық) П.-ға қатысты іс қаралды.

Жеке кәсіпкер П., ақша қаражатын жасыру арқылы кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуіріне дейін есеп айырысу шотынан 46,4 млн теңге қолма-қол ақшаны шешкен. Бұдан бөлек, есептен көлік құралы да шығарылған. Жеке кәсіпкердің кредиттік берешегі 14 млн теңгеден асқан.

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкердің соңғы 3 жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша әдейі банкроттық белгілерінің болуы туралы қорытынды жасалды.

Сот отырысында П. өзінің кінәсін мойындап, барлық табыс жеке тасымалдаушылармен есеп айырысуға бағытталғанын түсіндірді.

Салық органының өкілі соттан П.-ны жауапқа тартуды сұрады.

Құқық бұзушының кінәсі МАЭС шешімімен, экономикалық тергеу департаментінің хатымен, әдейі банкроттық белгілерінің болуы туралы қорытындымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

ӘҚБтК 182-бабы 1-бөлігінің санкциясымен жеке тұлғалар үшін 200 АЕК, заңды тұлғалар үшін 400 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сот оның бірінші рет құқық бұзушылық жасауын, кінәні мойындауын, жас балаларының болуын және П.-ның өз отбасының жалғыз асыраушысы екенін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот айыппұл сомасын 30%-ға қысқартты.

Сот қаулысымен П. кінәлі деп танылып, оған 550 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тараз қаласының ӘҚБжМС баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Предприниматель оштрафован на 550 тысяч тенге за преднамеренное банкротство

В специализированном суде по административным правонарушениям г.Тараз рассмотрено дело по ч.1 ст.182 КоАП (Преднамеренное банкротство) в отношении П.

ИП П., с целью уклонения от исполнения обязательств перед кредиторами путем сокрытия денежных средств, с 1 января по 30 апреля 2021 года снял с расчетного счета наличными 46,4 млн тенге. А также, с учета было снято транспортное средство. Кредитная задолженность ИП составляла более 14 млн тенге.

Департаментом государственных доходов проведен анализ финансово-хозяйственной деятельности ИП за последние 3 года. По результатам анализа составлено заключение о наличии признаков преднамеренного банкротства.

В судебном заседании П. свою вину признал, пояснил, что весь доход был направлен на расчеты с частными извозчиками.

Представитель налогового органа просил суд привлечь П. к ответственности.

Вина правонарушителя доказана решением СМЭС, письмом ДЭР, заключением о наличии признаков преднамеренного банкротства и другими материалами дела.

Санкцией ч.1 ст.182 КоАП предусмотрен штраф в размере 200 МРП для физических лиц, юридических – 400 МРП.

Суд признал смягчающими обстоятельствами совершение правонарушения впервые, признание вины, наличие малолетних детей и что П. является единственным кормильцем своей семьи.

Суд сократил сумму штрафа на 30%.

Постановлением суда П. признан виновным, и на него наложен штраф в размере 550 тысяч тенге.

Постановление вступило в законную силу.

Пресс-служба ССпАП г.Тараз

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
🎥 Іс-шарадан бейнеролик



🎥 Видеоролик с мероприятия