ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
1.72K subscribers
1.24K photos
174 videos
609 links
Download Telegram
Жоғарғы Сот 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысын шығарды
 
◾️ Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев өткен I тоқсандағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша республика судьялар корпусының қатысуымен кеңес өткізді.

◾️ Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев, сондай-ақ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшылары іс-шараға БКБ арқылы қосылды. 

◾️ Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Рахметуллина өз сөзінде заңнамаға енгізілген өзгерістерге (ҚК-нің 6-бабы) байланысты 87% материал (1 279) қанағаттандырылып, сотталғандардың жазалары жеңілдетілгенін, бұл түзеу мекемелеріндегі орындарды босатуға елеулі ықпал еткенін атап өтті. Үш ай ішінде қылмыстық істер саны 8,5%-ға артқан (8 795-тен 8 962-ге дейін). 

◾️ Ағымдағы жылдың I тоқсанында апелляцияда 453 үкім түзетілді (5,1%), ал 2024 жылдың осы кезеңінде - 340 үкім (4,3%) өзгертілген және күшін жойған. Кассацияда 48 адамға қатысты (барлығы 81 сот актісі) апелляциялық актілер өзгертіліп, күшін жойған, 11 іс 22 адамға қатысты қайта қарауға жіберілген. Тергеу соттары қамауға алуға санкция беруді сирек қолдана бастады — 65,8%, бұл өткен жылғы 87%-бен салыстырғанда аз. 

◾️ Баяндамашы соттардың процестік қатысушылардың шағымдарын объективті қарауға, дәлелдемелердің заңға сәйкестігіне принципті баға беруге назар аударуы қажет екенін атап өтті. Адамның кінәлілігі туралы шешім барлық заң талаптарын сақтай отырып жиналған жеткілікті дәлелдер жиынтығына негізделуі тиіс.

◾️ Бостандықтан айыруға баламалы бұлтартпау шаралары мен жазаларды кеңінен қолдану ұсынылады - электрондық білезіктермен үйқамақ, қоғамдық жұмыстар мен айыппұлдар. Сондай-ақ, шартты-мерзімінен бұрын босату (ШМБ) және жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру (ЖЖА) кезінде заң талаптарын қатаң сақтау қажет. 

◾️ Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Шәріпов талап қоюлар санының 40%-ға өскенін (281 мыңнан 393 мыңға дейін) атап өтті. Көбінесе бұл банкрот деп тану, шығынды өндіру және шарттық міндеттемелерге қатысты даулар. Бұл өсім сондай-ақ сот тапсырмалары, сот орындаушыларының ұсыныстары мен борышкерлерді мәжбүрлі түрде алып келуге санкциялар есебінен де байқалады. 

◾️ Қаралған істер саны 19%-ға артқан (118,6 мыңнан 141,2 мыңға дейін), оның ішінде шешім шығарылған істер — 15%-ға (68,2 мыңнан 78,5 мыңға дейін). Апелляцияда 8,4 мың іс қайта қаралып, (одан бұрынғы 8,2 мың іс), 1 111 сот шешімі түзетілді (1,4%), бұл өткен жылғы 1 081-ге (1,6%) қарағанда аз.

◾️ Апелляция 3 өрескел заң бұзушылықты анықтаса (2024 ж. — 5), кассация мұндай фактілерді анықтамаған. Жоғарғы Соттың өзгерткен және жойған актілер саны үштен біріне азайды (140-тан 91-ге дейін).

◾️ Сот төрелігінің сапасы жақсарғаны атап өтілді.  Татуласу рәсімдері тиімді екенін көрсетуде: 62 мыңнан астам медиацияға жататын істердің 30,5 мыңы баламалы тәсілдермен шешілген (2024 ж. — 28 мың).

◾️ Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Түкиев 2025 жылдың I тоқсанында талап қоюлар саны 5%-ға (7 833-ке дейін) артқанын мәлімдеді, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда.

◾️ Сот шешімдерінің 59%-ы талап қоюшылардың пайдасына шешілді, сот орындаушыларымен дауларды есептемегенде. Татуласу және талап қоюдан бас тарту 39% жағдайда тіркелді (2 521 іс), бұл да 5%-ға өсім көрсетеді. Апелляция сот актілерінің 11%-ын, кассация -13,6%-ын түзеткен. Биылғы 1 наурыздан бастап аумақтан тыс соттылық 59 іс бойынша қолданылған.

◾️ Заң бұзушылықтарға төзбеушілік туралы сөйлеген баяндамашы бірінші сатыдағы соттар 393 жеке ұйғарым шығарғанын, 265 ақшалай өндіріп алу қолданылғанын айтты. Ол істерді негізсіз қайтаруға жол бермеу және әкімшілік рәсімдерді қолдану мен сот актілерін шығару практикасын тұрақтандыру үшін сапалы аналитикалық материалдар әзірлеу қажеттігін атап өтті.

◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров сот ғимараттарын салу мен жөндеуге қатысты бірқатар жоспарланған жобаларды атап өтті.
◾️ Оның айтуынша, роботтандыру судьяларды күнделікті жұмыстан босатып, сот актілерін беруді жеделдеткен, судьялардың уақытын күрделі істерді қарауға қайта бөлген және негізсіз талап қоюлар санының азаюына ықпал еткен.

◾️ Мәселен, 2024 жылғы тамыздан бастап робот даусыз дәлелдемелер және құқық бұзушылардың келісімі болған жағдайда 85 мыңнан астам іс бойынша шешім жобаларын дайындаған. Борышкерлерге елден шығуға тыйым салу туралы қаулылар саны 76%-ға артты (108 мыңнан 190 мыңға дейін).

◾️ Роботтандыруды әкімшілік қамау және көлік құралын мас күйде басқару істеріне, сондай-ақ басқа санаттағы істер бойынша болжам технологияларын енгізуге кеңейту жоспарлануда. Ол сондай-ақ ЦДИжАӨМ-мен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдардың деректерін жаңа деректерді өңдеу орталығына ауқымды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл соттың IT-жүйелеріндегі үзілістерді болдырмауға бағытталған.

◾️ А.Мерғалиев кеңесті қорытындылай келе, жалпы соттардың істерді қарау сапасын атап өтті.Сонымен қатар, судьялар корпусының басты назары істердің мән-жайын мұқият зерделеуге және заң нормаларын нақты түсіндіруге, баламалы бұлтартпау шараларын қолдану, ШМБ және ЖЖА туралы өтінішхаттарды қарау жөніндегі Жоғарғы Соттың ұсынымдарын орындауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен судьялық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшыларына мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы дауларды қарау кезінде мемлекеттің мүддесін «жалған қорғауға» жол бермеу туралы Президент тапсырмасын, сондай-ақ сот төрелігінің тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындауды жалғастыру қажеттігін еске салды.
Верховный Суд подвёл итоги за I квартал 2025 года
 
◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провёл совещание с судейским корпусом республики по итогам отправления правосудия за прошедший I квартал.

◾️ В работе совещания приняли участие председатели судебных коллегий ВС Нурсерик Шарипов, Назгуль Рахметуллина и Аслан Тукиев, а также руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров. Через ВКС к мероприятию подключились руководители областных и приравненных к ним судов.

◾️ Выступая, председатель уголовной коллегии ВС Н.Рахметуллина отметила, что в связи с поправками в закон (ст. 6 УК) удовлетворены 87% материалов (1 279), осуждённым снижены наказания, что способствует значительному высвобождению мест в учреждениях исполнения наказаний. За 3 месяца количество уголовных дел увеличилось на 8,5% (с 8 795 до 8 962).

◾️ В I квартале т.г. в апелляции исправлено 453 приговора (5,1%), тогда как в аналогичном периоде 2024 года было изменено и отменено 340 приговоров (4,3%). В кассации изменены и отменены акты апелляции в отношении 48 лиц (всего 81 судебный акт), 11 дел в отношении 22 лиц направлены на новое рассмотрение. Следственные суды стали реже санкционировать содержание под стражей — 65,8% против 87%.

◾️ Спикер акцентировала внимание судов на необходимость объективного рассмотрения жалоб участников процесса, принципиальную оценку доказательств на соответствие закону. Решение о виновности лица должно приниматься на основе достаточной совокупности доказательств, собранных с соблюдением всех требований закона.

◾️ Рекомендуется шире применять альтернативные лишению свободы меры пресечения и наказания — домашний арест с использованием электронных браслетов, общественные работы и штрафы. Также — строго соблюдать требования закона при применении УДО и замены неотбытой части наказания (ЗМН).

◾️ Председатель коллегии по гражданским делам ВС Н.Шарипов отметил рост количества исков на 40% (с 281 тыс. до 393 тыс.). Чаще всего это споры о признании банкротства, возмещении ущерба и договорным обязательствам. Рост обусловлен также судебными поручениями, представлениями судебных исполнителей и санкциями на привод должников.

◾️ Количество рассмотренных дел увеличилось на 19% (с 118,6 тыс. до 141,2 тыс.), в том числе с вынесением решений — на 15% (с 68,2 тыс. до 78,5 тыс.).

◾️ Апелляцией пересмотрено 8,4 тыс. против 8,2 тыс. дел, скорректировано 1 111 судебных решений (1,4%) против 1 081 (1,6%) в прошлом году. Грубых нарушений законности апелляцией выявлено 3 (в 2024 году — 5), кассацией — не выявлено. Верховный Суд отменил и изменил меньше актов — на треть (с 140 до 91). Отмечается улучшение качества правосудия.

◾️ Примирение сторон показывает эффективность: из свыше 62 тыс. медиабельных дел альтернативными способами разрешено 30,5 тыс. (в 2024 году — 28 тыс.).

◾️ Председатель судебной коллегии по административным делам ВС А.Тукиев сообщил о росте исков в I квартале 2025 года на 5% (до 7 833) по сравнению с аналогичным периодом 2024 года. 59% решений судов вынесены в пользу заявителей, без учёта споров с судебными исполнителями. Примирение и отзыв иска зафиксированы в 39% случаев (по 2 521 делу), что также составляет рост на 5%. Апелляцией скорректировано 11% судебных актов, кассацией — 13,6%. С 1 марта т.г. экстерриториальная подсудность применена по 59 делам.

