ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.72K subscribers
1.34K photos
183 videos
650 links
Download Telegram
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Асырап алған баласын оқтаумен ұрған ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жамбыл аудандық сотында көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы).

Сотта анықталғаны:
2024 жылдың желтоқсан айында сотталушы К. өзінің үйінде 1 млн теңге ақша қаражатын өзінің асырап алған ұлы М. ұрлап алды деген күдікпен, одан аталған қаражатты қайтаруды талап еткен. Ол бұл ақшаларды алмағанын айтқанда, К. ағаш оқтауды алып, оны денесінен ұра бастаған.

Келесі күні колледж оқытушылары оның жағдайын көріп, баланы ауруханаға апарды. Сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған М.-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

Тараптардың позициясы:
Прокурор 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Жәбірленуші М. асырап алған анасына ешқандай шағымы жоқ екенін, кешіргенін және оны жазадан босатуды сұрап, бірақ онымен бірге өмір сүргісі келмейтінін айтты.

Сот шешімі:
ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің санкциясы 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот кінәні толық мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ К.-ның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, 3 ай бойы жәбірленушінің еркінен тыс жәбірленушіні іздеуге, ізіне түсуге, оған баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, онымен басқа да тәсілдермен байланысуға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Мать, избившая приемного сына скалкой, привлечена к уголовной ответственности

В Жамбылском районном суде рассмотрено уголовное дело в отношении К. по факту умышленного причинения легкого вреда здоровью в отношении заведомо несовершеннолетнего (ст.108-1 ч.2 п.8) УК).

Судом установлено:
В декабре 2024 года подсудимая К., находясь у себя дома, подозревая в хищении 1 млн тенге своего приемного сына, потребовала у него вернуть указанные деньги. Когда он ответил, что не брал деньги, К. схватила деревянную скалку и начала бить его по телу.

На следующий день преподаватели колледжа, увидев его состояние, отвезли его в больницу. Согласно заключению экспертизы, несовершеннолетнему М. был причинен лёгкий вред здоровью.

Вина подсудимой доказана показаниями потерпевшего, свидетелей и заключением судебно-медицинской экспертизы.

Позиция сторон:
Прокурор просил назначить наказание в виде 6 месяцев ограничения свободы.

Подсудимая вину признала полностью.

Потерпевший М. сообщил, что претензий к приемной матери не имеет, прощает ее, просил освободить ее от наказания, но с ней жить дальше не хочет.

Решение суда:
Санкция ст.108-1 ч.2 УК предусматривает наказание в виде штрафа в размере до 1000 МРП либо исправительных работ в том же размере, либо привлечения к общественным работам на срок до 600 часов, либо ограничения либо лишения свободы на срок до 2-х лет.

Суд признал в качестве смягчающих обстоятельств полное признание вины, наличие несовершеннолетнего ребенка, отягчающих обстоятельств – не установлено.

Приговором суда подсудимая К. была признана виновной по ст.108-1 ч.2 п.8) УК, и ей назначено наказание в виде 6 месяцев ограничения свободы.
Также установлены особые требования к поведению К., а именно запрет на вопреки воле потерпевшего разыскивать, преследовать, посещать потерпевшего, вести устные, телефонные переговоры и вступать с ним в контакты иными способами на 3 месяца.
Приговор вступил в законную силу.

Пресс-служба Жамбылского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті оқырмандар!

22-24 мамыр аралығында Жамбыл облысы Тараз қаласында ҚР Судьялар Одағының XI спартакиадасының Оңтүстік аймақтық іріктеу ойындары өтпек.

🎥 Осы орайда, дүбірлі додаға облыс соттары судьяларының қызу дайындығына шолу жасайық.
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Сот көп балалы әкеге төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы несие жүктемесін азайтуға көмектесті

Азамат Т. Тұрар Рысқұлов ауданының сотына сот арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы арызбен жүгінді.

Сот өтініш берушінің кредиторлар – бес банк алдында ақшалай міндеттемелері бар екенін анықтады. Берешектің жалпы сомасы 12,5 млн теңгені құрады.

Сотта өтініш беруші Т. несиелер бойынша қарыздарын төлеуге мүмкіндігі жоқ, бірақ тұрақты табысы бар, асырауында кәмелетке толмаған 2 баласы, емделуге қомақты қаражат жұмсалған III топтағы мүгедек әкесі, жүкті және декреттік демалыстағы жұбайы бар екенін түсіндірді. Үлкен несиелік жүктемеге байланысты соттан ай сайынғы төлем сомасын азайта отырып, 60 ай ішінде банктер алдындағы берешек сомасын төлеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Сот 393 мың теңге мөлшеріндегі кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің мөлшері азамат Т.-ның ай сайынғы табысынан асып түсетінін анықтады.

Бес кредитордың төртеуі соттан арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Салық органының өкілі шешімді соттың қарауына қалдырды.

«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот Т.-ның өтінішін қанағаттандырды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасын қолданды. Кредиторлар алдындағы 12,5 млн теңге мөлшеріндегі берешек сомасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарына сәйкес ай сайын 60 ай ішінде 204 мың теңге мөлшерінде төленетін болады.

Сондай-ақ, сот шешім заңды күшіне енген күннен бастап 2 айдан кешіктірілмейтін мерзімде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын ұсынуды міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Суд помог многодетному отцу уменьшить кредитную нагрузку, восстановив платежеспособность

Гражданин Т. обратился в суд района Турара Рыскулова с заявлением о восстановлении платежеспособности через суд.

Судом установлено, что заявитель имеет денежные обязательства перед кредиторами – пятью банками. Общая сумма задолженности составила 12,5 млн тенге.

В суде заявитель Т. пояснил, что не имеет возможности выплатить долги по кредитам, но имеет стабильный доход, на иждивении находятся 2-ое несовершеннолетних детей и отец-инвалид III группы, на лечение которого он потратил значительные средства, супруга беременна и находится в декретном отпуске. В связи c большой кредитной нагрузкой, просил суд предоставить возможность выплаты суммы задолженности перед банками в течение 60 месяцев c уменьшением суммы ежемесячного платежа.

Суд достоверно установил, что размер ежемесячных выплат по кредитам в размере 393 тыс. тенге превышает ежемесячный доход гражданина Т.

4 из 5 кредиторов просили суд отказать в удовлетворении заявления. Представитель налогового органа оставила решение на усмотрение суда.

Согласно Закону РК «О восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан», срок исполнения плана восстановления платежеспособности не должен превышать 5 лет.

На основании вышеуказанного, суд удовлетворил заявление Т. и применил процедуру восстановления платежеспособности. Сумма задолженности перед кредиторами в размере 12,5 млн тенге будет выплачиваться согласно плану восстановления платежеспособности ежемесячно в течение 60 месяцев в размере 204 тыс. тенге.

Суд также обязал в срок не позднее 2 месяцев со дня вступления решения в законную силу представить план восстановления платежеспособности.

Решение вступило в законную силу.

Пресс-служба суда района Турара Рыскулова

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін спирт зауытына айыппұл салынды

Меркі аудандық соты прекурсорлар айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзу фактісі бойынша спирт-арақ зауытының директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 427-бабының 1-бөлігі).

Сот 2025 жылғы наурызда, арнайы іс-шара аясында, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған зауытты тексеру кезінде қойма үй-жайларында тек ресми дабыл бар екенін, күзет агенттігінің бақылау пультіне дабыл шығаратын күзет дабылы жоқ екенін, өртке қарсы датчик бар екенін, бірақ шарт бойынша осы датчикке қызмет көрсететін ЖШС жоқ екенін анықтады.

Анықталған өрескел бұзушылықтар прекурсорлардың жоғалуына әкелуі мүмкін. Осылайша, зауыт объектілердің техникалық нығайтылу талаптарын бұзды.

Зауыт директоры К. кінәсін толық мойындады.

К.-нің кінәсі хаттамамен, түсініктеме және объектіні тексеру актісімен расталды.

ӘҚБтК 427-бабы 1-бөлігінің санкциясы лауазымды адамдарға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК 427-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК (98 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді, әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.

Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Спиртно-водочный завод оштрафован за несоблюдение требований безопасности

Меркенским районным судом рассмотрено дело об административном правонарушении в отношении директора спирто-водочного завода по факту нарушения требований технической укрепленности объектов в сфере оборота прекурсоров (ст.427 ч.1 КоАП).

Судом установлено, что в марте 2025 года, в рамках специального мероприятия, сотрудники полиции при проверке вышеназванного завода установили, что в складских помещениях присутствует только формальная сигнализация, охранная сигнализация с выводом сигналов на пульт наблюдения охранного агентства отсутствует, имеется противопожарный датчик, но нет ТОО, обслуживающего данный датчик по договору.

Выявленные грубые нарушения могут привести к утрате прекурсоров. Тем самым, заводом нарушены требования технической укрепленности объектов.

Директор завода К. полностью признала вину.

Вина К. подтверждается протоколом, объяснительной и актом проверки объекта.

Санкция ст.427 ч.1 КоАП предусматривает штраф на должностных лиц в размере 25 МРП.

Постановлением суда К. признана виновной по ст.427 ч.1 КоАП, и на нее наложен штраф в размере 25 МРП (98 300 тенге).

Постановление суда вступило в законную силу, административный штраф полностью оплачен.

Пресс-служба Меркенского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

◾️ Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

◾️ Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

◾️ Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

◾️ Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.

