ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.71K subscribers
1.36K photos
188 videos
667 links
Download Telegram
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Жамбыл облысында оңтүстік аймақтардың XI Спартакиадасы аяқталды

◾️ Тараз қаласында 2025 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының XI спартакиадасының Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындары өтті.

◾️ «Ж.Үшкемпіров атындағы Тараз-Арена» спорт кешенінде командалық және жеке біріншілікке таласуға Оңтүстік аймақтардың – Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының судьялары жиналды.

◾️ Салтанатты ашылу рәсіміне келген командалардың облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

◾️ Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев және сот жүйесінің ардагері Серік Байбатыров іс-шараны аша отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, судьялар корпусының арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптасып жатқанын атап өтті.

◾️ Турнирде аймақтардың судьялары спорттың 9 түрінен: кіші футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, арқан тарту және тоғызқұмалақтан медальдар үшін күресті.

◾️ Спартакиада судьялар үшін өз қабілеттерін көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар басқа аймақтардағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шараның бірі болды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

◾️Жалпы командалық есепте 1 орынды Алматы қаласының командасы;

◾️ 2 орынды – Жетісу облысының командасы;

◾️ 3 орынды – Түркістан облысының командасы иеленді.

◾️ Спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған спорт командалары мен жеке біріншілік ойындары бойынша, сондай-ақ ойындарда ерекшеленген қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
В Жамбылской области завершилась XI Спартакиада южных регионов

◾️ В г.Тараз 22-23 мая 2025 года прошли Южные региональные отборочные игры XI Спартакиады Союза судей Республики Казахстан среди судей.

◾️ Оспаривать командное и личное первенство в спортивном комплексе «Тараз-Арена им. Ж.Ушкемпирова» собрались судьи Южного региона – г.Алматы, г.Шымкент, Алматинской, Туркестанской, Жамбылской областей и области Жетысу.

◾️ В торжественной церемонии открытия приняли участие председатели областных и приравненных к ним судов, приехавших команд, первые руководители государственных и правоохранительных органов области.

◾️ Открывая мероприятие, председатель Жамбылского областного суда Ербол Ахметжанов, руководитель аппарата акима Жамбылской области Лесбек Илебаев и ветеран судебной системы Серик Байбатыров пожелали участникам Спартакиады успехов и победы, отметив, что в судейской среде культивируется позитивное отношение к спорту и здоровому образу жизни.

◾️ В турнире судьи регионов боролись за медали по 9 видам спорта: мини-футбол, волейбол, большой и настольный теннис, бильярд, шахматы, шашки, перетягивание каната и тогызкумалак.

◾️ Спартакиада стала важным событием для судей, предоставив им возможность не только проявить свои способности, но и обменяться опытом с коллегами из других областей. В ходе соревнований участники продемонстрировали высокий уровень подготовки, спортивный дух и стремление к победе.

По итогам соревнований:

◾️ 1 место в общекомандном зачете заняла команда г.Алматы;

◾️ 2 место – команда области Жетысу;

◾️ 3 место – команда Туркестанской области.

◾️ Спортивные команды и участники по играм личного первенства, занявшие призовые места по видам спорта, а также отличившиеся в играх награждены грамотами, кубками и медалями.

Пресс-служба Жамбылского областного суда

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
🎥 Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының XI спартакиадасының Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындарынан бейнеролик



🎥 Видеоролик с Южно-региональных отборочных игр XI Спартакиады Союза судей Республики Казахстан
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Video
Тараз қаласында 2025 жылғы 22-23 мамырда Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындары өтті.

🎥 Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының XI спартакиадасының Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындарынан бейнероликті ұсынамыз



В г.Тараз 22-23 мая 2025 года прошли Южно-региональные отборочные игры

🎥 Предлагаем Вашему вниманию видеоролик Южно-региональных отборочных игр XI Спартакиады Союза судей Республики Казахстан
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Облыс соттарының мемлекеттік қызметшілеріне семинар өткізілді

◾️ ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкіл Г.Турдыева облыстың мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізді.

◾️ Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Джузбаева және облыс соттарының қызметкерлері қатысты.

◾️ Іс-шара барысында С.Джузбаева іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

◾️ Іс-шарада құжат айналымы бөлімінің бас маманы А.Узбекова сөз сөйлеп, сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану үрдісі туралы айтты. Статистиканы келтіре отырып, баяндамашы мемлекеттік тілді қолдану деңгейін арттыруға бағытталған өткізілген және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып, барлығын тіл мәдениетін арттыруға шақырды.

◾️ Ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы А.Умирбаев баяндама жасай отырып, кіріп-шығу режимінің ережелері, сот ғимараттарының терроризмге қарсы қорғалуы және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері туралы айтты.

◾️ Қорытындылай келе, Г.Турдыева барлық қатысушыларды мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауға және жұмыста жоғары кісәбилікті көрсетуге шақырды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

https://t.me/jambyl_sottary