◾️ Выступая о нетерпимости к нарушениям закона, спикер сообщил, что судами первой инстанции вынесено 393 частных определения, наложено 265 денежных взысканий. Он подчеркнул недопустимость необоснованных возвратов дел и необходимость подготовки качественных аналитических материалов для стабилизации практики применения административных процедур и вынесения актов.

◾️ Руководитель Судебной администрации Н.Ахметзакиров отметил ряд запланированных проектов по строительству и ремонту зданий судов.

◾️ По его словам, роботизация освободила судей от рутинной работы, ускорила выдачу судебных актов, перераспределила время судей на рассмотрение сложных дел и способствовала снижению количества необоснованных исков.
◾️ Так, с августа 2024 года робот подготовил проекты решений по более чем 85 тыс. делам при наличии бесспорных доказательств и согласии правонарушителей. Количество постановлений о запрете на выезд должников увеличилось на 76% (с 108 тыс. до 190 тыс.).

◾️ Планируется расширение роботизации на дела об административном аресте и управлении транспортом в состоянии опьянения, а также внедрение технологий прогноза для других категорий дел. Он также сообщил о проведении совместно с МЦИРАП масштабной миграции данных всех госорганов на новый Центр обработки данных для исключения перебоев в работе судебных IT-систем.

◾️ А.Мергалиев, завершая совещание, отметил в целом качество рассмотрения судами дел. Вместе с тем, особое внимание судейского корпуса обращено на тщательное изучение деталей дел и точное толкование норм закона, соблюдение рекомендаций ВС по применению альтернативных мер пресечения, рассмотрению ходатайств об УДО и ЗМН, а также недопустимость коррупции и нарушений норм судейской этики.

◾️ Председатель ВС напомнил руководству областных и приравненных к ним судов о поручении Президента не допускать «псевдозащиты» интересов государства при рассмотрении споров госорганов и предпринимателей, а также о необходимости продолжения выполнения поставленных задач, реализация которых позволит повысить эффективность правосудия.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Жоғарғы Сот 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысын шығарды

🎥 Верховный Суд подвёл итоги за I квартал 2025 года
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Үйді шатастырып қылмыс жасады: сот ұрлық бойынша істі қарады

Жуалы аудандық сотымен адамдар тобымен жасалған ұрлық фактісі бойынша азамат Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы).

Сотпен анықталғаны:

2025 жылдың қаңтарында сотталушы Т. өзінің екі танысымен бірге Жуалы ауданының Көлбастау ауылына танысы Р.-дан қарызын алу үшін жолға шыққан.

Навигатор көрсеткен үйге жеткенде сотталушы мен оның таныстары мекенжайды шатастырып, басқа үйге кіріп кеткен. Үйде масаң күйде ұйықтап жатқан үйдің иесі А.-ны байқап, жәбірленушіге тиесілі сөмкедегі ноутбукті алып, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Содан соң ұрланған ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген, нәтижесінде жәбірленушіге 320 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Тараптардың позициясы:

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, материалдық және моральдық зиянды өтеген. Сонымен қатар, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты Т. соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші К. да сотталушымен татуласу фактісін растап, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Сот шешімі:

Сот қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

https://t.me/jambyl_sottary
ЖАМБЫЛ СОТТАРЫ
Photo
Перепутали дом и совершили преступление: суд рассмотрел дело о краже

Жуалынский районный суд рассмотрел уголовное дело в отношении гражданина Т. по факту кражи, совершенной группой лиц (ст.188 ч.2 п.1) УК).

Судом установлено:

В январе 2025 года, подсудимый Т. с двумя своими знакомыми поехали в село Кольбастау Жуалынского района чтобы забрать долг у знакомого Р.

Доехав до дома, указанного навигатором, подсудимый со своими знакомыми перепутали адрес и зашли в другой дом. В доме они заметили спящего в состоянии алкогольного опьянения хозяина дома А., взяли ноутбук лежащий в сумке потерпевшей и скрылись с места преступления. Украденный ноутбук продали за 15 тыс. тенге, в результате чего, потерпевшей К. нанесен материальный ущерб на сумму 320 тыс. тенге.

Позиция сторон:

Подсудимый признал вину полностью и раскаялся в содеянном, возместил потерпевшей материальный и моральный вред. Кроме того, в связи с примирением сторон в порядке медиации, Т. просил суд прекратить производство по делу.

Потерпевшая К. подтвердила факт примирения с подсудимым и также просила прекратить производство по делу.

Решение суда:

Постановлением суда уголовное производство по делу прекращено в связи с примирением сторон.

Постановление не вступило законную силу.

Пресс-служба Жуалынского районного суда

🔹 Изображение было изготовлено с помощью искусственного интеллекта в приложении "ChatGPT".

https://t.me/jambyl_sottary