◾️ Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

* * *

С 1 июня стартует очередной отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

◾️ Отбор будет проведен с учетом потребности государственного аппарата в отраслевых кадрах и будет осуществляться по следующим 6 направлениям: социальная политика и гражданское общество, развитие инфраструктуры, промышленности и торговая политика, экономическая и финансовая политика, цифровизация, агропромышленный комплекс и охрана окружающей среды, внешняя политика и инвестиции. Кандидат должен выбрать одно из отраслевых направлений, указанных при регистрации.

◾️ Претендентам на включение в резерв необходимо соответствовать ряду требований, включая возраст не старше 35 лет, гражданство Республики Казахстан, высшее образование, определенный опыт работы и знание государственного языка не ниже уровня В1.

◾️ Для того чтобы стать членами Президентского молодежного кадрового резерва претендентам предстоит пройти комплексный отбор, состоящий из 6 этапов.

◾️ Прием документов будет проводиться в режиме онлайн на специальном сайте – pkrezerv.gov.kz с 1 по 30 июня текущего года.

◾️ На завершающем этапе – заседании Национальной комиссии – выносится решение о зачислении 50 кандидатов в Президентский молодежный кадровый резерв.
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кіру

Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 506-бабы) азамат C.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотпен анықталғандай, азамат С. 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект болып табылатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кірген.

Сотта С. кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

ӘҚБтК 506-бабының санкциясымен жасалған құқық бұзушылық үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Незаконное проникновение на территорию золотодобывающего предприятия

Мойынкумским районным судом рассмотрено административное дело в отношении С. По факту незаконного проникновения на охраняемый объект (ст.506 КоАП).

Судом установлено, что в феврале 2025 года гражданин С. незаконно проник на территорию золотодобывающего предприятия, относящегося к опасному производственному объекту, охраняемому частной охранной организацией.

В суде С. свою вину признал, раскаялся в содеянном и просил суд не наказывать строго.

Санкцией ст.506 КоАП за совершенное правонарушение предусмотрено наказание в виде штрафа в размере 15 МРП, либо административного ареста на срок до 15 суток.

Постановлением суда С. признан виновным по ст.506 КоАП, и ему назначено наказание в виде административного ареста на 5 суток.

Постановление вступило в законную силу.

Пресс-служба Мойынкумского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Сот мұра қалдырушының қызына зейнетақы жинақтары түріндегі мұраны алуға көмектесті

Шу аудандық соты азаматша У.-дың жауапкер – әкесі И.-ға және нотариусқа қатысты мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

2023 жылы мұра қалдырушы – талап қоюшының анасы қайтыс болғаннан кейін, мұрагерлердің ешқайсысы 6 ай ішінде мұрагерлік құқығы туралы куәлік алуға өтініш білдірмеген, өсиеті жоқ. Ол қайтыс болғаннан кейін зейнетақы жинақтары түріндегі мұра ашылды. Бірінші кезектегі мұрагер – талап қоюшы және оның әкесі.

Нотариус мұраны қабылдау мерзімінің аяқталуына байланысты куәлік беруден бас тартты, сол себепті талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Сот талап қоюшының заңнаманы білмеуіне, материалдық қиындықтарға, моральдық күйзеліске және денсаулық жағдайына байланысты мұра туралы куәлік алуға жүгінбегенін анықтады.

Жауапкер И. қайтыс болған адамның (мұра қалдырушының) заңды күйеуі болып табылады. Ол талап қоюды қанағаттандыруды және қызына мұра алуға мүмкіндік беруді сұрады.

Сот талап қоюшы мұраны қабылдау үшін мерзімді дәделді себептермен өткізіп алды деген қорытындыға келді.

Сот шешімімен мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтіріліп, талап қоюшы мұраны қабылдады деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Шу аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Суд помог дочери наследодателя получить наследство в виде пенсионных накоплений

Шуским районным судом рассмотрено дело по иску гражданки У. к своему отцу – ответчику И. и нотариусу о восстановлении срока для принятия наследства.

В 2023 году, после смерти наследодателя – матери истца, никто из наследников в течение 6 месяцев не обратился за выдачей свидетельства о праве на наследство, завещание отсутствует. После её смерти открылось наследство в виде пенсионных накоплений. Наследником первой очереди является истец и её отец.

Нотариусом отказано в выдаче свидетельства в связи истечением срока принятия наследства, истец была вынуждена обратиться в суд.

Судом установлено, что истец не обратилась за получением свидетельства о наследстве, ввиду незнания законодательства, материальных затруднений, моральной подавленности и состояния здоровья.

Ответчик И. приходится умершей (наследодателю) законным мужем. Он просил удовлетворить иск и дать дочери возможность получить наследство.

Суд пришел к выводу об уважительности пропуска истцом срока принятия наследства.

Решением суда восстановлен срок для принятия наследства и истец признана принявшей наследство.

Решение суда вступило в законную силу.

Пресс-служба Шуского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary