ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.72K subscribers
1.32K photos
182 videos
648 links
Download Telegram
Сенат депутаттары Сот әкімшілігін одан әрі дамыту басымдықтарын талқылады

◾️ Қарағанды облыстық сотында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтті.

◾️ Сенат комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров соттар жұмысының тиімді ұйымдастырылуы мен сот қорғауының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Сот әкімшілігін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл шаралар халық пен инвесторлардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.

◾️ Ол қазіргі қоғам әділ сот төрелігінің сапасына жоғары талап қоятынын және Сот әкімшілігінің тиімді жұмысы сот жүйесінің тұрақтылығы, тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті (https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/13321).

◾️ Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов аймақтағы соттардың жұмысымен таныстырып, олардың инфрақұрылымы мен цифрлық мүмкіндіктерінің дамуындағы оң үрдістерді атап өтті.

◾️ Депутаттармен кездесу барысында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ведомство жұмысының негізгі бағыттарын – тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету, соттар мен судьялар үшін қолайлы жағдай мен қызметтер жасау, инновациялық IT-сервистерді енгізу, экстерриториялық соттылық, роботтандыру және басқа да шараларды баяндады.

◾️ Көшпелі отырыс барысында сындарлы пікір алмасу болды.

◾️ Іс-шараға қатысушылар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотты да аралады.

◾️ Жұмыс кездесуі барысында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының бірінші сатыдағы соттарды біріктіру туралы тапсырмасын орындау бойынша уәкілетті орган қабылдап жатқан шаралардың іске асырылу барысын талқылады. Тараптар өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.
Депутаты Сената обсудили приоритеты дальнейшего развития судебного администрирования

◾️ В Карагандинском областном суде состоялось выездное заседание Комитета по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента.

◾️ Председатель Комитета Сената Нурлан Бекназаров обозначил важность дальнейшего совершенствования судебного администрирования для четкой организации работы судов и доступности судебной защиты. Эти меры направлены на повышение уровня доверия людей и инвесторов к судебной системе.

◾️ Он подчеркнул, что современное общество предъявляет высокие требования к качеству правосудия, и эффективность работы Судебной администрации играет важную роль в обеспечении стабильности, независимости и открытости судебной системы (https://senate.parlam.kz/ru-RU/news/details/13320).

◾️ Председатель Карагандинского областного суда Ерден Арипов ознакомил депутатов с работой судов региона, отметив положительную динамику в развитии их инфраструктуры и цифровых возможностей.

◾️ В ходе встречи с депутатами руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров осветил ключевые направления работы ведомства для обеспечения независимого правосудия, создания условий и удобных сервисов для пользователей судов и судейского корпуса, внедрения инновационных IT-сервисов, экстерриториальной подсудности, роботизации и др.

◾️ Состоялось конструктивное обсуждение.

◾️ Участники выездного заседания также посетили специализированный межрайонный суд по делам несовершеннолетних.

◾️ Также в ходе рабочей встречи руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров и Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев обсудили ход реализации мер, принимаемых уполномоченным органом по исполнению поручения Главы государства по объединению судов первой инстанции без ущерба доступа к правосудию. Сторонами достигнуты договоренности о взаимном сотрудничестве.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Сенат депутаттары Сот әкімшілігін одан әрі дамыту басымдықтарын талқылады

🎥 Депутаты Сената обсудили приоритеты дальнейшего развития судебного администрирования
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖇️ Программа «По закону»

🖇️ Тема: «Кассационные суды - шаг к совершенствованию правосудия»

🎥 телеканал «24kz»

➡️
https://youtu.be/b1e7o2Dc74Q?si=kNNZlcE60KUr4PyJ
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Сот тауар белгісін заңсыз пайдалану туралы дауды татуластырумен аяқтады

Жамбыл облысының МАЭС-на «Б.» ЖШС «И.» ЖК-нен 300 мың теңге көлемінде тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақыны өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қоюшы «Cute things» тауар белгісіне айрықша құқықтардың иесі болып табылады. Ол жауапкер «Kaspi.kz» қосымшасында өзінің интернет-дүкенінде көрсетілген брендтегі өнімдерді заңсыз саудалау фактісін анықтап және оны құжаттандырды.

Талап қоюшы жауапкерден тауарға тапсырыс беріп, ол фискалдық түбіртекпен және скриншоттармен расталды. Осымен жауапкердің талап қоюшының тауар белгісінің атауы бар тауарды сатқаны жөніндегі факт расталды.

Сот істің материалдарын зерделеп, тараптарды татуластыру шараларын қабылдады. Осыдан кейін, тараптар бітімгершілік келісімді жасасты.

Келісімінің талаптары бойынша жауапкер 30 мың теңге мөлшерінде талап қоюды мойындады. Сондай-ақ, ол талап қоюшының тауар белгілерін пайдаланбайтыны туралы кепілдік хатқа қол қойылды.

Талап қоюшы талаптың қалған бөлігінде, атап айтқанда 300 мың теңге көлеміндегі өтемақы сомасынан бас тартты.

Сот талап қоюшыға мемлекеттік бажды қайтара отырып, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының МАЭС баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary